Материалдар

Жастар жылы қоғамды оята ала ма?

   

   Қазіргі жас қандай өзі? Еркіндіктің лебі ескен, айтары анық, мақсаты қалыптасқан, болашағын ойлаған, тағысын тағы...

    Аға буын мен орта буынның жолы түйісе қалса кейінгі жас толқын туралы ойлар осындай пікірлерге жетелейді. Мұның себебі не? Неліктен жастарға үлкен буынның айтары бөлек. Бірі жастық кездің жалыны десе, ендігі бірі тәуелсіз елдің азат ойының жемісі деп бағалап жатады. Ендігі бірі тіптен басқа: "Қазіргі жас өзіне ненің керек екенін біледі, қай жерде, нені өзіне қажет деп санайды, сол маңнан табылады". Бұл көзқарастар ағыны бүгінгі буын жастардың бейнесін толық аша алмауы мүмкін. Алайда, әлгі Мағжан айтқан айбатты жастың өзі де бірнешеге бөлінеді. Саяси акциялардың бел ортасынан табылып, қоғамдық шаралардың шашбауын көтеріп жүргендері де, өз біліміне тереңірек баруды көздеп, өзге елдің біліміне шөлдегендер де, жер шұқып, жұмыс жоқ деп кешкілік сайран салып жүрген жастар да баршылық. Бірақ, бәрін біріктіретін бір ғана категория бар. Ол - жастық кезең. 

   "Жастар саясаты", "жастар жалыны" дегенде пәлсапа қуып, арқалы ақындардың отты жырла-рын сөз етуге болады. Алайда, тәуелсіз Қазақ-стан жастарының бүгінгі бейнесі, оның қоғам-дағы орны жаңа заман қажеттілігіне бейімделуді талап етеді. Себебі қазір арық айтып, семіз шы¬ғатын заман. Нық сөйлеп, уақыт ағымына еріп, бәсекелестікте жұтылып кетпеудің қамына кі-рісетін уақыт туды. Ал, осы ой жарысына қазақ жастары дайын ба? 

   Әркім өз шындығымен өмір сүретін уақытта жастар саясатына мойын бұрмау мүмкін емес. Жастарды саяси дискуссия алаңынан көріп үйренген билік шын мәнінде жастар саясатына енді мойын бұра бастады. Себебі келер жылы Елбасы тапсырмасы тұр. "2019 жыл - Жастар жылы" деп бекіді. Президент пәрмені талай қоғам¬дық өзгерістерге жол ашпақ. Себебі биылғы жаңа Жолдауында жастар саясатына екпін бер¬ген Президенттің бастамасы қалғып бара жатқан көп ойлардың тірілуіне орын бермек. "Келесі жыл біздің жылымыз" деген сөздің өзі ортақ мүд¬деге топтасқан жастарға қозғау салды. Осы бір ойдың қалтарысында "жастар жылынан нендей жаңалық күтуге болады?" деген сұраққа жауап іздеуге ұмтылдық. Себебі келер жылға небәрі 2 ай ғана уақыт қалды. Қазірдің өзінде бюджет бе¬кіп, жоспар сайланатын уақытта айтары бар жас¬тарға құлақ түріп, пікірлерді топтастырдық. 

 Ғалымжан ОРАЗЫМБЕТ, 

«Zertteu research institute»  қоғамдық қорының сарапшысы: 

    - Өкінішке қарай, жастар жылында тағы сол ұрандар, еш пайдасы жоқ форумдар мен кон¬ференция, флешмоб болады деп ойлаймын. Яғни, "Жастар жылы аясында жастарды қолдауға бөлінген қаржы тағы сол жастарды қолдау туралы әңгімелер айтатын жиналыстарға жұмса¬лып кете ме?" деген қаупім бар. 

    Менің ойымша, қазір жастар үшін ең өзекті проблемалар - тұрғын үй, жұмыс. Оның шешу жолдарын мен білмеймін. Ал, жұмыссыздық бойынша қазір мамандық, бір сала бойынша білім алу, қайта мамандану мәселесі - өте өзекті. Қазір soft skill туралы көп айта бастадық. Ол ағыл¬шынша араластырып сөйлеп, заманауи көріну амалы емес, дәл қазір өте өзекті тақырып. Мүм¬кін, осы бағытта көп насихат жүргізіп, нақты қадамдар жасалуы керек шығар. Айта берсе, керек-керектер өте көп. Соның ішінде қазір және алдағы уақытта бірінші кезекте қажет бола¬тындарына басымдық беріп, сол бағытта нақты жұмыстар жүргізілгені дұрыс:

   1. Жастар саясатына, жастар проблемасын шешуге деген қадам, көзқарастарды түбегейлі қайта қарау, өзгерту қажет; 

 2. Әрбір жаратылатын тиынның әкелетін нәтижесі нақты өлшенетін, сан индикаторлары-на негізделген болуы шарт; 

 3. Жыл бойы әр шараның сипаты, нәтижесі, барысына мониторинг жүргізіп, жауапты адамдардың кәсіби деңгейі дұрыс бағаланып отыру керек; 

  4. Жақсы нәтиже көрсеткендерді марапаттау, көтермелеумен қатар, нәтижесіз жұмыс істеп, қаржыны тиімсіз жаратқандарға қабыл¬данатын шараның түрлерін әзірлеу керек. Қай жағдайда да оның кейінгі карьерасына ықпал ететіндей механизмдер жасап шығу керек. Тек осыларды қолға алғанда ғана жылды дұрыс атап өтуге, нәти¬же күтуге дайынбыз дегенге сенімді бола аламыз. 

 Мади АХМЕТОВ,

Халықаралық IT университеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 

   - 2019 жылдың Жастар жылы деп жарияла-нуы жайдан-жай емес. Елбасы тәуелсіздік алған сәттен әрбір мемлекеттік маңызы бар құжатта жастардың рөлін, маңыздылығын, олардың қатысына аса мән беріп, қамқорлығын көрсетіп келе жатыр. 2019 жылы бір жыл бойы Жастар жылын атап өтуіміз тегіннен-тегін емес. Неге десеңіз, Қазақстандағы 18 млн.-нан астам халық¬тың 40 пайыздан астамы 14 пен 29 жас аралы¬ғындағы жастар. Басқа мемлекеттермен салыс¬тырғанда біз өте жас, өсіп келе жатқан халықпыз. Елбасы көреген саясатымен болашаққа көз жүгіртіп, яғни тәуелсіздік алған жылдардан бас¬тап аға буын жасап кеткен дүниелерді әрі қарай жалғастыратын, татулықты сақтайтын, мемле¬кеттік саясатты қолдайтын жастарды қалып-тастырып шығару қажеттігін, яғни ұрпақтар сабақтастығы мен синергияның пайда болуын айтып отыр. 

 

Сабыржан КЕҢШІЛІК, 

"Сана" зияткер жас мектебі қорының директоры:

   - Егер нақты қарайтын болсақ, осы жыл "Кәсіпкерлікті қолдау жылы" деп аталды. Біраз кәсіпкерлердің құқығы қорғалды, мәселелеріне құлақ түрілді. Яғни, нақты әрекеттерді көріп отырмыз. Жастар жылында да билік амал жоқтықтан жастар проблемасына назар аудара-ды деп ойлаймын. Себебі осы кезге дейін жас-тар ісіне қатысты ұсыныс-пікірлер нақты ше-шіліп келген жоқ. Енді жауапты сала мамандары маңызды деген мәселелердің орындалуына күш салады. Себебі Елбасы "Жастар жылында" нен¬дей мәселелер шешімін тапты?" деп есеп сұрайды. Қазіргі билік басында отырған басшы¬лардың дені Кеңес үкіметінің адамдары. Олар 20-25 жастағы жастарды бала санайды. Олардың пікірлерін ұшқары деп есептейді. Енді, жоғары¬дан тап¬сырма келгендіктен мәселелерге мән беріледі. Меніңше, келесі жылы ең өткір пробле¬малар жас¬тар жылында орындалып қалуы керек. Әсіресе, жас отбасыларға баспана беру. Ал, бір жыл ішінде жұмыссыздық түбегейлі шешілуі мүмкін емес. 

    Ең бастысы, келер жылға жастардың өздері дайын деп ойлаймын. Қазір біздер жаңа дүние-лер мен реформаларға асықпыз. Себебі білімге құштармыз. Яғни, жастардың потенциалын билік дұрыс мақсатта пайдаланып, нәтижелі істерге күш жұмсауы керек.

 Сәдірбек ЖҰМАБЕКОВ,

"Жастар ресурстық орталығы" КММ аға кеңесшісі:

   - Мемлекет басшысының бұл Жолдауы еліміз алдындағы еңсерілуге тиісті белестерді белгіледі. Қоғамдағы негізгі мәселелерді шешудің жолын көрсетіп, мерзімін нақтылады.

   Әсіресе, келер жылдан бастап қолға алына-тын "Ауыл - ел бесігі" жобасы, құқық қорғаушы¬лар¬ды қайта аттестаттаудан өткізу туралы баста¬масы қарапайым халықтың көкейіндегісін дөп басты. Сонымен қатар, Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы кейінгі толқынға көрсетілген сенімнің белгісіндей болды. Мемлекет басшысы осыған байланысты ауқым¬ды шаралар ұйымдастыруды әкімдіктерге тап¬сырды. Бұл жастарды ел игілігі үшін еңбек етуде жігерлендіре түседі.

   Түйін. Билік қазірден бастап іске кіріскен сыңайлы. Себебі келер жылға салмақ болар ойларды жинау жастардың басын қосып, пікірлерін білу арқылы жүзеге асады. Бұл Қызылордада басталып кетті. Белсенді жастар бірқатар сала басшыларымен еркін форматта кездесуге көшті. Демек, "Жастар жылы" жастардың ой түкпірінде қалған мәселелердің шынайы шешілуіне жол салуы керек. 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН