Материалдар

Серәлі Лапин есімі ұмытылмауы тиіс

 Өшкенді жаңғыртып, жа­ңаны ата-бабаларымыздың бізге қалдырған асыл қазына­ларымыз арқылы дамытуға ба­ғыт берерлік Елбасының "Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру" мақаласында: "Туған жер­­дің әрбір сайы мен қыр­қасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауы­ның төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана болған, ыстықта сая бол­ған, есімдері ел есінде сақтал­ған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс",-деп атап көрсе­-тілген-ді. Сол се­кіл­ді елі білгенімен, саяси қайраткерлік баға­сы айқындалмай жүрген азамат әңгімемізге арқау болмақ.

Перовск уезіне қарасты Кеңтүп болысына қараған қазіргі Бесарық, Қоғалыкөл ауыл­дарының аумағында Лапиндер әулетіне байла­нысты жер-су атаулары көптеп кездеседі.

Қорасанға қой айтып, әулие жағалап жүріп, ақсарбас атап ат арқасына мінген Лапынның Мұңайтпасы еті тірілігінің арқасында ел бас­қару ісіне ерте араласады.

Көне тарих Тораңғылсай деп таныған Жаңадарияның оңтүстік беті, Қызылқұмның етегінде Мұңайтпас аталатын алқап пен ондағы "Алақашар" көлдер жүйесі - осы Мұңайтпасқа байланысты атаулар.

Бердіқожа сумұрын Өмірбек би мен Қалқаман сумұрын екеуі арасында жер дауы болып, биге жүгінеді. "Осы өлкеге кім су шы­ғарып игерсе, сол жерге иелік жасасын",- деп пәтуа етіледі.

Батысқа қарай ағып жатқан Тораңғылсай арнасынан саға тартып, Мұңайтпас бастаған аза­маттар мен мұрабы құрлыққа су шығарып, өзектің ағысына қарама-қарсы ба­ғытта он-он бес шақырымға со­зыл­ған су сай-саланы қуалап, көл пайда болады. Су сағасына құр­бандыққа шалын­ған ала қашардың атымен көл "Алақашар" көлі ата­лып кетеді.

Күні кешеге дейін айналасынан ат­ты адам көрінбейтін қалың қа­мысты, нулы өлке Қоғалыкөл Бесарық халқының малына қыста пана, жазда жайылымдығы болған шұрайлы өлке, соңғы екі-үш жыл көлемінде ғана су азайып, күйі тая бастады.

Малы мен жанына береке да­рыған Мұңайтпастың үш әйелінен тараған он тоғыз ұл-қыз осы өлкеде туып, ер же­тіп, алашқа қызмет ету үшін әлемнің түкпір-түкпіріне тарап жатты. Болыстың балалары алды Алмания, Ресейде білім алған өркөкірек, барам деген жеріне барған, алам дегенін алған кілең "сен тұр мен атайын" атпал азаматтар бо­лып өсті. Мұңайтпастың үлкен ұлы - Сейдәлі. Сейдәлінің бөркіндей бөрік киіп, астындағы аты­ның ажары асып түскен жолау­шы болсын, ауыл ағайыны болсын, атынан аударып алып, "Сен Сейдәлі болам деп пе ең?"- деп, жаяу жіберетін.

Ауыл үстінен есегі ақырған жолаушы да жазасыз қалмайтын. Тіпті Гержоттың қапас түрмесінде атылар сәтін күтіп жатқанда "Текті­нің тұқымы ғой, мен-ақ атылайын" деп, Сейдәлі Лапиннің орнына мен деп шыққан ауылдас жамағайынын қағып жіберіп: "Сен Сейдәлі болам деп пе ең?" - деп, кеудесін оққа тө­сеген өр тұлғалар жайлы бұл өлкеде аңызға бер­гісіз әңгімелер әлі де бар.

Қазақтың атын әлемге танытқан "Қыз Жібек" фильмінің режиссері Сұлтанахмет Қожықов та осы Мұңайтпастың қызы Ләтипаның ұлы екені көп нәрсені аңғартса керек.

"Тоғыз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе" де­мекші, сол тоғыздың бірі Серәлі Мұңайтпас Лапин жайлы аз-кем әңгіме етелік. Мақала жазу барысында Б.Қойшыбаевтың "Тарих та­ғы­лымы" және Э.Әзіретбергенованың "Түркіс­­танның тәуелсіздігін ту еткен" кітапта­рын қа­радым.

Серәлі 1868 жылы Перовск уезі, Кеңтүп бо­­лысының 4-ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алған зерек бала білімін кө­те­ру үшін үнемі талаптанды. Ташкенттегі мұ­ға­­­лім­дер семинариясын, 1891 жылы Санк-Петербург университетінің заң факультетін бі­тірген соң Самарқан әскери губернаторының ау­­дармашысы, Түркістан өлкесінде түрлі әкім­­­шілік орындарда қызмет ете жүріп, халық мүд­десін қорғауды өзінің басты міндеті сана­ды. Жан-жақты білім иесі сәулет өнері мен оның сырын зерттеумен жүйелі түрде айналы­сады.

Лапиннің қызмет тізімінде тарихи белестер бар. Ол 1889-1892 жылдары Ташкенттегі Түркістан мұғалімдер семинариясында орыс оқушыларын жергілікті тілдерге жаттықты­ратын репетитор, 1892 жылдан Самарқан об­лысы әскери губарнаторы жанында аудар­ма­шы, 1901 жылдан үзілістермен 1917 жылға де­йін Самарқан, Сырдария облыстарында адвокат болды. Осы жұмыстарды атқара жү­ріп, Серәлі Мұңайтпасұлы еліміздің тарихында алдымен шығыстанушы, одан ағартушы және қоғам қай­раткері ретіндегі өзіндік елеулі орыны бар тұлға болып қалыптасты.

Лапин араб, парсы, т.б. шығыс тілдерін біл­ген. Ол зайырлы шығыстанушы ғылымында тұңғыш рет Гури-Эмир, Регистан, Шаһи-Зинда кешендеріндегі, Көкілташ медресесі және т.б. көне архитектуралық ескерткіштердегі араб­тың көне сюльси және зюльфи емлелерімен өр­­­нектелген көркем жазуларды (эпиграфи­ка­ларды) оқыды, оларды орысшаға аударып, ғы­лыми айналымға қосты. Жәдігерліктердің тұр­ғызылған уақытын, оларды салдырған адам­дардың, сәулетшілердің есімдерін (мы­салы, Регистан ансамбліндегі Шер-Дор, Тилля-Кари медреселерін әйгілі қазақ қай­раткері және жауынгері Жалаңтөс батырдың салдырғанын) анықтады. Серәлі Мұңайт­пасұлы "Шаһнама", "Туһрат әл-Хани" дастан­дарының парсы тіліндегі қолжазбаларын та­уып, шығыстану ілі­мі айналымына қосты.

Лапин Шаһи-Зинда (Тірі патша), араб қол­бас­шысы ибн Куссам жайында ұрпақтан ұрпақ­қа ауызша жеткізіліп айтылып жүрген аңыз­дар­ды ел аузынан жазып алып қалдырды. Ха­лық ағарту ісіне (өлкеде қазақ мектебін ашуға, он­да сабақ беруге) атсалысты. Ал, оның 1895 жы­лы Самарқанда жарық көрген "Самарқан қаласының тарихи ескерткіш­те­ріндегі жазу­лардың аудармасы" және "Орыс-өзбек" қалта сөздігі. "Түркістан өлкесіндегі оты­рықшы ту­зем­діктермен күнделікті тұр­мыстық әңгімеге арналған 4000 сөз, өзбек тілінің қысқаша грам­ма­тикасы қоса тіркелген" деп аталатын кі­тап­шалары Ресей шығыстану ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Серәлінің аталған сөз­ді­гінің қайта басылымы 1914 жылға дейін төрт рет жарық көрген екен. Ол түркі халық­та­рының (қазақ, өзбек, қырғыз т.б.) атауларын дұрыс қол­дану жөнінде "Түркістан ведомос­тары", "Орынбор парақ­шасы" беттерінде 1900-1904 жылдары әлде­не­ше рет мәселе көтерді. Оның шы­ғыстану, түр­кітану саласында өзіндік қол­таң­басын көр­сеткен жұмыстарына кезінде әй­гі­лі ғалымдар В.Л.Вяткин, В.В.Бартольд, Н.И.Веселовский, В.В.Розен назар аударып, пікір білдірді.

Өлкедегі зиялылар Лапинді халықтың түбе­гейлі мүдделерін терең білетін қорғау­шысы ретін­де таныды. Сондықтан да оны алғашқы Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлау үшін кан­дидаттықта ұсынды. Кейін оған қазақ се­кілді бұратаналарды сайлау және сайлану құ­қы­ғынан айырған әйгілі "3 маусым төңке­рі­сінен" кейін түркістандықтардың мұң-мұқ­та­жын Думаға жеткізетін өкіл болуды тапсырды. Соған байланысты ол 1908-1910 жылдары Санк-Петербург қаласында тұрып, 3-Мемле­кеттік Думаның Мұсылман фракциясының ұйымдастыру бюросында қызмет етті.

Осында 2-Мемлекеттік Думаның мүшесі Бақытжан Қаратевпен бірге 1908 жылғы сә­уірде мұсылмандардың діни істері мен діни ме­кемелері туралы және 1908 жылғы мау­сымда қазақтарды жерге орналастыру жөнін­дегі заң жобаларын дайындады. Жер-су хақын­дағы қазақ мүддесін қорғайтын осы заң жо­басын Думадағы түрлі фракциялардан 60 депу­­тат (мұсылман, октябрист, кадет, трудо­вик) қолдаған болатын, бірақ үкіметтің Жер өңдеу және жерге орналастыру бас басқар­ма­сы оған негіз етілген қағидалармен келіс­пей­тіндіктерін білдіріп, қарсылық көрсет­кен­діктен, жоба Мемлекеттік Думаның талқы­ла­уына салынбады. Қазақтың шұрайлы жер­лерін орыс мұқтаждықтары үшін кесіп алу жал­ғас­тырыла берді.

Сонда Лапин мұндай ахуалдан әлі де сағын сындырмай, халық мүддесіне қызмет етудің одан басқа, қолданыстағы заңдар ауқымына орындалуы мүмкін бір жолы ретінде Түркістан генерал-губернаторының рұқсатымен, қазақ ара­сында сауда-экономикалық серіктестік құр­ды. (Ол 1910 жылы ашылып, түрлі кедергі­лерге байланысты көп қанат жая алмай, 1913 жы­лы жұмысын тоқтатты). 1912 жылы Санк-Петербург оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық студенттерге көмек көрсету қо­ға­мының жұмысына қатысты. Қоғамның жи­налысына 1913 жылы Түркістан халық-ағар­ту ісінің жай-күйі туралы баяндама жа­сады. Санк-Петербургтегі Романовтар үйінің пат­ша­лық құруының 300 жылдығына аяқталған мұ­сылман мешітін салу ісіне атсалысты. 1914 жы­­лы Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қаты­сып, патша үкіметінің ағарту және діни салаларындағы саясатын сынады.

1917 жылғы Ақпан революциясының нәти­жесінде патша өкіметінің құлауын С.Лапин зор қуанышмен қарсы алды. Ол қалыптасқан саяси ахуал Түркістанның саяси бостандығына қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп түсінді. Сол себепті Уақытша үкіметке барынша қолдау­шы­­лық танытып, оның жергілікті органдарын құруға белсене қатысты. Жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында құрылған ұлттық ұйым - "Шуро-и-ислам" (Ислам кеңесі) ұйы­мына мүше болып кірді.

Бірақ көп ұзамай С.Лапин "Шуро-и-ислам" ұйымынан қол үзіп, өз алдына бөлек ұйым құру жолына кіріседі. Ол өзінің мұндай қадамға баруын "Шуро-и-ислам" ұйымы мен Түркістан өлкесі мұсылмандарының кеңесінің жергілікті халықтың мүддесін қорғауда мұсылмандық, исламдық идеяларды басшылыққа алмауымен байланыстырды.

1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласына өл­келік төртінші төтенше мұсылмандар съезі өз жұмысын бастады. Сол съезге 250-ден ас­там делегат қатысты. Съез үш күн жұмыс іс­теп, Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі би­­леу ықыласынан туған Түркістан автоно­миясын жариялады. Түркістан Құрылтайы ша­қырылғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша кеңесіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылданды. Түркістан Уақытша кеңесіне 54 адам сайланды. Олардың қатарында С.Лапин де болды.

Сонымен Түркістанда қос билік орнап, оның ал­ғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең ал­дымен, ресейлік қоныс аударушылардың мүд­десін көздеп, солардың жағдайын нығайта тү­су­ге қызмет ететіндіктерін білдірсе, соңғы­сы отар­­лық езгіге қарсы, діни және ұлттық қо­ғам­ды негізге ала құрылып, жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету мақсаты екендігін жариялады. С.Лапин өлкеде больше­виктер үкіметі мен ұлттық Түркістан автоно­мия­­сының қатар өмір сүруі қантөгіске әкеліп соқ­тыратындығын жақсы түсінді. Соған орай осы екі биліктің өзара ымыраға келуін жақ­та­ды. Осы мақсатта С.Лапин 1918 жылы 10 қаң­тарда Ташкентте мұсылмандар митин­гісін ұйым­­дастырып, «өлкелік Халық комис­сарлар ке­ңесі мен Түркістан автономиясы ара­сын­дағы текетірестен тек қарапайым халық зар­дап шегеді» деп мәлімдеп, бұл екі билік өкіл­де­рін бірлесіп, халықтың өкімет құруға шақырды.

Алайда өлкелік Халық комиссарлар кеңесі С.Лапиннің ұсыныстарына құлақ аспай, өлкеде большевиктік биліктің ғана салтанат құруын жақтап шықты. Соның нәтижесінде қару күші­мен Түркістан автономиясын таратып, Қоқан қа­ласын қанға бояды. Кеңес өкіметі әскерлері­нің қанды қырғыны нәтижесінде Қоқан қа­ла­сы­ның төрттен үш бөлігі қира­тылды, сан мың­даған адам өлді. Сол тұста Түркістанда бол­ған ағылшын барлау қыз­метінің өкілі М.Бэй­ли­дің құпия мәліметінде: "Қоқандағы­дай қыр­ғын­ды ортағасырлық монғол шапқын­шылары да жасамаған. Қалада 14 мыңнан астам адам өл­тірілді. Мұсылман кітапханасы толығымен өртелді",- деп жазды.

Қоқан автономиясын қиратқан соң боль­шевиктер өкіметі ұлт-азаттық қозғалыс қай­рат­керлерін қуғындауды қолға алды. Өлкеде қалыптасқан мұндай ахуал жағдайында С.Лапин Түркістанның азаттығы үшін күресін шетелде жалғастыруға ұйғарым жасады. 1918 жылы шілдеде С.Лапин Түркістан лагерьле­ріндегі соғыс тұтқындары мәселесімен шұғыл­данып жүр­­ген Германия комиссиясы өкілімен бай­ла­ныс орнатып, одан өзін Германияға өткеріп жі­беруді өтінді. Бұл комиссия өкілі С.Лапинді қажетті құжат­тармен қамтамасыз етіп, Мәс­кеу­ге аттандыр­ды. Онда неміс консулды­ғы­ның көмегімен Түркия азаматтығын қабылдап, Псков арқылы Германияға өтіп, 1918 жылдың 20 қыр­күйегінде Берлинге келді.

С.Лапин Германияға келген соң 1918 жылы 25 қыркүйек күні Германия Бас штабының өкі­лі лейтенант Эльснермен жолығып, оны Қазан төңкерісінен кейін Түркістанда қалып­тасқан саяси ахуалмен таныстырып, Түркістан хал­қы­на большевиктер үстемдігіне қарсы күресуде Германияның көмек көрсетуін сұ­рады. Мұнан соң С.Лапин Германия Сыртқы істер министр­лі­гіне өзінің Берлинге келу себе­бін түсіндір­ген хат жолдады. Бұл хатта ол өзін Түркіс­тан­дағы ең беделді ұйымдардың бірі - "Шуро-и-уламо" ұйымының жетекшісі, Түркістан авто­но­миясы парламентінің мүшесі ретінде та­ныс­тырып, Түркістандағы кейбір саяси мәселелер бойынша келіссөз жүргізу үшін 6 миллион бо­латын Түркістан мұсыл­ман­дарының атынан өкіл болып келгенін мәлім­деп, Германияның Түркістанға әскери көмек көрсетуін өтінді.

Әскери экспедицияны ұймдастыруда С.Лапиннің ұсынуынша, Каспий теңізінен өткен әскер екіге жарылып, Ашхабад пен Бұқараны бетке алып, екіншісі Перовск пен Ташкент ба­ғы­тында жылжып, ол топтар өз жолында жер­гі­лікті халық өкілдерімен толыға түсуі тиіс бол­ды. Жоспарға сәйкес бұл екі топ Самарқан қаласы маңында тоғысатын болып белгіленді. Экспедицияны жабдықтау мен басқару Герма­ния­ға жүктелді. С.Лапин өз жоспарында Германия мен Австро-Венгриядағы соғыста қол­ға түскен мұсылман тұтқындарды пайда­лану­ды да назардан тыс қалдырмады. Ол бұл тұт­қындарды болашақта құрылуы тиіс түр­кістандықтар армиясында әскери нұсқау­шылар ретінде пайдалану қажет деп есептеді.

Бірақ та бұл "С.Лапиннің ұсынысына неміс үкіметі мүлде көңіл бөлмеді" дегенді білдір­ме­се керек. 1918 жылы 22 қарашада Сыртқы іс­тер ведомствосының өкілі Харальд Козак С.Лапиннің ұсынысын "елдің жағдайы оңал­ған­да көңіл аударуға тұрарлық екен" деп бағалап, ол жөнінде Үкіметке мәлімдеме түсірді. Алай­да, Германия үшін 1918 жылдың соңына қарай жағдай барынша ауырлай түсіп, үкіметтің С.Лапин ұсынысына назар аударуына мұршасы болмады. Оның үстіне С.Лапин осы жылдың 17 желтоқсанында ауруға шалдығып, ауруха­нада жатты. Араға бір айдай уақыт салып, С.Лапин қапияда көз жұмды.

Қазір Серәлі Лапиннің есімі Қызылорда қа­ла­сындағы №261 орта мектебіне, Алматыдағы "Қалқаман-2" ықшам ауданын­дағы бір көшеге берілген.

Артында қалған бір ұл, екі қыздан тараған ұрпақ Ташкент, Израильде елден жырақта ғұмыр кешуде.

Бауырлары Сейдәлі, Алиасқар қандықол Гержоттың ылаңының құрбаны болған Серәлі Лапин Кеңес өкіметін қабыл алмады. Өмір жолындағы саяси қайраткерлік жұмысы Кеңес өкіметіне қарсы бағыттал­ғандықтан кеңестік жүйе  өз дәрежесінде бағасын бере қойған жоқ.  Ташкент, Самарқан архивтері арқылы Серәлі Лапиннің жүрген жолы, ғылыми жұмыстары жүйеленіп, кейінгі ұрпаққа жеткізу - мінде­ті­міз. Ол өскен орта Мұңайтпас басқарған Кең­түп болысындағы қазіргі Қоғалыкөл ауылы оның есімімен аталса, Лапиндер әулетіне күйеу болып келетін  жазу­шы, ағартушы ғалым Қоңырқожа Қожы­қов­тың есімі осы ауылдағы мектепке беріл­се, ол өс­кен ортаның мәртебесі айқын­дала тү­сер еді. Жоғарғы, арнаулы оқу орын­дарында ғы­лыми жұмыспен айналысам деушілерге бұл әулет туралы зерттейтін, зер­де­лейтін мағлұ­мат­тар жетерлік. Жүйелен­ген жұмыс өз жолымен жүрсе, С.Лапин сынды ту­ғанына 150 жыл толған тұл­ғаның қазақ қоғамы­нан өз орнын табары анық.

Жұмабай Байзақұлы,

 

Қазақстан  Журналистер Одағы мүшесі