Материалдар

«Бал бала» - балғын балалықтың белесі

Өнер өлкесіне баланған Сыр елінде ән мен жырға құмар, табиғатынан дала дауысымен дараланған өнерпаздар жетерлік. Табиғат берген қоңыр үн арқылы сыршыл өлеңдермен көптің жү­регін баурайтын ерекше дарын иелерін бап­тау, оны өнер әлеміне қанат қақтыру шығар­ма­шыл адамның жұлдызын жарық етеді. Бұл тұр­ғыда Сыр елінде осыдан он жыл бұрын отау тігіп, ән әлеміне қадам басқан балақайларға сахна төрін ұсынған "Бал бала" байқауының орны ерек, салмағы басым.

"Бал бала" - бала шақтың, болашақтың бал дә­мі. "Бал бала" - жас таланттардың қанаттарын қом­­­дап, өнер аспанына қалықтайтын алғашқы тұ­­ғыры. Себебі өнер атты киелі сахнаның табал­дырығын аттауға бекінген балақайлардың өнерін баптап, шығармашылығын шыңдайтын дәстүрлі бай­қаудың Сыр елінде желісі үзілмей, жыл арты­на жыл қосып, мазмұны мен деңгейі көтеріліп ке­­ле жатқаны сол балаларға арналған байқаудың идеясын ұсынған жанашыр адамдардың жемісі. Мі­­не, бүгінде он жылдық белеске аяқ салған бай­қау небір талантты өнерпаздың бағытын бе­кем­деп, жұлдызын жарқын етті. Игі қадамы сәтті бас­талғандары республи­ка­лық деңгейдегі сайыс­та­ топ жарды. Аймақ абыройын асқақ ет­ті. Мұ­­­ның бәрі баламен өткен 10 жылдың нә­ти­же­сі.

Баламен жұмыс жүргізудің қалтарысы көп екені ақиқат. Себебі нәзік сезімдері мен пәк көңілді балақайлардың өнерін бағалау, оларды өнер айды­нына апару талай жылғы тәжірибе мен ізде­ністі қажет етеді. Бұл тұрғыда осы байқаудың ел ішінде тұрақты орын тауып, өнер әлемінде өзіндік жол салуына мұрындық болған, жобаға жетек­шілік жасаған Ләйлә Нәсімханованың қолтаң­басы ерек. Айта кету керек, 2008 жылы Қы­зылорда қаласының әкімдігі және облыстық "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасының ақпа­рат­тық қолдауымен дүниеге келген бұл байқау "Бал бала" деген балғын атауға ие болып, алғаш рет экранға жол тартты. Көрермен­нің ықыласы мен сенімін арқалаған өнер ұжымның табан­ды­лығы мен іскерлігінің арқасында "Бал бала" бай­қауының сахнасы ашылған. Ең алғашқы сәтті ұмыта қоймаған Ләйлә Нәсімханова бала жолын­дағы игілікті істің бірінші баспалдағын аттаған тұстағы сезімдерімен бөлісті.

- Шынын айту керек, алғашқыда балабақша бүлдіршіндерімен жұмыс жасаудан жүрек­сін­генім рас. Себебі Сыр елінде осыған дейін бала­бақшадағы балақайлармен бірге шығармашылық жұмыстар жүргізбеген. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бала­бақша қызметкерлерінің жұ­мысын бір сәт көзіме елестетіп, ойланып, тәуе­келге бел буып, кішкентай тәп-тәтті бүлдіршін­дердің қылығына сай етіп, байқаудың атын "Бал бала" деп атадық. Менің өмірімнің ең қызықты және шығармашылық жұмы­сымның шыңдалу сәттері осы "Бал бала" байқауы­мен байланысты. Тәжірибем мен жігерімді жинап, бай­қаудың ұйымдастыру жұмысына кірістім. Байқаудың логотипі мен сахнаны ашатын әнін таңдадық.

Балғын өнерпаздардың шығармашылығын насихаттап, үлкен сахна мен дүбірлі додаларға жол ашу мақсатымыз болды. Ең алғашқы эфир, өнер­паздардың жарысы сәт сайын есіме түсе береді. Себебі бастапқы жұмыстың сәтті бола­рына бала­лар­дың қарымы мен халықтың ықы­ла­сы салмақтай түскендей,- деді Ләйлә Нәсім­ханова.

Пәк көңілді балалардың алғашқы төл жоба­сына Сыр елінің мақтаныштары Қазақстан Рес­пуб­ликасы­ның мәдениет үздігі, композитор Сәбит Ұлықпан­ұлы, Ыбырай Алтынсарин меда­лі­­­нің иегері, хорео­граф Болат Қаржаубаев, өнер жанашыры Бағдагүл Есмұрзаева, об­лыстық "Qyzylorda" телеарнасының дикторы, музыка маманы Гүләйім Жанұзақова, Қазақстан Респуб­ли­касының мәдениет қайрат­кері Кәмиля Әбжанова сынды өнер иелері қазы­лық еткен.

Өткенге шегініс жасағанда, ең алғашқы бай­қауға үкілеп үмітін жаққан өнерпаздардың есім­дері қатар аталады. Өнер байқауында №257 орта мектептің даярлық тобының өнерлі бүл­дір­шіндер алғашқы қарлығаштары еді. Ал, "Алтын ұя" балабақшасы балғындар байқауына 2011 жыл­дан бастап жыл сайын тыңғылықты дайын­дықпен қатысып, нәтижесінде осы жылдар ішінде бес рет бас жүлдені қанжығаларына бай­лапты. "Алтын кілт" және "Ер Тарғын" балабақ­шалары да бір реттен байқаудың бас бәйгесін иеленген. Сол бір бала өміріндегі тарихи сәт бүгінде облыстық телеарнаның алтын қорында сақтаулы.

Өнер әлемінде көптің қолдауы керек. Шығармашылық ізденісті қажет ететін байқау, әсіресе балақайларға екпін берілген өнер додасы жаңа туындыларымен толығуы қажет. Осы ортақ іске жергілікті сазгерлер мен әншілердің тартылуы байқаудың музыкалық қорын одан сайын көр­кем­дей түседі. Жергілікті ақындар мен сазгер­лердің ізденісінің арқасында балаларға арналған жаңа әндер жарыққа шықты. Мәселен, Мереке Күзембаев, Талғат Нағашыбаев, Сәкен Шыны­мов, Ғайния Дауылбаева, Ақзира Еспенбетова, Файзулла Дайырханов, Ақнабат Айтуова сынды ұстаздардың балаларға арналған әсем сазды әуендерінің қайталанбас қолтаңбасы "Бал баланың" тарихына енді.

Төл өнерге жан бітірген байқаудың тізгінін қолға алған жүргізушілердің де байқау тарихында қалатыны сөзсіз. Байқаудың бірінші жылында Аятбек Орынбасар мен халықаралық және республикалық ән байқауларының жеңімпазы Сәния Ғаниқызы бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары. Ал, Асылжан Кенжәлі - Қорқыт ата атындағы мемлекеттік уни­­вер­ситетінің студенті. Әр жыл­дарда өнер до­дасының жүр­гізушілері ауы­сып, жаңарып отыр­ды. Мұның өзі өнерлі әнші­лерді ғана емес, балақалайлардың жүргізушілік қабілетін ұштай түсуге мүмкіндік берді.

Бала келешектің шамшырағы десек, баланың талабы мен талантына қолдау көрсетіп, жана­шыр­лық танытқан азаматтар аз емес екен. 10 жыл­дық тарих ішінде өнерге баптаған балақай­ларға демеушілік білдіргендерді жоба жетекшісі Ләйлә Нәсімханова ерекше атап өткенді дұрыс көрді.

- Келелі істердің бастауында жүріп, қала әкімдігінің қолдауымен Жағыппар Аманжолұлы басқарған телеарна мен Эльмира Қожасқызы басшылық ететін "Қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдары" мемлекеттік ком­му­нал­дық қазыналық кәсіпорынының шығарма­шылық тобы "Бал бала" байқауының шыңдала түсуі­не көп еңбек сіңірді. Жергілікті кәсіпкерл­ер­дің де бала дамуына қосқан үлестері аз емес. Қа­рап отырсам, 10 жыл аралықта қаншама өнерлі бүлдіршіндердің өнерін Сыр халқына наси­хаттап, мазмұн мен мағыналық, сахналық жаңа идеяларға толысып, шығармашылық және көр­кемдік жағынан шыңдалғандығынан болар, Сыр көрермендерінің көзайымына айналып кетті. Меніңше, осы бір ыстық ықылас байқаудың өмір­шең екендігін дәлелдеп тұр,-дейді Ләйлә Нәсімханова.

Шындығында, баланы баптау асқан жауап­кер­шілікті, шығармашылық еркіндікті талап етеді. Себебі өнерге жақын балалардың қабілетін ұш­тауда ерік-жігермен қатар балаға деген шынайы сезім керек. 10 жылдан бері бала жанының бағбаны бола білген, өнерлі өрендердің шабы­тын шыңдап жүрген М.Ералиева атындағы Мәдениет үйінің директоры Ләйлә Нәсімханова биылғы мерейтой құрметіне "Бал бала" теле­визиялық жобасы облыстық деңгейге көтеріл­генін мақтанышпен жеткізді.

- Өнер әлеміндегі тәжірибемді ескере келе, "Бал бала" байқауының жыл сайын тақырыптың мәнін ашуға тырысамын. Ел ішіндегі ең маңызды оқиғаларға көрініс жасап, бала бойында тек ән мен би ғана емес, отаншылдық, яғни елдік мәсе­лелерді дәріптеуге үлес қосқым келді. Сондықтан да соңғы жылдары тақырыптың ерекшеліктерге ден қойдым. Биыл Қызылорда қаласының 200 жылдығына екпін бердім,- дейді Ләйлә Нәсімханова.

Өнер қашан да таразыға түседі. Кіл мықтыны анықтау біреуге жеңіс, біреуге қамшы болары хақ. Мұндайда қазақ "бақ шаба ма, бап шаба ма" дейді. Бабы мен бағы қатар шапқан өнер кезеңдерінде мүдірмей өнер көрсету мықтылардың қолынан келеді. Биылғы байқау да осы тартыс пен өнер жо­лындағы бәсекенің шынайы екенін дәлел­де­ген. 21 балабақшаның талантты балғындары бақ сы­наған байқауда бас жүлдені "Қуаныш" балабақшасы (меңге­ру­шісі Мария Ізтілеуова) иемденген. І орын "Шат­тық" балабақ­шасы (меңгерушісі Гүлден Сапабекова) мен "Алтын ұя" балабақшасына (мең­ге­ру­шісі Зафура Ерназарова) тиесілі болды. Жүлделі ІІ орынға "Ер Тарғын" (меңгерушісі Қарлығаш Қарақұлова), "Бүлдіршін" (меңгерушісі Бахыткүл Кулетова), "Сыр дидары" (меңгерушісі Гүлмира Алтынбекова) бала­бақшалары лайық деп таныл­ды. Үздік үштіктен көрінген "Самал" (меңгерушісі Сағыныш Абуова), "Жұлдыз" (меңгерушісі Қарлығаш Шамшиева), "Алтын кілт" (меңгерушісі Сарқыт Тұрбаева) және Жалағаш ауданы, Мақ­палкөл ауы­лының "Балбө­бек" (меңгерушісі Ғ.Бектаева) балабақ­ша­лары, сонымен бірге Шиелі ауда­ны, Нартай ауылындағы №156 орта мектептің (директоры Р.Смайлов) мектепке даярлық тобының бүлдіршіндері марапатталды.

Көрермен көзайымына айналған, өнер мен баланы байланыстырған, ата-ана мен тәрбиешіні сабақ­тастырған, ең бастысы өнер отын жаққан "Бал бала" Сыр тарихының мәдени өмірінде өзіндік із қалдыруға жол салды. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, келешектің иелерін өнер айдынына жүздіретін салмақты байқауға жанын салып, баланы бауырына тартқан жоба жетекшісі Ләйлә Нәсімханованың елеулі еңбегі ескеріліп, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Бұл лайықты құрмет - ұзақ жылдан бергі ізденіс пен табанды еңбектің жемісі. Себебі ақ көңілді ақадал ниетті балақай­лардың басын біріктіріп, өнерін жағып, ата-анасының мерейін үстем ететін байқаудың же­лісін тоқтатпау қай деңгейдегі болмасын құр­метке лайық.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

m:.000� Atx�0_�/� justify;text-justify:inter-ideograph;text-indent:14.15pt;line-height:13.0pt; mso-layout-grid-align:none;text-autospace:none'>- Сұмырай, шыныңды айт, айтпасаң осы жерде бауыздап кетеміз. Алдымен кімсің, бұл жерде не істеп жүрген адамсыңдар?- деді.

 

Басмашының айтуынша, бұлар Ташкент маңындағы бір қышлақтан қызылдардан қашып, осында тығылып жүргендер екен. Басшылары - Сайфулла деген сарт екен, ол қызылдарға қарсы осы тауларда күресіп жүрген басмашылардың бірі болып шықты.

- Мұнда орныққандарыңа қанша уақыт болды?

- Алты айдан асты.

- Сол алты айдан бері тамақты, оқ-дәріні қайдан алып жүрсіңдер?

- Алғашқыда өзімізбен алып келген малдарды азық еттік. Одан соң жақын маңдағы ауылдарға барып ұрлық жасап қайтамыз. Бұдан бөлек мына таудың арғы жағында Боштай паруанашының, Шураб үңгірінде Әрипхон хоқимнің жасақтары бар, қатты қиналсақ солардан азықты да, оқ-дәріні де аламыз. Бір-бірімізге қарасып тұрамыз.

- Әрқайсың әр топқа бөлінгенше неге бірігіп алмайсыңдар сол басмашылармен?

- Басшыларымыз "олай етуге болмайды" дейді. Бірігетін болсақ, қызылдар бізді тез тауып алады.

- Сендерден басқа да топтар қай жерлерде орналасқан?

- Менің білуімше, Тарам, Шымған, осы Құрама мен Қоқан тауларында басмашы топтары көп, оларға төрт құрбашы басшылық жасайды.

- Атың кім өзіңнің?- деді Парманқұл.

- Тохиржон.

Сүлеймендер Тохиржонды тағы сұрақтың астына алып, біраз жайтқа қанық болды. Содан басмашыны желкелеген күйі қираған күркелер маңына келді.

- Тохиржон,- деді бір кезде Сүлеймен. - Жасақтарыңда қанша адам бар еді?

- Жиырма екі адам едік. Оның тоғызы өліпті, менімен қосқанда, он үші қашып кеткен екен.

- Олар қашса қайда барады деп ойлайсың?

- Боштайға, не Әрипхонға барады да.

- Олай болса,- деді Сүлеймен мылтығын сығымдай ұстап. - Бұлар өздерін басмашы атап бейбіт жатқан ауылдарды қан қақсатады екен, сол басмашыларға қарсы күресейік. Қане, Қа­раман, Парманқұл аттанайық әлгі басмашы­ларға. Сен, Тохиржон, бізді Боштай мен Әрипхонға баста. Ендігі кезек Боштай мен Әрипхондікі.

Күллі Сыр бойы мен Ташкент маңына, Қазығұрт, Алай, Қамшық, Тәжік таулары мен бүкіл оңтүстік атырабына "қарақшы" деген аты жайылған, осы өлкелердегі әмбе ұрылар мен қарақшы-баукеспелердің көсеміне айналған бұл үш қарақшының жауға, әділетсіздікке қарсы алғашқы әрі соңғы аттануы емес еді.

Абдулла Бекәділұлы,

 

Қорқыт ата атындағы ҚМУ магистранты