Материалдар

Шыңға ұмтылған қайсар мінез

Өмірге өзгеше көзбен қарайтын жазушы. Ол пенденің жүрек түкпірінде жатқан жан сырын, құйынды ашуын, сырлы сезімін сөзбен сұлу суреттейді. Қысқасы, қылқалам арқылы тағдыр-лардың өмірдегі бет-бейнесін көркем шығармаға арқау қылады. Осы бір таланттардың туынды-сына тұздық себетін тағы бір өнер иелері бар. Олар – актерлер.

Қағаз бетіндегі өмір көрінісіне жан бітіріп, көрермен көңіліне ой салатын осындай шығар-машыл азаматтар Сыр елінде де жетерлік. Ал, жастар арасында алдыңғы арба дөңгелегіндей, өздерінің сара жолдарын салып келе жатқан «Жастар театрының» өңірімізде орны ерек. Өзге өңірлер «бағындырмаған белесі, алмаған асуы жоқ» деп, жас актерлерімен мақтанғанда алда-рына жан салмай жатады. Бұл ретте, сыр-бойылық жастардың да ауыз толтырып айтар-лықтай жетістіктері бар. 2016 жылы Оңталап Нұрмахановтың жетекшілігімен қаз басқан жастар бүгінде жалынды. Тіпті, шабыттарын шыңға шығарып үлгерген. Анау-мынауға ша-мырқана қоймайтын Шымкент қаласының тұрғындары дәл осы жастардан қошеметін аямапты. Қызылордалық жастар Шым қалада өткен «Ашық алаң» театрлар фестивалінде арнайы жүлдеге ие болып, бір белесті бағындыра білген.

Жастар алғашқы спектакльдерін «Алғашқы махаббат» деп бастап, өнер әлеміне жолдарын анықтап алды. Мектеп бітіргелі тұрған оқушы-ның сынып жетекшісіне ғашық болып қалуын шебер орындап шыққан олар бұл қойылымда комедиялық көріністерге басымдық беріп, көрермен көңілін бір көтеріп тастаған болатын. Содан бері ізденіс пен шығармашылық жұмысты серік етіп, бүгінде мол тәжірибе жинап, үлкен сахналарда өздерінің үздік екендіктерін дәлел-деп келеді.

Театр құрамында 7 ұл мен 7 қыз бала жұмыс жасайды. Олардың арасында оқушы, студент, басқа салада жұмыс жасайтындар да бар. Бірақ, бәрін бір арнаға тоғыстырған – ұлы өнер.

«Жастар театрының» ел аузында жиі айтылып жүрген қойылымы «Қыз қасқыр» деп аталады. Бұл спектакль Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атын-дағы театрда үш күн бойы қойылып, халықтың көңі-лінен шыққан. Сыр елінің де талғампаз көрермендері де бұл өнер туындысына жоғары баға берген еді.

жүрген  қойылымы "Қыз қасқыр" деп ата-лады. Бұл спектакль Шымкент қаласын-дағы Ж.Шанин атындағы театрда үш күн бойы қойылып, халықтың көңілінен шыққан. Сыр елінің де талғампаз көрер-мендері де бұл өнер туындысына жоғары баға берген еді.

Ел жастарын ұлттық рухта тәрбиелеу мақса­тында  ұйымдас­тырылған театр із-деніс пен талпыныстың арқасында осындай биікке жетті. Трагедиялық бағыт-тағы "Қыз қасқыр" қойылымы Айжан Атымтаеваның Шерхан Мұртаза әңгімесі желісі бойынша жазған шығармасы. Бұл Қызылорда қаласының рухани өмірінде басты мәдени жаналық әрі өнердегі жаңа серпіліс болды.

Адалдықты арқау етіп, ардан аттамау, адамдық қасиеттің айнасын кірлетпеу, табиғат тазалығы, жаратылысты жаңғырту және пьесадағы оқиғамен өрбіген қасқырлар орта­сында қалған қыз тағдыры - cпектакльдің негізгі өзегі. Жұмыр басты пенделердің ұрпақ алдындағы жауапкер-шілігі, қасқырлардың адамнан көрген қиянатқа қарсы тағылық тартысы. Спек-такльде аң адалдығының ант тұғыры, адам пенделігінің әшкере әлемі көрініс тауып, жастарға жақсылық кілтінің жүректе екендігі түсіндіріледі. Мұнда автор ананың қасқырлар арасында қалып қойған бауыр еті баласын түз тағысына тастап, оның амандығын басты орынға қоюын бүгінгі желөкпе жастарға сабақ ретінде болсын деп сомдатқандай. Қасқырлар арасында өскен сәби болашақ "Қыз қасқырға" айналып, шығарма тағылымды түрде өрби береді.

Бұдан бөлек, Қызылорда қалалық "Жастар театрының" "Неге?" атты қойы-лымы бүгінгі заман дертін жан-жақты қаузайды. Діни радикалды және террор-лық ұйым өкілдерінің сананы улап, шари-ғат жолындағыларды шулатып жүргендері мәлім. Ел болып қайғырған қасіретті әре-кеттен аман құтылудың бір ғана жолы - дұрыс таңдау жасау ғана. Осы тұста "Жастар театрының" "Неге?" атты драма-лық қойылымы көрерменге жөнді жолды меңзеп, көрсетіп береді.

Бұнда діни экстремизмнің құрбанына айнала жаздаған қыздың әрекеті бейнеле-неді. Байділдә Айдарбековтың шығарма-сына арқау болған бұл оқиғада өрімдей қыздың ақиқат жолындағы күресі сурет-теледі. Әкесінен айырылған Нұргүл есімді қыздың тағдырын арам пиғылды адамдар ойыншық етуді көздейді. "Үйіңді сат" деп мазасын алған олар мемлекеттік сынақтан да құлатып, жылатып, аурушаң анасына қиянат жасамақшы болады. Ал, махаббаты Мұрат пен Нұргүл арасындағы пәк сезімді суытып, оларды айырылыстыру жолы көрерменге ерекше әсер қалдырады. Қойылым соңына таяу бетін тұмшалап, өзін жақсы адам ретінде көрсеткен хиджаптағы Жаңылдың құйтырқы әрекеті ҰҚК қызметкерлерінің көмегімен әшкере-ленеді. Бұл қойылымның режиссері Әл-Мұхаммед Бақытбекұлы Алдажаров болса, театр жетекшісі - ҚР Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов.

«Театр киім ілгіштен басталады» дейді әдетте. Ал, жас театр өрендерінің баста-масы, қарымы, жігері көрермендерді таңқалдырады, тәнті етеді. Көңіл көсегеңіз кедейленіп қалса, жаныңызға медет іздесеңіз, спектакльден санадағы сан сұраққа жауап алуға болады. "Жастар театры" осы тұрғыда да шабыттандырады, қанаттандырады. Берері мол, мәдениеті мәйекті, сөздік қоры бай Сыр елінің жас сахнагерлері ұстаздарының ұлағатымен ұлтқа пайдасын тигізу үстінде. Біз де оларға осы беттерінен танбай, шаршамай, талмай шыңдарға шыға берулерін тілейміз.

 

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ