Материалдар

Арал теңізінің тарихи өткелдері және теңіз өзгерісіндегі адамзат рөлі

 Бұдан жарты ғасырдан ас­там уақыт бұрын Арал көлемі жағынан әлемдегі төртінші теңіз атанып, қазақ даласының маржа­нына баланған бо­ла­тын. Алайда, 1960 жылдары аты шулы теңіз тез жо­ғала бастады. Сол кезеңдермен са­лыс­тыр­ғанда адам айтса сенгісіз күйге түсті. Бүгінде теңіз 4 су қорына бөлінді. Құрғау процесі жыл­дан-жылға жал­ғасып келеді. Теңіз жағдайы адам­­зат зиянды әсе­­­­­рін азайтуға тырысып жат­қан экологиялық апат болып есеп­­те­луде. Ол үшін адам қолы­мен суды жүйелі пайдалану, теңіздердің бір бөлігін болса да қалпына келтіру (Солтүстік бассейн), шаңды дауылдарды азайту үшін топырақты қатайту жұмыстары жүргізілуде. Бір қызығы, геологиялық зерт­теулер "Арал теңізі бұрын да то­лық болмаған" деп көрсетеді. Теңіздің көлемі бұрынғы ата-бабаларымыз өмір сүрген кездің өзінде бір қалыпты болмаған және тез өзгерген екен. Осы өзгерістер Арал маңындағы елді мекендерге, ондағы тұр­ғын­дардың тіршілік етуіне әсер еткен.

Арал теңізінің тарихы те­рең­де. Теңіздің өткеніне шолу жасаған тарихшылар, әдетте Антикалық дәуірге апарса, ал араб тарихшылары мен гео­граф­тары теңізді Х ғасырдан бастап Күрдері, Хорезм немесе Жент теңіздері атауларымен сипаттайды. Шамамен сол жылдарда теңіз ежелгі кар-таларда пайда бола бастаған. Ресейдегі Арал теңізі туралы мәліметтердің көзі XVII ға-сырдан бастау алған. 1627 жылы "Үлкен сызба кітапта-рында" теңіз 250 тереңдікке дейін жететін "Көк теңіз" деп аталған. Сол жылдарда Арал теңізінің көлемі үлкен болған. Ресейден жер аударылып кел-гендер және жергілікті балық-шылар теңізде қайықтарымен емін-еркін жүзген. Үлкен Арал теңізінің сызбасы Сібір оқы-мыстысы С.У.Ремезовтың (1627 жыл) және Түркістанға су жолын табу үшін Каспийге жіберілген экспедиция жетек-шісі А.Бекович-Черкасскийдің карталарында бейнеленген.

 

Ресей империясының сая-саты Орта Азияда, сонымен қа-тар Арал маңында белсенді зерттеулер жүргізген. Арал ту-ралы негізгі деректер XVIII ғасырдың аяғынан бастап экспедициялық зерттеулер кезінде Ресей офицерлерінен алынған. Теңіздің алғашқы топографиялық түсірілімі ғылыми қоғамда кеңейтілген резонансқа ие болған 1848-1849 жылдарда лейтенант Бутаковтың экспедициясымен түсірілген.

Аралдың жай-күйі адам өміріне және аумақтың дамуы-на қолайлы "экологиялық стандарт" болды. Бірақ бұл жағ-дай Аралға қолайлы ма? Арал теңізі әрқашан толық болды ма?

Тарихи мәліметтерге көз сү­зе отырып, өзгерістерге ұшы­ра­ған ауыр жай-күйін сипаттай­тын бірнеше  құжаттарды ерек­шелеп айтуға болады:

1221 жыл - Шыңғысханның ирригациялық жүйені өзгертуі, Амударияны Каспийге бұруы;

1417 жыл - Аралдың жоға­луы (Хафизи-Абру);

1573 жыл - Амударияның Арал­­­­ға қайта бұрылуы (Әбіл-ғазы);

1627 жыл - Көк теңіз. "Үлкен сызба кітаптары".

Мәліметтер негізінен таны­мал тарихшы В.В.Бартольдтың құжаттарында жазылған. Арал­­дың ежелгі тарихы туралы алғашқы деректер 1908 жылы "Арал теңізі" деген Л.С.Бергтің кітабында жинақталған. Жүйе­лік геологиялық-геоморфоло­гиялық зерттеулер хорезмдік археологтардың экспедиция­сының жетекшісі, оқымысты С.П.Толстовтың кезінде 1937 жылдан Кеңес Үкіметінің құлдырауына дейін жүргізілген. Арал теңізін зерттеуге түрткі болған - оның құрғауы. Осыдан кейін теңізді орыстың, қазақ­тың, өзбектің геологтары зерт­тей бастаған. Алдымен Арал дағдарысы және халықаралық зерттеулер бірлестігі зерттеген.

Бірнеше жыл бұрын қазақ археологтары Арал теңізінің ма­ңынан тапқан Кердері 1 және Кердері 2 мазарлары мен обалардың үйіндісі жайлы тың мақалалар жазған-ды.

Аралдың құрғаған таба­нын­да адамдар тек жанында Сырдария өзенінің ағып, тір­шілік көзі бар болғандықтан ғана өмір сүре алды. Бұл бізге ASTER ғарыш түсірімдерінің сараптамасы нәтижесінде алын­ды. Сырдария өзені Арал­дың құрғаған табанын 100 км қашықтыққа ұзап, теңіздің Құланды жартыаралына тіре­ліп, дельта түзді. Дельта дең­гейінен Арал теңізі деңгейі Кердері кезеңіне сәйкес терең­дігі жағынан 29 метр деп жоба­ладық. Яғни, ондағы теңіздің қайтуы қазіргіден өте терең.

Дегенмен, бұл төмендеу қазіргі сияқты тек қана адам әрекетіне байланысты емес. Бір жағынан, кіші мұз дәуіріндегі мұздардан көшуі кезіндегі Сырдария мен Амудария өзен­дер­і ағынының тоқтауына сәйкес келеді. Ал, екіншіден, Шыңғысханның XIII ғасырда (1221 жылы) Үргеніштегі қор­шауды бұзып, Амударияны Аралға емес, Каспий теңізіне қарай бұруы жөніндегі тарихи деректерге сай келеді. Бірақ Сыр­дария Аралға қарай құйыла берді. Сондықтан Кердері рег­рессиясы тек антропогенді ғана емес, табиғи әсерге де байла­нысты. Сондай-ақ, біздің мәлі­меттерде көрсетілгендей, бұл кері кету Шыңғысхан дәуіріне дейін болған. Егер бұл мәлі­меттер дәл келсе, онда Арал ортағасырлардағы климаттық қолайлылыққа құлдырай бас­та­ған.

Бұл сұрақтар АҚШ-тағы Аризона университеті, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің геология және мине­рология институты, Қор­қыт ата атындағы Қызылорда мемлеке-ттік университеті ға­лым­дары-ның бірлескен ғы­лыми ізденіс-терінің нәтижесі болды. Зерт-теулердің негізгі мақсаты - соң-ғы мыңжылдық­тардағы Арал теңізі деңгейінің өзгеруінің се-бебін анықтау. Бізге дейін бұл деректер нақтылан­баған. Себебі радиокөміртектік уақытты анықтау әдісі (дати­рования) мә-ліметтері болма­ғандықтан. Бір-лескен жобада біз Арал теңі-зінің тартылуының себебін анықтап, тарихтың тереңіне көз жүгіртіп, жоғары және төмен деңгейінің хроно­логиялық көр-сеткішін алдық. Бұл зерттеу-лердің сәтті орын­далуына аме-рикандық әріптес­тердің қаты-суы көп пайдасын тигізді. Себе-бі американдықтар радио­көмір­текті датаны анықтайтын масс-спектрометрлік қондыр­ғылар қолданады. Қондыр­ғының өте кішкентай мөлшер­дегі молюска бақалшағын, кез келген органи-калық қалдықты немесе микро-организмдерді анықтауға мүм-кіндігі жеткілікті.

Алғашқы экспедиция 2008 жылдың күзінде жүргізілді. Біз Кердері ескерткіштері туралы археологтардың жинаған мәлі­мет­терін растадық. Сондай-ақ, теңіз табанында тереңдігі 11 метр алғашқы скважинаны бұр-ғыладық. Қазір радио­көміртекті датаның скважина бұрғылаған орта бөлігіндегі 20 мың жыл бұрынғы мәліметтеріміз бар.

Жобаның жетістігі - соңғы 2000 жылдықтағы Аралдың тарихын негіздедік. Дәлірек айтқанда, екі трансгрессия (жо-ғары деңгей: 1500 және 300 жыл бұрын) мен екі регрессия 600 жыл бұрын және қазіргі уақыттағы - антропогендік). Аралдың бұрынғы тарихының зерттелуі - болашақтағы жыл­дар­дың ісі. Аралдың құрғаған табанында адамның неліктен өмір сүріп жатқандығы көрсе­тілді: өйткені оның бойымен Сырдария өтетін. Бұл ғарыш түсірілімдерінен жақсы көрі­неді. Сырдарияның көлемі 150-км-ге дейін жетуде, ал оның дельта аймағы жарты арал Құлан­дыға - Аралдың батыс жағалауына тірелген. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Кердері регрессиясының биіктігі жобаланған: теңіз деңгейінен 29 метр.

Арал теңізінің болашағын жоспарлай келе біз табиғи тренд және оның адамға әсерін ажырата білуіміз қажет. Өткен сабақтар қоғам­ның дамуында үлкен рөл атқарады. Өркениет-тің барлық мүмкіндіктерін мой-ындай отырып, адамзат Арал дағдарысына дайын бол­ма­ды. Тек еліміз тәуелсіздікке қол жет-кен тұста Мемлекет басшысы-ның қолдауымен өзекті пробле-малардың шешілуі арқасында Кіші Аралдың қайта қалпына келуіне, Арал айма­ғындағы экологиялық ахуал­дың түзелуі-не бетбұрыс жаса­лып, соны серпін әкелді. Адам­зат өз қолы-нан келетін оң өзге­рістерді жа-саумен бірге, таби­ғаттың да Арал теңізінің тағды­рында соң-ғы сөзін айтпа­ғанына сенім-діміз.

Р.ҚҰРМАНБАЕВ