Материалдар

СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ САЗГЕРІ ән өнерінің өміршеңдігін дәлелдеді

Сыр сандуғаштары бүгінде республикалық дәре-жеде өздерінің дарынымен шыңдарға шыққан, белестерді бағындыра білген. Бұлбұл үнді, күміскө-мейлер шекара асып, әлем елдерінде ән салып жүрсе, сазгерлері назды үнмен, сазды әуенімен халықты жыр бесігінде тербетуде. Бұл өнердің өлмейтінінің, биікке өрлейтінінің бұлжымас көрінісі іспетті.

Сол себепті де қызылордалықтар өздерінің төл перзенттерін есінен әсте шығармаған. Тиісінше ұлықтаған, ұмытпаған. Соның бір дәлелі ретінде Қы-зылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжат-тама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы республикалық «Туған жер» әншілер конкурсын өткізді. Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арнал-ған шараға облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өзі қолдау білдірді.

Кеңес Дүйсекеев атындағы дәстүрге айналған «Туған жер» атты әншілердің республикалық бай-қауының гала-концерті өз мәресіне жетіп, жеңім-паздар марапатталып, «Сыр елі» әнінің танысты-рылымы өтті. Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылы-ғына арналған байқау 2008 жылдан бастап екі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бұл Сыр елі үшін  үлкен мәртебе. Конкурс биыл алтыншы мәрте ұйым-дастырылып отыр.

Аталмыш шараға арнайы келген сазгер жаңа әнді жерлестеріне таныстырып, туған жерге деген жылы лебізін жеткізді. «Сыр елі» атты жаңа ән–  К.Дүйсекеұлының Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арнаған сый-тартуы. Айтулы күнде туған жеріне ән арнап, кіндік қаны тамған өлкені ұмытпаған арда азамат халқының ыстық ықыласына бөленді.

Керемет кештің тағы бір жағымды жаңалығы, «Ту-ған жер» республикалық байқауы келесі жылдан бастап халықаралық деңгейде ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы гала-концерт бары-сында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді. «Киелі жеті саны қазақ үшін қадірлі, сол себепті де келесі ән кешіңізді үлкен деңгейде өткізуіміз керек» деді облыс басшысы.

Тартысты түрде өткен ән додасында үшінші орын-ды Айбек Дәулетқали (Батыс Қазақстан обл.), Ақерке Құрбан (Алматы обл.) және Әжібай Тасқын (Қоста-най обл.) иеленді. Екінші орын Мұратбек Жұмашев (Атырау обл.) пен Арайлым Маханбетжановаға (Қызыл-орда қаласы) бұйырды. Бірін-ші орынды қазылар алқасы «Сарын» триосына (Оңтүстік Қазақстан обл.) берді, ал бас жүлдені қызылордалық әнші Ринат Үсенов жеңіп алды. Сыр елінің жас әншісі өзге-лерден үздік шығып, алтын-шы рет өткен республикалық байқаудың жеңімпазы деп танылды.

Аймақ басшысы сайыс жеңімпаздарын құттықтап, туған жерге ән арнаған композитор К.Дүйсекеевке  алғысын білдірді.

 

Айдар САЙЛАУОВ