Материалдар

СЫР ӨҢІРІНІҢ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНДЕРІ

2014 жылы Елбасының арнайы тапсыр­ма­сы­мен Қорқыт кешеніне қайта жаңғырту жұ­мыс­тары жасалды. Кешенімен бірге музей ғимараты жа­ңадан салынып, толыққанды реэкспозиция жұ­мыстары жүргізілді. Қазіргі таңда музей экс­по­зициясынан Сыр өңірінің ежелгі дәуірінен бас­­­тап қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан то­лық­қан­­ды мәлімет алуға болады. Музей экспо­зи­циясынан археология, Қорқыт ата мұралары, ұлттық музыкалық аспаптар және сирек кез­десе­тін кітаптар мен қолжазбалармен танысуға бола­ды.

Археологиялық экспозициясының мерзімдік шеңбері Шірік-Рабат (б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ.), Жетіасар мәдениеттеріне (б.з.д. І мж аяғы - б.з. І мж), орта­ғасырлардағы оғыз-қыпшақтар дәуіріне бөлінген (ҮІІ-ХІ ғғ.).

Шірік-Рабат мәдениеті.

Сырдария сақтарының мәдениеті б.з.д. I мың­жылдықтың екінші жартысында гүлденген деңгейге жетіп, қалалар пайда болды. Бұл өркениет б.з.д. IV-II ғғ. қанатын кең жайып, отан­дық тарихта Шірік-Рабат мәдениеті деп аталды. Қармақшы ауданы аумағындағы Шірік-рабат қалашығы Сырдарияның көне арнасы - Жаңа­да­рияның сол жақ жағалауындағы көлемі 850х600 м. болатын табиғи төбенің үстінде орна­ласқан. Ескерткіш мықты қорғаныс жүйелерімен қоршалған. Төбенің төменгі етегінде қазылған ор бар. Оның бүгінгі таңдағы тереңдігі 4,5 метрге, ені 40 метрге жуық болса, ал одан шыққан топы­рақ­тан сыртқа дуал тұрғызылған. Сақталған биіктігі 3 метрді, тарабындағы ені 8-10 метрді құ­рай­тын бұл бекініс дуалды қалашықты сол­түс­тік­тен және шығыстан қорғап тұрған. Қала жұр­тында халықтың қоныстануы бірнеше кезеңнен тұр­ды.

1946 жылы Шірік-рабат қалашығын алғаш рет С.П.Толстовтың жетекшілігімен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедииясы зерттеді 1948-49 жж., 1957-58 жж. архео­ло­гия­лық қазба жұмыстары жүргізілді [Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. Москва, 1962. С.139.]. Одан кейін 2004 жылдан бастап "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Шірік-ра­бат археологиялық экспедициясының (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеу жұмыстары басталып, қазіргі уақытта жалғастырылуда.

Музейдің арнайы витриналарына Шірік-рабат оазисіндегі Шірік-рабат, Бәбіш мола, Ба­лан­ды қалашықтары жайлы деректер, археоло­гия­лық ғылыми-зерттеу материалдары, қазба жұ­мыс­та­­ры кезінде табылған керамикалық ыдыс­тар, сақ адамының мүсіні қойылған.

Жетіасар мәдениеті.

Қызылорда облысындағы ірі археологиялық кешендердің  бірі - Сырдарияның төменгі ағы­сын­да орналасқан Жетіасар археологиялық ескерткіш кешені. Бұл оазисте б.з.д. I мыңжыл­дық­тың соңы - б.з. І мыңжылдығында жалпы саны шамамен 50-ден аса қамал-қалалар бой көтерген. Оның 27-сі Жетіасар алқабында 5-7-ден топ-топ болып, Сырдарияның көне салала­рының бірі Қуаңдария мен Ескідариялықтың ондаған ұсақ тарамдары бойына салынған. Олар­дың қазіргі үйіндісінің биіктігі 18-20 метрге жетеді. Асарлардың барлығы әртүрлі деңгейде жасалынған қорғаныс жүйелерімен қоршалған. Қор­ған іші тұрғын үй, зәулім сарай және қолөнер шеберлері тұратын бөліктерге бөлінген. Жетіасар шат­қалында ХАЭЭ алғаш рет археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді [Левина Л.М. Кера­мика Нижней и Средней Сырдарьи в  І тысячилетие н.э. Москва, 1971, с.25-40].

С.П.Толстовтың жетекшілігімен 1946, 1948, 1949, 1951 жылдары Жетіасар-3 (Алтынасар), Жеті­асар-9, Жетіасар-3 айналасындағы жеке қор­ғандарға, 1958, 1962-1963, 1966, 1971 жылдары бар­лау жұмыстары жүргізілді. 1973 жылы Жеті­асар кешеніне Хорезм археологиялық-этногра­фия­­лық экспедициясы тарапынан қазба жұмыс­тары қайта басталды. 1976-1978 жж. Л.М.Леви­на­ның жетекшілігімен Жетіасар-2 кешеніне, 1978-1981 және 1983-1984 жж. Жетіасар-12, 1986 жылы ауқымды түрде археологиялық ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Жеті­асар-3 (Алтынасар), Жетіасар-12 (Томпа­қасар), Жетіасар-11, 13 жақын орналасқан (Үлкен Қоса­сар, Кіші Қосасар) 700-ден астам ескерткішке қазба жұмыстары жүргізілді.

Экспозицияда Жетіасар туралы материалдар және кешеннен табылған керамикалық ыдыстар (фляга, құмыралар т.б.) орналастырылған.

Оғыз-қыпшақ дәуірі.

Сырдарияның төменгі ағысында қалалардың гүлденуі кезеңі оғыз-қыпшақ дәуіріне, яғни біздің заманымыздың ІХ-ХІ ғғ. сәйкес келеді. Оғыздар ІХ-Х ғғ. Орта Азия мен Шығыс Еуропадағы тари­хи оқиғаларға ықпал етті. Орта Азия оғыздары түр­кі тілдес халықтар қатарына жатады. Көшпелі оғыздар Каспий, Арал маңы және Сырдарияның бойын мекендеді. Бұл аймақта мекендеген оғыз ру­лары Х-ХІ ғғ. астанасы Жанкент қаласы бол­ған Жабғу мемлекетінің құрамына кіреді. [Агад­жанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІ вв. Ашхабад, 1996. С.6].

Оғыздардың мемлекеті туралы алғаш рет ІХ ға­сырдың аяғы - Х ғасырдың басындағы араб сая­хатшысы әл-Якубидің деректерінде айты­лады. Бұл кезең оғыз мемлекетінің құрылып, нығайған кезеңі болды. Белгілі саяхатшысы Ибн әл-Факихтің (Х ғ.) жағрафиялық деректерінде ІХ-Х ғғ. оғыз тайпалары туралы мәліметтер береді. Оғыз мемлекетінің астанасы болған Жанкент қа­ла­шығына 1867 жылы П.И.Лерх және геодезист М.Е.Приоров алғашқы археологиялық қазба жұмыс­­тарын жүргізді. 1946 жылы ХАЭЭ С.П.Толстовтың жетекшілігімен алғаш әуеден сурет­ке түсіріп, жоспарын жасайды. Қаланың көлемі 375х225 м., шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан. Солтүстік-батыс бұрышында орна­­ласқан цитаделінің көлемі 100х100 метр, биіктігі 7-8 метр сақталған. Сыртқы қорғаныс қа­быр­ғасының сақталған бөлігінің биіктігі 8 м [Аржанцева И.А., Рузанова С.А., Тажекеев А.А. Архе­о­логические исследования городища Джан­кент // сайт Археология Средней Азий. 2012.].

2005 жылдан бастап ортағасырлық Жанкент қа­ла­­шығының орнында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Ресей Ғылым Академиясы Миклухо-Маклай атындағы Этно­логия және антропология институтының және Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология инс­ти­ту­тының біріккен археологиялық экспе­ди­циясы тұрақты түрде қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. 2014-2015 жж. Жанкент қалашығынан табыл­ған керамикалық ыдыстар, культтық бұйым­дар (қошқар бейнесіндегі керамикалар) экспозициядан орын алды.

Сығанақ қаласының халқымыздың тарихына қос­­қан үлесі өте зор. Сығанақ Қыпшақ ханды­ғының (ХІ-ХІІІ ғғ.), Ақ Орданың (ХІV-ХV ғғ.), Қа­зақ хандығының (ХV-ХVІ ғғ.) астанасы болды. Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағының бойын­­да орналасқан Сығанақ қаласы Шығыс пен Батыстың көптеген ірі қалаларымен сауда, эко­­но­­микалық, саяси және мәдени бай­ланыс­тар­да ­маңызды роль атқарды. Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы "Худуд-әл-Әлем­де" кездеседі. Қаланың Сығанақ деген атауы ХІ ғ. ортағасырлық атақты ғалым Махмут Каш­­қаридің "Түркі тілінің сөздігі" атты еңбегінде жа­зылған. ХІ-ХІІ ғғ. Қарахан мемлекеті кезіндегі жазба деректердің барлығында дерлік қаланың аты жиі кездеседі. ХІХ-ХХ ғғ. қаланы алғаш рет орыс ғалымдары П.И.Лерх, И.А. Кастанье, В.А.Каллаур, В.В.Бартольд, А.Ю.Якубовский, А.Н.Бернштам зерттеді. Алайда бұл кездегі зерттеулер толыққанды жүргізілмей, тек қаланың сипатымен ғана тоқталды. ХХ ғ. ІІ-жартысында Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспеди­ция­сы К.Ақышевтің жетекшілігімен қаланы алғаш рет то­пографиялық жоспарын жасайды

Қаланың жоспары бесбұрышты болып кел­ген. Солтүстік бөлігі - 275 м, солтүстік батыстан ба­тыс­қа қарай - 175 м, оңтүстік-батыстан ба­тыс­қа - 190 м, оңтүстігі - 175 м, оңтүстік-шығыстан шы­ғысқа - 320 м, оңтүстік-шығыста орналасқан қала қақпасының дәлізінің аумағы - 20 м, қала бе­кі­нісінің кей жерлерінің биіктігі 6-7 м, шахрис­тан мен рабаты бесбұрышты солтүстік бөлігі - 250 м, батыс бөлігі - 650 м, оңтүстік бөлігі - 250 м, оң­түстік-шығыс бөлігі - 450 м, солтүстік-шығыс бөлігі - 350 м [Свод памятников историй и культуры Республики Казахстан. Кызылор­динс­кий область. Алматы, 2007. С.147].

2003 жылдан бастап қала орнында Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры, археолог-ға­лым С.Жолдасбаевтың жетекшілігімен Сығанақ архео­логиялық экспедициясы қазба жұмыс­та­рын жүргізіп келеді. Экспозицияға Сығанақ қала­шығы туралы деректер, қалашықтан табылған керамикалық ыдыстардың түрлері (хум, құмыра, кесе т.б.), мыс теңгелер орналастырылды.

Қорқыт ата музейі Сыр өңірінің архео­логия­сынан мол мәлімет береді.

О.БЕГАЛИЕВ,

Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері