Материалдар

Қызылордада Ләтипа Қожықованы құрметпен еске алды

     Сыр елі жерлесіміз, Қазақстанның алғашқы театр суретшісі, қолданбалы қолөнер шебері Ләтипа Қожықованың 125 жылдығын атап өтті. Осыдан тура 92 жыл бұрын, 1926 жылы сол кездегі Қазақстанның астанасы Қызылордада Ләтипа Қожықованың тұңғыш Бүкілқазақстандық республикалық көрмесі өткен. Қазақстан суретшілерінің тұңғыш көшпелі көрмесі де 1928 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған. Көрмеге қойылған суреттерді республикамыздың бір қаласынан екіншісіне түйемен тасығаны деректерде жазылған.

Тарихпен сабақтасқан айтулы күн көркемсурет галереясында ұйымдастырылған «Қожықовтар қолтаң-басы» көрмесінен басталды. Көрменің ашылуына Алматы қаласынан Ләтипа Қожықованың немересі Сәуле Құлахметқызы және өнер иесінің әріптестері мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдар қатысты.

 

Көрмеде алғаш сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қожықовтар династиясын киелі Сыр топы-рағынан шыққан өнер әлемінің биік шыңын бағын-дырған, сол өнер өлкесінде қолтаңбасы қалған, қазақ мәдениетінде өз орны бар династия екенін атап өтті. Ләтипа Қожықованың жары, әулеттің басшысы, Қоңырқожа Қожықов - «қырғыз» аталып келген ұлт-тың «қазақ» деген тарихи әрі нақты атауын қалпына келтіру мәселесін қоюына өз үлесін қосқан қоғам қайраткері, ағартушы, Орта Азия елдерінің тарихы, мәдениеті мен тілдерін жетік білген ғалым. Қожықов-тардың үлкен ұлдары Қожахмет - СССР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстандағы тұңғыш суретші-график, карикатура және плакат жанрының негізін салушы. Қазақтың кино және театр өнерінің бірінші суретшісі ретінде танылған, қазақ киносының алтын қорына енген ондаған фильмнің қоюшы-суретшісі. Нұрахмет Қожықов Оңтүстік Қазақстандағы көптеген скульптуралық жұмыстарды өмірге әкеліп, артына өшпес мұра қалдырған мүсінші. Қожықовтардың ең кішісі Сұлтанахмет көрнекті қазақ режиссері, Қазақ ССР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, киномотографистер одағының хатшысы және көркемдік жетекшісі, бірнеше мемле-кеттік наградалардың иесі.

- Қазақты әлемге қазақ ретінде танытқан екі дүние бар. Оның бірі – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпо-пеясы болса, екіншісі, қазақ кино өнерінің тарихында алтын әріппен жазылған, әлемнің 80-ге жуық елінде көрсетіліп, бағасын алған «Қыз Жібек» фильмнің ре-жиссері, тектінің тұяғы Сұлтанахмет Қожықов екені бәрімізге аян. Әулеттің анасы, сән және қолданбалы өнер шебері Ләтипа Қожықованың қазақ қолөнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары мемлекеттік тапсырыспен Ләтипа Мұңайт-пасқызының қолынан шыққан қазақтың ұлттық киім-дері Ф.Рузвельтке сыйға тартылып, қазір АҚШ-тағы Рузвельт музейінде сақтаулы. Сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілерін Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінен көруге болады,-деді аймақ басшысы.

Ләтипа Қожықованың немересі Сәуле Құлахмет-қызы әулет өмірінен естеліктерімен бөлісіп, алғыс айтты. Одан кейін қонақтар шебердің 70 суреті қойылған көрмемен танысты. Түстен кейін «Ләтипа Қожықова және қазақтың ұлттық сурет өнері» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, белгілі режиссер Болатхан Нүсіпбековтың Қожықовтар әулетінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарлан» деректі фильмінің тұсауы кесілді.

 

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ