Материалдар

“Қызылорда - тарих пен тағылым таразысы”

Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған

тарихшылар мен әдебиетшілер арасында өтетін “Қызылорда -

тарих пен тағылым таразысы” ғылыми жұмыстар конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

«Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының ақпараттық демеуімен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған конкурс ұйымдастырады.

Конкурс мақсаты:

Қызылорда қаласының 200 жылдығын қамтитын тарихи деректерді ғылыми айналымға шығару, тарихи оқиғаларды зерделеу, әдебиеттің дамуына із салған көрнекті қаламгерлердің әдеби мұрасын зерттеу, оны насихаттау.

Конкурс шарттары:

Конкурс гуманитарлық бағытта тарихшылар мен әдебиетшілер арасында өткізіледі.

1. Тарихшылар Қызылорда қаласының 200 жыл даму жылнамасы бедерінде тарихи даталарға сүйене отырып, жаңа көзқарастағы ғылыми жұмыстар жазуы тиіс. Ғылыми жұмыс бұрын-сонды ешбір жерде жарияланбаған және нақты тарихи деректерге сүйенуі шарт.

2. Әдебиетшілер Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихына көркем туындылар арқылы үлес қосып, өзіндік өрнек салған қаламгерлердің қолтаң-басын айшықтайтын ғылыми жұмыстарды тапсырады. Таңдалынып алынған ақын, жазушы, драматург қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан қызылордалық болуы міндетті.

Ғылыми жұмыстарға орта мектеп, колледж, жоғары оқу орындары мұғалімдері және өңір тарихын жетік білетін зерттеушілер қатыса алады.

Әрбір үміткер бір ғылыми еңбекті өткізе алады.

Негізгі талап:

Конкурс жұмысы 7-10 беттен кем емес Microsoft Word редакторының мәтінінде терілу қажет.

1. Парақтың параметрлері: барлық жағынан - 2 см.

2. Шрифт: Times New Roman, кегль – 14.

3. Жол аралық: 1 интервал, жаңа жол: 1 см.

4. Бір жолдан кейін – ортасынан ғылыми жұмыс тақырыбы бас әріптермен (қою шрифтпен) жазылады.

5. Ғылыми жұмыс тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақтың оң жағына бас әріптермен (қою шрифтпен) авторлардың тегі, аты-жөні жазылады.

6. Төменгі жағына: жұмыс орындаған мекеменің толық аты жай әріптермен (қою шрифтпен).

7. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай ғылыми жұмыстың соңында жазылады.

Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе берілген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және қайтарылмайды.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар «Әлімсақ» редакциясына жолданады. Конкурсқа журнал оқырмандары қатысуға мүмкіндік алады. Үздік деп танылған конкурс материалдары республикалық «Әлімсақ» журналында және басылым сайтында жарияланып, оқырманға насихатталады.

Конкурсқа қатысушылардың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, жұмыс орны және байланыс нөмірлері нақты көрсетілуі керек. Конкурсқа қатысатын ғылыми жұмыстар 2018 жылдың 15 cәуіріне дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы. Байқауға ұсынылған ғылыми жұмыстарды редакция алқасы іріктеп, қазылар алқасына жолдайды. Талапқа сай келмейтін байқау жұмысы конкурсқа жіберілмейді.

Қазылар алқасы конкурс жұмыстарын төмендегідей бағыттарда саралайды:

1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі

2. Тарихи деректердің шынайылығы мен берілу әдісі

3. Тақырыптың толыққанды ашылуы.

Байқау материалдарын саралауда аймаққа белгілі тарихшы-әдебиетші ғалымдар қазылар алқасына шақырылады. Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2018 жылдың 15 ақпаны мен 15 cәуірі аралығында төмендегі мекен-жайда қабылданады:

Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі 62, 2-қабат, «Әлімсақ» журналы редакциясы.

Байланыс тел: 8(7242) 20-16-19; 8-747-795-23-25

 

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.