Материалдар

ЖАЙЫЛМАНЫҢ ЖІГЕРЛІ ЖАНАТЫ

    Жаратылысынан жайдары, көзі ашық, көңілі ояу, жан-жағына қарайласып, қамқорлық шуағын төгіп жүретін жандар болады. Олар¬мен емен-жарқын әңгімеле¬сіп, пікір алысқанда жанын жады¬райды. Қандай істі бол¬сын, дөңгелетіп ала жөнеледі. Алыс¬қа көз тас¬тап, қоғамды алға жыл¬жы¬тушы¬лар да солар. Алғаш көріп, әңгі¬меге тартып, ел дамуы жолында жасап жатқан жұмысы¬мен та¬ныс¬қанымызда, біз айтып отыр¬ған қадір-қасиет, бітім-бол¬мыс бойынан табылатын адамға жо¬лық¬қанымызды түсіндік. 

    Жанат Қалкөзқызы Жүсіпова саналы ғұмырын білім саласына арнап, сол жолда табан аудармай қызмет етіп келе жатқан білікті, адам¬гершілігі жоғары, ақжарқын жан болып шықты. Бүгінде Қы¬зы¬л¬орда облысы, Жаңақорған ауда-ны, Жайылма ауылындағы №195 мектеп-гимназия дирек¬торы қызметін абы-рой¬мен атқа¬рып, биіктен көрініп жүр. 

    Ж.Қалкөзқызы осы ауылдың тумасы. 1981 жылы мектеп біті¬рісі¬мен Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагоги¬ка¬лық институтының "физика-математика" мамандығына тү¬седі. Жоғары оқу орнын ойдағы¬дай бітіргеннен кейін еңбек жолын №195 "Жайылма" орта мектебін¬де математика пәнінің мұғалімі қыз¬метінен бастайды. Ұстаз¬дық¬ты жаны қалаған жас ұстаз әр кезде жұмысын тиянақты орын¬дап, қатарластарының алды бол¬ды. Алғырлығымен, тиянақ¬ты¬лығымен көзге көрінген ол 1988 жылы мектеп директорының тәр¬бие ісі жөніндегі орынбасары, 1994 жылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. 

   Алғашқы қадамын ұстаздық¬тан бастап басшылық қызметке көтерілу үлкен еңбекпен келетіні белгілі жайт. Математиканың қыр-сырын шә¬кірт¬теріне үйрету¬ден жалықпаған ол қоғамдық жұмыстарда да белсенді болды. Өз ауылы балаларының жоғары деңгейде білім алып, қалаған маман¬дығы бойынша оқуға түсіп, өмірден өз орындарын табула¬ры¬на тер төге еңбектенді. Өз ауылы¬ның, өз мектебінің тіршілігімен біте қайнасқан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мек¬теп бітірушілердің білім сапасы¬ның жоғары болғанына балаша қуа¬натын. Сол үшін аянбай қызмет етті. Он жылдай уақыт-тан кейін 2003 жылы Жанат Жүсіповаға мектеп директоры қызметі ұсы¬нылды. Директорлық қызметті тек басқарушылық емес, үлкен жауапкершілікпен қатар, білім ұясында жұмыс жасап келе жатқан мұғалімдер мен білім алып жатқан оқушылар¬дың өмірін өзіне аманаттап алған¬дай сезінген ол білек сыбана іске кірісті. Уақыт бір орнында тоқтап тұрған ба, зымырап 15 жылды да артқа тастапты.

   Білім саласы – ауыр сала. Оның отымен кіріп, суымен шықпаса нәтиже бермейді. Оның үстіне, сан түрлі мінез, сан түрлі тағдыр тоғысқан жер. Болашақ ұрпақ тәрбиесі, одан қалды ұлт келешегін бағамдау көреген ұстаздың, сауатты педа-гогтың қолында. Бұл талаптан Жайылма мектебінің абыроймен шығып келе жатқаны мектеп басшысының ұйымдастыру-шылық, басқарушылық қабіле-тінің арқасында екенін ешкім жоққа шығара қоймас. 

    - Алла әйел адамға әлемді құраушы төрт бөлшек: ауа, жер, су, от энергиясының қуатын берсе, осының барлығы Жанат Жүсіпованың бойынан табы-лады. Мектеп, оқу-білім ісіне саналы өмірін арнаған жанды кездестіру қиын. Ол мектеп ауласындағы 300 түп роза гүл-деріне қалай қараса, әрбір оқушыға да сондай мейіріммен, жауапкершілікпен қарайды. Талап қойғыштығы, мектеп ісіне деген ынтызарлығы қызметкер тұлға ғана емес, қоғам қайрат-кері деген атқа лайық деп ойлай-мын,- деп өз бағасын берген болатын Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева.

   Ж.Жүсіпованың еңбегін жергілікті басшылық та өз кезегінде елеп, арқасынан қағып отырды. 2004 жылы жас ұрпақ-ты оқытып тәрбиелеуде табыс-ты еңбегі үшін аудан әкімінің, ұзамай сол жылы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Білім саласы бойынша да мара-паттан кенде емес. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жас дарын-ды шәкірттерді ғылым жолына баулу мақсатында аудандық білім бөлімінің алғыс хатына ие болуы мектеп директорына сенімділікті байқатады. 

    Жанат Қалкөзқызы ғылым-нан өзін шеткері ұстаған емес. Әр кез жетістікке ұмтылатын мінезі оны жарыстарға да, газет-журнал беттеріне мақала беруге де жетеледі. Өзі басқарып отыр-ған №195 орта мектебінің жетіс-тіктерін баспасөзде көрсету арқылы мұғалімдерін де, шә-кірттерін де жоғарыдан көрі-нуіне, белсенді болуға шақырып отырды. Сонымен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында тесттік тапсырмалар бойынша мәтіндік есептерді шығарудың ерекшеліктері тақырыбындағы мақаласы көпшілікке ой салды. 

    Ал, педагогикалық шеберлік тұрғысында алған жетістіктерін айтар болсақ, Қазақстан Респуб-ликасы Тәуелсіздігінің 20 жыл-дығына арналған «Бұқаралық спортты дамытудың көкейкесті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практи-калық конференциясында елеу-лі еңбегі үшін бірінші дәрежелі дипломына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Зерттеу-ші» республикалық білім беру орталығының мадақтама грамо-тасына ие болды. «Жаңа баста-ма. Жаңа идеялар. Жаңа қадам-дар» тақырыбында өткізілген облыстық форумда «Сабақта зерттеу» тәсілін тәжірибеге енгі-зу аясында тың идеялар мен кәсі-би шеберлігін көрсеткені үшін алғыс хатымен марапатталды. 

     Ж.Жүсіпова қоғамдық жұ-мыстарда да белсенді болды. 2015 жылы Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің кезектен тыс сайлауында көрсеткен аза-маттық белсенділігі мен жауап-ты қызметі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республи-касы Жалпы білім беру ұйым-дары басшыларының білікті-лігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өтті.

   Мектепте жасалған іргелі жұмыстар, жетістіктер білім шаңырағының мәртебесін көтеруге мүмкіндік туғызды. 2016 жылы №195 мектепке мектеп-гимназиясы статусы берілді. Ж.Жүсіповаға мол сенім артып, мектеп-гимназия дирек-торы болып қайта тағайын-далды. Міне, содан бастап жұмыс бұрынғыдан да қыза түскен. Облыстық педагогика-лық шеберлік оқу орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа бас-тама. Жаңа идеялар. Жаңа қадамдар» атты облыстық форум, облыстық оқу орталы-ғының ұйымдастыруымен «Оқушылардың жеке қабілет-терін дамыта отырып, мұғалім-дердің әдістемелік шеберлігін шыңдау» тақырыбында және «Жаңа технологияларды жүйелі де тиімді пайдалана отырып, тәрбие сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семи-нар өткізілген. 

    - 2016-2017 оқу жылының ақпан айынан бастап Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атын-дағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары – Қазақстан тарихы кафедра-сының қауымдастырылған профессоры, филология ғылым-дарының докторы Тастанбек Сәтбай, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, фило-логия ғылымдарының канди-даты Айман Айтбаева, Практи-калық ағылшын тілі кафедра-сының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Райкүл Диуанова, Математика және қолданбалы механика кафедрасының аға оқытушысы Зағира Баекеева, Биология, география және химия кафедрасының оқыту-шысы, биология магистрі Жанар Әлиевалар оқушыларды бірың-ғай ұлттық тестілеуге, ғылыми жобаларға, олимпиадаларға дайындау барысында оқушылар түрлі дәрежеде жетістіктерге жетті,- дейді мектеп-гимназия директоры Жанат Жүсіпова.

    Шынын айту керек, мектеп оқушыларын белгілі ғалым-дардың білімімен сусындатуда директордың еңбегі орасан зор. Оны ауылға барған ұстаздардың өздері айтып отыр.

     - Біз мектеп-гимназия ұжы-мымен екі жылдан бері қарым-қатынастамыз. Университет тарапынан арнайы топ құрып, әдістемелік жәрдем көрсетуде-міз, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісеміз. Сонда байқағаным, ұжымның ауызбіршілігі мен сыйластығы өте жоғары дең-гейде. Бұл қаншама жыл осы білім ордасын басқарып келе жатқан білікті математик, шебер ұйымдастырушы Жанат Жүсі-пованың біліктілігінің арқасы дер едім. Директордың ұстаз-дармен қарым-қатынасы қатаң әміршілікке емес, керісінше өза-ра келісім мен құрметке құрыл-ған. Ауылдық жерде бұндай үл-кен білім ордасын басқару, ойдағыны жүзеге асыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл – тек кәсіби деңгейі жоғары, білікті әрі білімді басшының жемісті жұмысы, жігерлі Жанат-тың жетістігі,- дейді  Тастанбек Сәтбай.

   Расында, университет оқы-тушыларымен бірлесе жұмыс жасау өз нәтижесін беріпті. Мектеп-гимназия оқушылары 2017-2018 оқу жылында химия, ағылшын, тарих, математика пәні бойынша ғылыми жоба-ларға қатысып, 2-3 орындарды иеленіп, дипломдармен мара-патталған. Республикалық олимпиаданың екінші кезеңінде тарих пәні бойынша аудандық олимпиададан бірінші орынды иеленген. Жыл сайын оқушылар бірыңғай ұлттық тестілеуге қа-тысып, ондықтың қатарында ке-леді.

     Біз өмірін ұстаздыққа арна-ған, бүгінде сол жолда отыз жылдан аса ыстығына күйіп, суығына тоңып еңбек етіп келе жатқан білікті басшы Жанат Жүсіпова бастаған ұстаздарға, ұйыған ұжымға Қазақстанның жарқын болашағы – жалынды жастарды тәрбиелеуде аянбай еңбек ете беріңіздер, шәкірт-теріңіз ел мақтанышына айнал-сын демекпіз. Ұжымдағы қыз-дарды көктемнің алғашқы мере-кесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтай оты-рып, шығармашылық табыс, ұжымдық бірлік тілейміз.

 Н.КӨБЕГЕНҰЛЫ