Материалдар

«Алашорда тарихы: ақтандақтан ақиқатқа»

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алашорда тарихы: ақтаңдақтан ақиқатқа» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңдіру, еліміздің болашағы болып табылатын жастарға Алаш идеясын ұстанған ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси қызметі мен ұлттық партия құру идеяларын дәріптеу және осы идеяларды бойларына сіңіре отырып ұлтжанды-лыққа тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелге қатысқан Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің оқытушысы, т.ғ.д, Дастан Сәтбай, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ф.ғ.к, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Нұрмахан, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Гүлнар Ерманова және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелде қозғалған мәселелер: ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің дербес Қазақ мемлекетін құруға жанталасып, алмағайып кезеңде тәуелсіз ел болу идеясы жолында жан аямай күрескендері жайлы, атап айтқанда, Алашорда автономиясының төрағасы Әлихан Бөкейханов және Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш арыстарының атқарған істері туралы ой-пікірлерін білдірді.

 

А.САЙЛАУ