Материалдар

ОБЛЫС ЖАСТАРЫНА ЖІГЕР БЕРГЕН ФОРУМ

   Болашақ – жастардың қолында. Қоғамның басты қозғаушы күші де осы жастар. Осыны қатаң түрде ескеретін билік басындағылар жас-тар мәселесіне немқұрайлы қараған емес. Керек жерінде қол созып, шалынған тұсында демеу де беріп келеді. Айтылған сөздің дәлелдемесі ретінде Қызылордада 18-19 қараша аралығында өткен «QYZYLORDA: БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАҢҒЫРУ» атты облыс жастарының дәстүрлі ХІІI форумын көрсетуге толықтай негіз бар.

Форумға басқарма, аумақтық департамент басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталығы-ның қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, ІТ саласының үздік мамандары, оқу орындарындағы және кәсіпорындарындағы жастар комитетінің жетекшілері, әрбір ауылдық округтегі жастармен жұмыс жасайтын ма-мандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің барлығы дерлік шақырылған.

 

Форумның басты мақсаты – ХХІ ғасырдың ІТ технологиялық процесі мен түрлі әдіс-тәсіл-дердің ақпараттық түсініктерін саралап, ІТ технологиясын қолдана отырып кез келген ақпаратқа қол жетімділікті, жинақтауды, сақтап, өңдеуді, талдау қызметтеріне дейін жастар бойына сіңіру.

Алғашқы күні «Бастау» бизнес орталығында екі бағытта өрбіп, «XXI ғасырдың жаңа шақыр-тулары» мен «Рухани жаңғыру» тақырыпта-рында секциялық шарасы форумның шымылды-рығын ашты. Секцияға қадірлі қонақ ретінде ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Г.Шиповских, саясаттанушы А.Сарым, «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Е.Елеукен, «АТОМ-Media» компа-ниясының атқарушы директоры Н.Матжани, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры, э.ғ.д. У.Ускенбаева, «Грант мастер» ЖШС-нің директоры А.Қуаныш-баев, «Инновациялық технологиялық паркі» автономдық-кластерлік қорының басқару дирек-торы А.Бралиев келіп, жастармен етене жақын әңгімелесті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барысының барлық құндылықтарын бүге-шүгесіне дейін таныстырып берді. Секция қонақ-тары аузынан сол күні «Сананы өзгерту керек», «Жастар жалынды болу керек» деген тіркестер ең көп айтылған сөздер қатарына енді.

Жаһандану дәуіріне сай жаңа техно­логиялар тәсілдерін, қоғамның өзекті мәселесіне айналған латын әліпбидің қолданысқа енгізілуі және басқа да заманауи инновациялар туралы ұсыныстардың маңызын тереңде екендігін түсіндіру кеш қонақта­рының басты ұстанымына айналды. Ал, жас буынға жігер мен рух берерлік сөздер Айдос Сарымның баяндамасында жиі айтылды. "Қарыш" сөзі арқылы көп ой салған саясаткер саналы жастардың санасын өзгертпей-ақ өрден орын алады дегенді айтады. Ал, "Қарыш" негізінен ескі қалалардағы су деңгейін биіктегі елге жеткізуге арналған құрал екен. "Біздің қарыштап дамып жүрміз" деп алып, не айтып тұрғанын өзі білмейтін қоғамнан, жаттанды ойдан арылуымыз керек" дейді А.Сарым. Сөзінің жаны бар. Г.Шиповскихтің өзі "Менің ұлтым орыс болса да, қазақ елін құрмет-теймін. Барлық жастарды қазақ тілінде сөйлеуге шақырамын" деді. "Біз сананы жаңғыртуымыз және жастарды білімділікке ұмтылдыруымыз керек. Тың идеяларды қолдап, жастарды белсенді түрде жақсы ортаға жұмылдыру қоғамға ілгерілік береді" дейді "Қазақстан КВН одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен.

Келесі күні "Сұлтан плаза" қонақ үйінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Арсений Дүйсенов және облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен форумның пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыстан кейін жастарға арналған шаралар өз жалғасын тапты. "Qazaqstan" РТРҚ бас продюссері, тележүргізуші Н.Қоянбаев­пен бірге болды. "Достық үйінде" өткен шарада жастар танымал тележүргізушіге сұрақ қоюға да мүмкіндік алды. "Түнгі студияға" білім саласының маманын шақыруға бола ма?" деген сұраққа "Біздің бағдарлама шоу болғандықтан, ұстаздар қауымымен бағытымыз келе бермейді. Дегенмен болашақта ойда жүреді" деді. Сыр елінің, оның ішінде Шиелінің азаматы "жастар тынымсыз еңбегінің арқасында биікке көтеріледі" деп жігер берді. Одан соң Халықаралық ақ­параттық технологиялар университетінің проректоры, э.ғ.д. У.Ускенбаева, "Иннова­циялық техноло­гиялық паркі" автономдық-кластерлік қорының басқару директоры А.Бралиевпен OPEN SPACE алаңы ұйым­дастырылды. Ашық алаңда делегаттар және қонақтар жастар саясатын жетілдіру және атқарылып жатқан жұмыстар бойынша өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Екі күнге созылған шарада облыс жастарының белсенділігі бірден білініп тұрды. Делегат ретінде шақырылған аудан жастары да Қызылорданың ең көрікті жерлерін аралап, бір марқайып қайтты. Дәл осы күні Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімінің кубогы үшін республикалық "Жайдарман" ойындары өтіп, оған облыс әкімінің өзі қатысып, жастарға деген құрметін тағы бір дәлелдеді. Қырымбек Елеуұлы Көшербаев: "Өмірдің барлық кедергілерінен шыға білетін, асқанға саспайтын, тосқанға тосырқамайтын жастар бар. Бар жерде белсенділік танытып, игі істердің ұйытқысына айналып жүрген облыс белсенділеріне алғыс айтамын",- деді. Облыс әкімінің кубогі үшін ойнатылған ойында оралдық "Гранд" І орын алып, 500 мың теңгені қанжығаларына байласа, ІІ орынды ақтөбелік "Фемида" құрамасы жеңіп алды. Ал, ІІІ орын жерлестерімізге бұйырды. Жайдарман ойынында екі күнге созылған форумның нүктесі қойылды.

Жастарды дұрыс жолға бағыттау, ол - келешекке жасалған ең ізгі қадам. "Маған жастарыңды көрсет, саған сонда мемлекетіңнің қандай екенін айтып берем" деген сөздердің текке айтылмағаны рас. Сол себепті ме, бұл жолғы жастардың жасампаз істері үйлесім­ділік тауып, театр ішінде де өз қызметтерін жасап жүрді. Ал, жүлде қорын жеңімпаздарға Қырымбек Көшербаевтың өзі табыстап, ақ жол тіледі.

Айдар САЙЛАУОВ