Материалдар

АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ АЗАМАТ

   Әдетте, отбасы төңірегінде сөз қозғағанда, от­­басындағы әке мен ана рөлін әңгіме өзегіне ай­нал­дырғанда қазақтың қастерлі шаңырағы үшін әке­нің орны ерекше екені айтылады. Оның үс­тіне, Сыр елі - ұлттық тәрбиеге, қаза­қы тәлімге бай өңір. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған от­­басылардың өнегесін көріп өскен кейінгі ұрпақ сол тәрбиені өз өміріне де өзек етіп жүрері даусыз. Ал, тәрбиелі отбасының тізгіні әке болса, ұйыт­қы­­сы - ана. Біз білетін, отбасында өнегелі әке, қыз­­­метте білікті басшы, қоғамда қайраткер Данияр Сұлтанбекұлы биыл жетпістің төріне шық­ты. Ағамыз жетпіс жасқа азаматтық тұлға­сымен, асқақ абыроймен, зор табыспен жетті.

Сырбаз мінезді, байсалдылық пен қара­па­йым­­дылықтың үлгісі, жан-жағына жақсы­лық­тың нұрын шашып жүретін жаны жомарт, өз ісіне мығым ағамыздың ғибратты ғұмыры тек із­де­нумен, адал еңбекпен, алға ізгі қадам басу­мен, ұла­ғатты ұрпақ тәрбиелеумен көпке үлгі болып келеді. Оның жүріп өткен өмір­баян­­дық жолы мақтануға, үлгі етуге қашанда тұрарлық.

    Д.Сұлтанбекұлы шалғайдағы Арал ауданы, Қаратерең ауылындағы орта мектепті 1965 жылы бітіргеннен кейін өзін оқумен өсірді, еңбекпен шыңдады. Балықшының отбасында дүниеге келген ол же­тіс­тікке оңайлықпен жеткен жоқ. Балалық ша­ғында ауыр кезеңді басынан өткерді, маңдай тер еңбектің дәмін ерте татты. Төрт жасында әкесінен айы­рылып, тағдырдың жазуына бас иді. Шаңырақта арқа сүйер ағасы Төлеген ол кезде 9 жаста еді. Жұбайынан 37 жасында айы­рылған анасы Айшагүл жолдасы­ның орнын жоқ­татпай, бала­ларына қамқоршы болып, ер жетіп, аяққа тұру­ларына барын салды. Ал, ағасы Төлеген мен апасы Меруерт інісін қанаттыға қақтырмай, тұмсық­тыға шоқтырмай, азамат қатарына қосылуына үлкен үлес қосты.

Бүгінде Дахаң ағасы мен апасының сенімін ақтады. Апасы Меруерт інісінің өсу жолда­рының бақытты шақтарын көріп, дүниеден озса, ағасы Төлеген 75 жасқа аяқ басып, немерелерінің қызы­ғын көріп отыр.

Д.Сұлтанбекұлы саналы ғұмырында Қызыл­ор­да поли­тех­нику­мын, Алматы Халық шаруа­шы­лығы инс­титутын тәмамдады. Еңбек жолына үңілсеңіз, 1973 жылы Қызылорда қаласындағы №38 жыл­жы­малы механикалық колоннада құрылыс ше­бері болудан бастап бөлім бастығы қызме­тіне кө­те­ріліп, өзінің еңбексүйгіштігін бай­қатқан. Білуге, жұ­мыс жасауға, жаңашылдыққа ұмтылып тұ­ратын жас қай кезде де алдыңғы қатарда жүреді. Оған өз-өзін көрсетіп, қызмет жасауға мүмкіндік бе­реді. Ондай жағдай Дахаң­ның да басында бол­ды. Өндірісте көзге түскен ол облыстық атқару ко­­­ми­тетінің сарап­тама тобы­на қызметке келеді. Одан облыстық атқару коми­тетінің күрделі құры­лыс қызме­тін­де техникалық бақылау тобының бас­қарушысы қызметіне ауысты. Кейін осы бө­лім­де бас инженер болды. Арада он жылдан аса уа­қыт еңбекке шыңдалған маманға 1993 жылы об­лыстық әкімшіліктің күр­делі құрылыс бас­қар­масы бастығының орын­ба­сары қызметі ұсы­ныл­ды. Одан кейін де талай қызметтің тұтқа­сын ұс­та­­ды. Уақыт тезінен абы­ройлы өтіп, облыс­тың да­муына айтарлықтай үлес қосып, мол тәжірибе жи­нақтап, азаматтық ұс­танымын айқындаған Д.Сұлтанбекұлы 2004 жылдан бастап "Қы­зы­лор­да Жоба Құрылыс" жауап­кер­ші­лігі шектеулі се­рік­­тестігін құрып, жаны­на өз саласының біл­гірлерін жинап, іске білек сы­бана кірісті. Қазірде осы мекеменің Бас директоры Данияр Сұл­тан­бек­ұлы саланы өр­кендетуде талай шың­дарды бағындырып келеді. Алғашында құры­лыс және жобалау-монтаждау жұмыс­та­ры­мен айналыс­қан мекеме қазірде жоба-сметалық құ­жат­тар жасау бағытында жұмыстар атқарады.

- Мен осы күнге дейін біреуге дауыс кө­теріп, жекіп сөйлеп көрген емеспін. Онсыз да жұмыс бітіп жатыр,- дейді өмірден көр­гені мен көкейге түй­гені көп ағамыз. - Ең бас­тысы, өзіңе және ай­наладағы адамдарға сену ке­рек. Бүгінде серік­тестік құрылғалы бері бірге ең­бек етіп келе жатқан қызметкерлер бар. Алды зей­нетке шығып жа­тыр. Мемлекеттік қызметте жұ­мыс жасауға реті келіп тұрса да, осы мекемеде жұ­­мыс жасағысы келеді. Олар үшін осы жер қо­лай­лы.

Расында, мәселені ақылға салып шешетін жайлы басшыдан кім айырыл-ғысы келеді? Істің көзін тауып, мәселені орынды қойып әрі орындалуын талап ететін қатал әрі әділ басшыға сай іскер де жауапты маман болса, бір-біріне деген құрмет, адами қасиет жоғалмайды. «Қызылорда Жоба Құрылыс» мекемесінде осындай қағида салтанат құрған. Содан кейін ұжымда бірқалыптылық, ауызбір-шілік және жұмысқа шынайы берілгендік орын алған. Мекемеге бара қалсаңыз, жылы амандасып, жұмысынан бас алмай жүрген қызметкерлерді көресіз. Артық ауыз сөзі жоқ, тек тапсырылған жұмысты дер кезінде бітіруді мақсат қойған. Мекеменің өзінде тәртіп бар, тәрбие бар. Қандай керемет! Жылы жымиысымен ұжымды ұйыстырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеп отырған Данияр Сұлтанбек-ұлының іскерлігіне таң қаласыз. Әрбір жоба-сметалық жұмысты қолға алғанда директордың орынбасары Өмірбек Жарылқасынов, бас инженер Болат Сандыбаев, бас конструктор Талғат Асқаров, бөлім бастығы Серік Нұралиев-тер белсене кіріседі. Өзге мамандар да осал емес, өз ісінің шеберлері. Серікбай Абдукапов, Орынбек Өмірбеков, Әсел Бурибаева, Шолпан Тәуекелова, Ержан Бәйменов, Ақзира Боранбаева, Мира Жұмабе-кова сынды бас мамандар, авторлық қадағалау-шы Кенжеғали Қадырқұлов, бас есепші Ләззат Ахауова, кадр бөлімінің меңгерушісі Базаркүл Батырбековалардың өзара түсінісіп жұмыс істеуінің арқасында талай сындарлы кезеңдерді өткерді, белестерді бағындырды. 

Тізе берсе, Дахаңның басшылығымен жасалған жұмыс көп. Бәрі сапалы орындалған. Қарап отырсаңыз, 2010-2016 жылдар аралығында облыс аумағындағы қаншама орта мектептің, балабақшаның, аурухананың, көп қабатты үйлердің, сонымен бірге қаладағы демалыс паркінің, «Сыр сұлуы» монументінің жобалау жұмыстарын жасады. Жасалған жұмыстар нәтижелілігі қайтарымын берді. Биылғы жылы компанияға үлкен сенім білдірілді. Сырдарияның сол жақ жағалауынан салынатын құрылыс нысандарын жобалауға үміт артылған екі мекеменің бірі - «Қызылорда Жоба Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мекеме осы күні кірпішті 5 қабатты жеті үй, екі 45 пәтерлі, бір 60 және бір 70 пәтерлі панелді үйлердің жобалау құжат-тарын жасауды бастап кетті. Осы үлкен істің басында Данияр Сұлтанбекұлының іскерлігі, жауапкершілігі, кәсібилігі тұрғаны рас. Ол қарымдылығын, еңбекқорлығын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Алғашқы марапаты да еңбектегі тынымсыз ерлігі үшін берілді. 1986 жылы «За трудовую доблесть» медалі көкірегіне қона кетті. Одан кейінгі марапаттары өзінің іскерлігімен, серіктестіктің жетістігімен тікелей байланысты. «Облыстың таңдаулы құрылысшысы», «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Қазақстанның даңқты құрылысшысы», «Құрылыс сапасы жөніндегі Европаның Гран При иегері (Женева қаласы, Швейцария) Дахаңды абырой биігінен көрсетті. Бұдан басқа министрден де, әкімнен де берілген Құрмет Грамоталар және мерекелік медальдар – ерен еңбекті шынайы бағалағанның көрсеткіші. 2014 жылы Дахаң «Қазақстанның құрылыс саласындағы Құрмет кітабына» еніп, «Қазақстанның еңбек ардагері» медалін иеленсе, 2015 жылы «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атанды.

Иә, Дахаң жұмыста қалай болса, өмірде де сондай жан. Қанында қазаққа тән қайсарлық, кеңпейілділік, имандылық бар. Осы қасиет-терді бойына жиған ол ұрпағын да солай тәр-биелеп, солай жол көрсетіп келеді.

Бір білгеніміз, әр кез жүзінен мейірім төгіп тұратын Дахаң отбасын жоғары қояды. Ұлда-рымен, немерелерімен – ұрпағымен мақта-нады. Шаңырақта адал жары Күлзада Абдуай-товамен бірге тәлімін беріп өсірген үш ұлды аяқтандырды, құтты жермен құда болды. Азаматтың жары әр кез жанында. Отбасында берекені келтіріп отырса, қызметте отағасымен үзеңкілес, табыскер. Бүгінде «Талғат» ЖШС директоры.

Сұлтанбековтердің үш ұлы да – қоғамда орны бар азаматтар. Үлкен ұлы Жақсылық құқықтық салада жауапты қызметтер атқарған. Қазірде жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Жары Нұргүл Сейдоллаева «Қызылорда Жоба Құрылыс» ЖШС-нің бөлім бастығы. Бұл отбасыға келін болып түскеніне жиырма жыл болған. Атасы туралы: «Айналасына ізгіліктің сәулесін шашып жүретін пейілі кең, білікті басшы, ардақты әке, қамқор атам мен үшін ерекше» деп бағалайды үлкен келіні.

Екінші ұлы Аңсат заң саласын таңдаған. Қалалық сотта судья. Жары Гүлмира Егінші-баева мекемеде есепші. Гүлмираның ата-енесі туралы пікірі өзінше бөлек: «Қайын атам әрбір келінін өз қызындай көреді. Ал, енем бақытты күндердің қадір-қасиетін білуге үйретті. Әрбір келін осындай енелердің мектебінен өтуі керек»,- дейді.

Шаңырақтың кенжесі Талғат – мұнай са-ласында инженер. Ал, жары Салтанат Қыс-таубаева атасының мекемесінде инженер. Ұйыған отбасына келін боп түскен ол: «Қайын атам қызмет атқара жүріп, отбасыға көңіл бөлді, өнегелі тәрбие бере білді. Мен үшін сыйластығы мен бірлігі жарасқан отбасы менің қазіргі құтты мекенім» дейді тебірене.

Жетпіс жастың желкенін керген Данияр аға отбасымен, немерелерімен бақытты. Тәуелсіз еліміздің атын олар биікке көтереді деп сенеді, үміт артады.

- Үш ұлдан он бір немерем бар. Үлкен немерем Таңшолпан – Астана қаласындағы жоғарғы оқу орнының студенті. Аружан – Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы. Содан кейінгі ізін басқан немере-лерім Асылжан, Әдемі, Бексұлтан, Бейбарыс, Гүлім, Медина – мектеп оқушылары. Ал, Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс – балабақша бүлдіршін-дері. Менің қазіргі байлығым – немерелерім, барым да, нарым да – ұрпағым. Тәуелсіз еліміздің ұлан-дары осылар,- дейді Данияр аға.

Иә, үлкен жүректі азаматтың Сыр өңірінің өркендеуі жолында еңбегі орасан. Ендігі арманы – немере-лерінің өсіп жетілуі, солардың жақсы істерін көруі, өзі салған дара жолын ұрпақтары жалғастырып, еліне адал қызмет етуі.

Біз де саналы ғұмырында құрмет төрінен орын алып, абырой биігінен көрініп жүрген Данияр Сұлтанбекұлын жетпіс жасымен құт-тықтай отырып, немерелеріңіздің қызығын көріңіз, кішіге ақыл айтар, елдік мүддені қозғап, кейінгі толқынға жол нұсқап отыратын ақсақал атаныңыз демекпіз.

 Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ