Материалдар

ҰРПАҚТАРЫ ҮРМАШ БАТЫР РУХЫН ҰЛЫҚТАДЫ

Биыл тәуелсіздіктің 26 жылдығы аясында Қа­залы ауданында аталып өтіп жатқан айшықты ме­ре­­келер аз емес. Бір айта кетерлігі, бұл ауданда өт­­кен әрбір ірілі-ұсақты іс-шараларды алыс-жа­қын­нан жиналған көпшілікті өзінің жина­қы­лығымен, мазмұндылығымен, мәнді өтуімен қы­зықтырып, құлшындырып жүргені рас. Қаза­лы­лық­тар осынысымен ерекше, осынысымен көп­шілік көңілінен берік орын алғалы қашан. Ба­тыр­ларын ардақтап, таланттарын төбесіне шы­ғарып, төр­ден орын сыйлайды. Мұны мен басқа ау­дан­дар үлгі аларлық қасиеттер деп білемін.

Қазан айының соңғы жексенбісінде Қазалы ау­да­­нының Алға ауылдық округінде Кеңес Ода­ғының батыры Үрмаш Түктібаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты аталас ағайын-ту­ыс­­тары, ұрпақтары ат шаптырып, ас өткізді. Бұл астың ойдағыдай өтуіне атсалысқан бір­сы­пыра азаматтарға барған қонақтардың дән ри­за бол­ғанын осы арада айта кетсек артық болмас. Әсі­­ресе, Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеу­мет­тік бағдарламалар және азаматтық хал акті­лерін тіркеу бөлімінің басшысы Талайлы Бөрі­құ­лақовтың ата рухын ардақтаудағы азаматтық істе­ріне барша жиналған қауым жоғары баға бер­ді.

Батыр рухына бағышталған ас аясында таң­ер­тең­гілік ауылдағы бір көшеге Орынбет ишан­ның есімін еншілеген көпшілік мұнан соң Кеңес Ода­­­ғының батыры Үрмаш Түктібаевтің кеуде мү­сі­­нінің ашылу салтанатын тамашалады. Ес­керт­кіштің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орын­ба­са­ры Руслан Рүстемов, "Рза" акционерлік қоғамы­ның президенті, облыстық мәслихат депутаты Са­мұ­рат Имандосов, Қазалы ауданының бұрын­ғы әкімі Нажмадин Шамұратовтар қатысты. Ша­ра­ны ұйымдастырушылар атынан батыр есімін ұлық­­тап, ол туралы бірнеше кітап жазған журна­лист-жазушы Әлімбет Әліштің үстіне шапан жа­бы­лып, астына ат мінгізді.

Батыр рухын ұлықтау мұнан кейін мәдени-көп­­шілік шараларға ұласты. Бұл орайда Кеңес ода­ғы­ның батыры Үрмаш Түктібаевтың туға­ны­на 100 жыл толуына орай өткізілген облыстық ақын­дар айтысының орны айрықша болғанын айта кеткен жөн болар. Қазақтың қара өлеңінен сөз асылын төккен айтыскерлердің бұл жолғы сайы­­сында 4 жұпты құраған 8 ақын сахнаға шы­ғып, көпшілік көзайымына айналды. Атап айт­қанда, алғашқы жұпта сахнаға аралдық Қайрат Құ­ле­кешов пен қызылордалық Айнагүл Әбуова кө­те­рілді. Күздің өңменіңен өткен өткір қара суы­ғына айтыскерлер айбарларын да жимады. Бірін бірі күнделікті тұрмыстық сауалдармен қағытқан қос ақын келе-келе батыр бейнесі, оның Ұлы Отан соғысы жылдары майдан шебінде, ұрыс да­ла­сында көрсеткен ерен ерліктері жайлы ел ау­зын­­дағы аңыз әңгімелерді жыр арқауына айнал­дыр­ды. Арасында елдің әлеуметтік-тұрмыстық аху­а­лын, жақсы жетістіктерін айшықтап, бұрын­нан бұл бағытта қамшы салдырмайтын жүйрік­тер екенін дәлелдеді.

Сахнаға екінші болып шыққан қазалылық Марат Сүгірбаев пен оның қарсыласы жалағаш­тық Айдос Рахметов те көрермендер көзайымына әлдеқашан айналған, облыс тыңдармандарына бұрыннан танымал айтыс ақындары. Бұлар да ә дегеннен ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін жүй­рік­тер екенін таныта білді. Айтыс ақберен­деріне тән айшықты сөз, "бәрекелді" дегізетін бәсі бөлек тапқырлық, орамды ой, оқшау тіркестер екі ақынның ортаға тастаған олжасы болды десек артық айтқанымыз болмас. Бұл жұптан кейін үшінші болып шыққан аралдық Ержеңіс Әбдиев пен қызылордалық Жадыра Қазиева да қалыс қал­ған жоқ. Дегенмен бұрыннан мұндай айтыс­тың талайында тақымы бос қайтпаған Ержеңістің басымдығына осы сөз додасына қазылық жаса­ған әділқазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Толыбай Абылаев пен мүшелері ұстаз ақын, марқұм Абдулла Сапар, Қазақстан Композиторлар Ода­ғы­ның мүшесі Сәукен Әліш айтпай-ақ көз жеткізді.

Сөз қадірін тал бесіктен танып өскен қазақ ба­ла­сы айтыскерлердің сахна мәдениетіне, тапқыр­лы­ғына, шеберлігіне айрықша ден қоятыны бел­гілі. Бұл ретте "Соңғы түйенің жүгі ауыр демекші" сах­на төріне соңынан шығып, тікесінен тік тұ­рып, сөз бұлағын оңды-солды ағызған шиелілік Кенже­бай Жүсіпов пен қармақшылық Серік Ыдырысовты иін тірескен көпшілік айрықша ықыласпен қарсы алды. Себебі екеуі де бұрын­нан Сыр бойындағы айтыс өнерінде өзіндік қол­таң­басы бар, тәжірибелі айтыс ақындары "Шап­пай бер менің бәйгемді" дейтіндей шашасына шаң жұқ­пайтын нағыз наһан жүректі, жорға желісті жүй­ріктер. Осы айтыста сол үмітіміз ақталып, соңғ­ы екеуі қарақшыға қара үздіріп келді.

Сонымен Кеңес Одағының батыры Үрмаш Түкті­баев­тың 100 жылдығына арналған облыс­тық ақындар айтысында І орынды қармақшылық Серік Ыдырысов, ІІ орынды шиелілік Кенжебай Жүсі­пов, ІІІ орынды аралдық Ержеңіс Әбдиев қанжығаларына байлады. Айтысқа қатысқан қал­ған ақындар да ынталандыру сыйлықтарын иеле­ніп, жоралғыдан құр қалған жоқ. Бәрі ақшалай сый­лық­тармен марапатталды. Бұған қоса ұйым­дас­тыру комиссиясы ұйғарымымен Әбдіразақ Қана­лиев, Сейіл Боранбаев, Тастыбай Жәлімбе­тов, Балтабай Тәжімбетов аттарында тағайын­дал­ған арнаулы сыйлықтар айтыста оза шапқан жүй­рік ақындарға негізгі жүлдесіне қосымша жүл­де ретінде табыс етілді. Сонау Ертіс өңірінен, Павло­дар қаласынан осы асқа арнайы ат басын тіреген, қала прокурорының көмекшісі Еркебұлан Әбілқасымұлы Баймахан аламан ат бәйгесіне 300 мың теңге тіккенін атап айтқымыз келеді. Осы ара­да, айта кететін бір жайт, "талаптыға нұр жау­ар" дегендей, батыр атындағы ауылда жас айтыс­кер­лерді тәрбиелеу, тәлім беру ісі жақсы жолға қойыл­ғанын айрықша атап өткіміз келеді.

Майдакөл ауылдық мәдениет ошағы жаны­нан ұйымдастырылған "Ақ берен" жас ақындар үйірмесі бүгінгі таңда талантты өрендерді үлкен өнер жолына жалықпай баулу үстінде екен. Соның айғағындай, негізгі айтыскерлердің өкше­сін баса сахнаға шығып сөзден маржан төккен осы үйірменің қос мүшесі, шәкірт ақындар Бекзат Серіков пен Бекзат Әбдіқаниевтің өнеріне жинал­ған қауым дүркірете қол соқты.

Батыр атындағы ауыл тұрғындары асқа арнап тіккен он-он бес киіз үйге қарай ағылған көпшілік аузында жаңа ғана өз мәресіне жеткен ақындар айтысы, астың ойдағыдай өткеніне деген риза­шылық сөздеріне куә болған біз де еңсеміз көте­ріліп елге оралдық.

Т.Нұржан-Балта,

Қазалы ауданы