Материалдар

ТАРИХТЫ ПОЭЗИЯ ТІЛІМЕН КӨРКЕМДЕГЕН

Жақында белгілі ақын Толыбай Абылаевтың  “Қыран шайыр” деген атпен кезекті жыр кітабы жарық көрді. Ақынның жаңа жинағына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көзі тірісінде «Құрыш қазақ» атанған қайсар қаламгер Зейнолла Шүкіров туралы «Қыран шайыр» лирикалық және «Шектілер» тарихи дастандарымен қатар «Қызыл өгіз», «Ең ыстық жаз», «Зинадин мен Айғанша», «Жанназар мен Ырсалды», «Бригадир Сансызбай», «Көк гармонь», «Рамберді», «Махорка» және басқа жиырмаға жуық балладалары еніп отыр. Автор аталмыш балладаларында өзінің балдәурен балалық шағында көрген-білгенін, басынан өткен оқиғаларын поэзия тілімен өрнектеп оқырман қауымға ұсынған. Кітаптағы әр шығарма өзінің көркемдік сипатымен, жанрлық ерекшелігімен көңіл баурайды.

«Қыран шайыр» кітабы «Қызылорда Қанағаты» баспаханасынан 500 данамен жарық көргелі отыр. Жыр кітабының тілі оралымды, көпшілік оқырман қауымға арналған.