Материалдар

ОЗБЫРЛАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

 

- Қазіргі қасқыр қандай-ды?

- Тойынған, жемтік талғайды...

- Қазіргі маса қандай-ды?

- Арыққа назар салмайды.

- Айтпақшы, түлкі қандай-ды?

- Арланды да алдайды...

 

- Шыдамсыз шортан қандай-ды?

- Шабақты көзі шалмайды.

- Қазіргі кене қандай-ды?

- Қанға мүлде қанбайды...

- Тойымсыз тышқан қандай-ды?

- Тесетін қап таңдайды...

- Айтшы, атжалман қандай-ды?

- Тасқа ұрып маңдайды,

Тақылдатып таңдайды...

Құса алмай ішкен-жегенін,

Болып тұр-ай жан қайғы...

- Ау, не болған бәріне,

Тура осылай бәрі ме?

Тас кенеден басқасы,

Тойынған ба бәрі де?!

- Иә, бұдан былай:

Тазалыққа кенеліп,

Түрлі тұрмыс теңеліп,

Кене менен түлкінің,

Түзелеріне сенелік.

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ