Материалдар

ҚОҒАМНЫҢ "ҚАРА ӨЛЕҢДЕРІ" немесе талапкерге "біртүрлі" кеңестер

 

Ақыл айтып көрейін балаларға,

Қалтаңды сайлап жүргін, пара барда.

Сатып алса бағаны класс болып,

Оқушының ішінде дара қалма.

 

Болғанда оқу - күміс, баға - алтын,

Мұғаліммен ешқашан болма салқын.

Ұстазыңмен егер де болсаң салқын,

Білмейсің оқушының ешбір парқын.

 

Емтиханда білмей қап, шалыс болса,

Сөйлескен ұстаз жақсы, таныс болса.

Жұқа қалта оқушыны жарға жығар,

Одан да ақша бергін "шанс" болса.

 

Аласыз кілең бестік ептесеңіз,

Келмейді баға өзі жетпесеңіз.

Көнбейтін жан болмайды бітірерде,

Таныспен емтиханда септесеңіз.

 

Тесік қалта баланың пұлы болмас,

Пұлы жоқтың ешқашан жолы болмас.

Пара беріп, оқуға түсе қойсаң,

Ақша алғанның оңы мен солы болмас.

 

Бүгінде қалталымен бәрі сырлас.

Білсе егер таныспай қарап тұрмас.

Баласы үшін жинаған сыйы болса,

Оқуға құр тапсырып, талас қылмас.

 

"Жарайсың" деп, қолды алып қысқанменен,

Ойнамайды парақор "тышқанменен".

Аттестатты беспенен толтырып ап,

Мектептен қанат байлап ұшқанменен.

 

Кітап жастап үйінде жатқанменен,

Көз ілдірмей, әр таңды атқанменен.

Бәрібір талап қылсаң дорба керек,

Жетпейді бір-екі қой баққанменен.

 

Оқуға кім шақырса құлақ салам,

Келіссең ақшасына, құлатпаған.

Есі бар ата-ана болса егер,

Баласын мүсәпірдей жылатпаған.

Н.ҚИТАРТЕГІ