Материалдар

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ЕМШІЛІК ЖОЛЫ халық игілігіне қызмет етуге қашан кең жол ашылады?

 

Жаратушы иемiздiң ерекше ықыласының арқасында ықылым заманнан берi қазақ хал­қында аттары аңызға айналып, ел аузында қал­ған атақты емшілер өте көп болған. Қазірде елі­міз емшіге кенде емес. Қаншама ауруларды емдеп жүрген, еңбегі сiңген емшілер де аз емес. Ауырған жандар қандай да болмасын, қиын жағдайға душар болғандарымен, нағыз емшілердiң көмегімен толық емделіп, ауруы­нан құлан-таза жазылып кетіп жатқандары бәрі­мізге белгілі жайт.

Емшілердің озық ойлары мен өткір әрі шап­шаң емдейтін тәсілдерін медицина саласы­на неге қолданысқа енгізбеске? Қашанғы кер­тартпалыққа салынып, бюрократизмге жол бере­міз, нағыз емшілерге деген жақсы пікір мен көзқарас құзіретті адамдардың арасында қашан қалыптасады? Емдеу тәсіліндегі қанша­ма келеңсіздікті көріп, қарапайым тәсілді пай­да­лану арқылы (өкпе, жүрек, асқазан, ұлтабар, бауыр, өт, ішектер, тік ішек, бүйрек, қуық, жатыр, жыныс жолдары, буындар, баста қандай мүше бар) он екі мүше толық өзіміздің тәсіл­мен емделеді. Егер алаңсыз істен шығып қалмаса. Біздің жан айқайымызды енді кім түсі­не­ді? Неге сонша шеттете береді? Бойға жина­ған барлық іліміңді көзіңнің тірісінде хал­­қымның игілігіне жаратып, іске асырмаған соң өлгеннен кейін не керегі бар? Мемлекеттің қазынасына қанша пайда әкеледі түсінгенге. Көрші Қытай елінде адамның денсаулығына пайдасы тиетін емшілерді мемлекетіміздің байлығы деп есептейді. Біздегі мықты емші­лер ше? Терең ойланып қарауға мезгіл жеткен сияқ­ты. Негізінен кітаби мамандардан қабіле­тіміз кем емес. Қазіргі таңда мықты емшілердің деңгейі айтарлықтай өсті. Мық­ты да сирек кездесетін емшілерді Жарату­шы иемiздiң қара халыққа жасаған сыйы деп түсіну керек.

 

Ақ ниетті емшілер бойына қасиеті қонған күннен бастап туған-туысқанын, бала-шағасын және өзiн де емдейді. Жалпы, тәуіп қандауыр­шыны ерекше қасиет иелеріне жатқыза бер­мей­ді. Негізінен оқу және тәжірибе жинау арқы­лы үйреніп, емдеу саласынан жақсы жетіс­тіктерге қол жеткізе алады. Қалпелер дiни оқу, яғни, Құран Кәрiмдегi арнайы қасиетті сүрелердің көмегімен дем салу, iшiрткi оқып, суға езіп iшкiзу, не болмаса бой тұмар жазып беру арқылы аса күрделі емес ауруларға көмек береді. Дiни көзқараста да қалпеден басқа емшілердi мойындамайды. "Аллаға серiк қосқанмен бірдей" деген ұғыммен дiни салада тыйым салынған.

Жаратушы иеміз аурумен бiрге емшісін де жібереді деген ұғым бар. Неше түрлi науқас­тар­мен бiрге адамзат қоғамына небiр күшті қа­сиет иелері жіберіліп тұрған. Бұл керемет қасиет иелеріне сенбеушілік танытушылар бұл өмірде жетерлік. Бірақ оларға қарсы уәж айту­дың қажеті шамалы. Қазір керемет емшілерден өлім аузында тұрған науқастардың толық емделіп кеткенiн халық өзі көріп-біліп отыр. Ме­ди­цина саласының мамандары оның табиға­тын түсінуге көңіл бөліп, қызығушылық таны­тып отырған жоқ. Соған қарамастан емшілер­дің саны күннен-күнге көбеюде.

Тәжірибелі емші ретінде (1988 жылдан берi емдеймiн) қозғайтын тақырыпта өте қабі­лет­ті жандардың қадір-қасиетінің ерекше­лiгiне тоқталып өткiм келеді.

Емшілердің дәрежесі тоғыз деңгейден тұра­ды. Осыдан өткен емшілер, бүкіл емдеу тәсіл­де­рін игереді. Атап айтар болсақ, алғашқы (1-сынып) деңгейi басталғаннан соңына дейiн барлық қасиет иелерінің қалыптасу кезеңі баста­лады. Демек, адамзаттан оқшаулану, жақ­тыр­мау, жатырқау, дел-сал болып, бей-жай күй кешу, басының ауруы, неше түрлi қорқынышты және үрейлі түстерді көру, сандырақтау, елес­терді көру сияқты жағдайға душар болады. Жалпы айтқанда, шала есірік күй кешу деген сөз. Мерзімі әрқалай уақытта бiтедi. Шамамен 6 айдан 3 жылға, не болмаса әртүрлі себеп­терге байланысты (кемелге келмеуi) 10 жылға созы­лып кетуi де ықтимал.

Ал екінші деңгейге (сынып) өткен уақыттан бастап, бұл адамдар екi естi бола бастайды. Былайша айтқанда, саудың тамағын ішiп, аурудың сөзін сөйлейді. Тылсым күштер қатты қыса бастаған кезде ой тұманданады. Еште­ңеге құлқы болмай, дағдарысқа түсу салдары­нан не сау, не аурудың қатарына жатпайтын күйге енеді. Денеде бойкүйездік пайда болады. Басы айналып ауырады. Медицина тарапынан ешқандай көмек болмайды. Қанша дәрі ішсең де, онша әсері болмайды. Емдел-емделме, бір-екі айдан кейін бастың ауырғаны тоқтап, қалыпты күйге келесің. Бұл тыныштық та ұзаққа бармайды. Осылай тоқтаусыз жалға­сын тауып отырады. Осындай дағдарысқа түс­кен кісілерді туыстары жындыхананың есірткі қосылған дәрісімен емдеуге тыры­сады. Бұдан теріс нәтиже алып, нағыз жынды­лардың ортасынан жын ұрған болып шыға келеді. Ақ пен қараны ажыратпау деген осы. Есі дұрыс және келешекте адамзатқа пайдасы тиетін азаматты қолма-қол жынды етеді. Тылсым күшті шындап мойындамаған жағдайда өте қатты қысымның әсерінен де жынды болып кетуi әбден ықтимал. Жынды­ханаға жетпей тұрып, өте мықты емшілердің қолына түссе, қалыпты күйге келтіріп жол көрсетеді. Табан астынан өзінше жынданғандар қасиет иелерінің қатарына жатпайды. Шамамен осы бей-жай күйде 1-5 жылға созылуы мүмкін.

Үшiншi деңгейге (сынып) келген уақыты кемелденген шақ болып саналады. Бойына қонған қасиетінiң көмегімен бұл пенделер мынандай атақтардың иегерлері болады: балгер, сәуегей, көріпкел, құмалақшы, карта ашатындар, жұлдызшылар, түс жоритындар, жауырыншылар болып бөлінеді. Iрiктелген мамандықтары бойынша ел арасында халыққа жемісті қызметтерін көрсетіп жүргендер аз емес. Алайда, үшінші деңгейдегілер емшілердің қатарына жатпайды.

Төртінші деңгейден бастап ауруларды толық емдей алады және науқастың қандай жағдайда екені туралы толық мәлімет бере алады. Бұлардың қатарына үзетiндер, тамыршылар, сынықшылар, үн шығарып өлеңдететiндер, батагөйлер бақсылар және үшiншi көзбен көретін орасан зор қабілетті иегерлері жатады. Қазiргi тiлмен айтқанда, бастауыш сыныптың бiлiмiне қол жеткізіп, үздік оқуын бітіргендер. Төртінші деңгейден бастап емші деп толық түрде айтуға болады.

Бесінші мен сегізінші деңгей аралығын­дағылар оқуды сатылап бітіргенмен бірдей. Сегізінші деңгейді толық оқып аяқтағандар қазіргі таңда медицина саласын­дағы ғылым кандидаттығын қорғаған оқымыстының қатарына қосуға болады. Нағыз мықты емшілер адамзаттың он екі мүшесін өзінің сезімі мен түйсік жүйесін руханиятқа толық қосу арқылы науқастың бүкіл болмысын лезде анықтап, диагнозын қойып береді. Сол заматтан бастап, ауырып келген кісілерге тікелей он екі мүшесіне ем жүргізеді. "Бір мүшеңді ғана емдеймін" деген өтірік сөз. Мықты емшілердің мақсаты кісінің бойындағы науқасты толық жойып жібергенше, арасына апта, ай салып емдей береді. Жұмысын толық бітіргеннен кейін науқасынан айыққан кісімен толық қош айтысады. Арасына 15 күн салып, УДЗ-ден және басқа да сараптамадан өтуге рұқсат беріледі. Көрсетілген уақыттың ішінде дененің барлық жүйесі қалыпты күйге келеді. Айтылған уақыттан ерте баруға тыйым салынады, себебі сараптама оң нәтижесін бермейді. Қанның резусы күнде өзгеріп, тұрақсыз болады. Тыйым салуға себепкер емді бастағаннан бергі өткізіліп келе жатқан тәжірибе. Түбегейлі емделгеннен кейін ауру қайталап ауырмайды. Яғни, дене мүшесі бұрынғы сау кездегі қалпына келеді. Бұл - өте мықты емшілердің әрекеті. Дәрі-дәрмекке тыйым салатындар өте мықты емшілер. Жалпылама емшілердің қолынан келе бермей­ді. Сондықтан ауырып, шипа іздеген­дер нағыз емшілерге барғаны дұрыс.

Ал, жаратушы иеміздің емшілеріне берген соңғы тоғызыншы деңгейдегі қасиеті арқылы науқастың он екі мүшесін бірден емдейді. Медицинада мамандар адамның он екі мүше­сін мықты емшілер сияқты білмейді, жеке-жеке мүшені зерттеуге дағдыланған. Жалпы айтар болсақ, қырық мүшеге қырық дәрігер керек және өзінің білетін мүшесінен басқаға қабілеті жетпейді.

Барлық ілiм мен тәлiм-тәрбие жаратушы иемiздiң разылығы мен тікелей руханияттан сана мен түйсікке берілiп отырады. Руха­нияттан түскен мәліметтерге сүйену арқылы қандай да болмасын, ауырған адамның науқа­сының көптеген түрінің асқынып кеткеніне қарамастан құлан-таза айығатынын мерзімімен айтып, уақытылы айықтырып жіберуге болады. Бұл - Алланың құдіреті мен емшілер арқылы адамзатқа берген сыйы.

 

Кенжебай Тоғызбайұлы,

тоғызыншы деңгейдің иегері,

халық емшісі