Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қызылордалық маса

Қауіптің кей түрлері

 

  Аңқаулардан жоқ қауіп,

 Алаяқтан көп қауіп.

 Ар-ұяттан безгендер,

 Ақшаны жүр көп тауып...

 

Жанармайға от қауіп,

 Тұйықталса тоқ қауіп.

 Жалмауыз емес жемқордан,

 Жарлы адамнан жоқ қауіп.

 

Табанда деме жоқ қауіп,

 Тасадан атқан оқ қауіп.

 Тиісуге түк таппай,

 Түнде жүрген топ қауіп.

  

Түннен қалған ас қауіп,

 Түк ұқпайтын бас қауіп.

 Миды "мүтіл" ететін,

 Мінезі бар мас қауіп.

  

Өңі өзгерген өмір

  Ақша - бақ болуға айналды,

 Ар-ұят - сап болуға айналды.

 Еркек - әйел болуға айналды,

 Әйел - еркек болуға айналды.

 Мейірім, шағапат,

 Имандылық, қанағат,

 "Ескіріп" ертек болуға айналды.

 Мешкейлік - мұра болды,

 Сусын - сыра болды.

 Шындық - қысырады,

 Сырқатқа ұшырады.

 Бақ - жемқордың басына қонды,

 Жағымпаздар қасына қонды.

 Қысқасы,

 Бал - ашуға айналды,

 Тұз - сасуға айналды.

 Қазыбек Әшірбекұлы

 

 

ҚОҒАМНЫҢ "ҚАРА ӨЛЕҢДЕРІ" немесе талапкерге "біртүрлі" кеңестер

 

Ақыл айтып көрейін балаларға,

Қалтаңды сайлап жүргін, пара барда.

Сатып алса бағаны класс болып,

Оқушының ішінде дара қалма.

 

Болғанда оқу - күміс, баға - алтын,

Мұғаліммен ешқашан болма салқын.

Ұстазыңмен егер де болсаң салқын,

Білмейсің оқушының ешбір парқын.

 

Емтиханда білмей қап, шалыс болса,

Сөйлескен ұстаз жақсы, таныс болса.

Жұқа қалта оқушыны жарға жығар,

Одан да ақша бергін "шанс" болса.

 

Аласыз кілең бестік ептесеңіз,

Келмейді баға өзі жетпесеңіз.

Көнбейтін жан болмайды бітірерде,

Таныспен емтиханда септесеңіз.

 

Тесік қалта баланың пұлы болмас,

Пұлы жоқтың ешқашан жолы болмас.

Пара беріп, оқуға түсе қойсаң,

Ақша алғанның оңы мен солы болмас.

 

Бүгінде қалталымен бәрі сырлас.

Білсе егер таныспай қарап тұрмас.

Баласы үшін жинаған сыйы болса,

Оқуға құр тапсырып, талас қылмас.

 

"Жарайсың" деп, қолды алып қысқанменен,

Ойнамайды парақор "тышқанменен".

Аттестатты беспенен толтырып ап,

Мектептен қанат байлап ұшқанменен.

 

Кітап жастап үйінде жатқанменен,

Көз ілдірмей, әр таңды атқанменен.

Бәрібір талап қылсаң дорба керек,

Жетпейді бір-екі қой баққанменен.

 

Оқуға кім шақырса құлақ салам,

Келіссең ақшасына, құлатпаған.

Есі бар ата-ана болса егер,

Баласын мүсәпірдей жылатпаған.

Н.ҚИТАРТЕГІ

 

Түсіме ішкі саясат кірді

 

Түсімде орман аралап келе жатсам, (қай жақтағы орман екенін кім білген?) біреу селфи жасап тұр екен. Қарасам, өзім жақсы көріп, құрметтейтін інім Берік Уәли екен. Әйтеуір түсіме рұқсатсыз кіріп кетіпті... Қанша дегенмен, бастық қой енді... Шұрқырасып, шұжық жейтіндей, амандасып жатырмыз. "Облыстық ішкі саясат пен дін істері басқармасының бастығы орманда неғып жүр?"деп ойлап қоямын өзімше... Өзім орманда неғып жүрмін десеңші? Бір кезде алып емен бұтағында қонақтап отырған қарғаны көрдім. Ірімшіктің орнына тілдей хат тістеп алыпты... Түшкіріп қалып едім, ұша жөнелді де, хат жерге қалықтай түсті. Жүгіріп барып, хатты ашып оқысам, былай деп жазылыпты: "ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының бастығы Берік Уәли мырзаға! Облыстық ""Жанубий Қозоғис-тон" газеті Рейхстагқа ту тіккен қаһарман Рахым-жан Қошқарбаевты "қазақстандық өзбек" деп жа-зыпты. ("Жанубий Қозоғистон" газеті, 14 наурыз 2015 жыл, №28) Уақтысында өзағамдар Сабыр Рақымовты да өзбек деп, өзбектен шыққан тұң-ғыш генералымыз деп дәріптеп келген еді. Қош-қарбаев шынымен өзбек пе? Осының жауабын беріңізші? Әлде ішкі саясат ""Жанубий Қозоғис-тонды"" қадағалай алмайды ма?" Өз көзіме өзім сенбедім! Түсімнен ояна салайын десем, Берік інімді қимаймын. Оның да хатты оқығысы келіп тұрғаны. "Мұнысы несі?- деймін ғой ішімнен,- ұлт араздықты қоздыру мақсатында жазылмаған шығар? Қателесіп кетті-ау...". Берік Уәли қолымнан хатты жұлып алды. Асығыс оқып жатыр. Сыпайы болып, жай сұраса да беремін ғой... Кенет басын шайқады.

Тіфу

 

Үйіне құрдасы келіп, саясаттан біраз сапырып, аузы көпіріп кеткеннен кейін Тапаш шынымен ойланайын деді. Әсіресе "Президент-тікке түсу түк те қиын емес. Сенің не оқу оқығаныңды сұрамайды. Тек беделің болса болды. Өзіңді ауылда бәрі сыйлайды. Жұмыссыздар, зейнеткерлер талаптанып жатқанда, сенікі не отырыс? Ауылда білдей шопырсың. Жұрт пішенін, отынын әкелу үшін де, қалаға бару үшін де саған келеді бас ұрып. Наның жүріп тұрған осы кез. Тепсе темір үзетін жігітсің. Төрт-ақ мүшелге келдің. Қамшыны басу керек ғой, құрдас. Біз де қуанып отырамыз. "Ой, құрдасымыз, ауылдасымыз Прези-денттікке түсіп жатыр" деп, үйде отырып тақымымызды қысамыз. Басқасын қайтеміз, саған дауыс береміз. Басқалардан қай жерің кем? Қайта артықсың. Сен олардың қасында елдің алдында адалсың. Кейбір кандидаттар секілді ақшаны асап, долларды шетелге тасып жатқан жоқсың, сыртынан ешкім әңгіме айтпайды. Ақша тапсаң маңдай терің. Кейде тіпті жылап келген адамға тегін-ақ шөп-суын әкеп беріп жүрген жоқсың ба? Сен ауылымыз-дың қамқоры, мақтанышы екеніңді ұмытпа. Қадіріңді өзің білмейсің, мы-на біз, ел білеміз. Біз сені қолдаймыз. Құдай да, әруақ та сенің жағыңда!"

Партия қайда болса, саясаткер де сонда!

 

- Біз Компартияның шекпенінен шықтық. Тәлім-тәрбиесін көрдік. Өсіп-өндік. Ол кезде "Партия қайда болса, жеңіс сонда" болатын. Солай әндеттік те. Енді, міне, сол партия құлағалы бізден маза қашты. Қазір екінің бірінің жеке-жеке партиясы бар. Қазіргі партия қайда болса, саясаткер біткен шуылдасып сонда жүреді.

Жетпістің желкесіне шығып алған Ақкөз қария тоқтайтын емес. Жетпіске дейінгі "тарихты" әріден қозғап, "кіммен жүріп, кіммен қойғанына" дейін тәптіштеп айтқанда аузының суы құрып бітті. "Осымен болған шығар" деп, орнымыздан қозғала бергеніміз сол-ақ, ағамыз осы заманға ауысты:

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.