Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қызылордалық маса

ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН...

 

Көліксіз қалған кедейге,

Кездессе есек атпен тең.

Креслосыз кедей де,

Табуретка тақпен тең.

Ақсақал болса ауылда,

Басыңдағы бақпен тең.

Қариялар болса қауымда,

Қалайда олар хатпен тең.

Жеті атасын білмеген,

Жақын емес, жатпен тең.

Санаға оны ілмеген,

Қуарған құр жақпен тең.

Тату болса ағайын,

Түп-түзу тұрған саппен тең.

Алауыз болса ағайын,

Бөлек-салақ қаппен тең.

 

Жеті атаңды жаттап алшы, ерінбе!

Сергектерге "түн қысқарып", таң атты,

Шын "оянса" солар қазір сауатты...

Ата-анасы ұрпақтары алдында,

Жеті атасын білуіне жауапты!

 

Біреу: жіктеу деуі мүмкін немене?

"Неге сонша құмармыз біз көнеге?"

Жеті атасын білу деген жастарға,

Жетесіз боп өспеу үшін ӨНЕГЕ!

 

Қалай десе, олай десін басқалар,

Бірлік деген білуден сол басталар...

Туған-туыс, ағайынын білмеген,

Бос тақырда боздап қалар қасқалар.

 

Бөлінгенді бөрі жейді,

Бөлінбе!

Бөлінейік дегендерге берілме!

Ал, туыстың орны бөлек, қарағым,

Жеті атаңды жаттап алшы, ерінбе!

Сөйтші!

 

Жеті атасын сұрап отыр балаңнан!

Бұл қоғамда болсаң егер қаналған,

Тіршілікте қорқауларға таланған...

Көрме бұны бас қатырып біреуден,

Бұның бәрі пейілі тар адамнан!

 

Адам қазір жерімеген арамнан,

Бұны ешбір көретін жоқ заманнан!

Алаяқтық, алдау, арбау, зомбылық,

Жерімейтін болды пенде жаманнан...

 

Адам - Алла әмірімен жаралған,

Адам Ата - Хауа анадан таралған...

Келешекте кәпір болып кетпесін,

Жеті атасын сұрап отыр балаңнан!

 

Жалғыз ағаш орман боп та оңбайды,

Бұрын ешкім көргені жоқ ондайды.

Бала білмей жеті атасын жат болса,

Бәрінен де бұл заманда сол қайғы...

 

Ондайлардың өрісі де болмайды,

Өскеннен соң оны кімдер қолдайды?!

Қазір тура туыстарын білмесе,

Өкініштің орны кейін толмайды.

Қазыбек Әшірбекұлы

Орден-медаль берші маған, мен жуамын кейіннен...

 














Бір өзіңе қалай жағам,

Сәлем беріп иілгем.

Орден-медаль берші маған,

Мен жуамын кейіннен.

Тәк! Тамаша болған жоқ па? Осы өлеңімді ана кісінің қолына мына кісілер арқылы тигізсем, мәселенің бәрі шешілмей ме?

Пысықайдың түн жамылып отырып шығарған төрт қатар өлеңі осы болды. Өзімен-өзі сөйлесіп, бөлмеге ешкімді кіргізер емес. Сәлден кейін:

Сәлемнің сәті

 Күректей диплом терең қалтаның түбіне түскен. Шетелдік шәпкем шекемде оқшырайып, ауылға келдім. "Мұғалімнің айлығы көбейді, біліп оқытқан екенбіз" деп, әке-шешем дәудіреп, бір жасап қалды. Тек Сәмен ағам былқ етпеді. Сірә, менің шәниіп, кеуде керіп жүргенімді ұнатпаған сияқты.

- Бір жапырақ қатырма қағазға ешкім еншісін бөліп бермейді. Қазір иттің итақайы бір емес, екі институтты қалпағымен ұрып алып жүр. Мәселенің көкесі қандай қызметке аяқ тартуда, шыбыным, - деп желдей ескен көңілімді су сепкендей басып тастады.

- Мен үшін кім жылы орнын суытады? - дедім міңгірлеп.

- Бұл енді сенің шөкімдей миың жетер шаруа емес, оны маған қалдыр, - деп, Сәмен қоразданып, мұртын шиыртып-шиыртып қойды. - Қазір Жәкеңе сәлем беріп қайтамыз...

Құрдастардың қалжыңы

  1980 жылы мектептің сегіз класын бітіріп музыкалық училищеге одан әрі консерватория, оған екі жыл әскерді қосып, 1992 жылы Қызылордама жеттім-ау әйтеуір. Елге келісімен жұмысқа араласып кеттік. Арагідік кластас достарымызбен жүздесіп қалып жүрдік. Сондай кездесулердің бірінде бұрын өзім естімеген бір қызық оқиғаны қағазға түртіп қойып едім, оған да міне, жиырма жылдан асыпты. Мектепте оқуда озат, өнерде алда, бұзықтықтан да алдыңғы қатарда жүретін бірнеше бала сегізінші класты бітіріп, мектептен кеттік. Арамызда ұстаздарымыздың бірі: "Осы бала мектептен кетсе жеті күлше құдайы таратар едім" дей-тұғын, қазір елімізге белгілі әскери полковник шеніндегі полк командирі Аманжол Хамитов та бар.

 "Әупірімдеп жүріп оныншы класқа да жеттік-ау әйтеуір" деп бастады әңгімесін Жұмағазы дос. Са-бақтан кейін күнде үйге бірге қайтатын үш дос Орынбасар, Жұбаныш және мен (Жұмағазы) үшеуі-міз үнсіз келеміз. Бір кезде Жұбаныш: "Достар, бір секрет, айтсам ешкімге айтпайсыңдар ма?" деді. "Әрине айтпаймыз, біз дос емеспіз бе?!" деп жамы-рап жатырмыз. Бір-екі рет жөткірініп алған Жұбаныш: "Мен бір қызға ғашықпын, бірақ ол мені елер емес" деп бізден көмек күткендей екеумізге жалтақ-жалтақ қарады. "Саған қарамай жүрген ол қандай қыз?" деп елеріп шыға келдік. Жұбаныш досымыздың ғашығы өзімізден бір класс жоғары оқитын Несібелі екен. "Қап, мына қыздың күйдіруін-ай!" деп қоямыз.

 

Қауіптің кей түрлері

 

  Аңқаулардан жоқ қауіп,

 Алаяқтан көп қауіп.

 Ар-ұяттан безгендер,

 Ақшаны жүр көп тауып...

 

Жанармайға от қауіп,

 Тұйықталса тоқ қауіп.

 Жалмауыз емес жемқордан,

 Жарлы адамнан жоқ қауіп.

 

Табанда деме жоқ қауіп,

 Тасадан атқан оқ қауіп.

 Тиісуге түк таппай,

 Түнде жүрген топ қауіп.

  

Түннен қалған ас қауіп,

 Түк ұқпайтын бас қауіп.

 Миды "мүтіл" ететін,

 Мінезі бар мас қауіп.

  

Өңі өзгерген өмір

  Ақша - бақ болуға айналды,

 Ар-ұят - сап болуға айналды.

 Еркек - әйел болуға айналды,

 Әйел - еркек болуға айналды.

 Мейірім, шағапат,

 Имандылық, қанағат,

 "Ескіріп" ертек болуға айналды.

 Мешкейлік - мұра болды,

 Сусын - сыра болды.

 Шындық - қысырады,

 Сырқатқа ұшырады.

 Бақ - жемқордың басына қонды,

 Жағымпаздар қасына қонды.

 Қысқасы,

 Бал - ашуға айналды,

 Тұз - сасуға айналды.

 Қазыбек Әшірбекұлы

 

 

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.