Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қызылордалық маса

САЯСИ МАХАББАТ

 

Сайлау додасы жақындаған сайын партиялардың арасында жалаулатып, алаулатып жорыққа шыққан-дармен қатар бір-біріне "үрит, үрит" деп, сырттай ит қосып, қууға жақын тұрғандар да көбейе бастай-ды. "Партия қайда болса, жеңіс сонда!" деп, жалғыз партияның айтқанымен жүріп, айдауына көнетін заман артта қалды. Қазіргі қоғамның бет пердесі мүлде бөлек. Бірде түлкі, бірде күлкі, бірде май-мыл, бірде ... Бөрібасар. Осындай "хаме-леон" ортада тіршілік етіп, нан жеп жүрген партия-лардың сай-лау жақындаған сайын елге, жерге, халыққа деген махаб-баттарының оянуы бір жағынан заңды да.

ЖАҒЫМПАЗ

 

Жағымпаз

Сіз Сиқымбайдың Қиқымын білмеуші ме едіңіз? Тіпті ол туралы естімегенсіз де ғой? Қиқым жайында сізге ешкім айтпаған болды-ау. Оны бұл төңіректегі еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. Білмеген болсаңыз, ендеше...

Егер сіз өзі сары, көзі көк, шашын жылмита кейін қайырған, қозы қарын, бойы тапал, қоңқақ мұрын, жайын ауыз, шұбар бет адам көрсеңіз Сиқымбайдың Қиқымы деген дәл сол болады. Егер сіз былдырлап тез сөйлейтін, қолын сермеп, даусын сан құбыл-татын, көзі бір ор-нында тұрақта-майтын жанды кездестір-сеңіз оны Қиқым дей беріңіз. Егер сіз жүрісі жорғаға бейім, өкшесі жерге тимейтіндей, екі қолын сілтеп тастайтын кісіні жолықтырсаңыз бұны Қиқым дей беріңіз. Егер сіз... Әй, қойшы соны! Қиқымның қай бір қылығын тізбелей берейін, бірақ сонда да...

Біздер келгенде, Қиқым әлдебір қағазға бұрқыратып жазып отыр екен. Өз жұмысына берілгені соншалық, ешкімге басын көтеріп қарар емес. Қара телефон шырылдаған кезде ғана көтерді де:

-Қазір, қазір. Бәріойдағыдайболады. Дайындадым. Солжұмыстыбітірдім,-  деді. Сәлденсоңжазуынаяқтағанолбізгеқарады. Келгеніміздіжаңабілгендей.

-Ал, келіңіздер, жайғасыпотыраберіңіздер, менқазірүшминуттансоңкелемін, - депҚиқымшығыпкетті.

Оның үш минуты бір сағаттан да асып кетті. Бұл Қиқымның үйреншікті дағдысы болса керек. Күтушілер жалыға бастаған кезде Қиқымның да төбесі көрінді-ау.

-Иә, шаруаларыңды айта беріңіздер, - деді ол орындығына шалқайыңқырап жайғасып жатып.

Менімен бірге келген үлкен кісі:

-Шаруа болғанда, Қиқымжан, өткенде уәде беріп едің, отыныңды әкеліп беремін деп. Сол отын келмеді ғой, бір хабарын білейін деп келіп едім, - деді.

-Ақсақал, бәрі есімде, бірақ мүмкіншілік болмай жатыр. Шаруашылықтың жұмысы бастан асады, әкеліп береміз, - деді Қиқым.

Қиқым болмайды деп ешқашан айтпайды, әйткенмен уәдесін орындамай жүре береді. Оны сөзден ұстау өте қиын. Әлгі адам:

-Қиқымжан, саған сеніп отынсыз қалып жүрмейін. Дәл қазір үйде сыпырарға жыңғыл қалмады, - дей беріп еді, Қиқым:

-Неге айтқанға түсінбейсіз? Осы тұрғанда өзім мойныма қамыт салып түйе болмасам, ешбір қисыны келмей тұр, - деді.

Оның ашулана бастағаны байқалды. Көзі аларып, жүзі қабарып, желкесі күжірейіп кетті. Жылмита тараған шашы да айналасындағыларға айбат шегіп тікіреюге дайындалғандай.

Бұдан әрі әңгімені созып ушықтырғысы келмеді ме, үлкен кісі жылыстап сыртқа шығып кетті.

Енді есіктен жаулығы желбіреген кемпір көрінді. Ол келе:

-Әлгі Қиқым осында ма? - деді

-Иә, осында, - деді әлі де ашуы тарқамаған Қиқым.

-Шырағым-ау, "үйіңе су құйдырып беремін" дегеніңе екі жеті болды ғой. Қашан құйдырасың? - деді кемпір.

-Құйдырамын, құйдырамын. Қазір жағдайы-мыз болмай жатыр.

-Қашан жағдайларың болады? Үйде тамшы су қалмады. Көршінің бәрінен сұрап болдық, - деді кейуана.

-Енді екі күнде құяды, өзім айтамын, - деді Қиқым.

-Шырағым, сенің екі күнің аптаға созылып кететін. Құйдыра алмасаң, үлкен бастығыңның өзіне барамын, - деді кемпір.

Үлкен бастықты айтқан кезде Қиқымның түсі өзгеріңкіреп, ақ сары жүзі бозара түскендей болды. Әйтсе де өзінен төменгілерге доқ көрсететін мінезінен қайта қоймай:

-Бұлар айтқанды түсіне ме? Арғы күні түске дейін қалай да құйдырамын. Уәдем уәде! Бәрін мұздай қыламын, - деді Қиқым.

-Әй, қайдам-ау?! Сенің сөзіңе сеніп тамшы суға зар болып қалмайын, - деді кемпір.

  Бағанадан бері үндемей тұрған мені көргенде Қиқым:

-Ана шаруа ма? Оны қатырамын, қам жеме, - деді.

Менің не айтпақ болғанымды айтқызбай түсінген Қиқымның сұңғылалығын көрмеймісің.

Дәл осы кезде үстел үстіндегі қара телефон безілдеп қоя берді. Тынымсыз шырылдаған телефон ар жақтағы адамның ашуын білдіргендей еді. Оны көтерген Қиқым:

-Ия, мен... ия, Жәке, - дей берді.

Өктем дауыс Қиқымның құтын қашырып жіберді.

-Ия-я, іс-стейміз ғой. Мүү-үмкін. Со-олай ия-я, - деген Қиқымның үні тұншыға, құмыға шықты. Әлгіндегі тау қопарар екпіннен оның бойында тырнақтай да ештеңе қалмады. Аз ғана уақыттың ішінде Қиқым пора-пора терлеп, тіпті телефон құлағын ұстаған қолының дірілдеп тұрғаны да байқалды. Оның осыншалық бейшара күйге түскеніне мен таң қалдым.

Содан бері де бірнеше күн өтті. Қиқым берген уәдесін орындамады. Ана жолы отын әкеліп беруді сұраған адамның басқа біреулерге жалынып жұмысын бітіргенін, ал кемпірдің әлі де көршілерден су сұрап жүргенін көрдім.

Бүгін түске таман Қиқымға жолықтым. Қолында папкі, басында шәпкі, үстінде су жаңа костөм шалбар, мойнына әдемі галстугін қылғындыра байлаған, бір көшеге бір өзі сыймай, талтаң-талтаң басып барады. Бүкіл мекеменің бар шаруасын бір өзі көтеріп келе жатқандай.

-Орталыққа отчетқа шақырыпты, - деді ол.

-Е, жол болсын! - дедім мен.

"Осы Қиқым қандай жұмыс істедім деп есеп береді екен," - деп ойладым мен ішімнен.

Өтебай СЕРАЛІ

ӘН ПАТШАСЫ - ШӘМШІ АҒА

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

 

 

Ұлтымыздың ұлы сазгері, вальстің королі аталған аяулы ағамыз Шәмші Қалдыаяқов рухына арнаймын.

 

 Аяулы асыл анаға,

 

Арнағансың ән аға.

 

Сол бір нәзік әуенің,

 

Ой салды өте санаға...

 

 

 

Бұйырма деп айыпқа,

 

Арумен жүздің "Қайықта".

 

Шынайы пәк сезіммен,

 

Арнадың ән Жайыққа.

 

 

 

Барлық жерді барладың,

 

Аруларға ән арнадың...

 

Арыстан бастап жағалай,

 

Сырдың  бойын шарладың...

 

 

 

Алатау  - Алтай арасы

 

Елімнің дархан даласы...

 

Барынша ғашық әніңе,

 

Бар қазақтың баласы...

 

 

 

Арайлап талай ақ таңым,

 

Әніңмен білем атқанын...

 

Мен де қазір Шәмші аға,

 

Қаздар қайтар шақтамын.

 

 

 

Өткенмен өз "әндерім"

 

Жоймайтын мәңгі мәндерін.

 

Ән патшасы - Шәмші аға,

 

Жүрегімде әндерін!..

 

 

 

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

КҮЙ КОРОЛІ НҰРҒИСА

Аса сезімтал сазгер, күй өнерінің королі Нұрғиса Тілендиев ағамыздың рухына арнау

Өнермен өте бауырдай,

Екпіні дүлей дауылдай,

Қос ішектен құйылған,

Күйлері нөсер жауындай.

 

Ән, күй - оның ақ туы,

Басындағы бақ туы.

Алты Алашқа әйгілі,

Нұрағаңның "Аққуы".

 

Әсерлі тым мәндері,

Сахнаның сәндері,

Нағыз таза лағылдай,

Нұрғисаның әндері...

 

Құстаймын қазір жаралы,

Аға, інің көкке қарады...

Менің де ұшып үстімнен,

"Құстар қайтып барады..."

Кімді сайлаймыз?

 Екеуі де қысқартуға ұшыраған, жұмыссыз жүргендеріне біраз уақыт болған кісілер еді. Екеуінің де үйдің іргесінде, көлеңке бетте тұрғандарына бірталай уақыт болды. Әуелі халықаралық жағдайлар, әлемдегі саяси оқиғалар айтылды. Бірте-бірте заман қиыншы-лығы, өз мұңдары, бала-шағаның қамы, мал-текесінің жайы сөз болды.

- Ау, естімедің бе? Ауыл мен аудан әкімдерін халық сайлайтын болыпты ғой,-деді қозы қарынды ұзын сары.

- Кім айтты? - деді қысық көз, тапалтақ қара қазан басындағы кепкесін желкесіне қарай ысырып қойып.

- Қалаға барып келгендер айтып жүр ғой. Кеше қаладан келген Бітеубайдың қатынынан естіген жаңалығым бұл, - деді ұзын сары.

- Біздің ауылға кімді әкім сайлайды екен? - деді тапалтақ қара.

- Бұрынғы әкіміміз де жарайды ғой. Осы бала да жақсы жұмыс істеп жүр. Жаңа әкім нені қарық қылады дейсің? - деді анау.

- Жоқ, әкімді жаңадан сайлау керек. Ауылда әкім болатындай кім бар өзі?

- Ана мұғалім бала қалай? Институт бітірген жоғарғы білімді, сауатты, білімі де, білігі де ел басқаруға жетеді.

- Ой, оны қойшы. Ел басқарып әкім болу оңай деймісің, балаларға сабақ бергенмен бірдей көрме оны. Әкім адам ананы-мынаны, алыс-берісті білуі керек. Алдындағы он шақты баланы оқытып жүрген мұғалімнің қолына ондай болу келмейді.

- Ендеше мына қожалықтың төрағасы Қожаш қалай?

- Оның  да жөні келмес, мінезі жаман, іздейтіні төбелес. Өткенде айтқанымды істемедің деп қарамағындағы қарауылды сабап тастапты. Ондай мінезбен төраға әкім бола алмайды.

- Онда ана Нәзош ше?

- Осы заманда қатынға ел басқартып не көрінді? "Қатын басқарған ел оңбас, ешкі бастаған қой оңбас" - деп аталарымыз бекер айтқан деймісің.

- Тап осы әкімдікке Жақып ыңғайлы, бітіргені техникум болғанмен ол бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алатын пысық. Өзі азғантайдан бастаған кәсібін дөңгелетіп әкетті.

- Оны қой, сен де қайдағыны айтады екенсің. Бүкіл ауылдағы жапал руын жалғыз үй қожбанға билетейін деп пе едің? Оның үстіне Жақып әкім болса, ауылыңды бір күні қытайға сатып жібереді.

Ұзын сары ойланып қалды, айтқан кандидатура-ларының өтпей қалғанына тосылып қалған жайы бар. Бұған қарсы айтқан тапалтақ қараның уәжі мықты, таласуды қажет етіп тұрған жоқ.

- Мына Сейтен қалай? Екеуміздің де туысымыз, бұл әкім болса, жағдайымыз да жаман болмас еді. Не дегенмен ағайынымыз ғой, - деді ұзын сары.

- Сейтеннің бір қисайса, түзелуі қиын. Сонан соң өзінің бас пайдасын білмейді, бір езулеп кетіп орға жығылғанда ғана есін жинайтын ондай ақкөз әкім бола алмайды, - деді тапалтақ қара.

Манағыдан бері ауылға әкім сайлай алмай бастары қатып тұрған екеуді үйден шыққан толық қара қатын көрді де, қолын көтеріп, айқайлады.

- Ей, сен түскі тамақты ішпейтін ба едің, әлде екеуің бір-бірлеріңді бүгін көрдіңдер ме? - деген әйелдің даусы ашулы еді.

- Міне, қазір барамын, - деп тапалтақ қара ұзын сарыны жалғыз қалдырып, әйелдің соңына ерді. Кетіп бара жатып: "Ананы, мынаны айтып бүкіл ауылда адақтағанда менің атым аузыңа түспеді-ау сен сығырдың" деп, тапалтақ қара ұзын сарыға іштей өкпелеп бара жатты.

Қызу әңгімелескен серігін көзімен ұзатып салып тұрып ұзын сары: "Ауыл әкімі болу менің тақияма тар келетін ба еді, мұғалімді, төрағаны тағы басқаларды айтқаннан басқа сенің ойыңа ештеңе келмеді ғой", - деп ойлады ішінен.

Жаңағы екеуі үйлерінде жылытпаларын енді іше бергенде, қыр басынан бір-екі көлік ауылға қарай құлаған. Іле бір қара сирақ: "Әкімнің жиналысына шақырып жатыр" деп үй-үйдің сыртынан тамағы жыртылғанша айқайлап өтті.

Талпаңдаған тапалтақ қара да, сидаңдаған ұзын сары да беттерін сипамастан, шалғайларына сүріне-қабына тұра-тұра жүгірді. Кім бұрын жетсе, соны әкімдікке үміткер етіп ұсынып жіберетіндей ауылдың бүйірі қисайған клубына қарай қансорпа боп жосып барады.

Өтебай СЕРӘЛІ,

Арал ауданы

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.