Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Проза

Қандыөзек оқиғасы

 

Ұзындығы бірнеше шақырымдай, ені бірнеше қадамдай осы бір еңістеу алапты жергі-лікті халық Қандыөзек дейтін. Ілгеріректе теңіз-ді құрлықтан бөліп тұрған ағысы күшті өзек еді. Енді теңіз тартылғалы бұл жер сәл жел соқса, ақ ұлпа тұзды шаң аспанға көтерілетін сор топыраққа айналды.

«Қандыөзектің» қандыөзек аталуын әркім әртүрлі түсіндіреді. Біреулер: «ертеректе осын-да сүйгеніне қосыла алмаған бір сұлу қыз суға кеткен» десе, екінші біреулер: «осы өлкеге аты-шулы бір бай жазғытұры аралдан жайлауға көшіп бара жатқанда мұз ойылып, бар малы, жанымен теңізге түсіп кеткен» дейді.

«Қандыөзек» дегенде менің бала кезімнен білетінім Дәмелінің аянышты тағдыры еді.

Есімде, жұлдыздар жымыңдасқан, толған ай көкке көтерілген мамыр түні еді. Ғашық жүректердің сырын тыңдайтын тылсым түн.

Өзек бойы тып-тыныш. Сыбдырласқан қа-мыс, қаракөк өзек, ерке толқын – бәрі-бәрі әлде-нені сезгендей, демін ішіне тартып алған тәрізді.

ҚҰСБЕГІ

 

Аңшылықты, саятшылықты, құсбегілікті күнделікті күнкөріс үшін, өмір қажеттілігінен туған десек те, бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін ұлттық спорт түрі. Аң аулау дәстүрі мен тарихы сонау ерте заманда адамдардың күнкөріс кәсібінен туған. Ертеде адамдар аңды, құсты таспен ұрып, сойылмен соғып, інге паналағанын сумен, түтінмен тұншықтырып аулаған болса, бертін келе үйретілген иттерді қосты, атпен қуды, құс салды. Ор мен аранды, қада мен дараны, шалма мен бұғалықты, тор мен тұзақты, шаппа мен қақпанды, сере мен найзаны, садақ пен мылтықты әр дәуірге орай жетілдіре пайдаланды Саятшылықты сауық-сайран, салтанат белесіне көтерді. Нәтижесінде спорттық және кәсіптік мәні бар аңкөстіктің неше түрлі мамандары пайда болды. Аңшылықты күнкөріс көзі десек те, жаппай қырып-жоюдан аулақ болған жөн. Қазіргі кездегі аң аулау мен біздің аталарымыздың кезіндегі аң аулау кәсібі екі бөлек нәрсе. Ол кездегі мен қазіргі техниканы салыстыруға болмайды.

Өмір мен өлім арпалысы

 

Белгілі қаламгер, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Еркін Әбіл бұл күндері бірыңғай шығармашылық жолына түсіп, қаламын ұшқырландырып келеді. Содан да оның соңғы жылдары жарық көрген "Адам бір көшкен керуен", "Үлкен саясат: тұлғалар мен тағдырлар", "Теңізбен тағдырлас", "Өтпелі кезең өткелдері", "Шыңдағы Шынар" атты деректі хикаятты кітаптары оқырмандар олжасына айналған.

Жазушы-журналист Еркін Әбіл соңғы жылдары бүгінгі және кейінгі ұрпаққа ұлағат етер ниетімен көнекөз қариялардың ел аузындағы әңгімелерін жинақтауды мұрат тұтқан. Төменде адам баласына берер тәлімі мол осындай бірнеше әңгімені оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Есектің құйрығына байланған түйенің тағдыры

 

Экономика ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетінің про­фессоры, екі мәрте ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған, академик жазушы Кемел Мырзагелдінің "Ақыл қалта" деп аталатын кітабын оқып риза болғандығымнан ол кісіні іздеп тауып, сөйлесіп Астанада үйге шақырып, сырбойылық азаматтармен шағын дастархан үстінде тереңірек танысып, кеңірек білуге мүмкіндік туды. Мен де "Болмыс" деп аталатын шағын кітабымды сыйладым. Осы танысудан кейін электронды пошта арқылы хат жазысып тұрдық. Рухани аға, іні, әлеуметтік желіде дос болдық. Кітап атына сай нағыз ақыл қалта екен. Оқы­ғанда Конфуцийден бастап әлемдегі ірі ойшылдардың түйін-тұжырымдарымен сусындайсың, ұлылармен үн­десесің, өмірлік ұстанымыңда, ұрпақ тәрбиесінде қаже­тіңе жарарлық ғибратты әпсаналар мен мысалдарға толы әлемге енесің. Автордың ішкі мәдениетін, сыпайылығы мен сырбаздығын сезініп отырасың. Қазіргі ең көп оқы­латын шығармалар, ең көп оқырманы бар жазушы Мырзагелді Кемел екені даусыз.

Таңнан таңға дейін

 

Өңменінен өтер суық ызғардан, ұйтқи соққан бораннан қорғалаумен кесік құлақ көк есек тағы бір түнді өткізді. Түні бойы отын ығында тұрып баялыштың шаясын талғажау етті. Кеше таңертеңнен жауған қар соңы ысқырып, ұлыған боранға ұласқан, сол міне, таң алдында басылды. Көк есектің үстіндегі қар тұла бойының жылуынан еріп, бүйіріндегі қалыңдау жүнінен кішкене сүңгілер байқалады.

Ақпанның ұзақ түні түріліп, шығыс көкжиек бозамықтана бастады. Кешікпей күн шығады. Көк есекке күндізгі уақыт түнге қарағанда жеңілдеу өтеді, әркімнің қорасынан шығарып тастаған сақ-сұқтарын, шөбінің қалдығын жейді, күнделікті тіршілігі осылай жалғасын табады.

Енді бір сәт орнынан қозғалмақ болып тұрған еді, екі бала жанына жүгіріп келді. Өте ерте бұларды жылы үйінен не түлен түрткенін кім білсін, екеуі келе бұған ұмтылды. Адырақ көз, тапалтақ, қара баланы таныды, өз қожайынының баласы, ал екіншісі ұзынтұра, сары, онымен бірге ойнайтын көрші үйдің кенжесі. Балалар дайындықпен келген екен, ноқтасы мен қамшысына дейін ала келіпті.

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.