Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Проза

КАЙФ

Шегебай – үлкен қаланың шеткері мөлтек ауданындағы биік үйлердің бір жертөлесіне орналасқан аядай ғана дүңгіршек иесі, яғни етікші. Иә, етікші. Оған несіне елең ете қалдыңыз?! Сірә, көз алдыңыздан көпке белгілі таныс сурет көлбеңдеп өте шықпаса не қылсын. Солай, тура, адасқан жоқсыз. Бәрі де сіз ойлағандай. Ертеңгілік бұл маңай әдеттегі қалыпты тіршіліктен сәл қиыстау, абыр - сабыр күй кешеді. Кіреберістің темір есіктеріне де тыным болмайды, ашылып-жабылып, майланбаған топсасы «ойбайын» салып, миыңды кеміреді. Әрине, дөкейлердің нелері кетсін, қызметтік мәшинелері күтіп тұр. Олар әсте асықпайды, қақырынып-түкірініп, талтаңдап үйлерінен әрең шығады. Ал қатардағы қызметкерлер иек астындағы аялдамаға тоқтайтын автобусқа ілігу үшін сырт киімдерінің түймелерін жолай түймелеп, тұра жүгіреді. Жас жұбайлардың үйреншікті «драмасы» белгілі ғой қашаннан: «Балабақшаға баланы сен апарасың, жоқ сен апарасынмен» біраз уақытты текке өлтіреді. Мұндай қақпақылға тірі жан көне қоя ма, әке-шешесінің «ит тірліктеріне» ыза болғаны соншалық, дауысын әдейі күшейтіп, жер тепкілеп бақырып жылайды. Қала адамдары осындайда бір-біріне көмектесіп жіберсе, кәнекей?! Керісінше сендерге сол керек деп табалап бара ма қалай. Жастарды жолынан бөгемей, әрі бір бағытта болған соң мына тұрған балабақшаға әлгі жүгірмекті ілестіріп әкетсе одан кішірейіп қалмайды ғой.

Міне, осы тұста тұйық көшенің арғы бұрышынан жылт етіп көрінген ескі «Москвич» жайлап келеді де, дүңгіршектің алдына дік етіп тоқтайды. Ойпыр-ай, ағысқа қарсы жүзген көксеркеден аусайшы! Адам деген былай, ортаға бейімделер болмас па. Жұрт аяғы басылып, төңірек тынышталған соң-ақ келуіне болады ғой Шегебайдың, немесе Шегебай етікшінің. Қай жұмысынан қалып барады. Шегебайдың орнын тартып алғысы келіп, сыртынан бақылап, бақталасып жүрген біреу бар ма. Шлагбаумнан жүрдек пойызды белгіленген минутында, секундында өткізіп жіберетін  кәнігі теміржолшыдай Шегебай  дәл таңғы тоғызда осы маңнан табылады. Және күндегісі осы. Оу, жұмыр басты пендеңіз токқа қосылса бітті, зыр қағып жүйтки жөнелетін ойыншық мәшине емес қой. Басы ауырады, балтыры сыздайды. Тіпті  бір думанды кештен сәл көңілдірек оралып, артық ішілген «сомапалдың» әсерінен айыға алмай түстен кейін келсе,  не жұмысқа шықпай қалса да Шегебайды шарқ ұрып іздеп жатқан кім бар?! Жөндеуге берген аяқ киімдер иелеріне бүгін тапсырылмаса, ертең-ақ үлгірер. Кеңірдектен алатындай ол не қылған асығыстық?

Ана туралы толғаныс

Ата-анамыз Сарының зиратында жатыр. Қайтқан күні міндетті түрде басына барып құран оқытып, еске аламыз. Бала кезімде әкемнен: "Сары деген кім?" - деп сұраған едім. Әкем аңызға айналған мына бір әңгімені айып берді. Байғозы атамыздың Тансықбай, Өтеп, Аманжол, Аяп және Топаш деген бес баласы болған. Сары - Топаш атамыздың жалғыз ұлы болса керек. Өте ақылды адам болғанға ұқсайды. Өкінішке қарай, тым ерте қайтыс болған екен. Ажал алдында жақын ағайындарына: "Бұл жалған дүниеге кім келіп, кім кетпеді. Соңынан ұрпағы қалған адамдар бақытты ғой. Маған ондай бақыт бұйырмады. Отау құрып, балалы-шағалы болғаным жоқ. Міне, енді соңғы сапарға аттанып бара жатырмын. Мені руымыздың бейітіне жерле-меңіздер. Онда абырой, атағы бар небір ағайында-рымыз жатыр. Солардың көлеңкесінде қалып, атым шықпай қалады. Сондықтан да, руымыздың бейітінен бөлек, басқа жерде жалғыз-жалқы жатайын. Мүмкін, жатқан жерім "Сарының бейітіне" айналып, кейінгі ағайын-жұрттың есінде қалармын", - деп, ақырғы өтінішін айтқан көрінеді. Расында, Сарының жерленген жері кейін үлкен зиратқа айналып,  қазір "Сарының бейіті" деп аталады.

Күлдарай анамыз 1926 жылы дүниеге келген. Әкесі мен бауырлары наубайшылар болған. Әжеміз қатаңдау болды ма, әйтеуір, анамыздың төркіндері-мен алыстан сыйласып, қоян-қолтық қатыса алма-дық. Дегенмен, Күләш апамыз екеуміз анда-санда барып, нағашы әжемізге сәлем беретін едік. Әжеміз жақсы адам еді. Өкінішке қарай, жасы ұлғайған шағында екі көзі көрмей қалды. Біз барғанда қалтасына жасырып қойған кәмпит-пешенейін беріп, маңдайымыздан сүйіп, басымыздан сипап, жылы сөздерін айтып отыратын, жарықтық. Ол кезде кәмпит-пешеней деген жеңсік еді ғой. Әжеміздің берген сыйлығына риза болып, үйге мәзденіп қай-татынбыз.  Кейде әжеміз қалтасын қарап, ештеңе таба алмай қалады. Ондай кезде жан-жағын сипалай отырып, қолына түскен кез келген затты беретін. Бірде мектепке баратын немересінің қызыл галстүгі қолына ілігіп, Күләш апамызға сыйлаған көрінеді.

Анамыздың руы - Сарықасқа. Алайда, түп-тұ-қиянын білетіндер арғы ата-бабалары - Қарақалпақ дейді. Кезінде анамыздан сұрап едік, анықтап ештеме айта алмады. Дегенмен, Өтеп атамыздың: "Күлдарай келінім үлкен анамызбен төркіндес", - деп, кейде әзілдеп отыратын еді.

 

Нартайдың бір кеші және үш арманы

Бұдан отыз жылдай бұрын, яғни 1957 жылдары Қазалы қаласындағы бухгалтерлер даярлайтын техникумда оқып жүрген кезіміз болатын. Бізбен бірге сол кездің өзінде ел ағасы жасқа келіп қалған Әбіш Шоқыбаев деген ағамыз бірге оқитын. Ол кісі естігенін есіне ұзақ сақтайтын, құйма құлақ, сөзге шешен, ділмар кісі еді. Өмірге жаңа ғана талаптанған біздерге көргендерін, естіп білгендерін айтып беріп отырушы еді. Енді бірде әзіл-қалжыңын араластырып, қызықты әңгімелер, анекдоттар айтып, езуімізді бір жидырмайтын. Өзі де мәз бола рахаттана күліп алып: - Нан жауғыр, тағы қандай әңгіме айтайын? - деп сұрап қоятын.

- Әбеке, тағы да бір күлдіргі әңгіме айтыңыз, - дейтінбіз бәріміз шуласып. Ол ақжарқын, жайдары қалпынан аумастан: - Күлдіргі әңгіме дейсіңдер ме? - деп өзімізге қайыра сұрақ қоюшы еді де, әңгімесін бастап кететін.

- Ия, е, е.. Күлген деген жақсы-ау балалар,- дейтін ол. Өмір деген қарбаласы мен қалтарысы көп дүние ғой. Сендер өмірді енді ғана бастап келесіңдер. Өздерің ойлағандай, бұл өмір тек күлкіден ғана тұрмайды. Бір Құдайдан басқаның барлығы да екі-екіден, жұп-жұбымен жаратыл-ған. Ақылға салып көріңдерші, мысалы, күн мен түн, бар мен жоқ, аш пен тоқ, ащы мен тұщы, жұмсақ пен қатты, жақсы мен жаман, өмір мен өлім, тағы-тағы осы секілді өмірдегі кез келген заттар мен құбылыстардың барлығы да жұп-жұптан тұрады екен. Олай болса сендер айтқан күлкінің де өз жұбы бар. Ол не? Ол-қайғы, көңілсіз шақ. Күле білген адам, қайғыра да білуі керек. Міне, сонда ғана нағыз адам, нағыз азамат боласыңдар. Сондықтан өне бойы күле бергеннен гөрі, бір уақыт салдарлы, салмақты сөз тыңдаған да жақсы. Тыңдап қана қоймай, оны көңілге түйіп, одан  қорытынды шығарған одан да жақсы. Келешекте өмірге пайдалана білген жөн, - дейтін. Дейтін де, балалық балдәурен шағын ойша есіне алып кетуші еді.

- Е, е..., балалық балдәурен мен жігіттік желең шақты біз де өткергенбіз. Бірақ бізде балалық дейтіндей, балалық шақ болды ма? - деп өз-өзіне сұрақ қойып алып, жауабын да өзі беретін.  - Ел басына күн туып, ер етігімен, ат ауыздығымен су ішкен кезең еді ғой ол. Ұлы Отан соғысының әбден қайнап жатқан кезі. Бас көтерер азаматтар-дың барлығы майданда. Соғыста қаза тапқандар-дан "қаралы қағаздар" қардай жауып тұрған  кез. Екі үйдің бірінде, екі күннің бірінде жалғызынан айрылған ананың, жарынан айрылған жас жесір-лердің ащы айқайы мен зарлы үні төбе шашыңды тұрғызып, құйқаңды шымырлатады. Ауылда тек қана кәрі-құртаң қариялар мен жас балалар, кілең бойжеткендер мен отызға жетпеген өрімдей жас жесірлер ғана қалған. Бар ауыртпашылық солар-да. Ел басқарусыз, егесіз қалған кез. Міне, сол кезде "Көзі қарауытқан жар сүзеді" дегендей, ауылдағы үлкен-кіші 7 класты енді ғана бітірген мені 1942 жылы колхозға басқарма бастығы етіп сайлағанда, мен 17-де ғана едім. "Басқарма"-деген атағым ғана болмаса, балалығым басым-дау. Көзсіз көбелектей қай жұмыстан бастарым-ды білмей, дал болатынмын. Әр нәрсеге бір ұрынамын. Ретсіз қателіктер жіберіп жүрген кездерім де болып жүрді. Жасыратыны жоқ, мұндайда көз көрмеске шығып алып, көз жасыма да ерік беріп алушы едім. Осындай қиналған кезде көмекке көнекөз қариялар келетін. Олар ақылын айтып күні бұрын күнге, жұлдызға, айдың тууына зер салып, алдағы кезді, өмірді, өмір тәжірибесіне қарап отырып болжайтын. Қай жұмысты қандай уақытта бастау керек екендігін айтып беріп отырушы еді, жарықтықтар.

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.