Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Проза

АДАЛ АДАМДАР БАР МА?

 

 

Қонақта отырған бір ақсақал: "Осы мемлекеттік қызметте адал адамдар бар ма?" - деп сұрады. "Бар, бірақ кемде-кем, - деп, Әділбек мойындауға мәжбүр болды. - Олар өздерінің жүріс-тұрысымен басқалардан бөлініп, ерекшелеу болып көзге түседі. Ары таза, адал адамдардың тұрмыс-тіршілігі де айрықша. Кеңес дәуірінде облыстық прокуратурада Дүйсенбек Сәулебеков деген кісі жұмыс істеді. Соғыстан кейінгі жылдары кадрлар тапшы болған кезде жұмысқа "набор" бойынша алынған болуы керек. Арнайы заңгерлік мамандығы болмаса да, өзінің ісіне мығым болатын. Әуелде тергеуші, кейін аудан прокуроры болып жұмыс жасады. Кейінгі жылдары облыстық прокуратурада тергеу бөлімінің бастығы болды. Қажырлы еңбегі үшін "Ленин орденімен" марапатталған. Өзі еңбекқор, орнықты, бас көтермей жұмыс істейтін еді. Облыстық прокуратурада жалғыз қалып, жеті қараңғы түнге шейін тергеушіледің қолындағы қылмыстық істерді тексеріп, жіберген кемшіліктерін жөндеп отыратын. Көптеген жас тергеушілерді тәрбиеледі. "Туып-өскен жерлеріңе барып жұмыс істемеңдер, ағайын-туыстардың арасында жұмыс істеу қиын болады", - деп, ақыл-кеңес беретін еді. Өзі Жаңақорған ауданының тумасы. Сол ауданда прокурор болып жүрген кезінде бірге тұрған әкесін кеңсеге шақырып, жауап алған көрінеді. Міне, осы Сәулебековті адал, таза деп айтуға болады. Өзінің  қызметін теріс пайдаланған жоқ. Ақшаға қызығып, пара алған жоқ. Соңына түсіп, дүние-мүлік жинаған жоқ. Әйелі, бала-шағасымен бірге тозығы жеткен прокуратураның қызметтік үйінде жұпыны тұрды. Кейін жасы келіп, зейнетке шықты. Алайда, прокуратурамен байланысын үзбеді. Әбден қартайғанша жинаған тәжірибесін жас тергеушілерге беріп, қолынан келгенінше көмектесіп жүрді.

Ұлылар өткен ұлы жол

 

Сапар алдында

Ақыл атасы - ақиқат.

Анақарыс

 Қазақ!.. Қазақ тарихы... Ел... Ел бірлігі... Хандық... Хандар... Төре... Төрелер... Билік... Билер... Батырлар... Қараша... Қара халық...

Мұның бәрі... Мұндай ұғымдар - бүгінгі ұрпақ үшін жақын да алыс, таныс та таныс емес ұғымдар, түсініктер!

Ру... Рушылдық!... Осы бір заманында қазақтың кірігуіне де, кейін іруіне де себепкер болған қарым-қатынастық, туыстық ұғым бүгінде жаңа сипат - "сыбайлас жемқорлық" деген дертті де бойына жұқтырып алып, теңселіп тұрған  шақта "елім" деп еңіреген ерлер атқа қонып, елді бірлікке шақыра бастады.

Ел үшін ең қауіпті дерт - бірліктің босаңсуын тоқтату жолында аянбай еңбек етіп жүрген, Ақтау қаласында тұратын ағам Жантеке Жәрімбетов 2012 жылдың мамыр айының соңғы күндерінде телефон шалды.

- Нұрбай інім, маусым айының 7-сінде Оңтүстік Қазақстан төрелер қауымы бастамасымен қасиетті Түркістан қаласында " Хандарға тағзым" атты бүкіл қазақ хандары құрметіне ас берілетінін хабарлап жатырмын. Қолдан келгенше барғаның дұрыс, - деді.

Мен алғашында абдырап қалдым.

"Қасиетті Түркістан қаласына бару... Қазақ халқының қалыптасуына тікелей атсалысқан хандар құрметіне ас беру рәсіміне қатысу..."

Мұндай құрметке ие болу - үш ұйықтасам да түсіме кірмепті!

Бірден келістім. Бұл хабар құлаққа тигелі көңілім қобалжулы. "Қазақты қазақ еткен хан тұқымдарымен кездесемін. Олар өздерін қалай ұстайды екен?". Сұрақ көп, жауап жоқ! Өйткені, бұл қазақ басынан не өткізбеді?! Бірін-біріне айдап салу, хандарды, хан тұқымдарын қаралау, дін иелерін әжуалау, "мәдениеттен жұрдай", "тағы" екендіктерін саналарына сіңдіру - бәрі-бәрі!..

Үскірік

 

Түнгі сменадан келіп, жастыққа бас қойғаным сол еді, көзім ілініп бара жатыр екен, шар-р-р ете қалған дауыстан шошып ояндым. Біздің үйге тауық қайдан пайда болған, қайдағы балапан қораз деймін ұқылы-ояу. Жастықтан бас көтерсем, балапан қораз емес, өзімнің Кеңесбегім. Менің бас жағыма келіп, ұртын томпайтып, құтақандай үскірігімен әлсін-әлсін шырылдатып қояды.

- Ай, тентек балам-ай! Мыңа әкең ұйықтап жатыр екен-ау, деп ойламайсың-ау. Өзіме де сол керек. Баланы о баста бір еркелеткен соң, оның өкініші осылай кездесе береді. Амалым қанша?

- Кәне, көрейін, қайдан алдың?- дедім ұлыма. Жасымда сиырдың жазғытұрымғы өлі жүнінен жұмбаздалған доппен ойнап өскен басым осы кезде ойыншық көрсем, қатты қызығатын едім.

- Махан достан, -деді балам тағы шырылдатып жіберіп. Аумаған милиционердің үскірігі. Тап соның дауысы. Кәдімгі тәртіп орнайтын, жылыстап бара жатқан транспортты тоқтатқысы келіп тартып жіберсе, тоқтай қалатын кәдімгі үскіріктің дауысы.

Аманат- арман

 Көктемнің шуақты күндерінің бірі. Түндегі шелектеп жауған жауынның иісі тынысыңды ашады. Есік алдындағы бақшаны суғарып жүрген Келдібай ақсақал ара-тұра кемпіріне айғайлап қояды.

- Әй, кемпір, андағы шелекке қол жалғап жіберші,- дейді. Нағима қисалаңдай басып шалының айтқанын дереу орындауға тырысады. Бақша бабын жасап болған соң екеуі қарағаш түбіндегі кең сәкіге отырып, сары қымызды сапырып шүйіркелесе бастады. 

- Әй, кемпір, осы Сырдың топырағында туып, өсіп-өніп, көгеріп, көктегенімізге де 60 жылдан аса уақыт өтті. Осы қаланың құрылғалы бері, бұл жердің әр тасы мен үшін қымбат. 

Күйші

Кеше кешкісін арнайы шақырумен келген жас жігіт көпіртіп кеткен. "Көрші ауылдағы тойға адам аяғы жететін жердің бәрінен өнерпаздар келмек. Біздің қазақ малды тойға шашу үшін жинайды, сол той арқылы атын шығаруды ойлайды. Атан жарыс, аламан бәйге, палуандар күресі, ақындар айтысы мен күйшілер тартысына арнайы атан бастаған тоғыз, үйір-үйір жылқы тігілмек. Әлі жетсе жығады, бабы болса шабады, бағы қонса алады. Ақсақал, кемпіріңмен керілдесіп киіз үйде жата бергенше дүйім жұртқа өнеріңізді көрсетіп, өзіңіз де, өзгені де сергітіп қайтпайсыз ба, бұйыртса бәйгенің алдын алып, атыңыз аңызға айналып, есіміңіз елге тарап кетер", - деп қоймаған. Қырсық шал қисайып қабақ жылыта қоймады. «Күй тыңдайтын құлақ қалды ма қазір, күйшіден қадір қашқаны қаша-а-ан?» деген де қойған.

- Екі күннен бері ұйқы жоқ. Түнімен дөңбекшіп кірпік қақпай шығады. Тілден қалды. Өзімен өзі. Ауық-ауық екі қолын шайып, жылы сары майға салады. Ескі досы қос шекті домбырасын баптап жүр. Жылжымалы пернесін жаңартып, жаңа шек тағып, жылқы майымен сүртіп қояды. Көкірек шіркін сайрап тұр. Тек соңғы жылдары тіршіліктің тізгіні еңсені езіп, қара жұмысқа араласқасын екі қолы қарабайланып кеткен. Оның үстіне кемпірінің күңкілі де көбейіп кетті. "Сенің тыңқылың тамақ болмайды, кәрі қойдың жасындай өмірің қалды, қойсайшы осыны, тойып тамақ жемей, бүтін киім кимей, өмірден өтіп барамыз, бар өмірдің қызығын бір өзің көрдің ғой, қайда той, қайда сайыс, қайда мереке. Біз бейбақтың не жазығымыз бар?"- деп, мазаны алады. Ондайда бір молдадан "әйелдер тамұқтың тұрғындары ғой" дегенді естігені бар-тын, сол рас шығар дейтін де қоятын. Адамды қажытатын қара жұмыс емес, қара сөздің қамшыдай тиюі шығар. Болмаса ішер асты, киер киімді ешкімге қол жаймай-ақ тауып жүр емес пе?

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.