Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Проза

ҚИЛЫ-ҚИЛЫ ЗАМАН-АЙ

 

ТАҢДАУ ҚАСІРЕТІ

Отызыншы жылдары қолдан жасаған ашар­шылық талай отбасыға қайғы-қасірет алып келгені жалпыға мәлім. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ашаршылыққа байланысты көп жағдайлар зерт­телмей келеді. Бұл тақырыпқа тарихшылар мен мамандар онша жолай бермейді. Тек, оқта-текте баспа беттерінде жарияланған жекеленген мақала­лардан небір сұмдық оқиғаларды оқып, білесің...

Сонау қиын-қыстау жылдары анасы туралы қайғылы оқиғаны белгілі ғалым, филология ғылым­дарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы баспа беттерінде жария етті. "Біздің заман рухани қасірет­терге толы болды. Отбасында он жеті адам едік, со­дан үшеуміз-ақ қалдық",- дейді ғалым өткен күн­дерді өкінішпен еске алып.

Сырлы да, қилы дүние...

 Нағашыларым - Бидалы Наймандар. Олар да Телікөлде жайлаған. Құрымбайдың баласы Молдабекпен атамыз Есімсейіт үзеңгілес дос-жаран жандар болыпты. Молдабектің Рсалды, Рсбек, Дүйсенбек, Базаркүл деген балалары болған. Молдабек пен Есімсейіт бесік құда болған. Анамыз Рсалды мен әкеміз Құрмашты атастырып, қазақтың салт-дәстүрімен үйлендірген. 12 баланың ата-анасына айналды.

Балғара нағашы әжеміз де Сапақтың ішінде Жайпаң-ның Тай деген баласының 7 ұл-қызының бірі. Бауырлары - Төлеген, Бөлеген, Құрманбай, Айша, Айшарық, Бақ-тыбаланың да ұрпақтары Шиелі ауданын жайлап жатыр.

Анам Рсалды ашық мінезді, жомарт, өте мейірбан жан болатын. Мал шаруашылығындағы ауыр жұмысты қатар атқара жүріп, 12 ұл-қызды дүниеге әкеліп, өсіріп, бағу, тәрбиелеу оңайға соқпады. Күн ұзаққа үйге келіп-кетіп жататын қонақтарды күтіп, асын әзірлеп, оның арасында мал сауып үлгеру жұмыстары тыным таптырмайтын. Күні бойғы қым-қуыт тіршілік титықтатып шаршатса да, кешкілік қара қазаннан піскен етті түсіріп, ортаға қояды да, әкеміздің шерткен қоңыр домбыра-сының үніне елітіп, жадырап, ерекше күйге бөленіп отыратыны көз алдымда. Анам қан қысымы ауруына шалдығып, сол жақ қолы мен аяғы жансызданды. Алты жыл төсек азабын тартқан анамыздан 2001 жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызында мәңгілікке айырылып қалдық...

Бұл да бір өмірдің бір парасы.

Көкем әңгіме арасында Бесбаладан, Бидалыдан шыққан би-болыстарды, олардың мекендеген жерлерін айтып отырады...

Әңгіме желісі әріге тартады...

... Бидалыдан - Түменбай би, Сапақтың Жайпаңынан - Жәкей би шыққан. Сондай-ақ, Бидалыдан Алшынбайұлы Ақтай, Сапақтың Сармалағынан - Өтеулі Әжіні баласы Қайып, Сармалақтан шыққан Ағымның баласы - Әжібектер болыс болған адамдар. Сараман бесбаладан Шамайдың баласы Ақтай да болыс болып, ел билеген. Шоштаннан - Құланбайдың баласы - Жаппархан болыс болса, Шәуіпкелдің баласы - Жәрімбет Ақтай болыстың ауылнайы болған. Бұлардың бәрі "Телікөлді" жағалай жайлаған қалың елден шыққандар Кеңес Үкіметі келгенде - кәмпескеге ұшырап, жан-жаққа бытырап кеткен. Бұрындары - Пәтеш - Қызылжыңғыл, Байғана, Ақши Апақай, Сіңіртек деген жерлерде қалың қазақ мамыражай мал бағып, табиғатпен етене араласып, тіршілік еткен. Қазір сол жерлерде ескі қорымдар мен тас обалар ғана қалған.

Бәшпен бабамыздың інісі Ахмет көрік қыздырған айтулы ұста болыпты. Шиті мылтық істеп, дүкен құрған. Сол бір қасиетті орынның жер бетінде бүгінде ізі де жоқ. Заман көшеді, із-түссіз жоғалады деген осы екен ғой... Адам аз ғана ғұмырында дүниені өзгертемін деп жанталасады, ағыстарға қарсы жүзеді, бірақ, алып толқындар оларды жағаға итеріп тастайды. Ізіңді су шаяды. Құм басады, жел мен аяз, аптап ыстық тоздырады... Лег-легімен келген ұрпақ көші кезегімен осылайша жер бетінен жоғалады... Өмір заңы солай... Алла тағаланың бұл құдіретіне ешкім шек келтіре алмайды.

Көкемнің де жасы ұлғайды. Сана айқын, көңілі ояу. Бірақ, көз жанарынан айырылып, бағыт-бағдарсыз баланың күйін кешуде. Өз бетінше ешқайда бара алмаған соң, баласы Батырбектің ұлы Қаһарманға жаутаңдап арқа сүйейді. Ойын баласы ол да қасынан көп табыла бермейді. Үйге келгендерге әңгіме айтып, іштегі шерін ақтарғысы келеді. Қазіргі уақытқа бағынған заманда оның жанында байыз тауып отыратындар да аз. Мен де там-тұмдап әңгімелерін тыңдап қоямын. Жазып жатуға уақыт шіркін ырық бермейді.

Бидалыдан - Бекбау деген ықпалды кісі өтіпті. Өз замандастарының алдында сөзі өтімді, беделді екен. Бекбаудан бауырларының өзі қаймығады. Бірде інісі Алшынбай ағасы жоқта Қоямәден деген кісінің қыстауын Шоштандарға сатып жіберіпті. Жаз жайлаудан оралған Қоямәден қыстауына көшіп келсе, біреулер отыр. Олар "біз бұл қыстауды сатып алғанбыз", - деп бермейді. Әбден ызаланып, қорланған Қоямәден Бекбаудың ауылына келіп, шағым айтады. Мұны естіген Бекбау іні-сінің бұл қылығына шамданып, қыстауда отырғандарды түн ортасында көшіріп жібереді. Ағасының қаһарынан қорыққан Алшынбай ауылынан қашып кетеді.

КӨКЕ

  Көкем жасы сексеннің сеңгіріне көтерілген, ақ сақалы өзіне жарасып сән беріп тұратын, ат жақты, қой көзді, жай жүріп, бар шаруасын асықпай бітіретін адам еді. Өзінің айтқаны болмаса, басқаның айтқанын мойындай қоймайды. Айтыса беруге, өзінікін дұрыстап дауласа беруге шаршамайды. Көкем көбіне газеттен оқығанына, теледидардан көргеніне қалтқысыз сенеді де, солардың сөзін сөйлейді. Оған бәріміз болған жайды түсіндіре бастасақ:

 - Түк те білмейсіздер, - деп қолын бір сілтейді. Сонан соң баяғыда басынан өткен жайды айтып кете барады.

 Әкеміздің балалары тұрмай жастай шетіней беріпті. Жеті бала бірінен соң бірі о дүниелік бола берген соң, әкем көкем өмірге келгенде, ырым етіп кіндігін өзі балтамен кесіпті. Күзді күнгі салқын уақыт болса керек, тоғыз тоғысқан мезгіл екен. Оның аты да соған байланысты қойылыпты.

 

Қарүлек

 

Күркіреген кезінде салбырап қып-қызыл болып шыққан өңешін қайтадан ішіне тартып, жинап алды. Тісін тісіне тигізіп сақылдатып, жағын қозғағанда ернінен аппақ көбік шұбатыла үзіліп, жерге жетпей бірнеше шарға айналып, шыңылтыр аязды ақпанның ауасына сіңіп жойылып кетеді. Көбік шарлардың осыншама көптеп ұшқанын қызықтағандай тағы да күркірегенінде әдеттегісінен де жиі ұшқан дөңгелектер қалықтап ұшып, біразға дейін көрініп барып, жоқ болады. Әлгіндей шарға айнала алмаған ақ көбік салбыраңқы астыңғы еріннен үзіліп түсіп келеді. Жалпақ табанымен қалың қарды сықырлата, ашық аязды айналаға құмарлана, еркіндігіне, ешкімге тәуелді еместігін сезініп келе жатқан мұның оң жақ алдыңғы аяғының тұсарлығында жарты құлаштай арқан сүйретіліп, қардағы ізінен аздаған қан білінеді. Ұшы қиырсыз, шегі мен шеті көрінбейтін шалқар сахараның сағым қуған байтақ даласының алып кемесі атанған, бір замандарда  тү-ү-у сонау алыста-ғы жат елдерге жолында жүк қалдырмай, сіңір со-зып, жанын қинап, ұзақ сусыз шөлге де шыдап баға-тын Ойсылқараның бүгінгі ұрпағы Қарүлек басын иығына үйкеп-үйкеп алды да, өңешін екі қарыстай шығарып, жан-жағын тітіркендіре тағы да күркіреді. Төсін желге қақтырып, ашық аязға рахаттана, құмарлана әлденеге ызаланғандай үлек шабынуын үдете берді, үдете берді. Осы қалпында біраз уақыт тұрған ол елсіз сайын далаға, сон-о-оу алыс көкжиек-ке тесіле қарап, тағы біршама мезгіл тұрып алды.

Жыңғылдының дәл қазір басындағы дәні төгіліп, әбден сарғыш тартқан, кейбірі қап-қара болып қауланған қалың жантағы, дүзгіні мен көкбұтасы, селеуі мен сиырқұйрығын қалың қар тұмшалап тастаған, жалдана созылып өскен жыңғылының басы ғана аштықта талғажау болатын қыстың қысқа күнінде Қарүлек кішкентай ашық алаңқайдан шығып бұйратқа бет алды. Бағыты - Айтұяқтың биігі. Маңайдан ешқандай тіршілік иесі байқалмайды. Екі күндікте жауған жұқа қардан кейін бұл жаққа адам да, мал да табан ізін салмапты. Таң атқалы, жан-жақтағылар көрінетіндей жарық болғалы осы қалыңшылықтың ішінде өріп жүретін ұзын құлақ қоянды да, ақ құйрық айлакер түлкіні де кездестірмеді.

Әуежайдағы жағдай

 

Америка Құрама Штаттарынан ұшқан "Боинг-747" ұшағы Нидерланд астанасы Амстердамда орналасқан халықаралық әуежайға дер кезінде келіп қонды. Бұл - әлемде көп жолаушылар қабылдайтын әуежайлардың бірі. Сондықтан да халық көп, бірі келіп, бірі кетіп жатыр. Ұнағаны, жолаушыларға бар жағдай жасалған. Қонақжай, мейрамхана, ойын-сауық орталығы, дүкендер, тіпті кітапханаға дейін бар. Әлібек анықтама бюросына барып, ауысып мінетін рейс қай мезгілде болатынын анықтады. Алматы бағыты бойынша "Эйр-Астана" ұшағы бес сағаттан кейін ұшады екен. Бос уақытты қалай да өткізу керек. Әлібек "жылжитын тротуарға" мініп, әуежай вокзалын асықпай аралады. Бір байқағаны, халыққа қызмет ететін орындар мейлінше ойланып істелген. Артық ештеңе жоқ. Барлығы жолаушылардың ыңғайына қарай орналастырылған. Әлібек әрі-бері жүріп, шаршады. Жақын жердегі орындықтардың біріне отырып, аздап демалғанды жөн көрді. Ығы-жығы халық. Кім, қандай ұлттың уәкілі екенін болжап білу қиын. Еуропалықтар бір-біріне ұқсайды, ажыратып алу мүмкін емес. Африкалықтар, азиялықтар да сондай. Әлібек өткен-кеткен адамдарға қарап отыр еді, жанынан өтіп бара жатқан бір топ жастар, кенеттен тоқталып, амандасты. Ұзақ жылдар бойы Испанияда жұмыс істеп жүрген өзбек ағайындар екен. "Сіз қазақ болған соң ат басын бұрып, амандасып жатырмыз. Расын айтқанда, сізді көргенде бауырымызды көргендей қуандық",- деп, ағынан жарылды. Әлібек кәсіптеріне сәттілік тілеп, туған жерін, елін сағынып жүрген өзбек жігіттермен жылы қоштасты. Көп ұзамай жанындағы орындыққа жасы ұлғайған қазақ әйел келіп отырды. Өзі мазасызданып отырғандай болып көрінді. Әлібек ниет білдіріп, жағдайын сұрады.

- Шырағым-ай, жетпіс беске келген адамның жағдайы қалай болушы еді?! Үйдегі балаларым мен немерелеріме базарлық сатып алайын деп, вокзал ішіндегі "бутиктерді" аралап едім, шаршап қалдым,- деп, бейтаныс әйел демін зордан алды. - Шамасы, бұл менің шетелге соңғы шығуым шығар.

- Сіз бұрын шетелдерде болдыңыз ба? - деп, Әлібек сұрады.

- Е-е, мен қай елде болмадым? Египет, Израиль, Турция, Сауд Арабиясы, Франция, Чехия және тағы басқа мемлекеттерде болдым. Міне, Алманияда екі апта болып, үйге қайтып барамын.

- Сіз бақытты адам екенсіз! - деп, Әділбек таңданды.

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.