Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Проза

ӨГЕЙ ҰЛ

Таң алдындағы тәтті ұйқысынан ұялы телефонының дауысы оятып жіберді. Алғашында түс көріп жатқандай болып, ұйқысын қимай біраз жатты. Телефонына салынған Ресейдің эстрада жұлдызы Алла Пугачеваның әйгілі әні қайталана беріп, алмасына қоймады.

- Алло, - деген қарлығыңқы дауыспен.

- Мерей аға, ассалаумағалейкум, - деді ар жақтағы дауыс.

- Уағалейкумассалам,бұл кім екен?..

- Мерей аға, папамнан айрылып қалдық...

- Немене?..

- Мен Жасұланмын ғой, Талдыбектің баласы, папам қайтыс болды. Ар жақтағы дауыстың жылап тұрғаны байқалады. Ағасының атын естігенде Мерей төсегінен атып тұрды.

 - Қашан қайтыс болды?

- Қалаға дәрігерге көрінуге кеткен, операцияға дайындап жатқанда қайтыс болды.

- Қай жері ауыратын еді?

- Соңғы кездері өкпем қысылады, алқынып қаламын, терлей беремін деп көп айтушы еді. Сонан соң дәрігерге қалаға әкелгенбіз, операция үстінде кетті.

Жаназасын алдағы жұмаға деп жатырмыз.

- Естідім, бәрін де естідім. Мерей телфонын ажыратып жіберді.

Төсегінде біраз отырып қалды. «Талдыбекті ауырып жүр» дегенді естімеген еді. Естімеген емес, ағасымен көптен бері хабарласқан да жоқ еді. Ара-тұра хабарласып тұрғанда не етер еді. Ойына әрдеңе түсіп, отырғанында әйелі Наталья Петровна ұйқылы-ояу жатып:

- Что было? – деді. Үй ішіндегі бозаң жарықтан әйелінің жүзі көрінбегенімен, әлгіндегі әңгімені естіп жатқаны байқалады.

- Ағам қайтыс болыпты, баласы хабарлады.

Әйелі төсегінен әрі аунап түсіп, үнсіз қалды.

БАЛАЛЫҚТЫҢ БАЛҒЫН ДӘМІ

 

Жаз айлары түндері құмды төбелер арасынан айқаймен шыққан дыбыстар таң атқанша түн тыныштығын бұзып, ауылға жетіп жататын. Айқайға қосылып кейде шелек салдырлап, оған қоса атылған мылтық даусы мен қыздардың сыңғырлаған күлкілері, әуелетіп салған әндері естіліп, түн тыныштығын бөліп тұратын. Сырттан қарағанда құм төбелер арасында қызық бір тамаша әлде қызық той болып жатқан тәрізді әсер етіп, еріксіз көңіл ауа беретін. Күн бата кешкі тамақтан соң көпшілік қамданып, сол жаққа бет алып, таң атқанша қайтып келетін. Әлі кішкене сегіз жастай шағымда мені де сол жаққа ертіп баратын. Егін басына масахана тұтып жататынбыз. Кейде мен де қосылып айқай салып, шелек салдырлатып, егінді шошқадан қоритынмын. Түнімен алып аспан әлемі төбеңде төніп, таң атарға дейін қай жұлдыздың қай жаққа айналып, жылжып барғанын айтқаныма ауылда барлық үлкендер күлген еді. Сол егін даласында өмірлік алғашқы жайнаған жұлдызды түнім әлі де ойымнан кетпей көз алдымда елестеп қайталанады.

ИТ АТУ

 

Бала кезімнен иттерден қатты қорқамын. Жетінші класты бітіріп каникулға шығып, қыдырып жүріп, ағам Мұраттың үйіне келдім. Қорасында, бұрынғы үй иелерінен қалған үлкен қазақы төбет байлаулы тұратын. Қабаған еді. Сол ит босанып кетіп мені талайды ғой. Қаншама жыл байлауда тұрғанын кім білсін, әйтеуір "әкесінің ақысы" кеткендей тістелеп, жұлқылап, қора ішінде сүйрелеп жүрді. Жер тырналап жүрмін. Қолыма шөп-шалаң ба, әйтеуір бір нәрсе ілініп еді, иті құрғыр құтырына түсіп жұлқылап-жұлқылап жібергені. Қолымды босата қойдым. Құлындаған жан дауысым шығып шыңғырғаннан басқа амал жоқ менде. Көшеміздің бас жағында Тұрар есімді кісі тұратын. Бойы тым аласа, өте момын кісі еді. Сол кісі дауысымды естіп келіп, иттің ауызынан жұлып алады. "Жемтігінен" айырылған дәу төбет қайта шауып еді, Тұрар аға қолына түскен темірмен ұрып, итті жуасытып тастады. Сол иттің сояудай-сояудай тістерінің іздері сол оқиғаның куәсіндей сандарымда әлі "сайрап" жатыр. Содан бері иттерден қорқамын. Үлкен ит пе, кішкентай ит пе, бәрібір. Иттің үрген дауысы естілсе, аяқтарым дірілдеп қоя береді.

ЫРЫМ

 

Жетінші класты бітіріп, каникулға жыққан кезім. Жаздың бір күні үлкен мейрам болды. Әкемнің жұмысында сол мекеменің ұтысы көп лоторея билетін сатыпты. Әкем отыз билетті бір-ақ алған ғой. Әкемнің бойы шағындау, өте мығым, қарулы болатын және дауысы өте зор еді. Ашуға мініп айқайласа, бөлмедегі лампочка мен терезелер дірілдейтін. Ерте келгенге де сыйлық бере ме екен, әйтеуір таңертең ертеменен мені оятып еріте кетті. Жаяулатып келе жатырмыз. Бір кезде әкем бар дауысымен "әй, әй" деп айқайлап жіберді. Селк ете қалдым. "Өй, әке, адамның жүрегін ұшырдың ғой" дегенімді әкем елер емес. Өзімен-өзі гүбірлеп, кіжініп келеді. Сөйтсем, алдымыздан қырық-елу метрдей жерден былшиған бір әйел екі қолына екі бос шелек ұстап жолымызды кесіп өтіпті. Әкемнің айқайына мойынын да бұрмай кеткен. "Қап, мынаны-ай! Не деген көргенсіз әйел, әлде әке-шешенің тәрбиесін көрмей өскен жетім бе екен?" дейді.

ТҮҢІЛДІРГЕН ТҮС

 

Мектептің сегіз класын бітіріп, Қызылорда музы­калық училищесіне оқуға түстім. Достарым көп болатын. Мектептегі достар, музыкант достар, көше­міздегі достар, әйтеуір үйімізге бірі кіріп, бірі шығып жататын. Бір күні кешкісін бірнеше достарым келіп кетті, артынша тағы бірнешеуі келді. Әкем үйде еді,"мыналар кімдер?" деді.

- Достарым.

- Ал мыналар ше?

- Бұлар да достарым.

- Балам, достар мұндай көп болмайды ғой,- деді. Мен есіме бірдеңе түскендей тұрып қалдым. Сәлден соң көкейімді тесіп жүрген, көптен бері сұрауға батылым жетпей жүрген сұрағымды қойдым.

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.