Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Муза

ЖЕЛІЛІ ЖЕТІ ЖЫР

 

Мұхамеджан Нұрханов 1947 жылдың 6 қыркүйегінде Тәжік ССР-нің Ленинабад облысындағы (қазіргі Ходжент) Канибадом ауылында дүниеге келген. Балалық шағын тәжік тауларының етегінде, Сырдария өзенінің бойында, Соркөл, Сарықамыс деген жерлерде өткізген. Туған ауылы Кеңес үкіметінен теперіш көріп, отыз жылдай уақыт жер ауып жүріп, 1957 жылы Мақтарал өңіріне қоныстанады. 1963 жылы атамекеніне, Созақ ауданы, Қаратау совхозына қайта оралған. Осыған байланысты шығармаларын әл-Созақи деген атпен жазып жүреді.

1979 жылғы республикалық "Жалын" баспасынан "Бастау" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Мұнан соң осы баспадан "Аңсар" (1984 ж.), "Көкемарал" (1994 ж.) атты жыр кітаптары, Оңтүстік Қазақстан баспасынан "Бөрінің жүрегі" (2002 ж.), "Тораңғылдың көз жасы" (2004 ж.), ал Алматы, Астана баспаларынан "Жүрегімнің ұясы" (2007 ж.), "Дарияның арғы жағы, бергі жағы" (2009 ж.) деп аталатын өлең, поэма, балладалар жинағы жарыққа шықты. "Дария жыры", "Жүректегі жауһарлар" атты ұжымдық жинақтарда өлеңдері жарияланды.

Биыл Абылай ханның хас батырларының бірі Жиенбет туралы "Жиенбет батыр" атты жыр жинағы Оңтүстік Қазақстан баспаларының бірінен басылып шықты.

Муза

 

 

Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақындардың бірі Қатира Сыздыққызы Жәленова. "Қызғалдақты көктем", "Аңсаған менің әнімсің", "Ақ гүлдер", "Балалар әлемі", "Кел, махаббат" атты кітаптардың авторы. Ақынның өлеңдері орыс тіліне аударылып, "Разбег", "Мадонны Турана" поэзия антологиясына енген. Поэзиялық туындылары республикалық басылымдарға жарияланып тұрады. Біз де өлең сүйер қауымға ақын Қатира Жәленованың жүрегінен жарып шыққан бірнеше жыр шумақтарын ұсынып отырмыз.

Жібер мені, жүрегімді қыстама

 

...Тауықтың тұқымы мен шылымның тұқылына кейде зәру боп қалатын мен пақырды "біреулер" бай санайды-ау... Бай санайтындары-ның себебі, сыртымның қомпайып жүретіндігін көргеннен шығар. Сыртымның күліп, ішімнің ұлып тұратындығын қайдан ұқсын?

Өлеңге қалай келдім? Кім мені жырға жетеледі? Болмаса көк Тәңірінен келген күш пе? Түсінсем бұйырмасын. Қалай болғанда да, қолыма қалам ұстадым. Менің баз кешіп кетердей басымнан қайғы-мұң өтпеді. Әйтеуір, өлең жаза бастадым. Кейіннен сол өлеңнен қаша жөнелдім. Ол мені қуа бастады. Қай уақытқа дейін жүрерімді, қаншалықты қарық қып жүргенімді құдайым білсін, әлі күнге сол өлеңнің уысындамын. Жанымның сезінген жалғыз-дығына осы өлеңдерім жұбаныш болуда. Алайда, өзімді өлеңнен алып қашқан сәттерім жиі болады. Содан болса керек, кей кездері өлеңді жек көріп те кеттім. Жалпы, өлеңді сағынып тұратын сәттерім аз.

Егемен! Құдіретті сөз не деген!

 

Аллаға жалбарыну

Бұйрығыңа, о, Алла,

Жасамаймын қарсылық.

Өзің барсың

Санамда

Қалғанынша жан суып.

 

Сүйген құлға сыйыңыз -

Ақын деген атым бар,

Қас-қағым сәт қиыңыз

Сізге де айтар датым бар.

 

Еске түсер бүгін де.

Әкем өлер күнінде

Өлмеші деп жалындым,

Анам өлер күні де

Өлмеші деп жалындым,

Досым өлер күні де

Өлмесін деп жалындым,

Қасым өлер күні де

Сақтай көр деп жалындым.

Күллі адамзат баласын

Сақтай көр деп жалындым.

Аспан болып шатынап,

Қара жер боп жарылдым.

Бір өзіңе шағындым,

Бір өзіңе жалындым.

 

Құдіреті күшті, о, Алла,

Иесісің жанымның,

Киесісің жанымның.

Өзің берген жанымды

Өзің сөзсіз аласың

Жоқ қой оған таласым.

Ең соңғы рет,

Соңғы рет

Өтінішім бар менің.

Айтайыншы, о, Алла,

Жеткенінше дәрменім:

Айтарымды еліме

Айтуға сәл мұрсат бер.

Туған жердің төрінде

Шалқуға сәл мұрсат бер.

Тағдырымның арбасын

Тартуға сәл мұрсат бер.

Достаспаған жандармен

Достасуға мұрсат бер.

Қоштаспаған достармен

Қоштасуға мұрсат бер.

Сырласпаған жандармен

Сырласуға мұрсат бер.

Менмендердің кеудесін

Бір басуға мұрсат бер.

Залымдыққа тағы бір

Түршігуге мұрсат бер.

Сүйе алмаған сұлуды

Бір сүюге мұрсат бер.

Шабытымды шалқытып,

Жүректерді балқытып,

Жыр жазуға мұрсат бер.

Құдіретті, о, Алла,

Көріп тұрсың көгімде

Сыйынарым сен менің.

Асықпаймын өлімге

Пендемін ғой

Пендемін...

 

ҚОРҚЫТ-ҚОБЫЗ

 

Қорқыт!...

Бабамыздан қалған,

Қобыз -

Өкініш пен арман.

Тыңдасаң,

сыр айтады,

Мөлтілдеп

мұң айтады.

 

Қорқыт  -

Тәңірімнің тегі.

Қобыз -

дүниенің шегі,

Шежіре,

шер-дастаны

Өнердің

алдаспаны.

 

Оғыз!...

Ұрпақтары тірі,

Қобыз -

тәңірімнің үні.

Бозінген

Боздағаны -

Жүректі қозғағаны.

Қорқыт!..

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.