Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Муза

Бір жұлдыз болып жанам мен

Теңізбен сырласу...

От-өлеңім өртенсе жырақ барам,

Кейде барып теңізге сыр ақтарам.

Тасқа ұрған сыры мен жырларына

Іштегі дертімді айтып жылап та алам.

 

Ойнаған бала кезде балақ түріп,

Ұшырған ақ арманды парақ қылып.

Өмірі өлең болған ақын жайлы

Ойға шомдым теңізге қарап тұрып.

 

Ерікті ме?! Екпіндеп тұра ұмтылды,

Жағасын ойқастаумен жыра қылды.

Туғанынан тулаған шабыт керіп

Теңіз десе көремін бір ақынды.

 

Аққу төсін аймалайтын толқын-жыр

Сейсенәлі Құдайберген Арал ауданы, Бөген елді мекеніне қарасты Қара-шалаң ауылында туып-өскен.

Алғашқы өлеңдер топтамасы Алматыдағы "Жалын" баспасынан 1983 жылы "Қарлығаш" атты жас ақындар жинағында жарияланған.

Қоғам қайраткерлеріне, ел ағаларына арнаған толғау-арнаулары мен өлеңдері, прозалары облыс қаламгерлерінің шығармашылық жинақтарында жарық көрген. 

Осы уақытқа дейін республикалық ақпараттық-танымдық "Самала" газетінде бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарып келеді.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі. 

Халық әні

Беу, шіркін!

Қалықтаған халық әні,

Сырыңа көрген жоқпын қанып әлі,

Тыңдаған сайын сені іңкәр жаным,

Шаттанып, кейде мұңмен қамығады.

 

Босатып тұман заман түнегінен,

Бақ құсын ұшырған кім жүрегінен?

Ән салып кең даламда бара жатқан,

Әйтеуір бір қазақты білемін мен...

 

Әнші есімін жойса да уақыт-ағын,

Өмірге кетті өнердің отын жағып.

Ең жоғары құрмет қой, 

Ел көгінде,

Әні қалды халқының атын алып.

 

Іңір батса құрылып алтыбақан,

Сырлы түн-ай, қыз-жеңге сыбырласқан.

Алты қыр асып жеткен халық әні

Батырдың жан-жүрегін шымырлатқан.

 

Шырқалса "Япурай" мен "Жиырма бестер",

Әнге ұйып жол үстінде тұрған көштер.

Мамырлап махаббаттың саз-нұрынан,

Аққулар әнмен жүзген тұнба кештер.

 

Балқаймақ шырын сезім, назалы мұң - 

Балқиды шуағымен алау жырдың.

Сардалам - сахнасы сан ғасырдың,

Тербелер құшағында аяулы үннің.

 

Сен едің бесікте алғаш алған демім,

Сен мені талпындырған арман едің.

Қараша үй түндігінен сусыл қаққан,

Өзіңсің жыр-қанатым самғар менің.

 

Үндескен аспанда қаз-аққуменен,

Сен ғұмырсың мәңгілік гәккулеген.

Ән мұхитын күндіз-түн күмбірлетіп,

Мен құям өлең-өзен тасқынменен...

 

Қазақ елі

Жетіскен МӘКЕНАЛЫ 

 1952 жылы 7 маусымда Қазалы то-пырағында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекет-тік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармашылық еңбек жолын 1983 жылы 5 мамырда Қа-залы аудандық "Ленин туы" газетінің бөлім меңгеруші қызметінен бастаған. 

1985 жылдан КСРО Журналистер Одағының, 1991 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. ҚР мәдениет қайраткері. Бүгінде "Қазалы" газеті  бас редакторының орынбасары. 

Ж.Мәкеналы көп жылдардан бері өлке тарихын зерттеумен айналысады. "Ор-таймаған қазаны, қасиетті Қазалы" жинағы, "Тамыры терең, тарихы кенен - Қазалы" жинағының үш кітабы, "Асандар көтерілісі", Ғани Мұратбаев-тың өмірі мен қызметі, жастарға руха-ни тәрбиесі туралы "Мен - Ғанимын", "Ғани тағылымы" атты жинақтары, "ХХІ ғасырға аманат" атты жыр кітабы жарық көрген.

Қазақ Елі

Атажұрт - даласында,

Пір тұтатын бабасын, анасын да.

Өмір сүрген халықпыз өр мінезді,

Атырау мен Алтайдың арасында. 

 

Қазақ Елі 

Рухы құламаған,

Тірі қайтқан Алқакөл - Сұламадан.

Қайнап тұрған қанында Ар-Намысы,

Қияндарға ұмтылған пырақ-арман. 

 

Жыр жүректі жырлаған өлең-өмір

  Майлықұм

Туған жерім, мақтанышым Майлықұм.

Аспанында нұр қалқытқан айлы түн.

Сырдың үні сырғып жазып жатқандай

Бүкіл елдің өмірінің байлығын.

 

Сенде көрдім алаулаған таң алдын.

Алғаш таттым тәтті дәмін самалдың.

Жер дүние күй сазына бөленіп,

Сұлулықтың шәрбетінен нәр алдым.

 

Жазылмаған атын әзір картада.

Ыстық құмның табы табан, арқада.

Жүрегімде  өшпестей боп сақталды,

Шәкірт болып отырған күн партада.

 

Сырдария, Қараөзекті тел емген.

Айы, күні бір сөнбеген төбеңнен.

Бар түкпірін жалғастыратын отанның

Темір жолы, күллі әлемдік көлеммен.

 

Адалдық еді айнымас сертің

Адалдық еді айнымас сертің

Ақиқат осы - Азаттық құны,

Төгілген құрмет көрсетсең лайық.

Көсегең сонда көгерер.

Ерлерге қойған ескерткіш пе екен

Дулыға бейне төбелер?

Өткенін естен шығармаған ел

Өлшеусіз баққа кенелер.

Ерліктің рухы есіп өтеді

Тарихты шолсам мен егер,

Басына елдің күн туған кезде,

Батырдың бәсі еленер.

Тағдыры жердің талқыға түссе,

Бұлқынбай қайтіп көнеді ел.

Түлкідей аңшы артына түскен

Жалт берген шақта төрелер,

Ақ туын қолға ап, атқа қонған-ды,

Жанқожа бабам, Ерен Ер.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.