Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Шамшырақ

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДЕ ӨМІР СҮР!

 

Қазіргі таңда қазақ қоғамында үштілділік мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұлттың тағдыр шешті мәселесіне немқұрайлы қарамай жанашырлық танытып, пікір білдіріп, үн қосып жатқан азаматтарымыз аз емес. Айтқан-жазғандарын тыңдап, оқып, бірге тыныстап отырмыз. Жер мәселесі сөз болғанда жерге қарап, тіліміздің тағдыры талқыға түсіп жатқанда тілімізді тістеп отыруға болмайтынын кеудесінде жаны бар әр қазақ сезіне бастағандай. Тіл маманы ретінде үштіділікке қатысты пікірімізді білдіруді біз де өзімізге міндет санаймыз. Үштілділіктің бізге не беретіні жөнінде болжам айтпас бұрын, «біртілді болғанда қандай едік?», «қостілді қазақ қандай болып отыр?» деген сұрақтар төңірегінде ой қорытуымызға тура келеді.

 

ҰРПАҚҚА АНА ТІЛІНДЕ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Қарым-қатынасты басқа тілде де, ыммен де жасауға болады. Білімді, ақпаратты өзге тіл арқыы д алуға болады. Әриине, ағылшын, испан, қытай, жапон, француз, неміс тілдерін білген адамның ақпарат алу мүмкіндігі артып, таным көкжиегі кеңейе түсетініне ешкімнің даукы жоқ. Өйткені олар кең тараған, ғылымы мен технологиясы бізге қарағанда жақсы дамыған қуатты мемлекеттердің, іргелі жұрттардың тілдері. Оны әркім түсінеді. Бірақ бұл тілдердің бәрін меңгерсе де, одан ана тілінде тәрбие мен білім алмаған қазақ баласы қазақы, ұлтының бар болмысын сүйетін азамат болып өспейді. Айналасын тануға ұмтылған адам балаы ана тілінде тілі шығып, сөйлеп, ойлау арқылы оның ұлттық мінез-құлқы, таным-түсінігі, ұлттық дүниетанымы, ұлттық санасы, ұлттық болсысы қалыптасады. Бала бір мұшелден асқанша өзінің ана тлінде тәрбие мен білім алса, тіл арқылы халқының бар қасиетін бойына сіңірген сол ұлттың өз баласына айналады.

ҰЛТТЫҚ КИІМ ӨЗ ҰЯТЫН ЖОҒАЛТТЫ МА?

 

Қазақ: "Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек" дейді, әдетте біз кей нәрселерге "ұсақ-түйек қой" деп, жете мән бере бермейміз. Қытай даналығында: "Ұсақ-түйектен маңызды нәрсе жоқ", - дейді. Осындайда әр қазақтың көркіне көрік қосқан ұлттық киімі есіңе оралады. Себебі, бүгінгі жаһандану заманында қазақтың жарасымды шапаны мен тымағы, бүрмелі көйлегі мен бөрігі бәсекеге қай қырынан алып қараса да, төтеп бере алатыны шындық. Елдігімізді алып, тәуелсіздігімізге қол жеткізіп жан-жағымызға қарасақ, "ақжемденіп жыртылғалы тұрған" шалбар, құрақ-құрақ көйлектердің өзі әлемді мойындатып сәнге айналыпты. Өзгелері де қалсын ба? Қытай жібегін заманға сай икемдеп, жапондар киманосын келістіріп, шотландықтар юбкаларын мектеп формасына айырбастағалы қашан.

Жезтаңдай әнші Роза Бағланова: "Мен қайда жүрсем де, қазақтың әнiн ғана емес, қазақ қыздары киген ұлттық киiмi мен салт-дәстүрiн де өзiммен бiрге өмiр бойы серiк еттiм. Будапештке барғанда үлбiреген дүрия жiбектен тiгiлген көйлек кидiм. Көйлектiң етегi мен жеңi толқын тәрiздi әннiң әуенiмен қозғалған сайын, көйлек майда самал соққандай тербелетiн. Белдiң қыналып келген тұсына кемер белдiк тақтым. Белдiк таза күмiстен жасалып, алтынмен апталған. Сол бiркиер көйлектi кигенде, қуыршақтай болып жайнап шыға келетiнмiн. Кезектi бiр сапарымда Ұлыбритания елінде патшайым Елизавета ханымның: "Қазақ әйелдерiнiң киген киiмiне қарап-ақ олардың қандай халық болғанын тануға болады. Бұл киiм байлық пен талғамды аңғартады", - дегенi бар. Сол жолы "киiмiне қарай қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады" деген сөздiң мағынасына көзi жеткенін қазақтың бұлбұл қызы республикалық басылым бетіне жариялаған болатын.

Құран ғибрат алуға шақырады

 

Қоршаған ортаға көз салатын болсақ, ғибратқа толы талай оқиғаларды жиі кездестіреміз. Тіпті, күнделікті өмірде қаншама оқиғаларға куә болып, сабақ берер көріністердің бел ортасында жүргенімізді өзіміз байқамай жатамыз. Дей тұрғанмен, мұндай құбылыстарға таңқалып, таңдай қағып қана қоюға тағы болмайды. Оған тереңдей бойлап, сырына үңілу тиіс. Жай ғана бал арасына, жерден бүр жарып шыққан әртүрлі алуан гүлге, теңіздер мен мұхиттарға, тау-тастарға, тіпті көзден шыққан бір тамшы жасқа да ғибрат түйсігімен қарауға болады. Өйткені, мұның барлығында ой жүгіртерлік әрі ғибрат аларлық астарлы мағыналары мен берер дәрістері бар. "Құдайдың құдіретін көргің келсе, тауға шық" деген даналықтың арғы жағында осы жатса керек. Алла Тағала Құранда былай бұйырады:

  "Әй, ақыл иелері! Ғибрат алыңдар". ("Хашр" сүресі, 2-аят).

Қасиетті Құран - күллі ғылым атаулының анасы. Құдіретті кәламды парақтап қараған кез келген ақыл иесі оның Алла сөзі екенін айқын сезеді. Өйткені, ғылымның қайнар бұлағы саналған қасиетті Құран діни үкімдерді орындауда және әдептіліктің шыңына көтерілуде пайғамбарлардан үлгі алуға шақырса, сонымен қатар Аллаға қарсы келген дұшпандар жайын да оқиға-қиссалар келтіреді. Мәселен, өзін тәңір көтерген Перғауынның мысалын былай баяндайды: 

 "Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар". ("Назиғат" сүресі, 26-аят).

Құран пайғамбар дәуірінде болған Бәдір шайқасында мұсылмандардың саны аздығына қарамастан қатары көп дұшпандарына төтеп беруі жайында айтып өтеді. Тіпті, бірін-бірі қуалаған күн мен түннің алма-кезек ауысуынан және жай жүрген хайуандардан да ғибрат алуға болатыны жайында аяттар келеді. Ал, өзіне Құран түсірілген соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) ғибрат алу мақсатында қабірлерді жиі зиярат етуді сахабаларына өсиет еткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабірлерді зиярат еткен әрі былай деп айтқан: "Қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені олар сендерге ақыретті еске түсіреді".

Құранда басты деген мынадай екі түрлі ғибрат түрі сөз етіледі:

1. Жер бетін аралап, өткен қауымдардың орындарын көріп, тарихи мекендері мен оқиғаларына көз жүгірте білуге. Құранда былай делінеді:

"Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар" ("Юсуф" сүресі, 111-аят).  

2. Жанды-жансыз табиғат құбылыстарына ой жүгіртуге үндеген Құран аяттары заңдылығы мен Алла қойып берген жүйеге бағынуында ақыл иелері үшін ғибрат бар екенін еске салады. Құранда былай делінеді:

"Рас сендер үшін малдарда, әлбетте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер". ("Мүминун" сүресі, 21-аят) Ал келесі аятта:

"Алла күндіз бен түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағылар үшін, әрине ғибрат бар", - делінген. ("Нұр" сүресі, 44-аят).

Құрандағы қиссалардың соңы ғибрат аларлық сөзбен аяқталады. Өйткені, Құранның асыл мақсаты - болған оқиғаны сөз жүзінде қалдыру емес, онан кейінгілерге дәріс беру. Яғни, бұрынғы қауымдардың басына келген пәлекеттер мен азаптарды түсіндіреді, оқиғадан сабақ алмай, олар секілді болғандарға да сондай азаптың келетіндігін оқиғамен жеткізе түседі. Қиссаларда жақсы-жаманды оқиғалардың баян етілуі - шындап келгенде адам баласын адами құндылықтарға тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан Алла әрбір оқиғаны ғибрат көзімен оқуға үндейді.

Дүниеде орын алып жатқан оқиғалар да біздің назарымызды өзіне аудартуда. Бір елдерді соғыс оты жалмаса, тағы бір мемлекеттерді жер сілкінісі мен табиғи апаттар әуре-сарсаңға салуда. Мәселен, 2004 жылдың 26 желтоқсан күні Индонезияның Ачех провинциясында орын алған табиғи апат ел жадында. Осы оқиғада 169 мың адам қайтыс болып, 600 мыңдай жергілікті халық баспанасынан айырылған. Цунами және жер сілкінісінен 141 мыңдай құрылыс қираған екен.

Лампук жағажайы маңындағы апаттан кейінгі фотосуреттерден ол жердегі қирандылар, құлаған ағаштар арасында жалғыз ғана мешіттің аман қалғанын байқай аласыз. Алайда, теңіз толқындары жеті шақырымға дейінгі жердегі барлық ғимараттарды қиратса да, жалғыз мешіттің аман қалуы таңқалатын нәрсе. Жергілікті мұсылмандар бұл оқиғаны Алланың белгісі деп қабылдаған.

Қарап отырсаңыз, жер бетіндегі болып жатқан түрлі құбылыстар ақыл иелері үшін шынында ғибрат, үлкен сабақ. Хазреті Әли (р.ғ.) былай дейді: "Алла Тағала исламды бағыт етті және оған келуді қалағандарға жолдарын жеңіл етіп берді. Ал, дінді құлатқысы келгендерге оның тірегін құламайтындай етті. Бұл дінді ұстағандар құтқарылып, көлеңкесіне саялағандар есендік тапты... Ғибрат іздегендерге оятушы болды...".

Иә, Алла Тағала жер мен көктегі әрбір мақлұқатты жаратып қана қоймай, оған ғибрат көзімен қарауға шақырады. Өйткені, ешнәрсе де босқа жаратылмаған. Жаратылыстың артық не кемі жоқ. Сондықтан әрбір жаратылыстың сырына терең ой жүгіртуіміз керек. Алла Елшісі (с.ғ.с.): "Ойлану секілді қадірлі ғибадат жоқ", - десе, бір хадис шәрифінде: "Ойлану - ғибадаттың жартысы", - деп айтқан.

 "Ей, Алланың пайғамбары! Бізге қандай өсиет айтасыз?" - деп сұраған кісілерге Иса (ғ.с.): "Сөйлеген сөзің зікір, үнсіздігің пікір, қарағаның ғибрат болсын!" - деп жауап қайырған екен. Ислам ғұламалары да ой жүгірту жайында тұщымды сөздер қалдырған. Бірнеше мысалдарына тоқталайық. Шафи мәзһабының негізін қалаушы ғұлама Имам Шафиғи айтады: "Ойлану - зейінді ашады". Тақуа құлдардың бірі Жүнейд Бағдади: "Кімде кім қараған нәрсесінен ғибрат алмаса, оның көрмегені көргенінен әлдеқайда жақсы", - дейді. Ал, Фудайл бин Ияд: "Ойлану - жақсылық пен жамандықты көрсететін айна", - деп айтқан екен.

Ислам ғалымдары ой жүгіртіп, ғибрат алуды мынадай төрт бөлімге бөліп қарастырады.

1. Алла Тағаланың жаратқан мақлұқаттарын-дағы әдемілік пен оның пайдаларына көз жүгірту. Бұл - Аллаға сенуге және Оны шынайы сүюге себеп болады.

2. Алла Тағаланың уәде еткен сауаптарын ойлану. Бұл - Алла Тағалаға құлшылық етуге себеп болады.

3. Алла Тағаланың білдірген азаптарын ойлану. Бұл - Алла Тағаладан қорқуға, жаманшылық жасамауға, күнәдан алыс болуға себеп болады.

4. Алла Тағаланың нығметтеріне, көрсеткен жақсылықтарына қарсы нәпсісіне еріп, жасаған күнәсін еске алу. Бұл - Алла Тағаладан ұялуға себеп болады.

Алладан шын қорыққан құлдардың бірі Бахлул Дана бір күні халифа Харун Рашидпен кездесіп қалады. Халифа оған:

- Сені көргеніме қатты қуаныштымын. Көптен бері сенімен отырып әңгіме құрғанды қалап жүрген едім, - дейді. Бахлул Дана:

- Ал, менің мұндай қалауым жоқ еді, - дейді күлімсіреп. Сосын Харун Рашид бір насихат айтуын сұрайды.

- Менен қандай насихат қалайсың? Мына отырған хан сарайыңа қара, сосын андағы қабірге де қара! Бұларға қарап ғибрат, насихат алмаған адам оны қайдан алсын?! Халің не болады, ей, мүміндердің әміршісі! Ертең Алланың құзырына барасың. Жасаған үлкен-кіші істеріңнің әрбірінен сұраласың. Бұларға қалай жауап бересің, осыны жақсылап ойлан. Есеп күнінде аш-сусыз қаласың, ешнәрсең болмайды. Ол жерде тұрғандар саған қарап күлетін болады. Ақылдан алжасып, естен тану сонда болады. Бұдан басқа насихатты қайтесің?! - деген екен сонда Бахлул Дана. 

Қасиетті аятта былай делінеді: "Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: "Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!" ("Әл-Имран" сүресі, 191-аят).

Иә, әрбір нәрсеге ой жүгірту, ақылмен қарау, терең түсіну - иманның көрінісі. Мұсылман адам ешнәрсенің тіпті, өзінің де босқа жаратылмағанын ойлайды. Сол арқылы Алланы еске алып, күнәдан тыйылып, сауап іске ұмтыла түседі. Олай болса, ақыл иесі етіп жаратқан Аллаға шүкірімізді білдіріп, айналаға әрдайым ғибрат көзбен қараудан шаршамайық.

Қайырбек ОТЫЗБАЕВ,

дінтанушы

Астана

Қырық үйден тыймаса, қыздан қадір қашпай ма?

 

 Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) бірде сахабалары-мен мәжіліс құрып отырып: "Кімде-кімнің үш қызы болып, оларды асырауға, қиыншылықтары мен қуаныштарына төзіп сабыр етсе, Алла Тағала ол адамды қыздарына рақымдылық танытқаны үшін жұмаққа кіргізеді", - деп айтады. Сонда сахабалары-ның бірі: "Уа, Алланың Елшісі! Егер екі қызы болса ше?" - деп сұрайды. "Екі қызы болса да солай", - дейді Пайғамбарымыз (сa.ғ.с.). "Ал, егер бір қызы болса ше?" - дейді бір сахаба. Алла Елшісі (с.ғ.с.) сонда: "Бір қызы болса да солай", - деп жауап берген екен (Ибн Мәжә, Ахмед).

Аталмыш хадистен аңғарғанымыздай, кімде-кім қызының тәрбиесіне салғырт қарамай, оның барлық қиыншылықтары мен қуаныштарына төзімділікпен сабыр етіп, шүкіршілік танытса - жәннаттық болады екен. Демек, қыз баланың тәрбиесі өте жауапты да сауапты іс болып табылады. Бүгінгі таңда кейбір жандардың "төрт қыздың әкесімін" деп кеуде қағып, "жұмаққа кіретінін" айтып, жар сап жүргеніне куә болып жатамыз. Алайда, ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадисінен жұмақтың төрт қыздың әкесіне емес, әлпештеп өсірген перзентінің бойына имандылық пен ізгілік дәнін егіп, дұрыс тәрбиелегенге нәсіп болатынын аңғарамыз.

Халқымызда "қызға қырық үйден тыйым" деген қанатты сөз бар. Әр мақал-мәтелі қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисімен үндескен дана халқымыздың тектен-тек қызға қырық үйден қарауыл қойып, қырық түрлі тыйым салмағаны айдан анық. "Қыз бала - жат жұрттық" деп әуел бастан-ақ жасауын белгілеп, жабдығын бөлек жинаған халқымыз бұрымды перзентіне қашанда "болашақ ана" деп қараған. "Барған жеріңе балдай батып, судай сің" деп құлағына құйып отыратын әжелеріміздің ақыл сөздерінің арғы жағында "қызына тәрбие бере алмапты, дұрыс тәрбиелемепті" деген масқараға қалмау қаупі аңғарылып тұр. Демек, қыз бала өзі келін болып түскен шаңырақтың берекесі мен бірлігін арттырып, ұйытқысы болуы қажет. Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: "...Әйел - отбасы, ошақ қасына, ерінің меншігіне жауапты...", - дейді.

ҚҰРБАНДЫҚ - ЖАРАТҚАННЫҢ РАЗЫЛЫҒЫНА ЖЕТЕЛЕЙДІ

 Дінімізде орны ерекше мерекенің бірі ол - Құрбан айт мейрамы. Құрбан сөзі "Аллаға жақындау, Алланың разылығын табу" деген мағынаны білдіреді. Бұл күндері шамасы келген әрбір мұсылман баласы құрбан малын шалып, Алла алдындағы міндетін өтеп, сауап іс жасауға асығады.  Құранда Алла Тағала былай бұйырады: "Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал" ("Кәусар" сүресі, 2-аят).

Иә, құрбандық шалу шариғатымызда мал-мүлік арқылы атқарылатын ғибадат түріне жатады. Алла разылығы үшін құрбандық шалған кісілерге көптеген сауап уәде етілгендігі жөнінде ардақты пайғамба-рымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай дейді: "Ешбір құл құрбан күні Алланың құзырында құрбандық қанын ағызғаннан артық жақсы амал жасай алмайды. Өйткені, шалынған мал қиямет күні мүйіздерімен, қылдарымен және тұяқтарымен келеді. Шалынған құрбандықтың қаны жерге ақпастан бұрын Алланың құзырында жоғары мәртебеге жетеді. Олай болса, шын көңілмен құрбан шалыңыз".

Құрбандық шалудың сауабын сұраған сахабаға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Құрбанның әрбір қылы үшін бір сауап бар", - деп жауап берген. Сахаба тағы да: "Уа, Алланың елшісі, шалынған құрбандық мал жүнді (қой, қозы сияқты) болса, сауабы қандай болады?" - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Жүннің әрбір тал қылы үшін де бір сауап бар", - деп жауап қайырған екен.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.