Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Шамшырақ

Құранның ақыл мен рухқа әсері

Құранда адам баласының ақылы мен рухына, тіпті барлық сезімдеріне қажет нәрселер түгел қамтылған. Құранда жеке тұлға, қоғамдық, рухани һәм ақыреттілік ғұмырға тиісті қажеттіліктің тұтасы болғандықтан ол дертке шипа, жанға дауа кітап. Құран негіздері пенденің "толық адам" шыңына қарай қанат бітіріп, һәм нәпсінің тізгінін тартып, рухтың асқақ сезімдерін қанағаттандыруда ерекше дара. Құран адам жаратылысына сәйкес болғандық-тан олар түсінетін дәрежеде сөз қозғап, ой-са-насына қажетті барлық зәру ілімдерді үйретеді. Құран - жер бетіндегі пенденің санасындағы өз өлшемдерінің кемістігін аңғартып, илаһи өлшем арқылы ой-сананың негізгі мәселелері-не айналған ғаламзат пен адамзаттың жараты-лыс мақсаты мен нәтижесі һәм саналы адам-ның қай жақтан келіп, қай бағытқа қарай асық-қанын анықтап, жөн сілтейтін ақырғы илаһи кітап. Құран адам баласының жұдырықтай жүрегі рухына тән күллі қажеттілік пен мынау дүрбелең, күйгелек дүниеде бойын жылытып, денесіне қан жүгіретін, һәм көңілін тарқамас нұрға малып, болмысын қанағаттандырып барлық ілім мен негіздерді қамтыған.

Құран адамның ақылын қайрап, рухын ұштауда көптеген әдістер пайдаланған. Олардың бірі мынау: Аллаһ Тағаланың жалпы әлемдегі жаратылыстарының бәрі де таңданарлық аса ғажайып нәрселер. Бірақ, өкінішке орай, адам баласы осынау ғаламат өнер мен ұршықтай иірілген әлемдегі жүйелі мұғжизалық құдіретті көре, сезе алмайды. Күннің жер бетіне сәуле шашып, жылу беруі, айдың жарық беріп, шырақтық қызметін атқаруы, жердің өз осінен айнымай, құшағындағы тұрғындарын түсіріп алмай, әлдилеген әжедей белгілі бір жылдамдықпен самғай ұшып келе жатса да, жер бетіндегі өсімдік атаулының өсіп-өнуі және барлық жан-жануарлардың адамға қол қусырып қызмет етуі, т.б нәрсенің бәрі дәрменсіз пендеге үйреншікті жай нәрсе болып көрінеді. Егер бір адамды туа сала қараңғы бір жерде дүниеден мүлдем хабарсыз етіп, өсіріп, жасы ұлғайғанда жарыққа шығарса, оған әлемдегі қозғалыстың бәрі ғажайып болып көрінер еді. Бірақ адам баласы жасынан көріп, біліп өскен соң барлық нәрсеге көзі үйреніп кетпек. Һәм имансыз адамдар олардың бәрін себептерге қатысты етіп, солай болу керек деп топшылап, дүниедегі ғажайып ғаламаттан мақұрым бейғам күй кешеді. Міне, хақ Тағала адамның санасы мен көзіне түрілген бейғам пердесін Құранның алмас семсер сөздері арқылы қақ айырып, әлемдегі илаһи құдіретке тиісті мұғжизаларды саналы жандардың көз алдына жайып салып, назар салдырып сарқылмас қазынаның қақпасын ашады. Құранда осыған қатысты жүзден астам аят бар. Құран саналыға Ұлы Жаратушының ғажайып өнерлері, яғни элементар бөлшектен алып жұлдызға дейін назар аудартып, ойланып, толғауға әмір етеді. Осылайша олардың бейғам түңліктерін түріп, санасын түртіп, оятып жүректерге даңғыл жол ашады.

Мысалы, "Бақара" сүресінің 164-аятына назар салайық: "Расында, көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алмасуында, адам баласына пайдалы нәрселермен теңізде жүзген кемелерде һәм Аллаһтың көктен түсі-ріп, онымен өлі жерді жандандырған жауында әрі жер бетіне тіршілік жаратып, әр түрлі жан-жануарларды жайып таратуында һәм желдер-дің бағыттарын өзгертіп тұруында және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлттарда, әлбетте, ой тастап, санасын саралап, қараған жандар үшін сөзсіз Аллаһтың барлығы мен бірлігіне қатысты қанша дәлелдер бар".

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.