Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Сыр сұхбат

Қазақ хандығы Жаңа заманда құрылған қазақ мемлекеті болды

 

 "Қазақ халқы - тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау қасиетті ұлы даласын табан аудармай дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық. Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі Қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы - сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық".

Иә, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінде жазылған қанатты сөздер. Шындығында қабырғалы қазақ елінің тарихы қай кездерден бастау алады, дүйім жұрт болып тойлағалы отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы ұрпаққа не береді? Бұған тарихшыларымыз не дейді? Осы орайды тарих ғылымдарының докторы Дастан Яхияұлы Сәтбаймен әңгімелесуді жөн көрдік.

«Абай бейнесін ойнау үшін үлкен жүрек керек»

 Бақытбек Темірбеков,

Жастар одағы сыйлығының лауреаты, актер:

«Әлімсақ» журналының сыр-сұхбат айдарының бүгінгі қонағы Сыр жұртшылығына белгілі, Нартай Бекежанов атындағы драма театрының белді актеры Бақытбек Темірбеков. «Жылдың үздік актеры» номинациясы, облыс әкімінің стипендианты, Жастар сыйлығының лауреаты Бақытбек Темірбековпен сұхбат жүргізудің сәті түсті.




- Бақытбек аға, өзіңізді теaтр әртісі ретінде көпшілік жақсы таниды. Негізінен өнер, талант деген дүние әркімге бірдей бұйыра бермейтін несібе. Сізге өнердің киесі кімнен дарыды, әлде бұл өнер ата-баба қанымен келді ме? Өнер жолына қалай келдіңіз?

- Мен бала кезмнен өнерге құштар адаммын. Ән салу, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу, көңілді кештер ұйымдастыру, отырыстар өткізуді бала кезімнен жақсы көретінмін. Өнерге құштарлығымнан бөлек, спортқа да әуестігім бар еді. 1989 жылы Алматыдағы Қазақ спорт институтына байқауға барып, өз бағындым сынағым келді. Бірақ жолым болмай, қайтып оралдым. Келе сала, азаматтық борышымды өтеймін деп әскерге аттандым.

Әскерден оралғаннан соң Сыр еліндегі оқу орындарының қара шаңырағы саналатын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка факультетіне оқуға түсіп, оны 1998 жылы бітіріп шықтым. Сол жылы театрдың көркемдік жетекшісі болған Ерғали Оразымбетов ағамыз театрға жаңа әртістер, жаңадан труппалар қабылдап жатыр екен. Ойымда ештеңе жоқ. Мамандығым ән-күй пәнінің мұғалімі болса да, өзімнің несібем театрда шығар деп бағымды сынап көрдім. Драма театрға еңбегі сіңген Алмас Қаржаубаев деген азамат арқылы 1998 жылдың 9 тамызында театрға қабылдандым. Сол жылдан бері, міне, қазір 16 жыл бойы осы Нартай Бекежанов атындағы драма театрының қабырғасында еңбек етіп келемін.

– Аға, бұрындары қандай да бір қысылтаяң кезеңдерде жеке басының мұң-мұқтажынан бұрын ұлттың мүддесін жоғары қоятын азаматтар болатын. Бүгінгі қоғамда мұндай азаматтардың сиреп барап жатқанының себебі неде деп ойласыз?

- Дұрыс айтасыз. Ел, жер үшін, ұлтының мүддесі жолындағы азаматтар бүгінгі қоғамда сиреп кеткені рас. Өйткені кешегі ұлтымыздың қамын жеген азаматтар уақыт өте келе тарихтың келесі бір парақтары ашыла бастағанда ғана жарыққа шыға бастайды. Мәселен, Мұстафа Шоқайды кезінде қалай даттадық?! «Халық жауы, елдің жауы» деп, сыртынан небір ғайбат сөздер айтылды. Бірақ уақыт өте келе, заманына сай келе ұмыт болған тұлғаларымызды өскелең ұрпаққа насихаттап келеміз. Халық арасында ала да, құла да болады, «бүгінгі заманда ұлт зиялылары, аузы дуалы тұлғаларымыз бар» деп, дөп басып айту қиын. Әрине, бар да шығар. Бұл тек менің жеке субьективтік пікірім.

- Түбі бір түркі жұртының тағдыры талқыға түскен шақта, ел бірлігін сақтауда аянбай күрескен Мұстафа Шоқай болатын. Өзіңіз ұлы тұлғаның ролін сахналап шықтыңыз. Мұстафадай қайраткерді ойнағанда қандай сезімде болдыңыз, әсері қандай болды? Образды аша алдыңыз ба?

- Жалпы образды жүз пайызға толық орындадым деген әртістер бар шығар. Бірақ мен олай деп айта алмас едім. Өйткені адамнан адам жасау – қиынның қиыны. Ұлы тұлғалардың бейнесін елдің, халықтың алдында сахналау өте жауапты іс. Себебі ұлтымыздың мақтаныштарын сахнаның құдіреті арқылы біз тірілтеміз. Сол себепті де театрға келетін жастардың санасында дұрыс ой қалдыру үшін бар күш-жігерімізді сарпып, образды алып шығуға жұмыс жасаймыз.

Ал, өзім сахналаған Мұстафа Шоқай образына келер болсақ, Мұстафа туралы жазылған дерек, түсірілген кинотуындылардың қатары аз. Әрине, түркі жұртының көсемі болған Мұстафаның бейнесін халыққа жеткізу жолында мен ізденбедім деп айта алмаймын. Тарихшы Көшім Есмағамбетовтің «Әлем таныған тұлға» кітабын оқып шықтым. Негізінен өзім де сол Шоқайдың ауылы Сұлутөбе деген жерде дүниеге келгенмін. «Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, аға буын өкілдерінің әңгімелері арқылы тұлғаның бейнесін жасап шығардым. Мұстафаның жүріс-тұрысы, сөйлеу манерасы, ішкі жан дүниесі, тұлғалық бейнесін дәл салмағаныммен, автордың берген идеясын, өзіме қойылған міндетті орындадым деп ойлаймын. Бағасын халық береді.

- Мұстафа Шоқайдың бейнесі суреттелген кино жарыққа шыққаны белгілі. Өзіңіз бұл киноны көрдіңіз бе? Киноның  мазмұны турасында не дейсіз? Сіз актер ретінде Мұстафанын образын ойнап шықтыңыз. Кинодағы Мұстафаның бейнесі қандай екен?

- Иә, бұл фильмді өз басым көріп шықтым. Менің актер ретіндегі көзқарасым біреуге ұнамауы мүмкін. Дегенмен де Мұстафа Шоқайға арналып түсірілген кинода белгілім тұлғаның біз білмейтін, мәлім де беймәлім қырларын көре алмадым. Барлық архивтерді ақтар келе, ізденіспен жасалған туынды болуы мүмкін. Менің ойымша, бұл кино бір көргенге болатындай етіп түсірілген секілді.

Түркі жұртының көсемі жайында сұрап жатырғаннан кейін, мына нәрсенің ерекше астын сызып айта кеткім келеді. Сұлутөбе қыстағының орталығында Мұстафа Шоқайдың бюсті қазірде, кезіндегі Қызылордадағы ұлы Абайдың ескерткіші секілді, аққа оранып, «мен бір жұмбақ адамның» кейпін кейіп тұр. Көргенімде неге бұл бюстінің былай тұрғанын білмей дал болғанмын. Жергілікті атқамінерлер Мұстафаны жұмбақ келбетін ашуға тырыспай ма, түсінбедім.

«Халықтың әншісі болғым келеді»

«Күншуақ» конкурсының гран-при иегері, Қызылорданың жас жұлдызы Жанмұхаммед Төлепбергенұлы:  

Елімізде халықаралық байқауларды еңсеріп, ұлттың бет-бейнесін әлемге танытып жүрген жас өнерпаздарымыз жетерлік. Жас таланттыларды демеп, өнерпаздарға есігін айқара ашқан байқаулардың бірі – «Күншуақ» фестивалі. Жыл сайын дәстүрге айналған байқау биыл 12-рет өткізіліп отыр. Сыр елінің абыройын асқақтатуға Оқушылар сарайының өнерпаздары қатысып, бақтарын сынап қайтты. Алты күнге созылған байқауда аймағымыз биік тұғырдан көрінді. Халықаралық «Күншуақ» конкурсының гран при иегері Жанмұхаммед Төлепбергенұлы мен ұстазы Тұрсынкүл Сапарованы «Әлімсақ» журналы жеңістерімен құттықтай отырып, сырласу алаңына шақырып, дидарласты.

 

«Кез келген туындыдан қазағымның иісі бұрқырап жатуы тиіс»

Төлепберген Тоқжанов, 

күйші-композитор, Қазақстан Республикасы Композиторлар 

одағының мүшесі, қауымдастық -профессоры:

 

Қазақтың күйшілік өнеріне өзінше дем беріп жүрген, туындыларында ұлттық құндылықтары мол композитор Төлепберген Тоқжановтың өнер саласына қосқан үлесі зор. Сыр бойынның тарихи тамырын күй арқылы тындарман жүрегіне жеткізе білген композитор Төлепбереген Тоқжановты «Әлімсақ» журналы сыр-сұхбат алаңына шақырып, дидарласты. Өнер әлеміне терең үніле білген әнші-композитордың салихалы сұхбатын ұсынғалы отырмыз.

 

«Бүкіл әлем Аралға келгенде әлі соқыр, әлі мылқау, әлі үнсіз»

Халқымыздың өткеннен сарсылып жеткен сарқытын, сақталып келген мұрасын сарапқа салып, кейінгіге кеңінен насихаттауды мұрат тұтқан, ұлағатты сөзді ұлықтап, ұлт тәрбиесінің өзегі болуды басты міндет еткен ой иелерінің майдан алаңы – әдебиет. Сол бір қадымнан бері келе жатқан салттың тарқамас тіні, үзілмес жіптігі болған бүгінгі қалам ұстағандар екені де мәлім. Осы орайда әлімсақтан бергі рухани құндылықтарымызды тынбай насихаттап, айтары арыны меңзеп, алысты нұсқап келе жатқан республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының 5 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылымына елімізге белгілі прозашы, публицист Сайлаубай Жұбатырұлын қазіргі қоғамның рухани өмірі турасында әңгімеге тартқан едік. 

Сайлаубай Жұбатырұлы «Алыстағы аралдар», «Жасыл сағым», т.б. кітаптары мен «Абыржы» трилогиясы, көптеген киносценарийлері арқылы оқырман қауымға етене таныс қаламгер. Ол сонымен қатар Арал проблемасын әлемдік ауқымда мәселе етіп көтеруде еңбегі ерен қайраткер. Ендеше, ісімен ірі, сөзімен ел таныған ерек тұлғалардың бірі болып жүрген эколог-жазушы, «Парасат» орденінің иегері, журналдың ақылдастар алқасының мүшесі Сайлаубай Жұбатырұлымен болған сұхбатымызға назар салғайсыз.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.