Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Сыр сұхбат

«ҚОЖАЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН ДЕ ҚАСІРЕТІН ДЕ ДІНІМІЗГЕ ДЕГЕН АДАЛДЫҒЫНАН ІЗДЕУ КЕРЕК»

 Қаншама ғасырдан бері қалың қазақтың ортасында жалғыз үй отырып, жеті атасынан бері өз жолынан айнымай, қарасының ислами иманына қалқан болып, алты алашқа қызмет етіп келе жатқандардың қожалар екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бұл - қазақ қожаларының биік мәртебесі. Қасіреті де осы. Олай дейтінім, күні кешегі арада өткен жетпіс жылдың ылаңы, ақ патшаның боданы қазақ даласының әлеуметтік құрылымына түбегейлі өзгеріс алып келді. Қожалардың басына түскен нәубеттің беті ерекше болып, қуғын-сүргінге ұшырады. Егемендігімізді алып ел болған бүгінгі күні де оның салқыны арқамызды аяздай қарып, салқыны сезіліп тұр. Өткен замандардағы Тәуке ханның "Жеті жарғысындағы" қожа баласы қатысындағы үкімі қолданыстан қалуы - уақыттың заңдылығы. Бірақ, дәстүр сақталды. Халықтың жадында жолы қалды. Қазіргі күнде қожалардың қоғамдағы орны өзгерсе де, халық алдындағы міндетін қал-қадірінше жалғастырып келе жатқандар көптеп саналады. Оларға деген құрметке сызат түскен жоқ. Қасіретінен мәртебесі биік болатыны да сондықтан.

- Сейт-Омар Саттарұлы, жиырма жылдан астам уақыт көлемінде белгілі тұлғалардың ата-тегін зерттеп, қожалардың шежіресін жи-нақтауда еңбек етіп келе жатырсыз. Ізденісіңіз ондаған жылдарға созылып, өзінің иіріміне батырып әкететінін білдіңіз бе?

- Шежіре - арабша "шаджарат" деген сөзден шыққан ағаштың бұтағы, тармақ, деген сөз. Үрімбұтақ тізбесін түгендеу жасы үлкен аталарының міндеті болып, жасы кіші жалғастырып отырған. Бұл да халықтың қасиетті мұрасы, рухани мәдениетінің маңызды бір бөлігі. Адамның тегіне қатысты қазақтың даналық сөздері дөп айтылған. Ата дәстүріне сай, бұғанасы қатпаған баланы "руымыздың қожасы болсын" деп, ірі рубасылары атасынан ажыратып, еліне алып кетіп отырғаны аян. Осы күні ажырап қалған қожа баласының бүгінгі ұрпақтарының түп қазығын іздеуіне түрткі болған көп нәрсе бар. Соның бірі, егемендік алып әр ру өз шежіресін жаза бастағанда сол рудың ішінде өскен аз қожа шеттеп қалды. Сол кезде "біз кімбіз?" деген сұраққа жауап іздеу басталды. Жақында Керекуде керемет кездесу болды. Профессор інім Амангелді Апушевпен біраз жыл бұрын танысқан едім. Оның арғы аталары ертеректе Арғынның бәсентині ішіне сіңіп кеткен болса керек. Жөн жобасын айтатын қарттар дүниеден өткен, кейінгі жас шыққан тегі жайында ойланбапты да. Содан бәсентиндердің шежіресі шыққанда, өзін тізімнен көрмей "менің руым бәсентин емес пе еді?" демей ме? Шежірешілері "қай буынға қосарымызды білмедік" деп төмен қарапты. Содан іздестіре келе, олардың Диуана қожаның ұрпақтары екенін анықтадық. Қожалардың біразы Қытайда, Моңғұлда, Түркменстанда, қырғыздар мен қарақалпақтардың арасында да жүр. Осы жиында Омбыдан екі қандасымыз келді. Олар да әкелерінің айтып кеткен бір сөзінің арқасында өзінің тегін тапты. Бір жылда үш-төрт топты қазығына қайта байлап, бірін-бірін табыстырып, сауабын алып жүрмін деуге болады. Ал, түп қазығын табудың түрлі әдісі бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын, Ертіс өңірінен Советқазы Жанкелдіұлы деген бауырыммен танысқанымда, "бұлтқа мініп ұшатын қожалармыз" деген бір ғана мәліметті айтты. Сөйтіп Сәкеңнің "сабұлт" Шахбұзұрұқ қожалардан екенін анық-тадым. Алайда, еш ілмегі жоқ, қараның қатарында да жоқ ағайындар да жеткілікті.

- Арқауынан ажырап қалғандар сөз болғанда, Байқара бидің баласы Ақтайлақ бидің тұсында Арқаға келген қожалардың ұрпақтары жайын-да ғой...

- Бірде Семейден қырық шақырым жерде тұратын Қайырғали деген азаматтың еліне келдім. Ағайындар жиналып күтіп отыр екен. Қойға бата беріп, қазанға түсті. Үй иесі жан-жағымен хабарласып, "қожалар іздеп келді" деп мәз-мейрам. Қарасам, ақсақалдары көкірегі ашық адам екен. Осы өңірде көп жылдар бойына зоотехник болып жұмыс істепті. Ұл-қызын жетілдіріпті. "Жасым біразға келді, мен қатарлы ешкім қалмады, әке-шешемнің мазары карьердің астында қалды" деді. "Көзімінің тірісінде негізімізді таппасам, келер ұрпағыма не деймін?" деген ойы көңілге қонды. Ол да Орта жүздің мекені Семей өңірінде Ақтабан шұбырындыға дейін, әр тайпаның бір-бір қожасы болғанын айтты, алайда "қайын сауып, ши шайнап, бақа-шаян қақтап жеген" заманда барынан айырылып қалғаны да рас. Менің ойым 1699-1775 жылдары өмір сүрген Найманның сыбан руынан шыққан атақты Байғара бидің оңтүстіктен қожаларды алдыруына қатысты мәліметті анықтау еді. Ол "Шайханның кемпірі бар. Оның жайын бір білсе, сол біледі" деп, бір кейуанаға ертіп барды. Аягөздегі апамыз үйінде екен. Татар тақылеттес ақсары келген жеңгемізге жағдайымызды айттық. Содан әңгімесін бастады. "Осы отанға келгеніме алпыс жылдан асып кетті. Келін болып түскен күнімнен бастап өзгеріссіз келе жатқан дәстүр бар. Ол жыл сайын наурызда Байғара бидің басына үй тігіліп, құран түсіріп, зікір салып, ертесіне Ақтайлақтан бастап басқа да би-шешендердің басын аралаймыз" деді. "Мен түскенде қайын атам жас еді, баласымен құрдасындай әзілдесетін" деді кемпір жас күндерін еске алып. "Сонда бұл қожаларды Байғара бидің әкелгенінің дәлелі ме?" деп едім, "түсініп отырсың ғой" деді. Демек, бұл жердегі қожалар үшін Байғара бидің орны ерекше, бірнеше ғасырдан бері ұрпақтарының құрметі қалыптасқан. Қолда бар деректерді салыстырғанда, Арқадағы ел қазақтың қайратының арқасында қалмақтан босаған заматтан бастап, Аягөз, Арқат, Шыңғыстау маңына Байқара бидің бастауымен Түркістан, Шаян маңынан 40 үйге жақын қожалар көшіп барады. Оларды ру-руға бөліп, реттеп отырған Байғара би. Демек, Арқаға алдыртқан қожалардың "құлпы мен кілті" биде болған.

«Мемлекет қорғауындағы ескерткіштер күтімді қажет етеді»

 

Ел егемендігін алып, шекарасын бүтіндеп, өз алдына жеке дара мемлекет болып құрылған жылдары елдің экономикалық әлеуеті һәм халықтың жағдайы тым мәз емес еді. Себебі бодандық құрсауынан шығып, еңсесін енді көтерген жас мемлекеттің даму сатысына қадам басуы үшін көзді жұмып, тәуекелге бел байлау керек болды. Халық үшін маңызы бар ірі-ірі өндіріс ошақтарын ашып, зауыттар салу, сол арқылы бүкіл елді еңбекпен қамту басты назарда еді. Қиындыққа шырмалған кезеңде елдің дамуына теміржол саласының үлесі зор болатын. Әлбетте, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары теміржол саласында да талай қиындықтар болды, бірақ елмен бірге еңбек еткен мамандардың табанды еңбегінің нәтижесінде теміржол саласы ел экономикасының дамуына тыңнан түрен салды.

Еселі еңбек пен төгілген маңдай тердің арқасында сала қайта жанданып, тіпті теміржолдың екінші тынысы ашылғандай әсер қалдырды. Міне, сондықтан да болар, халық арасында теміржол - экономиканың күретамыры деп аталып кетті.

 

«Менің қай тақырыптағы туындыларым да аралмен сабақтас»

 










Армысың Ақбас Арал асау Арал,

Көк күмбез күн сәулелі әсем Арал.

Қажысам қайрат берген, айбат берген,

Мен сені туған анам десем болар.

 

Қашаннан сырласым ең, мұңдасым ең,

Өнерге сен арқылы жалғасып ем.

Жайыңды білейін деп күнде келем,

Арысым, қам көңілді болғасын сен...

 

Ән салып аймаласқан таң алаңда,

Аққу-қаз көрінбейді жағалауда.

Өзіңнің көркің болған еркелерің,

Япыр-ау, азайған ба шағалаң да?!

Иә, осыдан 40 жыл бұрын, 1975 жылы Арал теңізінің күйі тайып, көпшілік туған жерінен қимастықпен көшіп жатқан кезде, Мұрат Сыдықов "Аралмен мұңдасу" толғауын тебірене отырып шығарған еді. Сол Аралдың Мұраты - арда қазақтың Мұраты Аралынан безіп кеткен жоқ, Аралын жырлап, туған жерінің ыстығына күйіп, суығына тоңып, әлі Аралда тіршілік етіп жатыр. Оның түрлі жанрдағы шығармалары теңізбен үндескен. Бір ғана осы "Аралмен мұң-дасу" атты жыр-толғауы "Арал проблемала-ры", "Жоқтау" деректі телефильмдерінде орындалып, адамзаттың жүрегін тербеп оятқан құнды дүние.

 

Алғаш рет жолдасыммен бірге ән шырқадық

 

Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурызда белгілі әнші Күлән Жантемірқызы Қалымбетова-ның киелі сахнада жүргеніне 35 жыл толуына орай "Жібек сезім" атты халық алдындағы есеп беру кешін өткізді. Мерекелік кеште өнер жұлдыздары Б.Жанұзақ, Г.Сіргебаева, Д.Болатбаев, И.Ахметова және "Тұран" триосы, "Ақмешіт" ансамблі, "Томирис" би тобы өнер көрсетті. Күлән Жантемірқызын өнер көгінде жүргеніне 35 жыл толуымен құттықтап, өнерсүйер қауыммен бірге біз де концерттің қонағы болып қайттық. Кештің өзіндік ерекшелігі де болды. Осы турасында толығырақ білу үшін кеш иесімен арнайы сұхбат құрып, әңгімелескен болатынбыз.

Күй құдіретін күмбірлеткен ұстаз

 

Құрманғазы атын-дағы Қазақ ұлттық консерваториясының қауымдастық профессоры, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күй құдіре-тін көкірегінде күмбірлеткен ұстаз, өнерге ұшан-теңіз еңбек сіңірген жаны жайсаң азамат Төлеп-берген Тоқжановты бүгінде өнерге жақын жан-дардың білмейтіні жоқ. Биыл ол ердің жасы саналатын елуді еңсеріп, тағы бір асуды аттады. Қызылордалықтар бұл айтулы мерейтойды атау-сыз қалдырғысы келмесе керек, ақпан айының соңғы күндері 2 күн бойы Төкеңнің есімін Сыр өңірінің аспанында қалықтататын болады.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.