Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Сыр сұхбат

Домбыраны бір ай ішінде үйрендім

Ел құндылықтарын, ата-баба мұрасын суырыпсалмалық қасиетімен ауыздан-ауызға жеткізіп келген жыраулардың ғажайып туындылары ғасырдан ғасырға сабақтасып, жалғасын тауып келеді. Жыраулық өнердің бір көрінісі ретінде Сыр бойында өмір сүрген тұлғаларды айтуға болады. Сырдағы жыршылық мектепті қалыптастырған Нұртуған, Жиенбай, Нартайлардың толғау-термелері ел арасында кеңінен танылған. Осындай ұлы өнерді насихаттап жүрген жастар да бар. Сырдың сазды мақамымен жыр-термелерді нақышына келтіріп орындайтын жас жырау Феруза Оңталаппен әңгіме барысында киелі өнердің қыр-сырына қанықтық.

- Феруза Мейрамбекқызы, жыраулық өнерді таңдауыңызға не түрткі болды?

 - Белгілі жырау, ұстазымыз Алмас Алматов шәкірттеріне "Өнерге адам бір күнде және бір күнге келмейді" деп үнемі айтып отырады. Қорқыт ата топырағында дүниеге келген әрбір адамның бойында жыраулық өнерге деген махаббат бар. Сол ынтаны әрі қарай баулып, жыршылық өнерге бейімдесе ғана осы жолға түсуге болады. Менің жыраулық өнерге келуіме ата-анам ықпал етті. Олар жастайымнан үйірмелерге беріп, қабілетімді шыңдауға мүмкіндік жасады. Бір жағынан, түп нағашы­ларымның кезінде жүз шайыр шыққан Тұрма­ғамбет ауылынан болғаны да әсер еткен шығар, бәлкім. Ол ауылда жыр айта білмейтін жан жоқ­тың қасы. Домбыраның үніне, Сырдың мақам-саздарына деген ғашықтық мені жыраулық өнерге әкелмей қоймады.

 

«Ұлттық бояуды жоғалтпау – өнердегі парызым»

     Өнерге адалдық пен қатар жанашырлық қажет. Халық әндеріне жаңаша әр беріп, термелерді үлкен сахнаға шыға-руды мұрат тұтқан Өмірқұл Айниязов өнердегі олжасын сырттан іздемей, ұлт-тық дүниеден тапты. Елден-елге жетіп, бүгіндері ұмыт болып бара жатқан ескі әндерді қайта жаңғыртуды қолға алған әншінің өнеріне елі сүйсінеді, тыңдарман-дары арқадан қағады. Ізденісі бөлек, талғамы биік Сыр елінде туған әнші, термеші Өмірқұл Айниязовты емен-жарқын әңгімеге шақырдық. Елін, жерін әнге қосқан өнер қайраткерімен сұхбат-таса отырып, оның ұлттық музыкаға адалдықпен қарайтынын түйсіндік.

ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, сценарист, режиссер, Оңталап НҰРМАХАНОВ: «ШЫҒАРМА ШЫРАЙЫ – ШЫНДЫҚТА»

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ақын, сценарист, режиссер, облыс әкімінің екі мәрте стипендиаты, ҚР Тәуелсіздігінің 10, 15 жылдық мерекелік медальдарының иегері Оңталап Дүйсенәліұлы Нұрмаханов - Сыр бойындағы өрелі өнердің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген белгілі тұлға. Режиссерлік қызметтің шыңына шыққан О.Нұрмаханов былтыр талантты жастардың басын қосып, көрерменге жаңа қойылым сыйлап, Сыр өңіріне жастар театрының қажеттігін сездірген.

Биыл облыстық мәдениет басқармасы басшылығы журналистермен кездескен сәтте журнал атынан осы жайтты еске түсіріп, қалаға бір жастар театрының керектігін айтқан болатынбыз. Ұзамай жағымды жаңалық құлағымызға тиді. Оңталаптың жастардың жігерін жаныған еңбегі  текке кетпейтін сыңайлы. Біз осы жайттың анық-қанығын білу мақсатында  жастар театрын құру идеясының авторы Оңталап Нұрмахановты оқырманымызға кеңірек таныстыру мақсатында сұхбатқа шақырып, ой бөліскен болатынбыз.

Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ: «Қазір әдеби өмір тоқырап қалған сияқты»

 

Қарап отырсаңыз, бүгінде жарыққа шы­ғып жатқан кітаптар жетерлік. Бірақ оқыр­манның қолына тиюі қиын. Астана, Алматы­дан шығатын кітаптар облыс орталықта­рына жете бермейді. Керісінше, аймақтарда жарық көретін кітаптармен астаналық оқыр­мандардың қауышуы қиын. Бар-жоғы 1000 данадан әрі аса алмайтын ақын-жазу­шылардың туындылары нағыз оқырманға жетпейді. Мемлекеттік тапсырыспен шы­ғатын кітаптардың өзі 2000 таралымнан аспайды. Екінші түйткіл, әр түрлі баспадан жа­рық көретін кітаптардың мазмұнына қа­рап жатқан адам жоқ. Біз білетін бір баспа­дан жылына 70-80 ірілі-ұсақты кітап шыға­ды. Бірақ іліп аларлығы он шақты ғана. Осы­дан кейін "кітап оқымайсың" деп, оқырман­ды да кінәлай алмайсың.

Аты аңызға айналған шоқжұлдыз

 

Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қо-са киген Алаштың ай маңдайлы аруы, жер шарындағы ең әдемі әйелдердің бі-рі, Ұлыбританияда өтетін жыл сайын-ғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған мега-жұлдыз, қазақ ханымы Роза Бағланова биыл ақпан айында 95-ке толар еді. Бағланова – туа біткен да-ра тұлға, талантты әнші, әлем халық-тары әндерін оның орындауында тың-дау ләззатына ешкім тең келмейді. Жа-ратқан оған талант, бақытты өмір бер-ді. Бұл сұхбат-портрет 1992 жылы «Қа-зақ теледидары» мен «Оcтанкино» ар-наларынан көрсетілген Роза Тәжібай-қызының 70 жылдық мерейтойына ар-найы дайындалған «Содружество» бағ-дарламасы мен «Семь встреч в Алма-Ате», «Ах, Самара-городок» хабарла-рынан эфирге берілмей қалған, ән-шімен журналисттің бірнеше мәрте кездесу барысындағы сақталған есте-ліктерден құралған. (Пленкадан қағаз-ға түсірілген нұсқасы).

Аты аңызға айналған ханыммен ди-дарласу бала кезімнен арман еді. Себебі, әнші жайлы ата-анамнан көп естігем. Роза Тәжібайқызы алпысыншы жыл-дары Қазалы-Аралға ән сапарымен кел-генде біздің үйде қонақта болған. Анам-ның айтуынша, содан бері әкем әншіге ғашық екен. Cәті түсіп, әлемді тамсан-дырған хас сұлудың алдында қобалжып отырдым. Әншінің дидарына қараған сайын ажарына көз тоймайды. «Сонда бұл кісі жас кезінде қандай болды»? деген пенделік сауал көмейімде кептеліп тұрды. Мінсіз ажар мен жай-наған жанарынан көз алмайсың. Бірақ ән мен сәннің Розасы 70-ке толады.

(1991 жыл. Қараша айы. Журналист дәптерінен).

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.