Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарих-таразы

Тұлғалар тұғырында тұр ма?

 

Қызылорда қаласының қала болып қалыптасу тарихы жайлы жергілікті тарихшылар арасында ғылыми толыққанды өзіндік бай тарихы бар, кезінде Орта Азия, Қазақстан үшін де, Ресей, Қытай үшін де зор стратегиялық маңызды қала болғанына ешкім дау айта алмайды. Кеңес үкіметі орнап, астана Орынбордан Ақмешітке көшіп келгеннен кейін қаламыздың тарихының жаңа кезеңі басталды. Тарихтың терең қойнауына кетпей, сол кездегі ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің орталығы болған Қызылорданың тарихында не қалды дегенде "біздерде мынадай бар, мынадай бар" деп айта қоятын мазалы ештеңе қалған жоқ секілді десем, мені оқырмандарым кешірер. Қазақтың алғашқы Елбасы Елтай Ерназаров қоғам қайраткерлері Ораз Жандосов, Сара Есова, Темірбек Жүргенов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және басқалары туралы алғашқы өнер ордасы - қазақ драма театрының осында ашылуы жайлы бүгін не айтып, не көрсете аламыз?

Солтүстік жорық, Бұланты шайқасы, аңырақай шайқастарындағы Әбілхайыр ханның рөлі

 

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қалыптасқан саяси жағдайлардың салдарынан Қазақ мемлекетіне тұтас жойылу қаупі төнген еді. 200 жылға созылған қазақ-жоңғар қақтығысы дәуірінде халқымыздың қаншама тұлғалары мемлекеті-міздің тұғырын сақтап қалу жолында аянбай қызмет етті. Солардың бірі қазақ тарихында есімі мәңгілікке алтын әріппен жазылған ұлт қаһарманы - Әбілхайыр хан.

Солтүстік жорық. 1723 жылы Орталық Азияда қалыптасқан саяси жағдайларға бай-ланысты Қазақ хандығы сыртқы саясаты көрші елдермен шиеленіскен түрде қалды. Сол жылы Цеван-Рабтан қонтайшының жарлығымен қазақ жеріне ауыр соққы беру жоспары дайындалады. Әбілхайырдың тарихын зерттеген И.В.Ерофеева: "ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары Жоңғар хандығы мен Қалмақ хандығының арасында келіссөздер жүргізіле бастайды. 1723 жылдың күзінде Еділ қалмақтарының ханы Аюкеге жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтаннан елші келеді. Келіссөздердің мақсаты Қазақ хандығына қарсы бір уақытта екі жақтан жойқын шабуылдар жүргізу арқылы қазақ мемлекеттілігін біржолата жою еді. Қалмақ ханы Аюке Ресей үкіметінен қазақ жеріне соғыс жүргізу үшін тұрақты әскер сұрайды. Алайда Ресей үкіметі аймақтағы әскери-саяси жағдайларға бейтарап саясат жүргізетінін мәлімдейді", - деп жазады.

Керей мен Жәнібек Жошының тұңғыш ұлы – Орда Еженнің кіндігінен тараған

 

Биыл - Қазақ хандығының 550 жылдығы. Қазақтың жүріп өткен сан тарау соқпақтарына тереңірек барып, бабаларымыз басынан өткерген әр кезеңді зерттеп-зерделеп, тарихи деректерді тірілтіп, қазақ ұлтына тіл тигізіп жүрген сасық ойлы саясаткерлер мен ғалымсымақтарға қарымта жауап қайтаратын, осыған байланысты ұлтына жанашыр тарихшы ғалымдардың білек сыбана іске кірісетін кезі.

Рас, биылғы мерейлі жылды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт болашағы үшін, қазақтың ертеңі жолында игі бастама көтеріп, оң шешім қабылдаған, рухымызды асқақтатуға мүмкіндік берген таптырмас сәт деп бағалауымыз керек.

Бүгінде ұлтымызды тануда жұмыстар басталып та кетті. Ғалымдар өз пікірлерін ортаға тастап, ой бөлісуге көшті. Осы тұста әріптесіміз Сабина Зәкіржанқызы тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлына сауалдар тастап, қазақ хандығының тарихында маңызы бар деректерге толы жауаптар алыпты. Біз төменде тарихшы ғалымның ой салар пікірлерін журнал оқырмандары үшін жария етіп отырмыз.

Мұстафа Шоқайдың немере баласы

 

«Жалғыз қалғанда адам түрлі ойға шомады. Көбінесе ойларым мені ауылыма, жаман ниетпен істемесем де, моральдық азап шегулеріне өзім себепші болған жақындарыма жетелейді. Бауырымның менімен көрісе алмай көз жұмғанының өзі мен үшін қаншалықты ауыр...

Көбі бұл күнде арамызда жоқ. Мен олардың ешбірімен арыздасып, қоштаса алмадым...

Үлкен ағамның жесір әйелі әлі тірі. Ол қалай өмір сүріп жатыр екен? Мені ең қатты ойландыратын мәселе де осы. Оларға бұл жақтан көмек те бере алмаймын. Мені кішілердің (інілердің) тағдыры ойландырады. Бәлкім, оларға көмектесетін ешкім болмағандықтан азып-тозып кеткен шығар».

Ұлыларын ұлықтаған ел азбас

Тіпті батырдың дұшпандары - орыс зерттеуші-лері сол кездердің өзінде-ақ оның ерекше ерлігіне, айрықша парасаттылығына, ісінің адалдығына, келе-шек ұрпақтарының мұншалық дара тұлғаны әлі та-лай еске алып дәріптей беретіндігіне ешқандай күмән келтірмеген. 

Орыстардың күмәнданбауы дұрыс екен, батыр-дың ұрпақтары бабасын ұлықтауды естен шығарма-ды. 1992 жылы Республикада алғаш рет ұлт-азаттық көтерілісшілерін ұлықтау, ас беріліп, ескерткіш орна-ту Қазалыда Жәкемді жарыққа шығарудан бас-талды.

Жаңақазалы поселкесінде батырға арналған ке-сене орнатылды, 2012 жылы сол кесененің 20 жыл-дығы аталды. Ол тектен-текке жасалынған шара емес еді. Сол кездегі аудан әкімі Мұрат Самұратұлы 2014 жылы Жәкемнің туғанына 240 жыл болғанын зерттеп ұйымдастыру жұмыстарын бастады.

Аудан әкімі Б.Д.Жахановтың 2013 жылғы сәуір айындағы өкімімен Қазалы ауданында 2014 жылы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл-дығын атап өтуді ұйымдастыру туралы өкімі шықты.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың №218 санды 8 тамыз 2013 жылғы өкімімен "Қызылорда облысында 2014 жылы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының мерейтойлық шараларын ұйымдастыру және өткізу" туралы саяси шешім қабылданды.

Тағы мақалалар...

  1. Жорабек Есенов кім?

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.