Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарих-таразы

КӨШІМ ХАН

 

Атам заманнан Арал - жеті жұрт қонып, жеті жұрт көшкен атышулы аймақ. Тіпті, бұл жердің қатпар-қатпар тарихын ғұндар мен сақ тайпаларынан көп бұрын мекен еткен Мезезой дәуіріне меңзейтіндер де жоқ емес. Айтпақшы, осы ауданның батысындағы Ақеспе елді мекенінің іргесінен ілгеріде акула мен киттің омыртқа, жақ сүйектерін тауып алған антрополог ғалымдар кезінде батыс баспасөздерін дүр сілкінтті. Осынау қасиет­ті жерді ілгері-кейінгі дәуірлерде армансыз шарлаған араб, еуропа жиһанкездерін де Арал атырабы еріксіз таң қалдырғаны кәміл. Әйтеуір, көзі ашық, көкірегі ояу былайғы ел "Арал теңізінің айналасындағы әр төбенің басы бір-бір тарих" деп ауыздарын ашып, көздерін жұмады...

Басқа басқа, заманында орыс патшала­рының зәре-құтын қашырған әйгілі Көшім хан Арал өңірінде туып-өскен деген тағы бір тың дерек алдымыздан аңдыздап шыға келгенде... жағамызды ұстадық. Апыр-ау, сонда бұл баяғы біздер мектеп қабырғасында оқып жүргенде тарихи оқулықтарда кездесетін, жаулаушы­ларының ойранын шығаратын Көшім хан болғаны ма? О кездері Көшім ханды бірыңғай бізге дұшпан етіп оқытып, әзірейіліден әрі теріс түсінік қалып­тас­тырған болатын. Тіпті, оны "Сібірді тонау­шы", "қанішер", "зұлым" деп суреттеп, нағыз қанішер Ермакты бұқараның жақтаушысы, ұлттық батыр ретінде дәріптеп, оған кешегі кеңестік кезеңде бүтіндей бір қаланы, мектеп, көше, тағы басққаларды лайық­таған еді.

Туыстас түріктер

 

(1786-1787 жылдары Кіші жүз билері мен батырларына түріктер жазған хат)

Сол 1786-1787 жыл-дарғы орыс-қазақ қарым-қатынасы құ-жаттарына есімі енген Матығұл Нұр-бай би басқа да өзімен терезесі тең, тепсеңі бір Кіші жүз билері мен батырларына қандас бауырла-рымыз түріктер хат бағыш-таған жылы тура 71-72 жаста-ғы ақылы дария ақсақал екен. Сол жылы ғана Кіші жүзді қырық жыл билеп-төстеген Нұралы ханды тақтан тайдыр-ған 50 бидің сапында азулы, ықпалды, білікті би атанған Нұрбай бабамыз түбі бір туыс түріктер жазған үшбу хаттың мазмұнын зердесіне тоқы-ғандар қатарында еді.

Ол түріктердің айдай әлемге айтқаны болып, алдына кесе-көлденең тұрғандарды айда-уына жүргізіп тұрған айтулы кезеңі болатын. Заманында төрткүл әлемнің тұс-тұсында үстемдік құруға ұмтылған тү-ріктердің аты Осман сұлтан-дығы кезінде тіпті асқақтап кетті. Олардың басты жауы – Кавказ бен Қара теңізді сүлік-тей сорып жатқан орыс патша-лары болатын. Екі жақтың бі-тіспес үлкенді-кішілі соғысы, саяси жанжалдары, диплома-тиялық дау-жанжалдарының негізі құрлықтағы жер бай-лығы мен судағы басымдыққа қол жеткізу болатын.

Мұстафа Шоқай және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

 

Белгілі жадитшіл ағартушы Қоңырқожа Қожықов Қазақстан мен Түркістан аймағында болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу үшін жіберілген жазалау отряды мен орыс мұжықтарының мейірімсіз және айуандық іс-әрекеттерін Түркістан генерал-губернаторы Куропаткинге баяндап жазады. Сонымен бірге Ташкентте эсер В.Чайкиннің редакторлығымен шығып тұрған "Голос Туркестана" газеті редакцияның ұсынысына қосылып, Түркістанға Ресей Мемлекеттік Думасы мұсылмандар фракциясының уәкіл­дерін шақырып, көтерілістен кейінгі репрес­сия нәтижесімен танысуды талап етеді. Осыған байланысты 1916 жылы Түркістанға келген Тевкелеев, Керенский, Шоқаевтарға Қ.Қожы­қов жазалау отрядының мейірімсіз және айуандық іс-әрекеттері туралы бар құжаттарын тапсырады [Бәкірұлы Ә. Мұстафа Шоқай әулетінің қуғынға ұшы­рауы //М. Шоқай. Таңдамалы шығар­малар. Үш томдық 3-т.- Алматы: "Қай­нар".-2007. - 336-375 бб.].

Қазалы уезінің құрылу тарихы

 

Қазалы бекетінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Сырдарияның оң жағына орналасқан Қазалы қаласы ең алғаш рет 1847 жылы Қазалы форты болып негізін қалады. 1853 жылы №1 форт деп аталатын әскери бекініс құрылды. Патшалық Ресейдің шенеуніктері жергілікті халықтың арасынан шыққан өте беделді, артынан елді ерте алатын, сауатты, оқыған адамдарды осы бекініс-қалалардың құрылысына кеңінен қатыстырған. Жергілікті оқығандар қала салуға қай жердің ыңғайлы екенін, патша шенеуніктеріне қарағанда жақсы білген. Орыс тілін терең меңгерген, суретші, зауряд-хорунжий Сердалы Бекшоринді, би Рахмет Айтов, би, әрі хорунжий Үмбет Молдағалиұлы, Жақайым руының биі Жетес Қыстаубаевтарды Қазалы қаласының құрылысына пайдаланған. №1 форттың жобасы әскери құрылыс инженері Богдановтың жобасы бойынша жасалып, 1853 жылдың күзінде құрылыс жұмыстары жүргізіле бастайды. Форттағы әскери горнизонды, башқұрт жұмысшыларын, инженерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді патша үкіметі арнайы реттеп отырған. Қазалы №1 форт болып құрылғаннан кейiн оның алғашқы тұрғындары Райым бекiнiсiнен қоныс аударғандар, Орынбор казактары, Арал флотының матростары, солдаттары болды. Кейiннен мұнда Орал казактары, қырғыздар, өзбектер, татарлар қоныстанды. Ресейдің Бұқара, Ташкент, Хиуа қалаларымен сауда байланысының дамуынан керуен жолы өтедi. Бiрте-бiрте Қазалы 1867 жылы iрi уездік қала болды. Орал казактарының көшiп келуiнен балықшылық пен қолөнер кәсiбi дами бастайды. Қалада 650-дей күйдiрiлген кiрпiштен салынған үй, уездік мекеме, почта-телеграф, қалалық училище, бастауыш мектептер, қоғамдық кiтапхана, монша, шiркеу, мешiт болған. Қала тұрғындары 12 мың адам. Өнеркәсiптiк өндiрiстен iрi сыра дайындайтын зауыт жылына 60 мың кiрiс әкелдi. Қалада жел диiрмен, ұсақ сабын қайнататын зауыт болды. Қала маңына бау-бақша егiлдi. Кейін келе аядай Қазалы үлкейе бастаған. Көптеген әдемі үйлер, мешіттер салынған. Шаһар Сырдарияға өте жақын болғандықтан бау-бақшаға бөленіп, сол төңіректегі көрікті жерлердің біріне айналған. Қаланың шет жағында патша ұлықтарының демалатын орны, жергілікті халықтың айтуынша, Ояз бағы болған көрінеді. Онда діңіне құшақ жетпес қара ағаштар, теректер бой сылаған. [Шерекенов Т., Алдамжаров Б. Қазалы көріністері//Лениншіл жас. - 1968. - 1 қазан.].

Райым бекінісі

 


Ежелгі Сырдың Райымға таяу екі жағын бір заманда орыстар келіп орам (халық, мал-мүлік санағы) алғанша Кіші жүз руларымен бірге Қызылдың қиясынан қоныс аударған кәдімгі қарақалпақ ағайындар қатар жайлаған көрінеді. Әрине, қарақалпақтардың да масалы-соналы Сыр бойына өз жұртындағы жаугершілік дүмпуінен ат жалында, атан қомында арып-ашып жеткені белгілі.

Бір кездері Райымның төңірегі телегей су болған. Осы күнгі елді мекеннің арқа тұсындағы биік жар қабақты сол заманда ақ күміс жалды тау толқындар арқырай соғып жатқан. Қазір де оның белгісін, кезіндегі мол судың орнын ауылдың кез келген жеріндегі бір кездегі теңіз таңбаларынан көруге болады. Ал, жарқабақ жел-құзда кеме паналайтын айлақ үшін аса қолайлы болған. Ол Сыр өзенінен бар болғаны үш шақырым жерде. Райым үстіртінің екі жағы қадым заманнан үйрек ұшып, қаз қонып жатқан ірілі-уақты балықты көлдер. Жап-жазық үстірттің бір жағы Қамыс­тыбас темір жол бекетіне жалғасады.

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.