Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарих-таразы

Қазақ хандығы лайықты тойлануы тиіс

 

Қазақ халқының тарихи құжаттарында нақты таңбаланған азаматтық тарихы соңғы мың жарым жылды қамтиды. Егер арғы тамырымыз, Орталық Азияны мекендеген көне тайпалар шежіресінен сөз қозғасақ, 4-5 мың жыл тереңге кетер едік. Таза қазақ атымен аталған ұлттық мемлекет шаңырақ көтерген дәуірдің өзін әңгімелеу, ұзақ та күрделі - хикаят. Жетпіс жыл бойғы коммунистік билік заманында жекелеген ұлттардың тарихын жазудағы ең басты мақсат - сол халықтардың тарихы болмағанын дәлелдеу еді. Жетпіс жыл бойы жүргізілген саясат-тың, соған сәйкес жазылған том-том тарихтың, жекелеген кезеңдерге арналған ресми жинақ, зерт-теулердің ең басты тұрғысы, өзекті арқауы - қазақта тарих болмады деген қағида. "Қазақ - тарихсыз халық, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге жарайтын, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған" дегенді меңзеді коммунистер. "Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрлыстың кейбір элементтері ғана ұшырасқан, оның өзінде бұл - біртұтас құрылым емес; әрбір аймақ өз басына би болған, бұл қазақ басы біріккен хандық құрып көрген жоқ" дейді. Осыған орай "қазақ жұрты Ресейге қосылған соңғы жерде ғана қатарға ілініп, ел бола бастады" деген қағида қалыптасты. Тәубе, "коммунистік программа" жүзеге аспады, қызыл империализм келмеске кетті. Тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық. Бірақ, еңсемізді толық қайта көтеру үшін, рухани қайта жаңарып, санамызға сіңіріп, тарихымызды көп айтып, көп еңбектенуіміз керек-ақ. Тарихи даталарымызды кең көлемде ұлықтауға тиіспіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақ хандығының 550 жылдығын" текке қозғап жатқан жоқ. Бұл - біздің мемлекетіміздің бес ғасырлық тарихын, елдігін әлемге танытады. Одан арыдағы даңқты тарихымызды айтпағанда, бергі, Қазақ атымен аталатын дәуірдің өзі біздің ұлы халық екендігімізге айғақ. ХV ғасырдың орта шенінде қазіргі еліміздің шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрылды. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иемденді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.

Сарайшықта жерленген қай Жәнібек?

 Бұл сауалдың жауабын, Әбілғазының "Түрік шежіресіне" иек артып, Сарайшықта жерленген Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібек деп қысқа қайыруға болар еді (Әбілғазы. Түрік шежіресі.А., 2006.114-115-бб.). Бірақ, тарихи әдебиетте орнықты түрде қалып-тасқан қазақ ханы Жәнібек Барақұлы Сарайшықта жерленді деген пікір зерттеушілерді, ғылыми-көпшілікті, оқырманды әлі күнге екіұдай күйде қалдырып отыр. Қолда бар ортағасырлық дерек-темелерде Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек хандардың қай жерде жерленгендігі туралы еш мәлімет жоқ.

 

Қазақ халқының ұлттық трагедиясы

Сталиндік қуғын-сүргін жылдары Кеңес Одағы бойынша "контрреволюциялық қылмыстары" үшін 3 778 254 адам қамауға алынып, 786098-і ату жазасына кесілді. Сонымен қатар, "Отанға опасыздық" жасағандарға арналған лагерьлерде 1 317 195 адам отырды. Солардың қатарында 830 491 орыс, 181 905 украин, 44 785 беларус және 17 123 қазақ болды. Әрине, қазақтарға байланысты бұл болжамды цифрлар. Расын айтқанда, отызыншы жылдары құрбан болып кеткен қазақ азаматтарының дәл санын айту қиын. Себебі, осы уақытқа дейін репрессияға байланысты көп жағдайлар терең зерттелмей келеді. Әсіресе, Орта Азия республика-ларына қарағанда жазалау саясаты Қазақстанда айрықша қатігездікпен жүргізілді. Тек, 1937-1938 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қамауға алынып, 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақтың зиялы азаматтарымен қатар мыңдаған қарапайым, шаруа адамдары да жазықсыз жазаланды. Атап айтқанда, жазаланған адамның 40%-ы шаруа адам-дары болған. Басым көпшілігі атылып немесе Сібірге жер аударылғандар. Алайда, сол кездегі республика басшысы Левон Мирзоянға бұл жеткіліксіз болған секілді. Оған куә жазалануға жататын адамдардың санын көбейтуге лимит сұрап, Мәскеуге шұғыл жолдаған оның мынадай құпия хаты бар:

Олжастың «Аз и я»-сы менің тарихи қызығушылығымды оятты

 1975 жылы "Жазушы" баспасынан Олжас Сүлейменовтың "АЗ и Я" кітабының шыққанына биыл 40 жыл толады. Кезінде Кеңестер Одағында үлкен дау тудырған "антирусский", "пантюркизм" идеясы бар деп атап, айдар тағып, кітап дүкендерінің сөрелерінен, кітапханалардан жинап алып, КСРО кеңістігінде оқылмасын деп "қаһарға" ұшыраған кітап болғанын кейінге жастар біле бермейді.

 Бұл Мәскеудің тапсырысымен Қазақстан ОК-нің Бюро отырысында арнайы талқыланған кітап. Бюроның қаулысымен (1976 жылы 17 шілде) О.Сүлейменовке өз қателіктері үшін баспасөз бетінде кешірім сұрауы жүктелді. "АЗ и Я" кітабы үшін Олжас Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа және Орталық Комитетінің Бюро мүшелеріне Ашық хат жазды. Олжастың "АЗ и Я" кітабын айыптау КСРО-ның XXV съезіне баяндамада айтылмақ болатын. Бірақ та Д.А.Қонаевтың араласуымен А.Сусловтың жоспары іске аспай қалды.

 КСРО-ның бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтың (14.10. 1964 ж. орнынан алынған) 1956 жылдың 14-25 ақпанында XX съезде сөйлеген "жеке басқа табынушылық және оның зардаптары" туралы баяндамасынан кейін елде "жылылық" пайда болды. Осы кездерде жазушыларды, ақындарды, суретшілерді "шестидесяники" деп атағаны белгілі. Олар қоғамда болып жатқан құбылыс-тарға жаңаша көзқарас, жаңаша ойлау, өз ой-пікірлерін еркін айта бастады. Солардың қата-рында ақын Олжас Сүлейменов те өзінің атақты "АЗ и Я" кітабын жазды. Орыстардың көне ескерткіші деп санайтын "Игорь жасағы туралы жырды" зерттеп, "жартылай түркі тілінде жазылған" деп ойын ашық білдіреді.

 "Игорь жасағы туралы жырдың" егізі "За-донщина" немесе "Куликово поле" шығармасын-дағы жағымсыз кейіпкер Мамай туралы зерттеу (Мамай: аңыз бен ақиқат. - Тұмар, 2014 ж)  кітабымның кіріспесінде және сөз соңында О.Сүлейменовтың "АЗ и Я" кітабы туралы жазған болатынмын. Енді сол жазғандарымды оқырманмен бөліссем деймін.

Амангелді Имановты өлтірген Міржақып Дулатов па?

Жасыратын ештеңе де жоқ, бұл "қазақы ерегес" ХХІ ғасырдың да табалдырығын аман-сау аттады. "Алашордашылар" ақталатын тұста Байтұрсынов пен Дулатовтың басын тағы да қатерге тігіп, сол Торғайда "халықтық сот" жүргізілгені шындық. Онда-ғы "билердің" көзі әлі тірі. Осы ретте "Алаш-тың" ісін" архивтен қарап, көшіріп жүрген кезімде танысқан, бірақ қолжазбасы тосын-нан қолыма түскен бір "халықтық пікірді" назарға ұсына кеткім келеді. Сәл әдепсіздік екенін білемін. Алайда маған да сол сексенін-ші жылдардың аяғында бұл хатты ресми мекемелер оқытып, пікір сұрағанын ескере келіп, сондағы сұраққа енді реті келіп тұрған кезде жауап бере кеткім келеді. Мен Қазақ-стан Орталық партия комитетіне, партия тарихын зерттеу институтына, тарих институтына жазылған бір адамның бірнеше хатының ішінен мазмұнын өзіме таныстырған марқұм М.Қозыбаевқа жолданған нұсқаны және сол кезде маған таныстырған ғалымның жауабын пайдалануды жөн көрдім. Бұл тосын хатқа қайта оралуыма досым, республикалық Бас прокуратураның жауапты қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының да себепкерлігі тигенін ескерте кетемін.

 

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.