Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарих-таразы

ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАНДЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ

 

Иасауиге дейінгі Орталық Азиядағы

тарихи-діни ахуал

 Қожа Ахмет Иасауидің өмір сүрген уақыты мен кеңістігінде түріктердің төрт ғасыр бойы исламмен танысып, кей тұстарда қауым-қауым болып ислам дініне кіре бастағандығы тарихтан мәлім. Иасауиге дейінгі ғасырларда алғашқыда Аббаси халифаты билігіне қарасты Тұлын (868-905), Саж (890-929), Ихшидилер (935-969) сияқты жартылай тәуелсіз түрік саяси биліктерінің артынан Еділ-Бұлғар хандығы (922 ж. Ислам дініне кірген), Қарахан (840-1212) билігі, Ғазнауи (963-1186), Селжұқтар (1038-1194) және Хорезмшах (1092-1221) мемлекеттері сияқты өте маңызды түрік-ислам мемлекеттері пайда болды. Сонымен қатар тамыры тарихтың тереңінен келе жатқан дәстүрлі түркілік дүние-танымның исламмен біте қайнасуы нәтижесінде жаңа түрік-ислам мәдениеті мен өркениеті қалыптаса бастаған болатын.

Ислам дінінің таралу процесі Хз. Мұхаммет пайғамбар дәуірінен бастап, кейіннен Хз. Әбубакр (632-634), Хз.Омар (634-644), Хз.Осман (644-656) халифатының алғашқы алты жылы бойынша қарқынды жүрді. Нәтижесінде Араб түбегі толық, Византия империясына қарасты Сирия, Палестина, Мысыр және сол кезеңнің қуатты империясы Сасанилер де мұсылмандардың қол астына өтті. Осы Сасани империясының ыдырауы түріктердің исламмен танысуына жол ашты. 642 жылғы Нихавент соғысынан кейін Аһнаф бин Қайс басшылығындағы араб-мұсылман әскері Жейхунды (Әмудария) кешіп өткен болатын. Міне, осы оқиғадан үш жүз жыл өткен соң түріктердің мұсылмандықты қабылдау процесі өз нәтижесін бере бастады.

Алғашқыда Омаййад халифаты исламды жаюды жаңа жер жаулап алудың, байлықтың көзі ретінде қабылдағаны белгілі. Сондықтан да Орта Азияда бұл әрекеттерге қарсы көптеген көтерілістер мен діни ағымдардың пайда болуы да табиғи құбылыс. Кейіннен халифаттың басына Аббаси әулетінің (750-1258) келуімен бірге түріктердің исламға кіруі қарқындай түседі. Олар Құран мен Сүннеттің негізінде арабтар мен араб еместердің (мауалилер-дің) арасында бұл дүние мен ақыретте тақуалықтан басқа ешқандай айырмашылық жоқ екендігін айтып, Аббаси билігінен әділет пен теңдік талап етеді. Осылайша Хорасан және Мауараннаһрдегі түріктер мемлекет істерінде ресми қызметтерге араласып, халифатта араб еместердің (мауалилер) салмағы арта түседі. Нәтижесінде түріктер де мемлекеттік басқару жүйелерінен орын алып, халифатта тең құқық пен жауапкершілікке ие бола бастайды.

Қарлұқтар М.751 жылы арабтармен тізе қоса отырып, Сырдария мен Балхаш көлінің арасындағы Талас бойында қытайларды Түркістаннан қуып шығады. Міне, осы тарихи соғыс Орта Азияның тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Орта Азия қытайлану қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастайды. Кейіннен түріктердің араларынан әл-Фараби (870-950), Ибн Сина (975-1037), әл-Бухари (хадисшы), әл-Матуриди (каламшы) (944) сияқты ғұламалар шыққан соң, арабтар оларға тек әскери күш ретінде емес, білім, мәдениет, философия, өнер өкілдері ретінде қарай бастады. Сонымен түріктердің Аббаси халифаты кезінде, атап айтқанда, ІX-XІ ғасырларда исламға кіру процесі жалғасып, жоғарыда аты аталған түрік-ислам мемлекеттерінің құрылуында да, ұлттық тарихымызда да, жалпы ислам тарихында да маңызды рөл атқарғандығын көреміз.

Осы жерде маңызды мәселенің басын аша кеткеніміз жөн. Ол - түріктердің исламды "найзаның ұшымен, білектің күшімен" қабылдағандығы туралы көзқарас төңірегіндегі мәселе. Рас, алғашқыда түріктер арабтарға қарсы ғасырлар бойы күресті. Бірақ ең алғашқы түрік-ислам мемлекеті болып табылатын Еділ-Бұлғарлар (922 ж.) ешқашан араб әскерлерімен бетпе-бет кездеспеген. Сол сияқты Қарахан мемлекетінің (хижра-333/944-945) де исламды қабылдауында арабтар тарапынан ешқандай әскери қысымның болмағандығы бүгін тарихтан белгілі. Өйткені, біріншіден, топырақты күшпен жаулап алу оңай, ал "адам рухы,  болмысы - жаулануы қиын ең берік қамал," - деп суфилер бекер айтпаса керек. Екіншіден, түркілер ислам дінімен араб экспанциясы кезінде таныс болғанымен, ислам дінінің түркі жұрты тарапынан қабылдануы, араб халифатының іштен ыдырап, мөлтек мемлекеттерге бөлініп, экспанциялық қабілетінің әлсіреген тұсы X ғасырдан кейін болған. Ислам діні қарахандықтар үшін саяси күш пен бірігудің көзі ретінде қабыл-данғандығын, олардың мұсылман емес түркілерге қарсы ислам діні үшін соғысқандығын, ислам халифатын шығыстан келген шабуылдардан қорғап, шекаралық қалқан қызметін атқарғандығын Махмұт Қашқаридің еңбектерінен де көруге болады. Түрік дін-тарихшысы З.Китапчы да "Қарахан мемлекеті, Мауараннаһр аймағы, ислам халифатында кәпірлер мен мұсылмандар арасындағы шекаралық аймақ ретінде рөл атқаратын"- дейді. Демек, түріктердің ислам дінін таңдауындағы ықпалды себептер мен негізгі алғышарттарды дін-адам-қоғам кеңістігінен іздеуіміз керек. Осы мәселе жөнінде зерттеушілердің бірсыпырасы экономикалық-сауда қатынастары мен исламдық ғылым ошақтарының дені Орта Азияда дамығандығын басты себеп ретінде көрсетсе, ал кейбіреулері суфизм ағымдары мен дәруіштердің ролі мен қызметтерінің ықпалдылығымен байланыс-тырады. Бұған қоса сол дәуірдегі Ислам өркениетінің басқа мәдениеттерге қарағанда үстемдігі, түркілер-дің ислам дінін қабылдаудағы олардың дәстүрлі дүниетанымындағы Көк Тәңірі сенімі, Тәңірге құрбан шалу құбылысы, рухтың мәңгілігі, моральдық қағидаларындағы алып-ерендік, батырлық түсінігі, әділет ұғымының ескі түрік төресіндегі орны, олардың жауынгерлік рухы ислам дініндегі тек Тәңірі, құрбан, рухтың өлімсіздігі, ақырет түсінігі, исламда-ғы жауанмәрттік ахлақы, әділет ұғымына формалық жағынан ұқсастығында жатқандығын айтады.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

 Ұлтымыздың басқыншылыққа, отаршылдыққа қарсы азаттық күресі ХVІІІ ғасырдан бастау алады. Үш жүздің басын біріктірген Абылай хан өлгеннен кейін, патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты қарқынды жүзеге асты. Еділ мен Жайық арасын Бөкей ханға беріп, империяға тәуелді Ішкі Орда деп аталатын қуыршақ мемлекеті құрылды. Абылайдың баласы Уәлиханның билігін әлсірету мақсатында Орта жүзде Бөкейді хан сайлады. Патшалық Ресейден шен алған сұлтандар мен төрелердің кейбір тобы орыстармен бірлесе отырып, қазақ халқын талан-таражға ұшыратты. Осы орайда сол дәуірдің билеушілері жайында Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлы "қазақтың ханда кеткен ақысы бар" әділ бағасын берді.

ХІХ ғасырдан бастап қазақ жерінің батысынан солтүстігіне қарай орыс бекіністерін салу арқылы қазақ халқының жайылымдық жерлерінің ауқымын тарылта бастайды. Нәтижесінде қазақ рулары арасындағы көшіп-қону дәстүрі бұзылып, мал жайылымдарына күрес басталды. Сондай-ақ, қазақ жеріндегі хандық билікті түпкілікті жоюға кірісті. Ал, елдің оңтүстік үстінде Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтары салдары-нан жергілікті халық аяусыз қаналды. Бірақ қазақ мемлекетін жоңғарлар да, Орталық Азия хандықтары да толық күйрете алмады. Ел басына төнген осындай қиын-қыстау заманда тарих төріне Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары шықты. Оның өмірі аттан түспей күреспен өткені белгілі. Оған 1908-1915 жылдар аралығында Ташкенде Ресей соғыс істері министрі А.Н.Куропаткиннің тапсыруымен полковник А.Г.Серебреньеков "Туркенстанский край сборник материалов для историй его завоевания" деген атпен шыққан 14 томдық құжаттар жинағының алғашқы бес томында Кенесары хан бастаған қозғалысқа қатысты 176 құжаттың жарық көруі дәлел. Егер алғашқы кезеңде дайын-далған осы еңбектер болмаса бұл азаттық қозғалыстың шынайы ғылыми бейнесін жасау бізге қиынға соққан болар еді (М.Қойгелдиев. "Ұлттық саяси элита, қызметі мен тағдыры (ХVІІІ-ХХ)" зерттеулер. Алматы: Жалын баспасы, 2004 ж. 400, 500 бет).

Қызылқұм көтерілісі

 1929-1931 жылдар аралығында Қазақстан жерінде ұзын саны екі мыңға жуық халық толқулары болып өткен. Бірқатар толқулар асқына келе Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтерілістерге ұласқан. Бұл көтерілістердің негізгі себептері - ауыл шаруашы-лығын күштеп ұжымдастыру, орташаларды, кейде тіпті кедейлерді де "кулактар" қатарына жатқызу, жұртты мал-мүліктерінен айыру және дінге тыйым салу еді. Кеңес өкіметінің осындай авантюристік шараларына наразылық білдірген ел амалсыздан бас көтере бастаған. Әсіресе, Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаппай бас көтерулер мен толқулар орын алды. Қызылорда аймағының өзінде отызыншы жылдардың бас кезінде оннан астам қарулы ірі көтерілістер болған. Бұл көтерілістерге "антикеңестік" деген баға берілген жоқ, Кеңес өкіметі оларды "банда" қатарына жатқызып, қылмыстық кодекстің аясында аяусыз жазалады. Тергеу істерін "Ақмырза бандасы", "Калетов бандасы", "Иімбетов бандасы" деп атаған. (Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады).

Осындай қара тізімге ілінген көтерілістердің бірі - Қызылқұм көтерілісі. Оның себебі мен сипаттары да сол - халықты зорлық-зомбылыққа ұшыратқан сталиндік ұжымдастыру, күштеу арқылы жүргізілген ет даярлау салығы мен шаруалар арасында өткізілген түрлі науқандар. Оған дәлел, 1931 жылы 6 сәуірде Шымкенттегі Біріккен саяси Бас басқармасының (ОГПУ) қозғаған №474 санды архивтік тергеу ісі. Осы іс бойынша жиналған деректерге қарағанда, көтеріліс 1930 жылы наурыз айының басында басталған. Қызылорда аудандық ВКП(б) ұйымының тапсырмасымен, қаруланған және төтенше шара қолдануға құқылы он уәкіл №29 және №30 ауылдарға келіп, халық мысқылдап "белсенділер" дейтіндермен бірігіп, "байлар мен жартылай феодалдардың" тізімін құрастырған. Сөйтіп, тізімге кірген шаруалардың малдарын еріксіз ала бастаған. Бұл тергеу ісіне байланысты жауап берген Ордабай Шамшенов болған жағдайды былай деп, мәлімдеген: "Сегізінші наурызда ауылымызға ет даярлау уәкілдері келіп, маған отыз бас қой өткізесің" деді. Мен айтқан қойларын өткіздім. Кейіннен олар қайта соғып, "тағы отыз қой өткізесің" деді. Бірақ өткізген қойлардың ақшасын бермеді. Уәкілдердің түсіндіргені "алдымен үкіметке беретініңді анықтап, соған тиесілі ақшаны ұстап қаламыз. Егер де содан артылса береміз, ал артылмаса саған ақша жоқ" деді.

Шірік-Рабат – сақтардың мекені

 

Сыр өңірінде орын тепкен Шірік-Рабат қала жұрты Қазақстандағы ежелгі сақ қоғамынан сақталған аса көрнекті, тарихи құндылығы зор ескерткіш болып табылады. Қаланың географиялық орналасу ерекшелігіне қарай стратегиялық маңызы зор болған. Ол оңтүстік-батысында Парсы елі, терістігінде Ресей мен оңтүстік-шығысында Қытайды жалғастырған Жібек Жолы бойында орналасқан.

Шірік-Рабат қалашығы қазіргі Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым, Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 99 шақырым жерде, Жаңадарияның көне арнасынан сол жағалауындағы көлемі 850х600 метр болатын, өзге төбелерден оқшау тұрған табиғи төбенің үстінде орналасқан. Ескерткіш мықты қорғаныс жүйелерімен қоршалған. Төбенің төменгі етегінде қазылған ор бар. Оның бүгінгі таңдағы тереңдігі 4,5 метрге, ені 40 метрге жуық болса, ал одан шыққан топырақтан сыртқы дуал тұрғызылған. Оның сақталған биіктігі 3 метрді, табанындағы ені 8-10 метрді құрайды. Ор сонымен қатар ішкі жағынан да жалмен белдеуленген. Төбенің жоғарғы бөлігі үш қатар дуалмен қоршалған.

 Қала ежелгі сақ дәуірінен бері шекаралық қызмет атқарған. Сол кезде Парсы және Хорезмдегі мемлекеттермен байланыс суы мол Жаңадария арқылы жүргендіктен Шірік-Рабат шекаралық бекініс болған. Қала ХVІІІ-ХІХ ғасырларда патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты кезінде Хиуа хандығы мен қазақтардың шекарасындағы тірек бекеті болғаны белгілі.

Археологиялық зерттеулер бойынша қалада бірнеше қоныстану кезеңі болған. Қала алғашқыда тайпа көсемдері өмір сүріп және жерленіп отыратын бекініс қызметін атқарып, кейіннен тұрақты үлкен мекенге айналған. Қала жұртының солтүстік жағында сақ дәуірінің ескерткіштері болса, оңтүстік бетінде орта ғасырға жататын тұрғын үй орындары сақталған.

Керекудегі қауышу

 Абдул Жалил бабтың үлкен ұлы Ибраһим софысынан тарқатылатын Мәді (Маһди) -Диуана қожа ұрпақтары Қожжан, Қылыш, Пірзада, Бақмұхаммед әулиелерден 30 ата ұрпақ өсіп-өнген. Ата шежіремізде 21 атаның өсіп-өніп өркендеуі тарқатылып отыр. Тарихи шежірелерде дін исламды насихаттауда жас ұрпақты имандылыққа баулуда Мәді Диуана қожа ұрпақтарына басымдық берілген. Ата жолын ұстаған Диуана қожа әулетінде Әуез (Аққу) ишан, Бағдат ишан, Назар ишан, Мұрат ишан, Исабек ишандар Екібастұз, Кереку өңірінде ишандық қызмет жасаған. Құлболды ишан, Фазыл (Күлекеш) ишан, Құламқадыр (Қадыр) ишан, Әбдіхалық ишандар Қызылорда өңірінде ишандық жолды ұстап, елді имандылыққа баулу жұмыстарымен айналысқан. Жаңақорған өңірінде Айқожа ишан Қоңырат ата ұрпақтарының пірі болған.

Уақыттың көшінде түп атасы Сыр бойы Қызылорда маңайында болғанымен көптеген ұрпақтары еліміздің түкпір-түкпірінде ғұмыр кешіп келеді.

"Іздеген жетеді мұратқа" деген, ата шежіремізді жаңғырту толықтыру барысында екі ғасырдан астам уақыт әулетімен байланысы үзілген Ертіс өңіріндегі Қожжан ата немересі Әуез (Аққу) ишан мен Пірзада атаның немересі Жанқожа (Әбдіәмет қалпе) әулетінің ата жұрттан келген бауырларымен  қауышуы болды. Барлық шараның ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы ағайындардың табысуына басшылық жасаған академик Аманкелді Қайырбекұлының арнайы шақыруымен тамыз айының басында қызылордалық ағайындар, яғни Мәді қожа атадан тараған төрт атаның өкілдері Кереку өңіріне арнайы барып, ағайындармен қауышып, құрметтеріне бөленіп қайтты. Қауышу барысында ата жұртынан келген ағайындарын көріп көзіне жас алған, көкірегіне тартып мауқын басқан сағыныш сезімдерінің куәсі болғандығымыз біздердің де мәртебемізді көтерді. 

 

Ж.ОМАРҰЛЫ

 

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.