Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарих-таразы

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ КӨСЕМІ

 

Маңдайының соры бес елі қазақ халқы өзінің өткен өмір жолында тар жол, тайғақ кешу кезеңдерін басынан өткерген. Тәуелсіздік пен тендікке жету жолында ауыртпалық пен азапқа, талай қиындық пен мехнатқа қабырғасы қайыса қарсы тұрып төтеп берген.

Аш қорқаудай аранын ашқан сұм заманның небір қитұрқы шақтарында азулылар кең байтақ даланы мекендеген тұтас бір халықты толғамай жұтып, жұмыр жер бетінен жоқ қылғысы да келген.

Қазақ ұлтын жер бетінен мүлдем жойылып кету қаупін туғызған Жоңғар шапқыншылығы кезінде екі қанаттағы көршілер сарапқа салынды. Оның бірі - алты қарыс аузын айға бөлеген арыстан кейпіндегі Ресей, екіншісі - жолындағының бәрін лебімен жұтатын айдаһар Қытай елі еді. Екі оттың ортасында қанатын күйдіріп аласұрған дала бүркіті - Қазақ елі шарасыздан Ресейге қолын созды.

Әуелден, Ресеймен терезесі тең одақ болуды армандаған қазақ халқы 1731 жылы тілі де, діні де бөтен, әдет-ғұрпы жат елдің бодандық қамытын киді.

Азия елдерін отарлауды ойға алған орыс мемлекеті қазақты орыстандыру саясатын ашықтан-ашық жүзеге асыра бастады. Шұрайлы өңірлерге жаппай орыс карашекпенділері қоныстандырылып, еншісіндегі ұлан-байтақ жерінен айырылған аз халық шөл және шөлейт аймақтарға ығысуға мәжбүр болды, бірте-бірте тілі мен діні шеттетілді. Жергілікті жерлердегі басқару мен билік тізгінін өздерін "ұлы халықтың өкіліміз" деп дәріптеген діні де, тілі де бөтен келімсектер түгелдей өз қолына алды. Мұндай зорлыққа төзе алмаған халық ашуы асқынған кездері қолына қару алып, басқыншылармен соғысуға дейін барды.

Патшалық Ресей билеген кезде дербес ел болу құқынан күдер үзіп, сағы сынған қазақ халқы орыс еліндегі 1917 жылғы тарихи төңкерістерге үлкен үміт артты. Тәуелсіздіктің таңы атып, азаттықтың көптен күткен күні шығатындай дәмеленді. Өкінішке орай, ол үміт те ақталмады. Бірінен соң бірі билік басына келген Уақытша үкімет те, Кеңес үкіметі де патшалық Ресей кезіндегі отарлық саясатты одан әрі жалғастыру ниетте болды. Тәуелсіздік жолындағы күрес қайта жалғасты. Ол күрестің алғы шебінен еркіндікті бейбіт, демократиялық жолмен алуды көздеген зиялы саясаткерлер мен асқақ мұратты азаматтар көрінді.

Сол арманы асқақ жандардың бірі, біз үшін тағдыр талайы тым шытырманды, өмірі жұмбаққа толы, бүгінгі ұрпақ біле бермейтін қалтарысы мен құпиясы көп, ұлт-азаттық күрес тарихындағы бірден-бір тұлға - Мұстафа Шоқайұлы.

Алаш алыптарының тобында қазақ халқының саяси санасын оятып, Ресейдің отаршылдық езгісіне, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың сан түрлеріне шет жерде жүрсе де қарсы күресе білген Мұстафа Шоқайдың орны бөлек.

Бір қоғамда туғанымен, тұлғалардың тарихи қалыптасу жолдарының әр түрлі және әр деңгейде болатыны белгілі. Әркімнің өз тағдыры, басқаға ұқсай бермейтін өзіндік сүрлеуі бар. Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы 20 жылдан астам уақытын жат жерде өткізді.

Ең күрделі мәселе - "Мұстафа Шоқай гитлершілермен ауыз жаласқан, азиялық тұтқындарды Кеңес өкіметіне қарсы соғысуға үгіттеп, олардан "Түркістан легионы" деген жасақ құруға қатысқан, Отанын сатқан опасыз, дұшпан" деп Кеңес өкіметі таққан айып шындықты бұрмалау екендігі қазір дәлелденіп отыр. Мұстафаның "Өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп айтасыздар. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырдағы Шыңғысханның жасаған зұлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуларыңызға хақыларыңыз жоқ" деуінің өзі оның ақ екендігін айтып тұрған жоқ па?!

Жазушы, қоғам қайраткері Ә.Әлімжанов "Мұстафа Шоқай. Ол кім?!" деген мақаласында: "Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж емес. Ол өзін-өзі шығармаларымен, ерлігімен ақтап отыр. Оны тарих пен уақыт ақтады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар оның өзіне лайық бағасын беруде", - деп жазды. Әнуар Тұрлыбекұлы секілді көрнекті қайраткердің бұл тұжырымының дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Мұстафа 1941 жылдың аяғында көз жұмғанша жас кезінде туған халқының тәуелсіздігі үшін күресі бір сәт толастамады. Өйткені оның бүкіл ұстанымының мәні мен мағынасы, арманы мен мұраты өз ұлтының, Түркістан аймағының саяси егемендігі, рухани бостандығында еді. Оған көзі тірісінде "Елін сатқан жау, сатқын" деген қатал үкім айтқан бұрынғы КСРО мемлекеті ыдырап, қазақ халқы тәуелсіздік алған соң арада жетпіс жылдан астам мерзім өткенде әділ сөзін айтып, оның қазақ халқының, жалпы түрік тектес мұсылмандар қауымының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен асқақ мұратты азамат екені айдай әлемге жария етілді.

М.Шоқай қызметін жөнімен әділ бағалау тұрғысында, бұл тақырыпқа сонау Кеңес заманының өзінде-ақ алғаш түрен салған жазушы Әнуар Әлімжанов еді. Тәуелсіз заманда тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелді, Көшім Есмағанбетов, Дархан Қыдырәлі, Гүлжаухар Көкебаева, академик Досмұхамед және Тимур Кішібековтер, жазушы-тарихшы Бейбіт Қойшыбаев, зерттеуші мұрағатшы Ғазиза Исахан, жазушылар Әкім Тарази, Оразбек Сәрсенбай, ақын Қасымхан Бегманов, Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай, Мұстафа туралы зерттеу жазып жүрген Әмірхан Бәкірұлы, Амантай Кәкен, ғалым Д.Қамзабекұлы, журналистер Жарылқап Қалыбай, Әбдімүтәл Әлібеков, Жүсіпбек Қорғасбек, Сарбұлақ Ибрашұлы, шетелдік Әбдуақап Қара, Хасан Оралтай және басқалар Мұстафа Шоқай қызметінің әр қырынан келіп қалам тартса, кинорежиссер Сатыбалды Нарымбет фильм түсіріп, Аманкелді Кененбай бюстін жасады. Ескерткіштер өз елімізде де, шет елде де (Францияда) ашылды. Базарбай Атабаевтың басшылығымен "Мұстафа Шоқай" қоры жұмыс жасауда. Бұл орайдағы жұмыстарды тұжырымдай келе тарихшы Талас Омарбеков: "Ғылыми жұмыстар өзімізде де, шетелде де (Дархан Қыдырәлі) қорғалды. Бір адамның өмірін зерттеуге қатысты біраз жұмыс жасалды. Яғни, мұстафатану саласы ғылыми тұрғыдан алғанда бір жүйеге түсті",- деп бағалайды.

Енді Мұстафа атамыздың өмір жолын, өз еліміздегі және шетелдегі қызметтеріне тереңірек барайық. Ол үшін халқының еркіндігін өзінің азаттығы деп білген, өз тағдырын ұлтының бақытынан іздеген, тарихи кезеңде шыңдалып, теориялық білімі мен кемелділігі жеткілікті сегіз қырлы саясаткер Мұстафа Шоқайдай тұлғаның табиғатын аша түсетін, оның қалыптасуында айрықша рөл атқарған аса маңызды факторларға иек арталық.

Мұстафаның әкесі Шоқай он екі жыл болыс болып, 1916 жылы 80 жасында қайтыс болған. Ел басқарып, би атанған, атасы Торғай 30 жылдай билік басында болған датқа. Шоқайдың, оның әкесі Торғайдың суреттерінің патша үкіметінің арнайы тапсырмасымен дайындалған фотоальбомға кіруі бұл әулеттің Сыр өңірінен тысқары жерлерге де мәлім екенін айғақтайды.

Мұстафаның руы - Қыпшақ. Жалпы Сыр өңірін мекендеген қыпшақтар беске бөлінеді, олар - Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық. Оның ішінде Торыдан Шашты, Шаштыдан Бошай, Бошайдан Арыс, Арыстан Қалдау, Қалдаудан Кілт, Кілттен Жанай, Жанайдан Темір, Темірден Қуатбай, Қуатбайдан Торғай, Торғайдан Шоқай. Шоқайдан 3 ұл туады (Сыздық, Мұстафа, Нұртаза), ортаншысы Мұстафа 1891 жылдың 7 қаңтарында қазіргі Қызылордаға жақын жердегі Әулие Тораңғұл (Наршоқы) жерінде дүние есігін ашқан. Осындай өзіндік мәдениеті, салт-дәстүрі жеткілікті әулеттің шаңырағында дүниеге келген Мұстафа шынайы қазақ тәрбиесін жеткілікті көре алды. Құдайы қонақ үзілмейтін бұл үйді ақын-жыраулар жиі қонақтайтын көрінеді. Шоқайдың шақыруымен Сыр сүлейлері Базар жырау, Шәді төре, Ергөбек, Тұрмағанбет сияқты әйгілі жыраулар мен жыршылар үйге ат басын бұрып, таңды таңға ұрып жыр айтатын болған. Бұл жырлар бала Мұстафаның жүрегіне жол тауып, оның қиялын қияға самғатқан.

Мұстафа он беске толмай жатып қаріп таныды. Алғашқы ұстазы анасы Бақты болатын. Анасының да текті жерден шыққандығы жайында бүгінде жазылып жүр. Зерек, алғыр Мұстафа немере ағасы Әлмұхамед ашқан мектепте оқыды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында Торғай датқаның үшінші баласы Әліш (Әлмұхамед) патша өкіметіне екі рет хат жазып жүріп, мұсылманша мектеп ашуға рұқсат алады. Өкінішке орай, Сырдария суы қатты тасығанда 1890 жылы мектеп құлап, оны Тақыркөл деген жерден екінші рет салдыруға мәжбүр болады. Алты жасар Мұстафа өз ағасы Сыздық, немерелес ағасы Бәкірмен сол мектепте түрік мұғалімінен сабақ алады. Сол түрік мұғалімі Құранды жақсы біледі екен, одан Мұстафа да үйреніп алса керек. Кейін Ахмет ишаннан Чар кітап, Мырза Бедил, Сопы Аллаяр сынды күрделі кітаптарды оқиды. Қысқасы, Мұстафа төрт жылдық ауыл мектебін екі жылда үздікке бітіріп шығады. "Әліш мектебі" деп аталған төрт класстық мектептің орны күні бүгінге дейін сақталған. Қазіргі таңда, сонау бір жылдары облысымызға келген ғалым Көшім Есмағанбетов ағамыздың "Осындай әлем таныған тұлғаға туған жерінде бір белгі қойылмағаны ұят екен" деген сынынан кейін Мұстафа Шоқай қорының төрағасы Базарбай Атабаевтың мұрындық болуымен жұпыны болса да Әліш мешіт-медресесінің орнына "Наршоқы - бүкіл Түркістан мемлекеттерінің тәуелсіздік күрескер көсемі Мұстафа Шоқай туылған жер" деген мәтінде жазылған мрамор тастан белгі орнатылады.

Жеті жасар Мұстафаны әкесі Ақмешітке апарып орысша оқытады. Өзі зерек, Ақмешітте екі жыл орысша сауатын ашқан Мұстафа Шоқай Ташкенттегі ерлер гимназиясына 1902 жылы түсіп, оны гимназия директоры Евгений Вознесенский жылы шыраймен қарсы алып, жатақханаға орналастырады. Алғыр бала оқу озаты ретінде генерал-губернатордың арнайы стипендиясын (100 сом) алып отырған. Қоғамдық жұмыстарға ерте араласқан. Ол кезде Ташкент қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, орыс және басқа түрлі ұлт өкілдері бас қосқан Орта Азия кіндігі, патшалық Ресейдің әкімгершілік орталығы еді. 1905 жылғы империяның астанасын дүр сілкіндірген төңкерістің дүмпуі Ташкентте де қатты сезілді. Оның үстіне Ресейдің жапондардан жеңіліп қалғаны да ұлтшыл, елшіл азаматтардың рухын оятып, намысын жанып, оларды келешекке үмітпен қаруға шақырды.

Жас гимназист елден келген кісілердің түрлі өтініш-арыздарын шешуге қатыса отырып, жергілікті халықтар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті көзімен көреді. Гимназияда оқи жүріп тарихқа, оның ішінде әсіресе туған елі мен жерінің, ертеде "Тұран" деп аталған ұлы Түркістан мен жарты әлемге билігі жүрген қыпшақтардың тарихына құмартып, әуестеніп, онымен шындап айналысады. Ол осы жылдары әйгілі ғалым, Түркістан тарихының білгірі В.В.Бартольдтың басшылығымен жұмыс жасаған "Түркістан археология әуесқойлары" үйірмесінің жұмысына тыңдарман ретінде қатысып жүрді. Түркістан өлкесінің археологиясы мен этнографиясы, тарихы мен мәдениеті туралы тартымды тақырыптар төңірегінде сөз қозғалатын үйірме жұмысына Н.П.Остроумов, В.В.Наливкин, В.И.Вяткин, Ф.И.Керенский, А.А.Диваев сияқты танымал тұлғалар қатысып, ғылыми мәні терең баяндамалар жасайтын. Ташкентте оқуға түскен жылы Ташкент мұғалімдер семинариясының директоры Николай Остроумовтың жетекшілігімен жұмыс жасайтын "Шығыстану" қоғамы да оның жиі бас сұғатын орындарының бірі еді.

Мұстафаны ғылымға жетелеп, оның талантын ұштай білген тұлғаның бірі - башқұрттан шыққан әйгілі этнограф-ғалым Әбубәкір Диваев еді. Қазан-нан шыққан ғұлама Маржанидің жолын ұнататын Диваев уақыт өте келе жігерлі жасөспірімді жәдит-шілдердің жетекшілерімен таныстырды. Түркістан-дағы жәдитшілдік-жаңашылдық қозғалысына ұйыт-қы болған мүфти Махмұт хожа Бехбуди, Мүнәууар қари Абдурашидханов сынды жәдитшілдермен танысқан ол мұнда "усул-и жәдит" мектептері тура-лы білді. Түрлі әңгімелер барысында Ташкент қала-сында ашылған тұңғыш "усул-и жәдит" мектебінің құрушысы Мүнәууар қари ағартушылық туралы сөз қозғаса, мүфти Махмұт хожа Бехбуди азаттық жо-лындағы саяси күрестің тәсілі жайында ой толғай-тын. Орыс мектептерінде оқып жатқан түркістандық шәкірттердің тәрбиесіне үлкен мән беретін Бехбуди Түркістаннан Ресей Мемлекеттік Думасына мүшелікке орысша білетін және заң факультетін бітірген азаматтардың өтуін жақтайтын. Сондықтан ол ұлтшыл, елшіл жастармен кездескенде "орысша оқыңыздар, заң біліңіздер, біздің күресіміз заңның шеңберінде өрбуі тиіс" деп үнемі айтып отыратын. Мұстафа әкесі Шоқай бидің өзін неге орысша және заң оқытқысы келгенін сонда барып анық түсіне бастады. Қырымнан шығатын "Тәржіман" және Ташкентте жарық көретін "Хуршид", "Тараққи", "Шухрат", "Тужжар" сияқты жәдитшіл басылымдар арқылы танымдық дүниелерді оқып, ойына ой қосып, есейе түскен ол мұнда Шихаббедин Маржани, Исмаил Гаспыралы, Юсуф Акчура және бодандық қамытын киген мұсылман-түрік халықтарының ұлт-азаттық жолындағы күресі туралы мәліметтерге қаныға түсті.

Мұстафаның саяси істерге құмарта бастауы да осы кезең. Түркістан жәдитшілдерінен алғашқы саяси сауатын ашқан ол Ташкенттегі зиялы қауым өкілдерімен де тығыз араласа бастады. Мұстафа мектепте бірге оқитын татар досының әкесі, генерал Сақыпкерей Яныкеевтің үйіне баруды ұнататын. Патша әскерінде қызмет етіп, жоғары шен алған генерал жас жігітпен кейде саяси тақырыптар төңірегінде әңгімелесіп қалатын. Бірде әңгіме үстінде өзінің Петерборда заң факультетінде оқығысы келетінін, алайда ол үшін түркістандықтарға арнайы шәкіртақы қарастырылмағанын жеткізді. Алғыр жігіттің бірбеткей, қайсар мінезіне тәнті болған генерал сол жолы стипендия алуға өзінің көмектесетінін айтып, Мұстафаны қуантып тастады.

Гимназияның соңғы сыныбына көшкенде Мұстафаның қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуы жиілей түсті. Елден істі болып немесе басқа да себептермен келген ағайындар дереу Мұстафаны іздеп, тауып алатын. Ташкентті жақсы білетін, оның үстіне орыс тілін жетік меңгерген ол келгендерге көмектесіп, жұмыстарының тез әрі сәтті аяқталуына жағдай жасайтын. Елден келгендер де оның ресми орындарда шыртиып отырған оқалы шенеуніктерден қаймықпай, олармен тең сөйлесіп, күрмеуі қиын мәселелерді шешіп беретініне, уақытын бөліп, ретін тауып, қиюын келтіріп, дәрменсіз адамға көмек беруге тырысатынына таң қалысатын. Сөйтіп жүріп ол қолданыстағы заңдардың біршамасын жетік біліп алды. Ресми үкімет адамдары мен шенеуніктерге мәселені қалай қою керектігін де меңгеріп, мемлекеттік істерге әбден машықтанды.

Осылайша бала Мұстафаның аты елде ілтипатпен айтылатын болды. Сөйтіп оған өтініш айтып келетіндердің де саны күн сайын арта түсті. Олар әкелген мәселелердің кейбір арыз-өтініштері тіпті генерал-губернатордың алдында шешілетін. Алдына бірнеше рет келген қағілез қазақ баласының орыс тілін жетік білетінін әрі өте қабілетті екенін көріп генерал Самсонов гимназия оқушысын өзіне тілмаш болуға шақырып ұсыныс жасады. Мұстафа оған сыпайы түрде рахмет айтып, оқуын жалғастырғысы келетінін жеткізді. Бұған шырт ете қалған генерал жұлып алғандай:

- Оқуыңды қай салада жалғастырғың келеді? Әйтеуір заң саласы емес шығар деп ойлаймын.

- Дәл үстінен түстіңіз, жоғарғы мәртебелім, заң факультетін қалаймын!

- Заң факультетінде түркістандықтарға берілетін орын тек орыстар үшін ғана. Онда бұратаналарға стипендия қарастырылмаған.

- Маған Қазан татарларының стипендиясы уәде етіліп қойған.

Әлі мектеп бітірмеген бұратаналық гимназия оқушысының еркін сөйлесіп, сұңқардай саңқылдап тұруы генерал Самсоновтың төзімін тауысты. Сызданып, сазара қалып ол Мұстафаға "бара бер" дегендей есікті нұсқады.

Генералдың сазара қалуы жайдан-жай емес болатын. Ол кезде көзі ашық, көкірегі ояу жергілікті халық өкілдерін мемлекеттік жауапты істерге мүмкіндігінше жолатпау және заң факультетінде оқытпау туралы жасырын нұсқау бар еді.

Мұстафаның генерал-губернатордың ұсынысын кері қайтаруына негізінен үш себеп бар еді. Ол әуелі білімін одан әрі жалғастыруды қалады. Сөйтіп, заңгер ретінде бодан халқының мұңын жоқтап, оған болыспаққа бекінді. Әкесі айтқандай, дүйім қазаққа және тұтас Түркістан өлкесіне пайдалы азамат болғысы келді. Содан кейін, ол жұмыссыз қалса да, тілмаш болғысы келмейтін. Өйткені, тілмаштардың көбінің ақшаға сатылып, елін, жерін саудаға салып, халықтың обалына қалып жүргенін көріп, іштей қынжылатын. Тілмаштарды жергілікті халық та сыйламайтын. Елді алдайтын арамза аудармашы-ларды жұрт танып білгендіктен, оларға деген сенім-дері де жоғалған еді. Елден келген ағайынның Мұстафаға арқа сүйеуі де сондықтан. Дегенмен, осы Самсоновқа "жоқ" деп жауап беруге мәжбүрлеген себептердің негізгісі - бұл генерал-губернатор барып тұрған шовинист еді.

"Орыс мұжығының ұрысы да кез келген түркістандықтан, тіпті оның әулиесінен де артық" деген астамшыл Самсонов Әулиеата мешітіне патша мен өзінің суреттерін ілдіріп қойған көрінеді. Мешітті Алланың үйіне балайтын мұсылман жұртын бұдан артық қорлау болмас, сірә. Сондықтан жұрт жек көретін, бейкүнә халықтың қарғысын арқалаған, тұтас Түркістанды аяғының астына алғысы келген жексұрын генералдың жанында оның жүргісі келген жоқ. Астамшыл неменің қызметшісіне айналып, малайы болып айтқанын орындауды халыққа сатқындық жасаумен тең көретін ол осылай өзін даңқ пен дүниенің, атақ пен ақшаның астына көміп тастайтын қызметтен саналы түрде бас тартты.

Р.ҚҰЛАНБАЕВА,

№218 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Қазақтың хандары мен ханшалары

 


Бүгiнгi күнге жеткен ғажайып аңыздардың бiрi - амазонкалар туралы аңыз. Бұл туралы тарихтың ата-сы Геродот та, Гиппократ та, Эфор да жазған. Олар-дың айтуынша, амазонкалар қазiргi Каспий мен Азау теңiзiнiң арасын мекендеген. Яғни, ертедегi сақтар-дың, әр түрлi түркi тектес тайпалардың мекенi.

Амазонкалар кiмдер? Бұл - әйелдер үстемдiк ететiн қауым. Тұрмыстық, саяси, елдiк мәселелердi де әйелдер шешкен. Елдi жаудан да әйелдер қорғаған. Әйелдер жорыққа кеткенде, еркектер малға, шаруашылыққа қараған. Амазонкалар садақ атқанда кедергi келтiрмес үшiн кiшкентай қыздың төсiн күйдiрiп тастаған. Бұл айғақтар ежелгi гректер, римдiктер, парсы, көне славян, көне түркi әдебиеттерiнде жиi кездеседi.

Еуропа ғажайып амазонкалардың батылдығын, ержүректiгiн насихаттаудан еш жалыққан емес. Кино да түсiрдi, зерттеулер де жүргiздi. Еуропалық салмақты ғалымдардың пiкiрiнше, амазонкалық ханшайымдар - қазiргi түркi тектес халықтардың кезiнде атағы жер жарған әйел-арулары.

Грек тiлiнде "амазонка" деген сөз "төсi жоқ әйел" дегендi бiлдiредi. Сонымен қатар бұл жөнiнде ғалымдардың ортасында мынадай да таласты пiкiр бар. Ұлы түрiк қағаны Елтерiс қаза тапқан соң (450 жыл), оның тағына Елтерiс қағанның әйелi Iлбiлге қатын отырады. Кейiнiрек Iлбiлге қатын "қаған" атанады. Халық Iлбiлгенi үлкен сүйiспеншiлiкпен Айман-Құмай атандырады. Iлбiлгенiң жолын қуған iзбасарларын (жауынгер қыздарды) "айманзатты" деп атайды. "Амазонка ұғымы мен осы "айманзатты" ұғымының түбi де, шығу тегi де бiр" деседi кейбiр ғалымдар.

Не десек те, ежелгi амазонкалардың жұрнағы, батыл да батыр, ержүрек, ақылды, дана, халқы үшiн, халқының мүддесi үшiн өрлiк пен ерлiктiң неше атасын көрсеткен қазақ ханшайымдары да тарихта аз болмаған. Бiз бүгiн соның бiр-екеуiне тоқтала кетелiк.

 

ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАНДЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ

 

Иасауиге дейінгі Орталық Азиядағы

тарихи-діни ахуал

 Қожа Ахмет Иасауидің өмір сүрген уақыты мен кеңістігінде түріктердің төрт ғасыр бойы исламмен танысып, кей тұстарда қауым-қауым болып ислам дініне кіре бастағандығы тарихтан мәлім. Иасауиге дейінгі ғасырларда алғашқыда Аббаси халифаты билігіне қарасты Тұлын (868-905), Саж (890-929), Ихшидилер (935-969) сияқты жартылай тәуелсіз түрік саяси биліктерінің артынан Еділ-Бұлғар хандығы (922 ж. Ислам дініне кірген), Қарахан (840-1212) билігі, Ғазнауи (963-1186), Селжұқтар (1038-1194) және Хорезмшах (1092-1221) мемлекеттері сияқты өте маңызды түрік-ислам мемлекеттері пайда болды. Сонымен қатар тамыры тарихтың тереңінен келе жатқан дәстүрлі түркілік дүние-танымның исламмен біте қайнасуы нәтижесінде жаңа түрік-ислам мәдениеті мен өркениеті қалыптаса бастаған болатын.

Ислам дінінің таралу процесі Хз. Мұхаммет пайғамбар дәуірінен бастап, кейіннен Хз. Әбубакр (632-634), Хз.Омар (634-644), Хз.Осман (644-656) халифатының алғашқы алты жылы бойынша қарқынды жүрді. Нәтижесінде Араб түбегі толық, Византия империясына қарасты Сирия, Палестина, Мысыр және сол кезеңнің қуатты империясы Сасанилер де мұсылмандардың қол астына өтті. Осы Сасани империясының ыдырауы түріктердің исламмен танысуына жол ашты. 642 жылғы Нихавент соғысынан кейін Аһнаф бин Қайс басшылығындағы араб-мұсылман әскері Жейхунды (Әмудария) кешіп өткен болатын. Міне, осы оқиғадан үш жүз жыл өткен соң түріктердің мұсылмандықты қабылдау процесі өз нәтижесін бере бастады.

Алғашқыда Омаййад халифаты исламды жаюды жаңа жер жаулап алудың, байлықтың көзі ретінде қабылдағаны белгілі. Сондықтан да Орта Азияда бұл әрекеттерге қарсы көптеген көтерілістер мен діни ағымдардың пайда болуы да табиғи құбылыс. Кейіннен халифаттың басына Аббаси әулетінің (750-1258) келуімен бірге түріктердің исламға кіруі қарқындай түседі. Олар Құран мен Сүннеттің негізінде арабтар мен араб еместердің (мауалилер-дің) арасында бұл дүние мен ақыретте тақуалықтан басқа ешқандай айырмашылық жоқ екендігін айтып, Аббаси билігінен әділет пен теңдік талап етеді. Осылайша Хорасан және Мауараннаһрдегі түріктер мемлекет істерінде ресми қызметтерге араласып, халифатта араб еместердің (мауалилер) салмағы арта түседі. Нәтижесінде түріктер де мемлекеттік басқару жүйелерінен орын алып, халифатта тең құқық пен жауапкершілікке ие бола бастайды.

Қарлұқтар М.751 жылы арабтармен тізе қоса отырып, Сырдария мен Балхаш көлінің арасындағы Талас бойында қытайларды Түркістаннан қуып шығады. Міне, осы тарихи соғыс Орта Азияның тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Орта Азия қытайлану қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастайды. Кейіннен түріктердің араларынан әл-Фараби (870-950), Ибн Сина (975-1037), әл-Бухари (хадисшы), әл-Матуриди (каламшы) (944) сияқты ғұламалар шыққан соң, арабтар оларға тек әскери күш ретінде емес, білім, мәдениет, философия, өнер өкілдері ретінде қарай бастады. Сонымен түріктердің Аббаси халифаты кезінде, атап айтқанда, ІX-XІ ғасырларда исламға кіру процесі жалғасып, жоғарыда аты аталған түрік-ислам мемлекеттерінің құрылуында да, ұлттық тарихымызда да, жалпы ислам тарихында да маңызды рөл атқарғандығын көреміз.

Осы жерде маңызды мәселенің басын аша кеткеніміз жөн. Ол - түріктердің исламды "найзаның ұшымен, білектің күшімен" қабылдағандығы туралы көзқарас төңірегіндегі мәселе. Рас, алғашқыда түріктер арабтарға қарсы ғасырлар бойы күресті. Бірақ ең алғашқы түрік-ислам мемлекеті болып табылатын Еділ-Бұлғарлар (922 ж.) ешқашан араб әскерлерімен бетпе-бет кездеспеген. Сол сияқты Қарахан мемлекетінің (хижра-333/944-945) де исламды қабылдауында арабтар тарапынан ешқандай әскери қысымның болмағандығы бүгін тарихтан белгілі. Өйткені, біріншіден, топырақты күшпен жаулап алу оңай, ал "адам рухы,  болмысы - жаулануы қиын ең берік қамал," - деп суфилер бекер айтпаса керек. Екіншіден, түркілер ислам дінімен араб экспанциясы кезінде таныс болғанымен, ислам дінінің түркі жұрты тарапынан қабылдануы, араб халифатының іштен ыдырап, мөлтек мемлекеттерге бөлініп, экспанциялық қабілетінің әлсіреген тұсы X ғасырдан кейін болған. Ислам діні қарахандықтар үшін саяси күш пен бірігудің көзі ретінде қабыл-данғандығын, олардың мұсылман емес түркілерге қарсы ислам діні үшін соғысқандығын, ислам халифатын шығыстан келген шабуылдардан қорғап, шекаралық қалқан қызметін атқарғандығын Махмұт Қашқаридің еңбектерінен де көруге болады. Түрік дін-тарихшысы З.Китапчы да "Қарахан мемлекеті, Мауараннаһр аймағы, ислам халифатында кәпірлер мен мұсылмандар арасындағы шекаралық аймақ ретінде рөл атқаратын"- дейді. Демек, түріктердің ислам дінін таңдауындағы ықпалды себептер мен негізгі алғышарттарды дін-адам-қоғам кеңістігінен іздеуіміз керек. Осы мәселе жөнінде зерттеушілердің бірсыпырасы экономикалық-сауда қатынастары мен исламдық ғылым ошақтарының дені Орта Азияда дамығандығын басты себеп ретінде көрсетсе, ал кейбіреулері суфизм ағымдары мен дәруіштердің ролі мен қызметтерінің ықпалдылығымен байланыс-тырады. Бұған қоса сол дәуірдегі Ислам өркениетінің басқа мәдениеттерге қарағанда үстемдігі, түркілер-дің ислам дінін қабылдаудағы олардың дәстүрлі дүниетанымындағы Көк Тәңірі сенімі, Тәңірге құрбан шалу құбылысы, рухтың мәңгілігі, моральдық қағидаларындағы алып-ерендік, батырлық түсінігі, әділет ұғымының ескі түрік төресіндегі орны, олардың жауынгерлік рухы ислам дініндегі тек Тәңірі, құрбан, рухтың өлімсіздігі, ақырет түсінігі, исламда-ғы жауанмәрттік ахлақы, әділет ұғымына формалық жағынан ұқсастығында жатқандығын айтады.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

 Ұлтымыздың басқыншылыққа, отаршылдыққа қарсы азаттық күресі ХVІІІ ғасырдан бастау алады. Үш жүздің басын біріктірген Абылай хан өлгеннен кейін, патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты қарқынды жүзеге асты. Еділ мен Жайық арасын Бөкей ханға беріп, империяға тәуелді Ішкі Орда деп аталатын қуыршақ мемлекеті құрылды. Абылайдың баласы Уәлиханның билігін әлсірету мақсатында Орта жүзде Бөкейді хан сайлады. Патшалық Ресейден шен алған сұлтандар мен төрелердің кейбір тобы орыстармен бірлесе отырып, қазақ халқын талан-таражға ұшыратты. Осы орайда сол дәуірдің билеушілері жайында Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлы "қазақтың ханда кеткен ақысы бар" әділ бағасын берді.

ХІХ ғасырдан бастап қазақ жерінің батысынан солтүстігіне қарай орыс бекіністерін салу арқылы қазақ халқының жайылымдық жерлерінің ауқымын тарылта бастайды. Нәтижесінде қазақ рулары арасындағы көшіп-қону дәстүрі бұзылып, мал жайылымдарына күрес басталды. Сондай-ақ, қазақ жеріндегі хандық билікті түпкілікті жоюға кірісті. Ал, елдің оңтүстік үстінде Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтары салдары-нан жергілікті халық аяусыз қаналды. Бірақ қазақ мемлекетін жоңғарлар да, Орталық Азия хандықтары да толық күйрете алмады. Ел басына төнген осындай қиын-қыстау заманда тарих төріне Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары шықты. Оның өмірі аттан түспей күреспен өткені белгілі. Оған 1908-1915 жылдар аралығында Ташкенде Ресей соғыс істері министрі А.Н.Куропаткиннің тапсыруымен полковник А.Г.Серебреньеков "Туркенстанский край сборник материалов для историй его завоевания" деген атпен шыққан 14 томдық құжаттар жинағының алғашқы бес томында Кенесары хан бастаған қозғалысқа қатысты 176 құжаттың жарық көруі дәлел. Егер алғашқы кезеңде дайын-далған осы еңбектер болмаса бұл азаттық қозғалыстың шынайы ғылыми бейнесін жасау бізге қиынға соққан болар еді (М.Қойгелдиев. "Ұлттық саяси элита, қызметі мен тағдыры (ХVІІІ-ХХ)" зерттеулер. Алматы: Жалын баспасы, 2004 ж. 400, 500 бет).

Қызылқұм көтерілісі

 1929-1931 жылдар аралығында Қазақстан жерінде ұзын саны екі мыңға жуық халық толқулары болып өткен. Бірқатар толқулар асқына келе Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтерілістерге ұласқан. Бұл көтерілістердің негізгі себептері - ауыл шаруашы-лығын күштеп ұжымдастыру, орташаларды, кейде тіпті кедейлерді де "кулактар" қатарына жатқызу, жұртты мал-мүліктерінен айыру және дінге тыйым салу еді. Кеңес өкіметінің осындай авантюристік шараларына наразылық білдірген ел амалсыздан бас көтере бастаған. Әсіресе, Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаппай бас көтерулер мен толқулар орын алды. Қызылорда аймағының өзінде отызыншы жылдардың бас кезінде оннан астам қарулы ірі көтерілістер болған. Бұл көтерілістерге "антикеңестік" деген баға берілген жоқ, Кеңес өкіметі оларды "банда" қатарына жатқызып, қылмыстық кодекстің аясында аяусыз жазалады. Тергеу істерін "Ақмырза бандасы", "Калетов бандасы", "Иімбетов бандасы" деп атаған. (Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады).

Осындай қара тізімге ілінген көтерілістердің бірі - Қызылқұм көтерілісі. Оның себебі мен сипаттары да сол - халықты зорлық-зомбылыққа ұшыратқан сталиндік ұжымдастыру, күштеу арқылы жүргізілген ет даярлау салығы мен шаруалар арасында өткізілген түрлі науқандар. Оған дәлел, 1931 жылы 6 сәуірде Шымкенттегі Біріккен саяси Бас басқармасының (ОГПУ) қозғаған №474 санды архивтік тергеу ісі. Осы іс бойынша жиналған деректерге қарағанда, көтеріліс 1930 жылы наурыз айының басында басталған. Қызылорда аудандық ВКП(б) ұйымының тапсырмасымен, қаруланған және төтенше шара қолдануға құқылы он уәкіл №29 және №30 ауылдарға келіп, халық мысқылдап "белсенділер" дейтіндермен бірігіп, "байлар мен жартылай феодалдардың" тізімін құрастырған. Сөйтіп, тізімге кірген шаруалардың малдарын еріксіз ала бастаған. Бұл тергеу ісіне байланысты жауап берген Ордабай Шамшенов болған жағдайды былай деп, мәлімдеген: "Сегізінші наурызда ауылымызға ет даярлау уәкілдері келіп, маған отыз бас қой өткізесің" деді. Мен айтқан қойларын өткіздім. Кейіннен олар қайта соғып, "тағы отыз қой өткізесің" деді. Бірақ өткізген қойлардың ақшасын бермеді. Уәкілдердің түсіндіргені "алдымен үкіметке беретініңді анықтап, соған тиесілі ақшаны ұстап қаламыз. Егер де содан артылса береміз, ал артылмаса саған ақша жоқ" деді.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.