Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарих-таразы

Мария Шоқай естеліктеріндегі Мұстафа бейнесі

 

ХХ ғасырдың басы қазақ тарихындағы елеулі кезеңде қазақ даласынан ұлт азаттығы үшін кү­рескен бірнеше ұлт қайраткерлері шықты. Осындай Алаш арыстарының арасында Мұстафа Шоқайдың орны ерекше. Ел тәуелсіздігінен кейін ғана толымды зерттеудің нысанына айналған М.Шоқайдың өмірі мен күрескерлік жолы әлі толық зерделеніп, өзінің тарихи бағасын алды деп айта алмаймыз. Сан қырлы қайраткердің саяси-күрескерлік тұлғасын ашуда сүйген жары Мария Шоқай естелігінің мәні зор. Мұстафа Шоқай мен Мария Яковлевнаның есте­ліктері 1997 жылы түрік ғалымдарының құрасты­руымен жарық көрсе, оның қазақ оқырмандарына жол тартуына себеп болған ғалымдар Әбу Төкенов пен Мәмбет Қойгелді. Аталған ғалымдар естеліктің түйін сөзінде: "Осы күнге дейін Мұстафа Шоқайдың өмірі жайлы толық ғұмырнама жазылмапты. Бұл жинақ осы кемшіліктің орнын толтырарлық көптеген мәліметтерге, кісі аттарына, саяси оқиғаларға бай. Мұстафа Шоқайдың естелігінде 1917 жыл оқиғалары үлкен дәлдікпен шынайы баяндалса, 1918-1941 жылдар аралығындағы ғұмыры оған осы кезеңде сүйікті жар, сенімді дос, қамқоршы бола білген Мария Шоқайдың естелігінде суреттеледі. Бұл естелік саясаткер емес, қарапайым адамның көрген, сезген, көңіліне тоқығандарына негізделеді" деп, Мария Шоқай естеліктерінің тарихи мәніне жоғары баға берген.

ҚОМШАБАЙ СҮЙЕНІШТІҢ КӨРКЕМ ПУБЛИЦИСТИКАДАҒЫ ҚОЛТАҢБАСЫ

 

 

Сыр өңірі журналистикасында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген, қайрат­керлік бітім-болмысымен жарқырай көрін­ген аға буын жайында сөз қозғағанда, "Сыр бойы" газетінде әр жылдары жемісті қыз­мет атқарған қарымды қаламгерлер Асқар Тоқмағам­бетов­тен бастап Сүлеймен Сейі­тов, Сақтапберген Әлжіков, Сейіл Боран­баев, Зейнулла Жарқын­баев, Жақсылық Түменбаев, Ұзақ Бағаев, Қалқабай Әбе­нов, Мырқы Исаев, Нұрділда Уәлиев, Шәки­зат Дәрмағамбетов, Сақтаған  Есма­ха­нов, Қомшабай Сүйеніш, Ақберген Ержан, Әділхан Бәйменов, Асқар Кіребаев, Құттыбай Сыдықовтар еске оралады. Әр­қай­сысының журналистік жолы көзі қа­рақты оқырманның көз ал­дын­да өтті, бірі журна­листиканың жолын­да тер төксе, бірі жа­зушылыққа бет бұрды, енді бірі ақындықты таңдап, ішкі шерін поэзияға ақтарды.

Қазақтың Қомшабайы

 

Биыл Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, жазу­шы, драматург, Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніш 80 жасқа толды. Әдебиет табал­дырығынан поэ­зиясы арқылы аттаған қаламгер кейін қара сөздің майталман шебері ретінде танылып, қаламынан прозалық, драма­тур­гиялық шығар­малар туып, оқырманының жүрегінен жол тапты. Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған Қомшекең талантты шәкірттер тәр­бие­леп, әдебиет өлкесіне тұсауын кескен ұстаз да еді. Оның қара­пайым­д­­ылығын, жана­шырлығын, ұлтжан­дылығын көзі көргендер Әскер­бек Рахымбекұлы, Айжарық Сәдібекұлы, Махмұтбай Әміреұлы, Қайырбай Зәкірұлы Болашақ университетінде өткен еске алу кешінде айтып берді.

ҚЫЗЫЛҚҰМДАҒЫ АҚМЫРЗА КӨТЕРІЛІСІ

Биыл Қазақ елі боп тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі мерекесін кеңінен атап өткелі отырмыз. Ұлт тарихына алтын әріппен жазылып қалатын бұл айтулы мереке біздер үшін айрықша қымбат, ерекше қастерлі. Өйткені біздер – тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешудеміз. Осындай бақытты өмір бізге қалай бұйырды? Бізге жеткен тәуелсіздік жолының мәні мен маңызы қандай? Бұл азаттық жолында мың өліп, мың тірілсе де, ұлан-ғайыр жері мен имандай ұйыған елінің тұтастығын көзінің қарашығындай қорғап өткен ата-бабаларымыз осынау жан жадыратарлық шуақты күнді кейінгі ұрпағына мұраға қалдырды.

1465 жылы Жетісу аймағында Қозыбасыда Керей мен Жәнібек сұлтандар шаңырағын көтерген Қазақ хандығы шын мәнінде Қазақ ұлттық мемлекеті болып қалыптасты. Әрине, жаңадан мемлекет құру оңай шаруа емес. Оның қуатын арттырып, саяси және экономикалық жағдайын нығайту үшін жерін кеңейтіп, халқын көбейту керек болды. Бұл орайда Қазақ хандары және олармен қанжығалас қазақ батырларының еңбегі ерекше. Олар шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қанын қиып жүріп, ұлан-байтақ Қазақ жерінің шекарасын бекемдеді және қорғады, бізге мұраға қалдырды. Орталық Азияда Қазақ хандығы деген тәуелсіз де қуатты алып мемлекет тарих сахнасына шықты және бес жарым ғасырдан бері өмір сүріп келеді. Қазақ елінің бүгінгі жер көлемінен әлемде тоғызыншы орын алатын аймаққа иелік етуіне Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның зор үлесі бар екендігін баса айтуымыз керек. Ол туралы орта ғасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізді... Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес»-дейді. Осыншама жерді қорғап, елдің бірлігін сақтау одан кейінгі ата-бабаларымыздың қанына сіңген қасиетке айналды.

«АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПӘРМЕНІ

 

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі "Алаш" партиясының құрылуы еді. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ патша өкіметінің астыртын жүргізген саясатының нәтижесінде бұл әрекеттері нәтиже бермеді.

Саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек Ақпан төңкерісінен кейін ғана қалыптасты.

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.

Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: "Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды" - дейді. Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы "Қазақ" газетінің 24 маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бұл тезистер, белгілі дәрежеде, сол тарихи кезеңдегі қазақ демократиялық интеллигенциясының күрделі саяси мәселелерге байланысты ұстанған айқындамасынан, көзқарас деңгейінен хабар беретін еді.

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.