Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарих-таразы

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ СИПАТ АЛУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ РӨЛІ

 

Ел азаттығын аңсау, бұғаулықтан ада бостан­дықта өмір сүру, тәуелсіздікке қол сермеу жолында қазақ топырағында талай қозғалыстар мен көте­рілістер болғаны тарихтан белгілі. Халық қаһармандары Исатай мен Махамбет, Жанқожа мен Есет, Кенесары мен Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар кеңестік жүйеде бірі діни, бірі феодалдық тұрғыда сипатталып келді. Тіпті, тәуел­сіздікке қол жеткенге шейін ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы ұлт-азаттық емес, буржуазиялық-ұлтшылдық бағытты мұрат тұтқан күрес ретінде бағаланды. Бүгінде сол "ұлтшылдар" деп, қара күйе жағып жүргеніміздің бәрі елінің болашағын, тәуелсіздігін ойлаған Алаш азаматтары болып шықты.

Алайда өзімізді тану оңайлықпен келген жоқ. Кеңестік қасаң жүйе 1917-1919 жылдардағы қазақ қоғамының саяси жағдайын оқырманына бір жақты таптық принциптер тұрғысынан баяндап, өрескел бұрмалап ұсынды. Сол жылдары жазылған еңбектерде берілген материалдар "Қазақ", "Бірлік туы", "Сарыарқа" газеттерінен алынып, кейбір тұстары коммунистік идеологияға сәйкестендіріліп орысшаға аударылып, оқырманға ұсынылғанын тарихшылар жоққа шығармайды. Алайда тәуелсіз­дік алған сәттен бастап қазақ тарихы қайта қаралып, қайта оқытылып келеді. Дегенмен сол кезеңге қатысты тарихи деректер мен тарихи жазбаларға әлде де тереңірек үңіліп, шын бағасын беретін уақыттың жеткені байқалады. Осы тұста өткен ғасыр басындағы басылымдар - "Қазақ", "Алаш", "Сарыарқа", "Жас азамат", "Бірлік туы", "Үш жүз" газеттерінде жарық көрген түпнұсқасындағы материалдарының құндылығы жоғары. Тарихшы ғалым М.Қойгелдиев: "... газет материалдары ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығындағы қазақ қоғамында болып өткен түрлі қоғамдық процестерді зерттеп тану үшін аса бағалы деректер",- деп өз бағасын береді.

АЛАШ ИДЕЯСЫН ЖЫРЛАҒАН АҚЫНДАР

 

Қай қоғамда болмасын, жалпы адамзат ұлты­на, тегіне, жынысына қарамастан азаттықты аңсаған. Тіпті дүниеге келген сәби де өз еркімен қозғалып, тәуелсіз әрекет етуге ұмтылады. Қазақ баласының санасындағы азаттыққа деген аңсар, бостандық пен теңдікке деген құлшыныс сан ғасырлардың жемісі деп қараған жөн. Алаш қозғалысы соның заңды жалғасы. Алаш қозғалысының басты мақсаты - қазақ елінің өзін-өзі басқаруы, тәуелсіз дербес мемлекет болуды аңсауы десек, ол халық шығармасындағы тарихи өлең-жырлардан бастау алады.Тоталитарлық кезеңде ұлтжан­дылыққа, имандылыққа, елдің біреуге бодан болмай, тәуелсіз ел болу үшін рухани күрес шақырып, ұлттық рухты оятып жігерлендіретін өлең-жырларды ұрпаққа оқытпай тастағаны да белгілі.

АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

 

Алаш партиясының қазіргі тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында маңызы зор. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған мақсат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тотали­тар­лық жүйенің күштеп таңуымен орнығып келген қатал тарихи шындықтар ашыла бастады. Тарихшыларымыз жазуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтар да ашыла баста­ды. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған мәселе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен күрделі тағдырлары екені тарихи шындық.

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

 

ХХ ғасыр басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері болатын. Олардың басым көпшілігі жоғары білім алған зиялы азаматтар еді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің еуропалық бөлігі мен Қазан, Омбы, Том қалаларында және Еуропа ЖОО-ында білім алған Алаш қайраткерлері қазақ халқының мемлекеттік құрылымын жасақтауға айрықша тұлғалар болатын.

Ұлт зиялылары Алаш идеологиясын ту ете отырып, азатшыл, ұлттық ұрандармен қазақ жастарын баурап, өздеріне тартып, серік қылды. Ұлттың өзекті деген мәселелерін шешуде Мемле­кеттік думаларға, мұсылмандар съездеріне қаты­сып, жалпықазақтық, облыстық, уездік, болыстық съездер мен басқосулар өткізіп, халқы­мыздың жанын жеген басты зар-мұңы - жер, тіл, дін мәселелерін батыл көтерді. "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналының төңірегіне топтаса отырып, өзін-өзі басқарған, ұлттық мүддені қорғай алатын мемлекет жүйесін құруға талпынды.

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАҒДЫРЫ

 

Әрбір халық үш деңгейде өмір сүреді және үш құрамдасы болады: өткені, бүгіні және болашақ ұрпақтарында. Бұлардың әрқай­сысының маңызды-маңызсыздығын бөле жарып қарауға болмайды. Үшеуі де маңызды және бір-бірімен етене байланысты. Бүгінгі ұрпақ - қазақ тарихының жанды жалғасы.

Осыдан бір жарым жыл бұрын ғана Қазақ хандығының, қазақ мемлекеттілігінің 550 жыл­дығы зор сән-салтанатты аталып өткен болатын. Іргесін Керей мен Жәнібек қалаған қазақ мемлекеттілігінің ғұмырын соңғы ханы Кенеса­ры­ға дейінгі аралықты қамтыр болсақ, 370 жылға жуық мерзімді алады екен. Демек, дербес қазақ хандығы, қазақ мемлекеттілігі ортағасыр­лық типтегі мемлекет ретінде осын­ша­ма уақыт жаңа заман талаптары тартысты жағдайларда өмір сүруге мәжбүр болды. Қазақ­стан­ның Ресейге қосылуымен қазақ мемлекет­тілігі жойылып, халық отарлық жағдай­ға көшті. Дегенмен бостандық сүйгіш халқымыз Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздігін сақтап қалу үшін 140 жылдай уақыт күрескен екен. Салыс­тыру үшін айта кетейік, бүкіл Орта Азия­ның қуатты мемекеттері саналған Хиуа, Бұхара, Қоқан хандықтары және түркімен тайпаларын бағындыру үшін Ресей патшалы­ғына бар болғаны 20-25 жыл қажет болды.

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.