Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жәдігер

Бір жәдігердің тарихы

Қазіргі таңда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында Сырдың төменгі ағысындағы ежелгі қоныстар мен қалашықтар-дан табылған археологиялық экспонаттар жеткілікті түрде сақталған. Солардың ішінде 2009 жылы Жент қалашығына жүргізілген археоло-гиялық қазба жұмыстары кезінде табылған каура бақалшағын (раковина каури) ерекше айтуға болады. Ақ-сары фарфор түсті бақалшақтың ұзындығы - 1,6-1,8 см, биіктігі - 0,5-0,6 см, Әшекей бұйым ретінде қолданылғандықтан, жіп өткізу үшін арнайы тесілген. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Еуразияның барлық аймақтарындағы археологиялық нысандардан табылғандықтан каура бақалшағы ежелгі тас дәуірінен бастап қазіргі заманға дейін әшекей бұйымдар мен ақша бірлігі рөлін атқарғандығы белгілі болып отыр. Каура бақалшақтары негізін-де мұхиттар мен теңіздерде (құрсақаяқты ұлулар тобына жатады) тіршілік ететіндіктен, көбінесе Оңтүстік Азия елдерінде өндірілген. Сыр өңіріне Ұлы Жібек жолы арқылы әкелінгені анық. 

Тегі бөлек Тасболат

Дөңгелеген дүние кісі мойынын ешқайда бұрғызбай, доптай домалатып өтіп жатыр. Күнделікті күйбең тіршілік еңсені езіп бас көтерер емес. Тіпті жақыныңа жолыға алмай жат болып бара жатқандайсың. Әйтеуір бар кінәні жұмыстың көптігіне, уақыттың аздығына, заманның ағымына аудара салып өзімізді-өзіміз ақтап аламыз. Бір-бірінен айнымай өтіп жатқан күндердің бірінде класымның есігі қағылды. Бөгде адам.

- Ас-са-лау-мағалейкүм, - деген дауыс ойымды бөліп жіберді. Атақты домбырашы Төлепберген осында ма, көзім көріңкіремейтін еді, - деп әзіл-шыны аралас бас-тырмалатып кіріп келе жатыр. Қарапайым ғана киінген көзілдірікті, қолында таяғы бар ақсақалды көргенімде осы кісімен ең бірінші рет танысқаным есіме түсті.

Арындаған арыстан

 Жиырма бесінші желтоқсан 2013 жылы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қазалы ауданының концертін тамашалауға барғанмын. Концерт ортасында конферансье Арыстан Айтбаев. "Қазалының қыздары-ай!", - деп саңқ ете қалды. Шап-шағын, әп-әдемі ән бір деммен орындалды. Халықтың қол соғуы әннің бағасын беріп жатқандай. Әннің кіріспесі терция интервалымен вариация формасында басталды. Маған осы вариацияны Арыстан ағай өзі сыр-наймен орындап жатқандай сезімде болдым. Қап-қара бұйра шаштары, өңменіңнен өтетін сұсты көздері, мұрттары едірейіп сахна сырты-нан қарап тұрғандай.

Ертеңіне жұмысқа келіп бұрын-соңды есті-меген Арыстан ағайдың әнін тыңдағанымды достарыммен бөлісіп тұрғанмын.

- Ә, бала, сен білмейтін тағы бір қызықты ай-тайын,- деп, әңгімеге Әлихан Баймаханов ағайымыз араласты.

- 1990 жылдар шамасында болуы керек, жи-налыс болады деп кіші залға жиналып жатыр-мыз. Ол заманда барлық класта бір-бір радио саңқылдап тұратын. Бір уақытта радиодан халық әні "Қазалының қыздары-ай" деп бір әдемі әнді құйқылжыта жөнелді. Арекең (Арыстан ағай): "Ту, мыналар менің әнімді халық әні деуді қоймады-ау", - деп, ренішін білдіріп жатты. Оған ешкім мән берген жоқ.

Сағымдай ұйыған сағыныш

Алтын досым, алтын басыңнан, алтын қолыңнан айналдым. Өзіңе ерекше тәнтімін, Қайрош!

Р.Жанаев.

4.04.2004

I

Рекең, Рүстем Жанаевпен 1970 жылдардың орта тұсында Қызылордадағы "Қызылорда" қонақүйінің алдында кездейсоқ жолығып қалып, алғашқы танысқанымыз әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

Көптен таныс жандардай ту сыртымнан "Қайрош" деп соншалықты биязы естілген дауысқа бұрылып қарағанымда, қарсы алдымда қызыл шырайлы, тарақтың ырқына ыңғай таныта қоймайтын "мінезді" шаштары маңдай тұсынан жоғары көтеріліп барып желке тұсына құлай жығылған, жүзі жылы, келісті жігітке көзім түсті. 

Сұлу Сырдың жан адамға ұқсамайтын ойлы да сойлы (текті) ақыны, табиғаты тым ерекше Қомшабай Сүйінішев мені тап осылай атап, інілік назыма, ағалық мейірін мейлінше сіңіріп, бауырына тарта сөйлеуші еді...

Рекеңмен таныса келе білгенім: мына жалғанда жалпылықтан оқшаулау сара ой-түйсікке құлағы тү-рік, атасы азан айтып қойған атына заты сай, дүниенің датын жаламаған, от ауызды, орақ тілді Ер, бар ғұмырында, өресі мәз емес өтірік ұғымының ұйығына өкшесін малмаған, Күләш жеңгеме құлаш-құлаш өлең арнаған, көзінің қарашығындай асылы - Элочкасының аймаңдай папасы, ұлтанды ұлдары мен өрімдей немерелерінің сүйікті атасы, ақын әм азамат Рүстем Жанаевпен сол жолғы танысуымыз, ажырамас Достық отауында табысуымызға ұласып бара жатты!

"Қайрош", "Аққайрошқа" ығысып орын берді. Кейінірек өзім де екі буын есімді жаныма жақын інілеріме "Ақ"-ты қосып айтуды әдетке айналдырдым. Рекеңнің арқасында, ақын Сейіл Боранбаев ағамызбен етене араласып кеттім. Сейіл аға, Қомшекең, Рекең және өзім болып, қаншама жылдарға созылған жұбымыз жазылмастай жұмбақ жақындығымыздың мәні-мағынасы күн санап өсе берді, өсе берді...

Ағалы-інілі төртеуміз бас қоса қалсақ болды, төрт құбыламыз түгелдей көрінуші еді маған.

Арамыздағы әжептәуір жас айырмашылығы өзіміз өткен бірнеше белестердің қай қолтығында қалып қойғаны бізге белгісіз.

Қазалыға бара қалсақ болды, біз түсетін "кіші орда" сол баяғы Рүстем мен Ақ Күләш жеңгемнің отауы болатын. Осы екі есім, жұптасып, ажырамас егіздердей бірге айтылғанда ғана отырыстың сәні кіріп, дастарханның пәрі ашылып, тұтастықтың туы ылғи да жоғарыда желбіреп тұрар еді.

Ғасырда дүниеге бір келетін жерлесіміз бұлбұл әнші Роза апайымыз: "Рүстем, твоя супруга настоящая аристократка" - дегенде Күлекеңнің қонақ күтудегі қимыл-қызметіне, ақжарқын келбетіне қарап айтқан боямасыз ырзалығы болса керрек. Рекеңнің осындайда қарап қалмасы анық:

- Роза апай, қырық қыздың ішінен шертіп жүріп таңдап алған келініңіз ғой, - деп, әзілмен жауап қайтарыпты.

Әлі күнге дейін Күләш жеңгемнің ақ маңдайында қылаудай қыртыс атаулының ізі болмауы - қонақтарына қабақ шытып, қысыр сөйлеу әдеті туа бітті тал бойына үйір болмай-ақ кеткендігінен болар бәлкім. Қазалы-Арал топырағында өткен жиын, той, мерекелерге Қомшекең, Сейіл ағамен бірге бара қалсақ болды, "великолепная тройка" деген атауды үшеумізге лайықты деп тауып, сол аймақтағы тілекші қаламдас достарымыз, басы Рүстем болып бізге меншіктеп-ақ қойыпты.

Музей қорындағы қылыштың түрлері

Ертедегі деректерге сүйенсек, қылыш алғаш рет Ү-ҮІІ ғғ. Орталық Азияны мекендеген түркі халықтарында пайда болған екен. Кейін ІХ-ХІҮ ғғ. Шығыс Еуропа елдері арқылы дүниежүзіне тарады. Уақыт өте әрбір халықта өзіндік атауға ие болды. Қазақтарда "қылыш", түріктерде "клыч", парсыларда "шәмшир", үнділерде "тальвар", араб елдерінде "мамлюк қылышы", орыстарда "сабля",  еуропалық-тарда "гросс мессер" және "карабела" деп аталды. Қылыш ортағасырларда озық үлгімен шығарылған бірден-бір қару болды. Семсерлердің соғыс уақытында атқаратын қызметі түйреуге негізделсе, қылыш шабуға және түйреуге  ыңғайлы болды. 

Қазақтар қылышты бес қарудың біріне жатқызды және ХХ ғасырдың басына дейін пайдаланды. Қылыш туралы зерттеулерге сүйенсек, қазақ қылышының бірнеше түрі болған. Олар: алдаспан, наркескен, жатаған, қайқы қылыш т.б. 

Қазіргі уақытта музей қорында қылыштың бірнеше түрі сақталған. Бұлар негізінен қазақ және орыс қылыштары.  

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.