Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жәдігер

ӨМІРІН ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕГЕН

Тумысынан саналы түрде өмірін өнерге арнаған адамдар болады. Өмірі мен өнері өзгеге өнеге болған нәзік жанды-лар қазақта да болған, қазірде арамызда бар. Фариза Оңғарсынова, Айгүл Үлкенбаева сынды өнер саңлақтары ұлты-мыздың мақтаныштары емес пе? Айыбы ауылда жүр демесең, өнері ешкімнен кем емес арулар Сыр бойында да баршылық. Бұлбұлмен жарысып ән оздырған ару да, сиқырлы таяқшаның сырына үңілген сылқым да Сыр бойынан табылады. Сиқырлы таяқшаның серпілуімен сан түрлі ғажайып сырға толы сұлу сазға жетелейтін оркестр дирижері шынымен-ақ "құдірет" иесі сияқты көрінетін. Француздың "басқарушы" деген сөзінен енген дирижер мамандығын игерген қазақ қыздары елімізде саусақпен санарлық. 1992-2014 жылдар аралығында бір ұжымда бірге жұмыс істеп, қазіргі "Тұрмағанбет" оркестірінің уығын қаласқан, өзім жақсы танитын Күлдәрі жайлы баян етпекпін.

Күлдәрі Тілеуліқызы Избанова 1961 жылы 9 ақ-панда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Қызылорда музыкалық училищесін "Халық аспаптары" бөлімін бас қобыз аспабынан үздік бітіріп, осы жылы Құр-манғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерва-ториясына оқуға түседі. 1987 жылы консерваторияны "Бас қобыз" және "Халық аспаптары оркестірінің дирижері" мамандықтары бойынша үздік бітірген Күлдәрі Қызылорда музыкалық училищесіне жұмысқа орналасады. Міне, содан бері табаны күректей отыз жылға жуық уақыттан бері Сыр бойының мәдениеті мен өнерінің дамып, гүлденуіне өз үлесін қосып келеді. Өз мамандығы бойынша жылда үздік оқушылар дайындайды, ХХVІ жас орындаушылардың республикалық конкурсында шәкірті Шапағат Жорабек дипломант атанса, 2012 жылы Бахтияр Ахметов өңірлік "Дельфилік ойындар" сайысында І жүлдені жеңіп алады. Облыста өтетін өнер сайыстарына қазылық етуге жиі шақырылатын Күлдәрі 2001 жылы КСРО халық әртісі Ш.Қажыға-лиев атындағы І республикалық дирижерлар байқауына қатысып, кәсіби шеберлігі үшін "Мақтау қағазымен", 2002 жылы облыстық кәсіподақ пен облыстық Мәдениет басқармасының "Құрмет грамоталарымен", 2005 жылы Білім және ғылым вице-министрі К.Шамшидинованың грамотасымен, 2007 жылы министр Ж.Түймебаевтың Құрмет грамотасымен марапатталады.

ФЛЕЙТАҒА ТІЛ БІТІРГЕН ФАНИЯ

1992 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне жұмысқа орналастым. Ұжым үлкен, әр түрлі ұлт өкілдері және ең жасы кішісі мен болдым. Көпке дейін үйренісе алмай жүрдім. Ұлты өзге бір келіншек жиналыстарда әрдайым шындықты айтып, "шы-рылдап" жүретін. Бетің бар, жүзің бар демей, жасың мен лауазымыңа да қарамай, ойлағанын тура айтатын. 2007 жылы Сыр бойында ашылған "Тұрмағанбет" атындағы ұлт аспап-тар оркестрінде бірге жұмыс істедік. Аспаптарымызға байланысты жақын отырдық. Содан бері ол кісімен жақсы араласып кеттік. Сыр бойындағы сиқырлы сазды, ғажайып үнді, әлемдегі ең көне аспаптардың бірі болып саналатын флейта аспабының жалғыз кәсіби маманы осы Фания Закирқызы болатын. Көңілі дархан даладай, ылғи көңілді жүретін Фания кәсібі мен өз мамандығына аса жауапкершілікпен қарайтын. Шәкірттеріне талапшыл, турашыл, еңбекқорлық сынды адами құндылықтарды үйретуден жалықпайтын Фания ұстаздықпен бірге оркестр әртісі лауазымдарын қатар атқарып келеді. Қаншама оқуды тәмамдап, неше жыл жұмыс істесе де, күні бүгінге дейін оркестрге жұрттан бұрын келіп, "қыздырынып" алатын. Міне, бұл - нағыз кәсіби музыканттың машығы.

Фания Закирқызы Ғафурова 1958 жылы 15 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келеді. Орта мектепті бітірген Фания 1974 жылы Шымкент музыкалық училищесіне флейта аспабына С.Д.Жайханованың класына түседі. 1979 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына таңдаған аспабы флейтаға қабылданады. Аспапты жақсы игерген студент Фанияны ҚР мемлекеттік ән-би ансамбіліне жұмысқа шақырады. Сөйтіп студент Фания сол кездегі еліміздің ең үлкен ұжымында қызмет істеді. 1984 жылы оқуын ойдағыдай аяқтаған Фания Закирқызы Қызылорда музыкалық училищесіне флейта аспабының оқытушысы болып жұмысқа кіріседі. 2000 жылдан күні бүгінге дейін үрлемелі-ұрмалы аспаптар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2007 жылдан "Тұрмағанбет" атындағы ұлт аспап-тар оркестрінің белді мүшесі, бірінші флейташы. Оркестр құрамында еліміздің ең үлкен қалаларының ең үлкен сахналарында өнер көрсетті, бірнеше фестивальдердің лауреаты атанды. Оркестрмен Ресей, Өзбекс-тан т.б. мемлекеттерде гастрольдік сапарда болды. Оркестрдегі ең қиын партияларды Фания мүлтіксіз орын-дайтын, сондықтан да музыканттар мен оркестр әртістері арасында үлкен беделге ие.

"Инемен құдық қазғандай" ұстаздық ауыр жолда да Фанияның біліктілігі мен кәсіби шеберлігі өзін өзгелерден оқшауландыратын. Сыр бойының қаракөз балаларына сиқырлы саздың сырын ұғындырған Фанияның ондаған шәкірттері еліміздің жоғарғы оқу орындарында білімдерін ұштауда, қаншама шәкірттері мәдени ошақтарда қызмет етуде. Кез келген аспаптан ең алдымен таза дыбыс талап етілетін болса, Фания бұл мәселені алғашқы күндерден-ақ шәкіртінің көңіліне ұялатады. Кез келген музыкантқа нотаны мүдірмей оқу аса қажет болса, ноталық сауатқа да ыждағаттылықпен көңіл бөлетін Фанияның шәкірттері сауатты болатынын айту ләзім. Міне, отыз жылдан аса өмірін Сыр бойының өнері мен мәдениетін дамытуға, Сыр елінің ұл-қыздарын саз әлеміндегі ғажайып дыбысты флейта аспабын үйретуге арнаған Фания 2015 жылы "Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығына" арналған мемлекеттік наградаға ие болды. Елбасының қолы қойылған бұл медаль Фания Закирқызының көп жылғы еңбегінің жемісі еді. Фания әріптесіме зор денсаулық пен толағай табыстар тілей отырып, еңбегінің елеусіз қалмайтынына сенемін.

Төлепберген ТОҚЖАНОВ

ҰСТАЗЫМНЫҢ ӨНЕРІ МЕН ӨНЕГЕСІ

 

1980 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне оқуға түстім. Қыркүйек айында домбырадан сабақ беретін ұстазымызбен таныстық. Түрі де, есімі де ешқайсымызға таныс емес. Консерватория бітірген. Сабаққа кірісіп кеттік. Алғашқы кезде ұстазыма үйренісе алмай жүрдім. Қызық көрінетін. Домбыраны алып, күйді немесе шығарманы тартып келе жатып орта тұсына келгенде атып-тұрып домбыраны қоя сала екі қолын сермеп, әндете жөнелетін. Өзі сары кісі, қызарып кетіп, сәлден кейін кілт тоқтап: "Міне, музыка осылай болуы керек, күй осылай орындалуы қажет" дейтін. Мен жаспын, ондайды бұрын-соңды көрмегенмін, тырқылдап тұрып күлемін, бірақ оны елеп жатқан ағайым жоқ. Әйтеуір алдындағы оқушыға бар ынта-шынтасымен шығарманы түсіндіруге тырысатын. Кейде қасыма бөгде оқушыларды ертіп келіп, ағайыма қасақана: "Мына күйді түсіндіріп беріңізші" дейтінмін. Ағайым ешқашан тартынбайтын, баяғы әдетінше домбырамен бастап әнімен аяқтайтын және қалай айтады дерсіз?! Оркестрдегі барлық аспапты салып беретін. Міне, нағыз музыкант. Жәлел ағайымыздың музыкалық училищедегі алғашқы шәкірттері біз болдық: мен, Нұраддин Ахметов, Роза Есенбаева, Алма Искендирова. Бәріміз де консерватория бітіріп, шама-шарқымызша өнерге қызмет етудеміз.

ӨНЕРДЕ ҒАЛАМАТ, ӨНЕРДЕ АЗАМАТ

Қызылорда музыкалық училищесінің оқушысымын, төртінші курс оқимын. Қыздарға қырындайтын жастамыз. Бір қызға ғашық болған "қияли" кезім. Сол қыздың суретін алып, портретін салғызуға суретші іздеп жүргенде досым Алмат көмектесті, "Бізде төменгі курста мықты суретші бар ғой",- деді. Қуанып кеттім, әсіресе төменгі курс болғанына. "Қорқытсам да салдырам ғой" деген сұм ой сумаң ете қалды. "Жүр кеттік" дедім ойланбастан. Алмат досым сұрастырып жүріп тауып алдық. Мәссаған! Төменгі курс болғанымен алпамыстай алып денелі, бойы да, жасы да менен біршама үлкен болып шықты. Қап-әй, ә! Алмат таныстырып жатыр:

 

Бірегей сәулет өнері ескерткіштері

 

Сыр өңірі ежелден түркі өркениетінің алтын бесігі саналады. Сонау ежелгі сақ, ғұн, түркі дәуірінен жеткен қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер осы қасиетті өңірде сақталған. Қазіргі таңда солардың бірегейі сәулет өнері ескерткіштері болып табылады. Сырдария ауданының аумағында орналасқан Сырлытам кесенесі және Қалжан ахун мешіт-медресесін ерекше атауға болады.

Сырлытам кесенесі. Кесенені алғаш рет 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қазіргі уақытта Сырлытам кесенесі Іңкәрдария ұжымшарынан 29 шақырым жерде орналасқан. Кесене ғимараты жоспарында шаршы пішінді, жақтарының ұзындығы шамамен 10 метр. Қабырғалары күйдірілген кірпіштерден (27х27х4,5 см және 23,5х12,5х4,5 см) қаланған, төбесі күмбезді. Кесененің бұрыштары пилястрлі болып келген кірпіштерден дөңгелек түрінде өрілген, олардың диаметрлері 40 см шамасында. Кіреберісі жебе тәрізді аркамен көмкерілген, қабырғаларында қуыстар сақталып, сылағында өрнектің іздері сақталған. Кесененің ішінде екі қатарға орналастырылған тоғыз бейіт бар. Ескерткіш 1985 жылы Қазақ КСР ҒА шешімімен реставрациядан (қайта жаңғырту) өткізілді. Қазіргі уақытта Құмтөбе басына орнатылған Сырлытамның беті шығысқа қарап тұр. Кесене Х-ХІІІ ғасырлармен мерзімделеді.

Қалжан ахун мешіт-медресесі. ХІХ ғасырда ІІ жартысында Ресей империясының Сыр өңіріндегі отарлау саясаты күшейді. Отарлаудың бір бағыты жасырын православиеге шоқындыру саясаты да жүргізілді. Оның дәлелі ретінде Сырдарияның бойына салынған орыс форттары: №1 форт (Қазалы), №2 форт (Қармақшы), №3 форттарда (Перовск) салын-ған православиелік шіркеулерді айтуға болады. Сол кездегі Орта Азиядағы Ташкент, Бұқара, Хиуа қала-ларындағы медреселерді бітірген қазақтар Ресейдің шоқындыру саясатына қарсы тұрды. Өздері тұрған ауылдарда жергілікті халықтың қаражатымен мешіт-тер мен медреселер көптеп салынды. Алайда, бұлар-дың көбісі сақталған жоқ. Қазіргі таңда Сыр өңірінде қалыпты сақталған Қалжан ахун мешіт-медресесі.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.