Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жәдігер

СИҚЫРЛЫ САУСАҚТЫ ЫСҚАҚОВ

 

Бір тойға ұлым Жанмұхаммедті ертіп апардым. Достарым балама қояр да қоймай ән айтқызды. Халық қошеметтеп, тағы бірнеше ән айтты. Кешкісін балам мазасыздана баста­ды. Таң-ертең қатты ауы­рып тұрды. Дереу емханаға апардым. Біраз тексерген дәрігер: "Аға, мешітке не молдаға апарып, "дем" салғызып алсаңызшы",- деді. Жұрт-тан сұрастыра жүріп бір молданың мекен-жайын алдым. Келсем, он шақты адам кезекте тұр. Бір кісі әңгіме бастады, біздің ауылда қарасуды теріс ағызатын Алпан деген молда болатын. Ауыл адамдары сол кісі өмірден өткенше дәрігердің кім екенін білмейтін. Есігінің алдында күні-түні ауру-сырқаулар, әсіресе жаз айларынды көрші Ресейден де келетін,- деді.

ҚҰЛБОЛДЫ ИШАННЫҢ БАТАСЫ

 

Досан Қыпшақ Тілеубекұлы Әнуарбекпен бір сәтті күні дидарласудың орайы келіп, онымен жөн сұрасып, азды-көпті әңгіме-дүкен кұрдық. Сөз арасында менің Құлболды ишанның ұрпағы екендігімді білген соң ол өзінің көнекөз қариялардан естіген Құлболды ишан мен Тұрсынбай датқаның бір кездесуі туралы мына бір оқиғаны айтып беріп еді...

Тұрсынбай датқа азанымен ақбоз атына қонды. Жанында бес жылғы ту байталды жетекке алған атқосшысы. Бұл көптен бері ойына алған бір шаруаны тындыруға алған беті еді. Осыдан екі айдай уақыт бұрын Датқаның әкесі қайтыс болып, марқұмның жаназасын шығаруға Құлболды ишанға хабар жіберген-ді. Ишан ауылында болмай, намазға келе алмады. Бүгінгі сапарының мақсаты - Хан ауылындағы өзі пірім деп қол берген Құлболды ишанға әкесіне құран хатым етіп, құран аударту. Атқосшының жетегіндегі жылқыны хатым жасаған ишанның босағасына байлау. Осы мақсатты орындауға бет алған Тұрсынбай "Я, пірім" деп, атқа қонған еді.

СЫР БОЙЫНЫҢ АБЫРОЙЫ АЛДИЯР

 

Қызылорда музыкалық училище-сінде жұмыс істегеніме бір-екі жылдың көлемі болған. 1994 жылдың кыркүйек айының бас кезінде қою қара қасты, түр-тұлғасы келіскен бір кісі өзін Шағдатпын деп таныстырды.

- Балам, биыл осында домбыраға түсіп еді, соны сіз оқытсаңыз, - деп өтініш айтты.

Менде оқушы көп екенін түсіндіріп, ағымнан жарылып, оқыта алмайты-нымды айттым. Сол курстың оқушы-ларына бір жылдай класс жетекшісі болдым. Сабағы да жақсы, тентектіктен де алдыңғы қатарда жүретін Алдияр республикалық конкурста лауреат атанып, Құрманғазы атындағы консерваторияға түсті. Одан бірнеше жыл аспирантурасын оқыды, "аспаптар музейінде" ғылыми қызметкер, "Отырар сазы" оркестрінде бас домбырашы "концертмейстер" болып қызмет істеді, әйтеуір айналып жүріп ауылына келді ғой. Консерваторияда оқып жүргенінде "ана конкурстан бірінші орын, мына конкурстан бірінші орын алды" дегенді естіп жататынбыз. Елге келгесін де бірнеше конкурстарға қатысқан Алдияр сол баяғы бірінші орыннан төмен түсіп көрген емес.

ДАРА ТҰЛҒА

 

300

2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультетінің деканы, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, профессор Карима Сүндетқызы Сахарбаеваның шақыруымен консерваторияға жұмысқа орналас-тым. Кыркүйектің 2-жұлдызында консерваторияның Үлкен концерт залында Білім күніне арналған жиын өтті. Залда ине шаншар жер болмады. Әріптестерім Қуаныш пен Талғаттармен бірге артқы жақтағы орындарға жайғастық. Кенет, бүкіл зал бір адамдай орындарынан өре түрегеліп қол соға бастады. Ештеңеге түсінбей абдырап қалдым. Сөйтсем, сахнаға кон-серваторияның ректоры Жания Яхияқызы көтеріліп келе жатқанын байқадым. Бұл көрініс маған қатты әсер етті. Тамағыма жылымық тығылып, көзімнен жас шығуға сәл-ақ қалды. Басшысын осыншама құрметке бөлеп, мәртебелі қошеметпен қарсы алғаны мені қуанышқа орап таңқалдырды.

ӨНЕРДІҢ ГҮЛІ ЕДІҢ, ӘМИНА

 

Шарбақтың іші. Күннің қызарып батқанын бақылап, қиялға қанат байлағанды ұнататын басым ежелгі әдетімнен жаңылмай, жанар күннің жасырмақ болған жұмбағын шешпек боп, "ой шіркінмен" оңаша отырғанмын. Оқыстан "Қалайсың інім?" деген дауыстан ой оқпандап, қиял кеуде кетегіне тығылды.

- Ой, апа, аманбыз. Келіңіз.

- Келгенде қандай? Амансыңдар ма?

Іні мен апаның құшақтары айқаса кетті. Мейірім шуақ маң-дайынан сүйді. Апамның алақаны анамның алақанындай қысқа ша-шымды қайыра берді. Аман-саулығымды түгелдеп, сағыныш шашуын санадан шашқанда бауыр етім бүлк етті.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.