Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жәдігер

ШЕШЕЙ

 

2014 жылдың тамыз айында Құрманғазы атын-дағы Қазақ ұлттық кон-серваториясының деканы, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, профессор Карима Сүндет-қызы Сахарбаеваның шақыр-туымен жұмысқа келдім. Қағаз, қалам алып, апайдың айтуымен арыз жазып отырмын. "Әй, сенің почеркің қалай жаман, мінезің де оңбаған болып тұр-ау, ә",- деді үстімнен төніп тұрған апайым. Мінезім "жібектей" деп ақталып жатырмын. Бас-аяғы жарты сағатқа жетер-жетпесте барлық "қолдарды" қойдырып, жұмысқа қабылдатып: "Ал, бала, 27 тамызда жұмысқа түсесің, дұрыстап жұмыс істе, ұлылардың жүріп өткен жері, болмасаң да ұқсап бақ" деді. Айқайлағым келіп тұр. Ішім жарылып бара жатыр. "Оу, енді ше? Үш ұйықтасам түсіме кіріп пе, консерваторияда сабақ беру?

ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ: САҚИНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

Ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алатын қазақ қол өнерінің бір түрі - зергерлік өнер.

Қолөнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда-ақ қолға алынғандығын айғақтап, өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді.

Зергерлердің басты жұмысы қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Әшекей бұйымдар соғуға кәсіптенген шеберді зергер деп атаған. Қазақ халқының зергерлік өнері ғасырлар бойы дамып, жетіліп, халық тұрмысына сіңісудің нәтижесінде ұлттық мәдениеттің маңызды бір бөлігіне айналды. Қазақ халқының зергерлік туындыларына қарай отырып, оның эстетикалық талғамының өте жоғары деңгейде болғанын көре аламыз.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚАЙТА ЖАҒЫРТЫЛҒАН «АРХЕОЛОГИЯ» ЗАЛЫ

 

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі - облыстағы ірі мәдени ғылыми-зерттеу орталықтардың бірі. Қазіргі таңда музей қорында өлкеміздің ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін санғасырлық тарихынан терең сыр шертетін 55 мыңнан астам экспонат сақталуда. Музейдің археологиялық қорындағы экспонаттар ұлтымыздың баға жетпес байлығы болып табылады.

2015-2016 жж. облыстық музейдің 11 залдан тұратын экспозициясы толыққанды қайта жаңғыртылды. Соның ішінде Сыр өңірінің ертедегі тарихын баяндайтын "Археология" залының экспозициясын ерекше атап өтуге болады.

 

Арал  маңының  тас және қола дәуірлері

Археолог мамандармен кеңесе отырып жасалған Археология залының экспозициясы Сыр өңірінің археологиялық төрт кезеңі: жаңа тас ғасыры (неолит-энеолит), қола дәуірі, ерте темір кезеңі және ортағасырларды қамтиды. Осы орайда Қорқыт ата атындағы "Археология және этнография" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ә.Тәжекеевке және орталықтың ғылыми қызметкерлеріне көрсеткен ғылыми кеңестеріне айрықша алғысымызды білдіреміз.

Экспозиция жаңа тас дәуірінен басталады. Б.з.д ІV-ІІІ мыңжылдықты қамтитын Қызылорда облысының неолиттік тұрақтары Солтүстік, Солтүстік-шығыс Арал маңында шоғырланған. Атап айтқанда, Сексеуіл, Жалғыз ағым (Шелги Загем), Көнту, Қосмола, Құмсай, Жалпақ тұрақтары. Бұл тұрақтарды алғаш рет ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспеди-циясы зерттеген (жетекшісі С.П.Толстов). Музей қорында ХАЭЭ нәтижесінде табылған 2000-ға жуық археологиялық экспонаттар сақталған. Экспозицияда жаңа тас дәуірінің тұрақтарынан табылған аса шеберлікпен жасалған еңбек құралдарының түрлері: ұрғыштар, қырғыштар, пышақтәрізді пластиналар және керамикалық ыдыстардың бөліктері орналастырылды.

КӨПКЕ ҮЛГІ, ЕЛГЕ СЫЙЛЫ

 

"Соғыс" деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені, соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс (ірі-майдасын қосқанда) өткен екен. Онда 4 миллард адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осы-нау жойқын соғыстар-дын ішіндегі ең ірісі - 72 мемлекет қатысқан екінші дүниежүзілік соғыс болған. 110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.

1941 жылы маусымның 22-сі күні, жексенбіде, таң қылаң бере гитлерлік Германия Кеңес Одағын жойқын соққы астына алды. Дұшпан авиациясы шекара аймағында орналасқан аэродромдарды, темір тораптары мен Кеңес әскерлерінің шоғыр­ланған жерлерін, сондай-ақ Мурманск, Минск, Каунас, Киев, Одесса және Севастополь қалаларын бастырмалата бомбылай бастады. Шекара түбін­дегі бекіністерді аяусыз артиллериялық атқылаудан кейін Вермахтың құрлықтағы әскерінің қуатты топтары шекараны басып өтті.

«АҚМЕШІТТЕН» АСУ АСҚАН АБЫЛАЙХАН

 

1980 жыл. №1 қалалық музыка мектебін бітіретін жылым. Ұстазым Тасболат ағай сабаққа ұлын ертіп келетін. Төрт-бес жасар балаға қарап: "Ә, мынау ізіңізді қуатын керемет домбырашы болайын деп тұр ғой" дегенімізге ұстазым шорт кесіп, "жоқ, музыка­ның жолы өте ауыр, өсек-өтірік, бірін-бірі көре алмау, қызғаныш, мойындамау, жамандау - бәрі-бәрі осы өнердің айналасында жүреді. Баламды спортсмен қыламын. Жеңгені де, жеңілгені де анық білінетін таза дүние ғой",- дейтін.

1991 жылы Тасболат ағайымыз баласын музыка­лық училищеге, домбыра класына әкеліп құжат­тарын тапсырып жатты.

- Оу ағай, баламды спортшы қылам деп едіңіз, мұныңыз қалай?- деп әзілдеп жатырмын.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.