Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жәдігер

ШӘКІРТТЕРІМЕН БИІК ҰСТАЗ

 

Үлкен концерттерде, жиын-тойларда кездесіп шүйіркелесіп тұратынымыз болмаса, амандық-сау­лықтан әрі аспай өтіп жатқан күндерімнің бірінде жеке шаруаммен Перуза Арғынбаеваның сыныбына бас сұқтым. Мәссаған! Кішігірім өнер мұражайына тап болғандай болдым. Кластың бір қабырғасы түгелге жуық жүлдегер шәкірттерінің жетістіктері мен суреттері, ал енді бір қабырғада ұстазына деген шәкірттерінің жылы лебіздері мен алғыстары өте әдемі талғаммен безендірілген. Ішім жылып сала берді. Таңданысымды жасыра алмадым.

- Сонда осының бәрі сенің шәкірттерің бе?- деппін сасқанымнан. Ылғи да жымиып жүретін Перуза бұл жолы да әдемі ғана езу тартып:

- Иә,- деді, - сен не, бірінші рет кіріп тұрсың ба бұл сыныпқа?

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ РУХ БЕРГЕН

 

1983 жылы Құрманғазы атындағы консер-ваторияда Құрманғазы атындағы бірінші респу-бликалық домбырашылар конкурсы өтті. Осы конкурсқа Қызылордадан музыка училищесінің 3-курс студенттері мен және Нұраддин Ахметов екеу­міз қатыстық. Ол кезде бас жүлде деген жоқ, бірінші орынды Абдулхамит Райымбергенов пен Тұяқ Шамелов ағамыз бөлісті. Абдулхамит ағаның сол кездегі орындаушылық шеберлігі менің көкейімде осы күнге дейін сақталған.

Араға бір жыл салып, 1984 жылы кон-серва­то­рияға түсіп, студент атандық. Кураторы-мыз Абдул­хамит аға болды. Атақты "Мұрагер" фольк­лор­лық ансамблінің дүркіреп тұрған кезі, жетек­шісі Абдулхамит аға. Ең үздік студенттерді таңдап алады. Талай студенттердің арманы болған сол "Мұрагер" ансамблінің мүшесі болу бізге де бұйырмады.

КӨККЕСЕНЕ МЕН БАРШЫНКЕНТТІҢ ҚАНДАЙ САБАҚТАСТЫҒЫ БАР?

 

Өткенге ой салып, оны зердеге тоқу тарихты тірілтумен бір­дей. Кезінде "Мәдени мұра" бағдарламасын қолға алып жат­қанда ел етекте қалмас, әркім тиісінше өз үлесін тигізуге тыры­сып бақты. Кешегісіз бүгін жоқ десек, ұлттық ұстаным ұмытыл­мауы керек. Қара жер қойнында қаншама қазына көмулі жатыр. Ал, зерттеліп, тарихқа енгені қаншама. "Мәдени мұра" ұсынған мол жәдігерді жинақтау уақыт алға жылжыған сайын толысып, құндылығы жағынан байитыны сөзсіз. Ол үшін бүгіннен басталатын қадамдар қажет.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби: "Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің сү­ріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды" десе, Баласағұн бабамыз: "Болашақ өткен тарихты білуден басталады" деген екен. Бү­гінгі қоғам да тарихты құрметтеуге мән беріп келеді. Ата заңымыздың 37-бабында: "Қазақс­тан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғауға міндетті" деп көрсетілген.

ЗАР ЗАМАН АҚЫНЫ ШОРТАНБАЙ

Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын, жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің бағыт-бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын, тіршілігінің тынысын тамыршыдай дөп басып танып отырған. Іштен, тыстан келетін қауіп-қатерлерді алын-ала сезіп білген. Бұл өзгелерден артық туған ақын, жырауларға тәңірдің берген тән қасиеті болса керек. Олар қой үстіне бозторғай жұмыр­тқалаған мамыражай заман болса, шаттана, масаттана жырлаған. Ел басына күн туған аласапыранда отты жырларымен қалың қазақтың жігерін жанып, тұтастық пен бірлікке шақырған. Ал туған жеріне жатжұрттықтар сұқ көздерін сүзіп, шеңгелдеп қол сала бастағанда жыландай жылжып келе жатқан қасіреттен халқын сақтандырып жырмен зар жылаған. Жат пиғылдылардың елдің іргесін ірітіп, ырысын шашып, қазынасын қасықтап та, шөміштеп те таситынын елден бұрын аңғарған. Ақындар алмағайып заманда елдің жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтаруға халықты үндеп отырған.

ШӘКІРТІМЕН БИІК ӘЛИЯ

 

1992 жылы Алматы-дағы үй-күйімді, жұмы-сымды бәрін тастап туған жерім Қызылордаға келдім. Шешем марқұм ауру болатын, "балам, үйге қайт" деген бір ауыз сөзін жерге тастай алмадым. Елге келдім. Музыкалық учили-щеге мұғалім болып ор-наластым. Жаспын. Ақыл-дан бұрын ашудың шы-ғатын кезі. Әншейінде тым жақсы сыйласып жүретін ұстаздар қауымы емтихан кездері қырғи қабақ болып қаламыз. Ой тәйірі-ай! Сондағы реніш баға үшін. Кәдімгі оқушыларымызға қойылатын баға үшін. Ренжітпеген адамым қалмады. Кезекті бір емтиханда әп-әдемі Әлия есімді келіншекті ренжітіп алдым. Көз жасына ерік берген Әлия: "Төлеп, сені еркек екен десем" деп қалды. Мәссаған! Аза бойым қаза болды. Ес білгелі ешкімнен ондай сөз естімегем. Кластан шығып жүре бердім. Бұл 1993 жылдың күз айлары болатын. Біреу сеніп біреу сенбес, мен содан бері 2014 жылға дейін бірде-бір емтиханға кірген емеспін.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.