Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жәдігер

Болашаққа нәр берген

 

"Егінші мәрт - жер жомарт". Бұл - атақты күрішші Ыбырай Жақаевтың өмірлік философия­сынан түйіп айтқан нақылы. Сыр елі - күріштің отаны. Ал, бүгінде оның атын шығарып жүрген Жақаевтың ізбасарлары жетерлік. Соның басында Мемлекет және қоғам қайраткері, "Абзал және компания" толық серіктестігін өз маңдай тер еңбегімен құрған Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев тұр.

Иә, А.Ералиевтің есімі ақ күрішпен таныл­ды. Жердің жомарттығын адал еңбегімен тер төккенде сезінген жан. Өз ісінің шебері әрі өз туған жерінің жанашыры атанған оған қызықпайтын адам жоқ. Даладай дархан мінезі, қарапайым қалпы оны әрбір адамға жақындата түсті. Елдің ішінен шығып, елдің сөзін сөйлеп жүрген ол бүгінде ҚР Парламен­ті  Мәжілісінің депутаты.

МҰСТАФА ШОҚАЙ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ БІЗДІҢ ҚОҒАМ

 

Алашорда Үкіметі бағдарламасында жерге ең алдымен қазақтың ие болуы, жердің асты-үстіңгі байлығын қазақтың пайдалану керектігі, өз өнімін өзі өндіретін ұлттық экономика, қазақ тілінің мемлекеттілігі, діні мен ділінің үстемдігі, білімнің дамуы секілді ең өзекті бағыттар қарастырылған. Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың: "Дүние жүзінде зиялыларсыз ұлтқа айналған саяси, әлеуметтік халық бұқарасының бірлігі ешқашан болған емес. Сондай-ақ, халық бұқарасынан қолдау көрмеген зиялылар да түк істей алмайды. Халықты ұлт деңгейіне көтеру, өз мемлекетіне ие тәуелсіз тұл­ға­ға айналдыру ұлттық зиялы қауым мен қалың бұқара арасындағы ортақ сананың болуынан. Осы сананы айқындау, сол арқылы мақсатқа жетудің бағыт-бағдарын жасау - зиялылардың міндеті",- деген тұжырымы жоғарыдағы бес бағыттың іске асуын қамтамасыз ететін бірден бір қағидат.

М.Әуезов дәстүрі және З.Шүкіровтің «Сыр бойы» тарихи романы

 

Қазақ тарихи романының қалыптасып да­муында М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпо­пея­сының дәстүрлік маңызы зор болды. Кең эпикалық тыныс пен ұлт тарихының көркем шежіресін образдар тағдырымен байланыс­тыра шебер суреттеу тарихи тақырыпқа қалам тартқан қай жазушының алдында болмасын, адастырмас Темірқазықтай жөн сілтеп, кім-кімге де ой салып тұрды.

Бұл жөнінде кезінде жазушы Тахауи Ахта­нов: "Абай жолы" қазақ прозасының мерейін асырды. Сонымен бірге қазақ үшін үлкен сын бол­ды. Біз Әуезов қаламынан ұзақ уақыт толғатып, сирек туатын алып шығарма алдық. Бұл қуанышты жағдай жас прозаның алдына аса биік асу, салмағы зор міндет қойып берді. Иә, бұл шығармадан кейін қазақ прозасына қойы­латын критерий оқыс биіктеп кетті де, жас әдебиеттің жотасына аса ауыр жүк артылды. Бі­рақ "Абай жолы" жапан даладағы шоқы емес еді, оған дейін баспалдақтап көтерілген талай асу белдер бар, қазақ әдебиеті атты үлкен жо­таның биік шыңы болатын. "Абай жолынан" кейінгі проза оған дейінгі прозадан талантты жазушыны да, талантты шығарманы да көп туғызды. Ол өзінің алып тұлғасымен қазақ про­за­сының талай өскелі, өнгелі тұрған бүршік бұтақтарын тұншықтырып тастаған жоқ, қайта қазақ прозасының қаулап өсуіне берекелі көктемдей игі әсер етті. Біз дәл бүгін "Абай жо­лымен" тепе-тең түсетін жеке шығарманы атай алмасақ та, қазақ прозасының жалпы табысы - ұлы шығарманың ізін суытпағанын үлкен медет етеміз. Және ол проза көп бағыт­та ізденіп, мәуелі ағаштай бұтақ жайып, кеңейіп келеді", - деп жазды.

«ШЫҒЫСТАН КЕЛГЕН ШАЙЫР»

 

Мен жатақханада жатамын. Оқу жылының ен­ді басталып, бәрі абыр-сабырда жүрген кез. Сол күндердің бірінде өздерін ұстау мәдениеті ерек­ше, қазақы нақыштағы заманауи киім киген, бір-бірімен шүйіркелесіп жатақханаға бір топ сту­дент жас кіріп келе жатты. Жанымдағы ұшқа­лақтау мінезі бар досымнан: "Мына жастар кім­дер?"- деп сұрадым. Ол да әзілдегісі келді ме, әй­теуір дауыс ырғағына екпін беріп, "оралмандар ғой" деп дүрсе қоя берді. Кенет бәрі маған қарап, осы сөзді мен айтқандай жақтырмағансып, әлгін­дегі студенттер жатақханаға кіріп кетті. Құдды бір төбемнен суық су құйып жібергендей боп абды­рап қалдым, не үшін екенін түсіне алмасам да, өзімді кінәлі сезінгенмін.

Қызығы мен шыжығына шомылдыратын жа­тақ­хана өмірінің қалай зулап өтіп жатқанын біл­мейтін кезіміз. Бір күні алып-ұшып жүріп, бізге ба­руға тыйым салынған қабатқа кіріп кетіппін. Сөйтсем, бұл қабатта аспан асты елінен келген қыз-жігіттер жатады екен. Көз алдымда тұрып қытай тілінде әңгімелесіп тұрған екі жігітті көріп, бұйра шашым тік тұрғандай болды. "Қазақсыздар ма?"- дедім сәл даусым кібіртіктеп.

Орны бөлек Орынтаев

 

1979 жылдың көктемі болатын. Нұрадин досым екеуміз облыстық жарыстардан бірінші орындарды жеңіп алып, республикалық жарысқа жолдама алдық. Алматыда А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде өтеді екен. Ол кезде гран-при деген жоқ, бірінші орынды Талғат Орынтаев деген өзіммен қатар қара домалақ бала алды, ал маған екінші орын бұйырды. 1983 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің 3-курсында оқимын, іріктеуден сүрінбей өтіп, Семей қаласында өтетін республикалық, музыкалық учили­щелер арасындағы конкурсқа жолдама алдым. Семейге келіп, берілген жатақханасына жайғаса бер­генім сол еді, өзіммен шамалас екі жігіт кіріп келді. Заттарын қоя сала дереу шығып кетті. Сәлден соң әлгі жігіттердің бірі қайта келіп:

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.