Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

Бас редактор бағаны

"ШҮКІРОВ ТІРІ БОЛҒАНДА, ӘКІМНІҢ ӨЗІ КЕЛЕР ЕДІ..."

 Осы бір жүрекке шаншудай қадалған уытты сөзді Арал қаласына барғанда естідім. Жұмадин Қалымбетов айтты. Қазақтың қайсар қаламгері Зейнолла Шүкіровтің туған жері Бөгендегі орта мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп жүрген кезде жастардың басын қосып, спорттық шараларды өткізіп жүретін ол жиырма жылдай уақыттан бері Зекеңнің есімін ұрпақ санасында жаңғыртуды мақсат тұтып, волейбол мен үстел теннисінен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп жарыс ұйымдастыруды қолға алған еді. Биылғы жылдың сәуір айының 17-18 күндерін белгілеген Жөкеңнің шақыртуымен біз де барғанбыз. Ол Арал қаласына Алматыдан арнайы келіпті. Оған жарыс өткізуді міндеттеп, сыйлықтары үшін қаржы бөліп жатқан ешкім жоқ, өз ынтасымен ағайын-туыс, дос-жарандарының көмегімен спорттық сайысты дәстүрлі турнирге айналдырып алыпты. Ал, грамота, медаль, кубок аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі есебінен.

 

ТІЛДЕН СҮРІНІП, МӘДЕНИЕТКЕ БАСЫН АУЫРТПАЙТЫНДАР ел көсегесін қалай көгерте алады?

 

Қазіргі кезектен тыс Президент сайлауы алдындағы қарбалас сәтке қарап, "сайлаудың болғанынан боладысы қызық" деген ой оралады. Бүгінгі әңгіме төркіні де, күбір-күбір өсек те осыған саяды.

Шындығында, Президент сайлауына түсіп жатқан кандидаттардың "Президент болып, ел басқарамын" деген ішкі ойы лингвистикалық комиссиясының есігінен әрі аса алмай тұр. Бірі тілге шорқақ болса, енді біріне қойылған сауалға үміткеріміз: "ТМД деген не, оған қандай елдер мүше?" деп, өздерінің саяси сауаттарын көрсеткеннен кейін не дерсің? Әрине, президенттікке түсіп жатқандардың барлығы да бірдей сауатсыз деп айта алмаймыз. Екі бет қағазға түсірген ойын нақты әрі еркін білдіргендер де бар. Дегенмен, "Президент боламын" дейтін азаматтар емтиханнан өтпесе де, мінберді пайдаланып, саяси мәлімдеме жасап кеткенді жөн санап, сайлауды шоуға айналдырғысы келгендерді де көз көріп отыр. Осылайша түрлі амалдарды қолданып, науқан арқасында жұртшылыққа көрініп-ақ қалғысы келетіндерді де байқап қалдық.

БИЫЛ МАЙҚАНОВА ЕСІМІН ИЕЛЕНЕТІН ТЕАТР САЛЫНА МА?

 

Сәрсенбінің сәтінде, 18 ақпанда Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында халыққа есеп беру кездесуі өтті. Әдеттегідей халық көп жиналды. Қарапайым халықтан гөрі галстук таққан шенеуніктердің қарасы көп көрінді. Көбісі орын таба алмай ентігіп жүр. Есеп дәл уақытында басталды. Әкім бір орнында 3 сағат тікесінен тік тұрып, көпшілік алдында тайсалмай тіл қатты.

Халық батыры Жанқожаның есімі халық жадында қайта жаңғырды

 

Ел басына күн туған кездерде, батырлық пен батыл-дықты, ерлiк пен өрлiктi, қайсарлық пен қаталдықты қатар ұстап, туған жерiнiң азаттығын аңсаған, Хиуа мен Қоқан хандықтарына, патшалық Ресейдiң отаршылдық саясатына қас қақпай қаруын сiлтеген, жетпiс жыл бойы аттан түспей, ел бостандығы үшiн күрескен қаһарман, ұлт азаттығы қозғалысының даңқты қолбасшысы, ха-лық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есiмi ұрпақтан ұрпаққа жетіп, оның тәуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күресi қазақ тарихында айрықша орын алып келді. Батырдың биылғы 240 жылдық мерейтойы тарихи тұлғаның есімін халық жадында қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына тағылымын сіңіруге қызмет еткенін ешкім жоққа шығара қоймас. Дегенмен мерейтой барысында көзіміз көріп, құлағымыз естіген кей тосын жайлардың да куәсі болдық.

Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы Сыр топырағында 4 күн тойланды. Алғашқы күні Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында батырдың өмірі мен ерлігі жайлы шыққан жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі болды. Тұсаукесерді Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова жүргізді. Әбдісаттар Оспановтың "Наркескен" тарихи-көркем трилогиясы, Молдахмет Қаназдың "Жанқожа Нұрмұхаммедұлы" атты зерттеулер мен мақалалар жинағы, Нұрлан Көбегенұлының "Жанқожа батыр туралы жырлар" кітабы және Сардарбек Қожағұлдың "Жанқожа батыр" дастандар жинағы оқырмандар назарына ұсынылып, көпшілікке таныстырылды. Кітап авторлары кезек-кезегімен сөз сөйледі. Алдыңғы толқын ағалар Жанқожаны айтқанда рулар төңірегін көбірек қозғап, тар шеңберден шыға алмай қалды. Ал, сөз алған Сардарбек Қожағұл батыр жайында жазылған тарихи өлең-жырлардың ішінен көркемдік деңгейі жоғары Лұқпан Кенжеевтің "Жанқожа батыр" дастанын 2-3 беттік деп менсінбей, өзінің жазған дастанын 1500 жолдық екенін мақтанышпен жеткізді. Ол аз болғандай, ардагер журналист Айжарық Сәдібекұлы "Наркескен" трилогиясы туралы өз пікірін білдіре отырып, Жанқожа батыр жайында жазылған прозалық туындылар - З.Шүкіровтің "Сыр бойы", Б.Алдамжаровтың "Ұлы сел" романдарын сынға алды. Сөйте келе "Наркескенді" сәтті шығарма ретінде Сыр өңірінен шыққан қаламгерлердің ішінде Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен терден" кейінгі екінші кітап деп бағалап жіберді. Көпшілікті екіұдай жағдайға қалдырған бұл жайттардан кейін сөз кезегі маған берілді.

Тәуелсіздік үшін ту көтерген Жанқожа батыр ескерткіші бұла күш пен қажыр-қайратқа толы болуы керек

Жанқожа шыққан жалғыз батыр едi,

Бұл қазақ жықты ортадан алтын туын...

Есiл ер қапияда кеттi қолдан,

Ендi батыр қазаққа Жанқожадай табылмайды. 

"Жанқожа батырдың толғауы" деп аталатын бұл жырдың авторы - батырдың сенімді серігі, қарулас досы Мұсабай жырау Аманқұлұлы. Толғау батыр дүниеден өткеннен кейін жазылған. Ал И.В.Аничков 1893 жылы жыраудың өз аузынан қағазға түсірсе, 1894 жылы шығыс зерттеушісі Н.И.Веселовский "Киргизский расказ о русских завоеваниях в Туркес-танском крае" кітабында жырдың араб әрпімен басылған қазақ тіліндегі нұсқасын және орыс тіліндегі аудармасын басып шығарған. Осылайша шығыс зерттеушілері бір ғасырдан әріде дүниеге келген тарихи жыр арқылы батырға өшпес ескерткіш орнатып кетті.  

Ескерткіш дегеннен шығады, биыл болатын Жанқожа батырдың 240 жылдығына орай Қызылор-да қаласында салынатын батырдың ескерткіші төңірегіндегі әңгіме былтырдан бері сөз болып жүрген-ді. Кезінде облыстық комиссия мүшелері жалпақшешейлік танытып, бір не екі жобаны ұсынудың орнына, бірден төрт жобаны Астанаға жөнелткен-ді. Астанадағы мемлекеттік комиссия-ның қарауына жіберілген төрт жобаның үшеуі батырдың аттың үстінде тұрғаны, біреуі аттан түсіп, жерде "бірдеңені" көтеріп тұрған бейнесі. Қызық болғаны сол, қызылордалықтардың білместікпен жіберген "атсыз жобасын" (ол кезде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Берік Жүсіпов болатын) астаналық комиссия мүшелері де "көңіл-шектікке" салынып, өткізіп жіберген. Қарсылық осыдан туындады. Қоғамдық пікірдің өршіп кеткені сондай, енді бұл іске облыс әкімінің өзі араласуына тура келді. "Ақылға сыймайтын шешімнен" кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың атынан ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына хат жолданғанын қазалылықтардың Жанқожа батырдың 240 жылдығына байланысты Қызылорда-ға арнайы келіп, ас беріп, ойластық жасаған сәтінде облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова көпшілік алдында айтып берді. 

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.