Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

Бас редактор бағаны

Ұлтқа жанашыр, ұрпаққа аманат немесе бес жылдың салмағы

2009 жыл. Сәуір айының соңғы аптасында өз-өзімді қоярға жер таппай, өзімнен-өзім рухани бір алапат күшке ие болғандай күй кештім. Қолымда су жаңа журнал. Қайта-қайта қараймын. Қайта-қайта оқимын. Сыр өңірінің тарихында «бұдан бұрын мұндай журнал жарыққа шықты ма екен?» деп, өз-өзіме сұрақ қойып, тарих қойнауына үңілемін. Күндіз қолымда, түнде жастығымның астында. Расында, өзің қаншама жыл армандап, қаншама жыл осы салада тер төгіп, дүниеге әкелген туындың ыстық болады екен. Бұл туынды – осы күні 5 жыл толып отырған әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы.  

Қандай дүние болмасын, бірден жарыққа шыға қоймайды. (Өз орнын табу өз алдына әңгіме.) Оған дейін біраз сараптаудан, ой елегінен өтеді. Оқушы күнімде «Жалын», «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» сияқты журналдарға қатты қызығатынмын. Әр бетіндегі «проза», поэзия» сынды айдарларына лайықталынып салынған кішкене таңбаларын қиып алып, кәдімгідей құрастырып, өзімше жаңасын жасап шығатынмын. Арада жиырма жылдан астам уақыт өтіп, 2009 жылы 25 сәуірде «Әлімсақ» журналының алғашқы нөмірі қолға тиген кезде балалық қиялымның жүзеге асқанына, асқақ арманымның орындалғанына қатты қуандым. Бүгінгідей алмағайып заманда, ұлтымыз өз-өзімізді танимыз деп жан-жағын түгендеуге кіріскенде, қайсыбірі өзгенің «таңсығына» қызыға қарап, бірі адасып, бірі шатасып, үлкендер кішісіне қол сілтей бастаған шақта, халықтың игілігі мен ұлттың мүддесін көздейтін басылымға айналатын рухани дүние болса деген ұмтылыстан туған басылым еді бұл. Әлімсақтан әрі келе жатқан тарихи дүниелерімізді, бұрын-соңды жарыққа шықпаған туындыларды, баспа бетін көрмеген фотоларды, жалпы тың дүниелерді жарыққа шығарсақ, тарихтың сарғыш тартқан парақтарының сырын ашсақ, тарихты ұлттық тұрғыда бағаласақ деген оймен осындай қадамға барған едік. Осы орайда редакциялық құрам жасақтап, елге белгілі әрі құрметке ие азаматтардың басын топтастырдық. Әр нөмірде тың ой, пәтуалы сын айтып, оқырманның қажеттілігін өтеуге тырыстық. Көзі қарақты оқырмандарымыздың пікірлеріне де құлақ асып, айтары бар авторларға да журналдың бетін айқара аштық. 

Алғашқы нөмір. Халықтың өз ортасынан шыққан қаһарман, қазақ батырларының ішінде әулие батыр атанған, жолбарыс рухты Жанқожа Нұрмұхамедұлының тарихи бейнесін ашуға ұмтылыс жасаған алғашқы сан. Сыр елінің ақпарат кеңістігіндегі жаңалық туралы «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінен бастап жергілікті басылымдар қуанышымды бөлісе жарыса жазғаны, жергілікті телеарналардың көрерменнен сүйінші сұрап көрсеткені әлі көз алдымда. 

Бойына Сырдың бос жатқан, қала салсақ деп едік

Бұл - облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың биылғы ел алдында есеп беруге келгенде Махамбетше өрілген арманы. Өткен жылды қорытындылап, алға тың жоспарларын халықпен бөліскен әкім "Сыр мәдениеті саласында қандай тың өзгерістер әкелер екен, тарихқа тұнған өңірдің қадірін қаншалықты қастерлер екен?" деп құлақ тосқанымыз рас. Жауабымызды алғандай болдық. Соған сай өз ой-пікірімізді, ұсынысымызды айтқымыз келді.

- Бабалардан қалған мәдени мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету - біздің ұлт алдындағы парызымыз. Биыл Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат секілді ежелгі қалалардың орнында археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыруға арнайы қаржы қарастырдық,- деді облыс басшысы. Құп делік. Алайда осы тұста қазба жұмыстарының сапасына да мән берілсе, қадағаланса екен дейміз. Біз осы аталған тарихи орындарда болғанымызда кей жерлердің, әсіресе Жанкенттің орнындағы қазба жұмыстарының жауапсыз атқарылғанын көрдік. Сондықтан жұмыстар жанашырлықпен жасалып, болашақ ұрпақ алдында ұятқа қалмау қамын осы кезден ойға алғанымыз дұрыс болар.

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.