Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

Бас редактор бағаны

ТАМЫР-ТАНЫСТЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ ЖУРНАЛИСТИКА ДАМЫМАЙДЫ

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмахан,

«Әлімсақ» журналы мен «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы,

филология ғылымдарының кандидаты

     Қызылорда облысынан жарық көріп жатқан бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарын қарап отырып, Сыр бойы журналистикасының тарихында тұлғалық қасиетімен жадымыздан кетпейтін есімдер ойға оралады. Ауыл шаруашылығына қалам тербеген Ақберген Ержан, құқық саласын бес саусақтай білетін Әбдібай Уәлиұлы, білім саласын шемішкедей шағатын Қази Данабаев, облыс экономикасының жүрек соғысын сезетін Жолдасбек Ақсақалұлы, бұлардың бәрі маманданған, кейінгі толқынға үлгі-өнегесімен биік журналистер болды. Мырқы Исаев секілді «Мен әкемді де аямаймын, жазатын адамды жазамын» дейтін табанды журналист жоқ қазір. Әр кез жастардың қолтығынан демеп жүретін Әділхан Бәйменовтей жылы жүректі қазір сезіне алмай жүрміз. Бүгінгі журналистикаға, міне, осындай кәсібилік пен адами қасиет, сонымен қатар шығармашылық еркіндік жетіспейді.

Бір қарағанда, бүгінде ақпараттық технология қарыштаған қоғамда жас журналистердің көпшілігі сауатты секілді көрінеді. Бірақ ол сыртқы қалпы ғана. Әлеуметтік желілерде жыртыңдап көрініп, көрінген суреттерді жүктеп, пайымы төмен пікір айтуға құштар, ал елдік мәселелерге қатысты көтерілген ойларға келгенде жұмған ауыздарын ашпайтын журналистердің барын жасыра алмаймыз. Себебі, олардың сөздік қоры жұтаң, фондық білімі таяз, құқықтық сауаты төмен. Келелі мәселені талқылауда табандап қалады, қорқа соғады. Өздігінен ізденіп, білімін жетілдіргісі келмейді. Тіпті, кітаптан ат тонын ала қашатын жас журналистер арамызда жүр. Әрине, олар материал мәтіндерінің семантикалық құрылымына, тілдік әдіс-тәсілдерінің қолданылуына, әр жанрдың стилистикалық ерекшеліктеріне мән бермейді. Өкінішке орай, бүгінде өңірлік журналистердің «пресс-релиздік деңгейге» түсіп кеткені сондықтан.

Қазіргі БАҚ-тарда барлық тақырыптар атүсті жазылып жүр. Себебі мен салдарына бірдей үңілмейді. Мәселен, экологиялық аймақта өмір сүріп жатса да, қызылордалық журналистер үшін экологиялық тақырып тасада қалып тұр. Туризм тақырыбына да тереңдей ене қойған жоқ. Әрине, бәріне бірдей журналистерді жауапты етуге болмас. Бір жағынан, кей мемлекеттік мекемелер сұратылып отырған мәліметтерге толыққанды жауап бермегендіктен толыққанды мақала шыға қоймайды. Оның үстіне, алақандай Қызылорда үшін тамыр-таныстық деген тағы бар. Тамыр-таныстық жүрген жерде журналистика дамымайды.

Біз бүгінде салалық журналистикаға бет бұра бастадық. «Әлімсақ» журналы әдеби-мәдени және тарихи тың тақырыптарды оқырманға ұсынып жатса, «Ұстаз мәртебесі» газеті педагогикалық, ағартушылық бағытта ұстаз қауымының жанына табылып жүр. Ғылыммен айналысып, студенттерге дәріс бергеннен кейін, бұл салаға дендеп ендім. Орта, арнаулы және жоғары білім беру стандарттарына сәйкес жасалып жатқан жұмыстар көз алдымызда. Қазірде мұғалімдерге артылып отырған жүк өте ауыр. Сондықтан бүгінгі ұстаздардың қызметі туралы жазу үшін әуелі осы саланы терең білуің міндетті. Сондықтан салалық журналистиканы дамытуға күш салыну керек деп есептеймін. Әр салаға маманданған журналист сол саланы жете біліп, тыныс-тіршілігін ой елегінен өткізіп, бұқараға сауатты материал ұсына алады. Себебі, әр саланың өзінің ішкі ережесі, заңдылығы бар, оны көпшілік біле бермейді, тек сол сала мамандарына таныс, бірақ олар айтарын жеткізе алмайды. Ал, маманданған журналист публицистикалық тілмен аудиторияны бағындырады. Салалық журналистиканың салмағы осында жатыр.

Қолынан ұялы телефонын тастамайтын көпшілік көбіне әлеуметтік желілерге үңіліп жатады, ал олардағы мәліметтердің жартысы шындыққа жанаспайтынын бірі білсе, бірі білмейді. Әр сала бойынша жария етіліп жатқан деректердің қайдан алынғаны да белгісіз. Маманданған салалық журналистиканың керек жері осы, оқырманды нақты деректі, сауатты ақпаратқа қол жеткізе алады. 

"Тарих қанмен жазылып, қанмен түзетіледі"

 

Дәл осылай артына сөз қалдырған қазақ әдебиетінің классик жазушысы Әбіш Кекілбаев дүниеден озды. Көзі тірісінде қадірін жете білмеген көзіқарақтылар осы күні қабырғасы қайысып, ақтық сапарға шығарып салды. Қадірінен, Фаризасынан айырылған қазақ бұл күні тағы бір арысын жоқтап қалды.

"Арлы адам - ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес", - деп ой түйген Ә.Кекілбаев қазақты тағы да ойландырып кетті.

ҚАЙСАР МІНЕЗ. ҚАДЫМ СУРЕТКЕР

 

91 жастан асқан шақта қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Әбдіжәміл Нұрпейісов туған жеріне келді. Қызылордада кездесу өткізді, Аралда "Соңғы парыз" романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа арналған композициялық ескерткіш белігісінің ашылуына қатысты. Ескерткіштің ашылу рәсімінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Дүние тұрғанша тұрыңыз, абыз Әбе аға",-деп, тебірене сөйледі.

Әбең туралы қаншама естеліктер жазылды. Шығарма-лары терең талданды, кейіпкерлері талай жанды тебірентті. Мінезі мен болмыс-бітімі жайында талай сыр шертілді. Біз бұл жолы оның шығармашылық характерін беретін қағаз бетіне түскен кей жолдарға кезек беріп отырмыз.

Сырт көзге суық көрінген Нұрпейісов селт ете қалмайтын сабыр мен өзінің ісі, мүддесіне дегенде үлкен жауапкершілікпен қарайтын сарабдал жан. Қайсар мінез иесі. Қадым суреткер.

Нұрпейісов  бүгінгі таңдағы қазақ өнерінің асыл көзі, өнегелі жолы, қым-қуыт, текетірес рухани майданымыз-дың бас жауынгері, кешегі ұлылардың алдын көрген, қолына су құйған, батасын алған соңғы могиканы!

Қаламгер бір құласа - қатты құлайды, бір тіксінсе - өмірі қайырылмайды. Қайсарлығы еменнің қаттылығы. Әуелде, бір көргенде жүзінің жылуы аз, сыздана сөйлегенімен, ішіне еніп, сыр бөлісе білсең, жан дүниесі құлаш жетпес жалпақ әлем. Бәрі де сыяды, бәрін де сыйғызады. Қолына алған шаруасын іс қылмай, жетем деген межесіне жетпей тыныштық таппайды. Өзін де, өзгені де аямайды. Әсіресе, кейіпкер мінезін сомдауда, кейіпкердің жан әлемін қозғауға келгенде  адам төзгісіз, қиямпұрыс тәжірибеге жүгінеді, соныдан із кеседі, көркем сөзден кесте тігеді.

Ә.Нұрпейісов романында ұлттық бояу, жарқын түр, түс жетерлік. Бірақ жазушыны алдымен адам тағдыры, өз халқының тағдыры толғантады. Ол өз кейіпкерлерінен тек қана адамшылық қасиеттер іздейді, ал ұлттық түр сол ортаны суреттеу үстінде өзінен-өзі жарасып шығып жатады. Сондықтан да оның кейіпкерлерінің үстінен дала гүлінің иісі шығады.

Сәбит Мұқанов үлкен бір алқалы жиында Әбдіжәміл Нұрпейісов жайында: "Менің қазақ әдебиетінде 20 жыл бойы күткен адамым енді келді", - деп көпшіліктен сүйінші сұрап, жар салған екен. Әбділда Тәжібаев та жылт етіп көрінген жас ақындарға батасын беріп, бағыт сілтеп жүруші еді. Бүгінде ондай жанашырлық та, бауырмашы-лық та азайып кетті. Биліктің тізгінін ұстаған азаматтар да руханияттан алыстаған. Қалай дегенде де ұлттың тұтқасы да, ұйытқысы да  жазушылар, ақындар, ғалымдар екенін, әрқашан оларға қамқорлық керек екенін мемлекет ұмытпауы керек. Билік пен интеллигенция тізе қосып, ынтымақтаса тірлік еткенде ғана елдің де, ұлттың да, тілдің де бағы жанады.

ТЕАТР ТАРЛАНЫНЫҢ ЕСІМІ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ЖАҢҒЫРДЫ

 







"Мені 1995-1999 жылдары ҚР Парламентінің депутаты болған кезімде "үндемейтін депутат" деп жазғырушылар көп болды. Бірақ, мен өзімнің туған жерімнің алдындағы парызымды өтедім деп ойлаймын. Қансырап жатқан Аралыма қанатыммен су септім…"

"Бірде Арал ауданындағы неше күннен бері ауыз су тапшылығын көріп отырған Бөген елді мекенінің тұрғындарына 4 водовоз су апарғаным бар еді. Сонда халық су таба алмай, әбден зәрезап болған ғой, азғантай сумен көздерін уқалап қана қояды. "Қалған суды үнемдеп, тамақ-шайға пайдаланамыз" дейді".

"Адамның ішінде ешкімге көрсете алмайтын мұң, шері болады. Менде де бар мұндай нәрсе. Оны тек театрға келіп, рөлге енген кезде шығара аламын. Іштегі жанайқайды сахнада сыртқа шығарып, жеңілдеп қаламын".

"Театр деген - таза дүние. Мұнда тек таза адамдар, таза өнер ғана келуі керек. Бізде қазір бәрі былғаныш болып кетті…"

Бұл - ҚР Халық әртісі, "Тамаша" әзіл-сықақ театрының тарланы Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаевтың соңғы сұхбатынан алынған түйінді сөздер. Биыл оның дүниеден озғанына 5 жыл толады. Осыған орай Қызылордада еске алу кеші өтті. Кеште өзі өнерде жанашыр болған үзеңгілес әріптестері, іні-қарындастары - Ж.Сейдоллаұлы, Е.Жаңабергенова, Ж.Ысқақова, Г.Оразымбетова, Ө.Айниязов, А.Еңсепов, М.Садуақасова сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

БҮГІНГІ ЖУРНАЛИСТ ҚОҒАМ МҮДДЕСІН ОЙЛАУҒА ҚАУҚАРЛЫ МА?

 

Бүгінгі журналистер туралы әңгіме қозғалғанда әуелі олардың қоғам алдындағы бет-бейнелері мен беделі ойға оралады. Шынымен, кешегі өткен кеңестік дәуірмен салыстырғанда бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны, идеологиялық күш-қайраты қай деңгейде? Сан жағынан өскен БАҚ сапа жағына жауап бере ала ма? Түптеп келгенде, бүгінгі журналист қоғам мүддесін ойлауға қауқарлы ма?

Қазірде журналист туралы ел ішінде әр түрлі сыпсың сөз айтылады. Бірі "биліктің айтқанынан шыға алмайтын сормаңдай" десе, енді бірі өз қотырларын өздері қаси алмай, өз күндерін өздері әрең көріп жүргендерге теңейді. Ең сорақысы, журналистер арасында журналистік этикадан шығып, біреуді бопсалап, ақша тауып жүргендердің барын айтады. Сонда билік пен халықтың арасында көпір болып, елдің мұңын жеткізіп, оның оң шешілуіне ықпал етуші рөл, болмаса қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді сын тезіне салып, қоғамдық пікір тудырушы қасиетке ие болатын мамандықтың қадірі қашқаны ма?

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.