Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ҚАЙЫРДА ҚАЛМАЙТЫН "ҚАЙЫҢ" КИПРДЕН КЕЛГЕННЕН КЕЙІНГІ КӨҢІЛ-КҮЙ

 

  Сурет - айна. Одан өзіңді, өмірді, өлмес өнерді көресің. Майлы бояудың тұтасып, бір туындыға айналған сәті расымен де құдайдың пендесіне қия салған құндылығы. Оны түйсіне, сезіне, көре білу үшін көкірек көздің ашықтығы, сананың сергектігі керек. Суретші ше? Жан арпалысының, өмір беде-рінің, тамұқты да, тарихты да қағазға құйылта біле-тін көреген жан. Суретті сөйлетіп, бояудан баян-дауыш жасай алған қылқалам шебері ғана нағыз дарын. Осындай сана биігіне шығып, дара да, дана жолын салған Қайырбай Зәкірұлының есімі естілген-де талай талғампаз көрермен таңдайын қағады. Тың туындылардың, сырлы суреттердің, көп суретші тіс батыра бермейтін қиын жанрлардың тізгінгерімен тілдесу, әңгімелесу бізге де бұйырды. Ағамыз бұл жолы редакцияға ақжолтай жаңалығын арқалап алып келген еді. 

  Әңгімені әріден бастасақ. Әуелде, Қайырбай аға-ның шеберханасына редакция ұжымы болып барған болатынбыз. Шағын шеберханадан антиквариант-тарды көріп көңіл қуанды. Көбі қазақы дүниелер. КСРО кезінен қалған құнды жәдігерлер. Әлем таныған туындылар толғағы осында болып, өмірге сурет дейтін сәбидің келетін жерінде тұрып, рухани дүниені сезінудің өзі бір ғанибет. Суретшінің техникалық диапазонының линогравюалар, офорт, акватинта, литографиялық кескіндемелер негізінде жұмыс істейтінін осы шеберханада анық түсіндік. Суретшінің айтуынша, қуықтай жерде салынған суреттер төрткүл дүниенің төрт бұрышына тараған. Картиналары әлемнің Қытай, Жапония, Франция, Америка, Португалия, Морокко, Йемендегі өнер мұражайларына қойылған. Осы тырна тізбекке тағы да бір мемлекет қосылмақшы екенін де суретші сүйіншілеген-ді. 

  Алпысты алқымдап, жетпістің жетегіне ерген Қайырбай аға сурет сахнасында өмір бойы жүр десек болады. Оның еңбектері жер-жерде жүргендіктен Кипрдің белгілі миллиардері Суат бейдің көзіне шалынып, суретшіні арнайы Жерорта теңізі жаға-лауындағы қалаға шақыртыпты. Бір емес, бірнеше рет. Тіпті барып келуі төленген екі билет "күйіп" кетсе де, үшінші мәрте тағы төлем жасап, қазақ су-ретшісіне шақырту жолдаған. "Ер кезегі үшке дейін" демекші, сабақты иненің сәті де осы кезде келе қалған. Сондықтан осы жолғы сапардың алдында келіп отырған бізге батасын берсе, біз ағамызға сәт сапар тілегенбіз. Қазақ қуыс үйден құр шықпайды. Сол себепті ме, Қайырбай аға жолынан жаңылмай киелі шаңырағына бас сұғып келген тілшілерге естелік ретінде бірнеше қылқаламын тарту етті.

  Он алты күн бойы Жерорта теңізінің жағалауында жүріп, шабытты шақтың, әсерлі сәттің куәгері болған суретші жолсапарын редакцияға келіп, бізге бүкпесіз баяндап берді. Кипрдің қақ төрінде сурет көрмесін ойдағыдай өткізіп, домбыра күні қарсаңында шетел-діктерге қос ішекпен әуелетіп ән де шырқаған. Түбі түркі ағайындар домбыра дауысын естігенде "Күретамырымдағы қаным тулап, тамыр бойымен бойлап, жүрегіме жиналғандай болды" деген әсерлі сөзімен бөліскен екен. Одан бөлек, осы көрме барысында Кипр елінің мәдениет министрі келіп, суретшіге алғысын жеткізген. Түркі халықтарына ортақ өнер музейінің ашылуы барысында "Әлімсақ" журналының нөмірлерін шетелдік қандастарымызға Қайырбай Зәкіров өз қолымен табыс еткен. Себебі, журнал бетіндегі бейнелеу өнеріне байланысты бар-лық пікірлерді саралап, бағалап, журналымыздың ақылдастар алқасы ретінде үлкен үлес қосып жүрген суретшінің бұдан бұрынғы Түркия еліне, Ескішеһир қаласына барған сапары да, түрік пен қазақ байланыстары да, оғыз дүниесі де осы "Әлімсақ" журналында жарық көрген болатын. Тақырыпқа сай түркі мұрасын дәріптеп, Алаш арыстарының идеяларының қайта тірілуіне атсалы-сып жүрген Суат бей журналды ыстық ықыласпен қабыл алған. Баса айтуымыз керек, Суат бей сал-дырған музей жай ғимарат емес, 9 қабаттан тұра-тын түркі тілдес елдердің заманауи өнер музейі. Ол бір емес, бірнеше ғимараттардан тұрады. Зәулім са-райлардың әрқайсысында бүгінгі талапқа сай үлкен әрі керемет, ауқымы кең көрме залдары салынуда.

- "Түркі халқын мен қалай танытамын? "Эконо-микамен, саясатпен, мұнаймен" деген дүниелердің маған қажеті шамалы. Мен өз дана тарихымды бейнелеу өнерімен ұлықтап, түбі бір ағайындарды осылай басын біріктірсем" деген ниетте Суат бей қылқалам шеберлерінің басын қосуда. Барлық түркі тектес елдердің белді суретшілерін айына 5-10 адам-нан шақырып, жұмыс жасайды. Сөйтіп, суретшілер туындыларын сол елге қалдырып кетуі шарт. Бірақ, барлық жағдайыңды жасап береді. Бұл миллиар-дердің - өз идеясы. Тегі түркі Суат бейдің "Кипр" жобасы. Жалпы бейнеөнер арқылы түркі дүниесі-нің өнердегі жетістіктерін дәріптеу. Әлемге жария ету. Қазір бәрі қызу жұмыс үстінде. Ал, Суат бейдің өзі бір кішіпейіл, керемет адам. Ол ол ма, министрдің өзі келіп, құшақтап ризашылықтарын білдірді, - деп Қ.Зәкіров құрметке тәнті екенін жасырмай айтып берді. 

  Мәселенің мәнісі өнерді түсінуде жатса керек. Бір бейтаныс суретшінің "Біздің суреттер Қазақстанда құр қағаз, қоқыс. Ал, ол шетелде қыруар қаржыға айналады" дегені бар еді. Соның кері келгендей. Қолда бар саф алтынды барында бағалай алмасақ, барлық дарындылар елден жыраққа ойыса беретін секілді. Сонда Қызылорданың қабырғасын құлатпай ұстап тұру, мәдениетін мәйекті ету үшін кім маңдай терін төгеді?! Осы жағы алаңдатады. "Кипр тұрғын-дары картинаны айтарлықтай түсініп, ішкі сырына үңіліп, бәрін біліп тұр деп айта алмаймын. Олардың бізге қарағанда ықыласы ғана үлкен" дегенді алға тартады суретші.

  Қайырбай ағаның айтуынша, осы тың бастаманың қолға алынғанына жылға жуық уақыт болған. Басқа елдерден бөлек, тек Қазақстанның өзінен Кипрге сурет салу мақсатында 150-ге жуық суретші барып келген. Жалпы түркі әлемі бойынша 500-ге тарта суретші осы елде өнермен айналысуға шақырылған. Келер жылы аталған музей салынып біткен соң барлық қылқаламды қару еткендер қайта шақыры-лып, үлкен симпозиум ұйымдастырылмақшы. Сол кезде тамыры бір ағайын елдердің басы қосылып, ата өнер ұлықталып, дәріптелмек.

  Кипр елі сағаттық белдеуде бізден үш сағат артта болғанымен осындай игі істері арқылы алға озуда. Ауа-райы аптап аймақ болғаннан соң, Қайырбай аға елге оралған. Күн сынып, салқын леп келген кезде қайта барып, сурет салуға ниетті. Кипр елінде +15 градус болса "Қыс қатты болды" деген сөз айтылатын көрінеді. Соның өзінде мемлекеттің екі қаласын аралап, ол жақтан супермаркеттің үстінен "Venekent" деген атауды көріп, Жанкентпен байланыстырып, бір қуанып қалыпты. Олар үшін атажұрт саналатын Жанкент қаласының тарихы өз алдына бөлек әңгіме. Кипрдің ерекше, еш жерде қайталанбайтын Никосия деген қаласында Қайырбай аға сурет салып, қазақ өнерінің өрісін таныта білген. "Ал, Кирения қаласы адамның ләззат алатын жері, жағалауы жайлы, суы тұзды болғанмен, суынан еш шыққың келмейді" деп Кипр елінің екінші қаласына Қайырбай аға жоғары бағасын берді. Бір қызығы, кипрлықтардың көптеген сөздері қазақ тіліне ұқсас болып шыққан. Мысалға "Баян" деген сөз ол жақта "қыз" деген мағына береді екен. "Кирения" қаласының атауы "кірме тұс" деген мағынада қолданылады. Бұл тарих қатпарының, тіл қасиетінің ғасырлар қойнауында жатса да тұншық-пайтынының дәлелі іспетті.

  Біртуар азаматтың суретшілігі, ойшылдығы, термені төгілтіп орындап, әннің әрін келтіріп шырқауы, "Шалқасынан туған Ай" деп өлең-кітап жазуы оның сегіз қырының бір парасы ғана. Бірде қырғи тілді ақын Асқар Тоқмағамбетов:

Қайырбай,

Қайырға біткен қайыңдай.

Айтып жібер бір өлең,

 

 

   

     

  Жұрт көңілін қайырмай, - деп қамшыбасар айтқаны бар екен. Иә, Арал дейтін шаңы бұрқырап, теңізі тартылып, кенезесі кепкен жердегі, қайырдан шыққан қарақайратты қарағайдай, қайыңдай Қайырбай ағамыз қу медиенде қалып қойған жоқ. Алға талпынып, алқынып, ақыры өз шығармашылық ортасын тапты. Ол Сыр елінде жырдан қуат алып, өнердің алтын ұясынан тағылым жиды. Осында мол байлық сыйлаған Cыр еліне суретшінің алғысы шексіз. Расында, ұлы өнер бүкіл адамзатқа қызмет ете береді. Бұл - сара суретшінің сең соқса да, бұл-жымайтын қатаң қағидасы. 

 

Айдар САЙЛАУОВ 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Журналистердің ақпаратына қаншалықты сенесіз?

мүлдем сенбеймін - 45%
журналистке байланысты - 15%
күмәнмен қараймын - 10%
толықтай - 5%

Дауыс саны: 20
The voting for this poll has ended on: 28 Маус 2019 - 17:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 328 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.